Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жұлдыздағы ядролық реакциялар
1920-80 жылдары күн мен жұлдыздардың жарқырауы мен олардың шығаратын орасан зор энергияны ешқандай химиялық реакциялар түсiндiре алмады.
30-жылдары ядролық синтез реакцияларының əлемде көп таралғандығы жəне олардың күн мен жұлдыздар шығаратын энергия көзi бола алатындығы айқындалды. Қазiргi ғылым,
~ 235 ~ жұлдыздардағы энергия көзiн дəл анықтауға ғана емес, оларда өтетiн басты құбылыстарды анықтап, олардың даму жолдарын пайымдауға мүмкiндiк бередi. Олар қысқаша мынадай: Жұлдыздар шаң-тозаңдардан тұратын бұлттардан гравитациялық тартылу əсерiнен пайда болады деп есептелдi. Бүкiлəлемдiк тартылыс арқасында сутегiден тұратын бұлттар сығылып, тартылудың потенциялдық энергиясы бөлшектердiң кинетикалық энергиясына айналады. Жұлдыздардың ортасындағы сығылу температурасы 107 К-ге дейiн, тығыздығы 100г/см3-ке дейiн көтерiледі. Мұндай жағдайда сутегi ядролары қосылып, 2He4 ядроларын түзетін реакция өтуi мүмкiн болады. Бұл реакциялардың əрқайсысының барысында 26,7Мэв=4,3·10-13Дж энергия бөлiнiп шығады. Ядролық реакцияларда бөлiнiп шығатын энергия мен жұлдыздың сəулелену энергиясы теңескен кезде оның сығылуы тоқталады. Бөлiнiп шығатын энергия азайған кезде, гравитациялық күштер температура мен тығыздықтың əрi қарай өсуiн туғызады. Осының салдарынан сутегiлiк отын жанып бiтуге айналғанда, бұл реакциялардың нəтижесi болып табылатын 2 He4 ядроларының синтезделу реакциясының өтуiне жағдай туады. Бұл кезде жұлдыз қойнауындағы температура 108 К-ге, ал тығыздық 105г/см3 дейiн өседi. Сонда
реакциясы өтеді. Мұндағы 6С12-тiң қозу энергиясы 7,65 Мэв. Көмiртегiнiң жиналуының барысында басқа реакциялардың да өту мүмкiндiгi туады
Бiраз уақыттан кейiн жұлдыздың геллий ядроларынан тұратын қойнауы 6C12; 8O16; 10Ne20 ядроларынан тұратын болады. Бұл кезде оның температурасы 2·109 К-ге, ал тығыздығы 106-107 г/см3 жетедi.
Термоядролық цикл темiр тобына жататын элементтердiң синтезiмен аяқталады. Бұл кезде температура 4·109 К, ал жұлдыздардың тығыздығы 108 г/см3 болады. Белгiлi бiр отынның
~ 236 ~ жанып бiтуi өте ұзаққа, жуық есептеулермен 107 жылдан 1010 жылға дейiн созылады. 1938 жылы Бете күн қойнауында өтетiн термоядролық реакциялардың екi циклiн ұсынды. Олардың бiрiншiсi сутектiк немесе протон-протондық деп аталады. Ол мынандай реакциялардан тұрады:
1 H 1 1 H 1 1 H 2 1 e e; 1 H 2 1 H 1 2 He 3;
Соңында төрт протон бiрiгiп (қосылып) 2Не4 ядросын бередi
41 H 1 2 He 4 2 1 e 2 2 26,72 Мэв (6.11.4.)
энергия бөлiнiп шығады. Мұндағы бiрiншi реакция нəзiк əсерлесудiң қатысуымен өтедi. Оның қимасы өте кiшкентай, энергиясы 1 Мэв протондар үшiн 10-47см2 (10-23барн)-дай. Күн қойнауының энергиясы бұдан төмен (1,7Кэв) протондар қатысатын реакцияның қимасы одан да төмен. Жерде мұндай реакция бақыланбайды.
Екiншi реакцияның орташа ұзақтығы 6 с. Ал үшiншi реакция миллион жылда бiр рет қайталайды. Күн қойнауында бұл реакциялар бiр кезде өтедi. Сондықтан бiзге өте зор болып көрiнетiн циклдiң əр бөлiгiнiң ұзақтығы күн мен жұлдыздардың өте көп энергия шығарып сəулеленуiне əсер етпейдi.
Бетенiң ұсынған екiншi циклi көмiртект i-азоттық деп аталады. Ол да сутегi сияқты төрт протоннан бiр гелий-төрт (Н4) ядросының құрылуымен аяқталады. Онда да екi позитрон мен екi нейтрин туады. Бiрақ протон - протондық циклға осы цикл реакциясының өнiмдерi: дейтрон мен гелий-үш (Н3) ғана қатысса, С-N-тық циклға реакциялар барысында саны өзгермейтiн, катализатор рөлiн атқаратын 6С12 ядролары қатысады:
нəтижесiнде 41 H 1 2 He 4 2 1 e 2; Q=26,7 Мэв
~ 237 ~ Протон-протондық цикл, көмiртектiк-азоттық цикл күннiң құрамындағы сутегiнiң мөлшерiн азайтады, 2Не4 мөлшерiн арттырады. Бiрақ күннiң құрамындағы сутегi өте көп, ол əлi миллион жылдарға жетедi. Сутегi түгел жанып бiткеннен кейiн, күннің тартылыс күшiнiң əсерiнен сығылып, оның температурасы мен тығыздығы артады да, 2Не4 ядролары басқа ауырлау ядроларға айналатын реакциялар өте бастайды. Сөйтiп термоядролық түрлену темiр (Fe) тобына барып тоқтағанша созыла бередi.
Date: 2015-07-24; view: 1447; Нарушение авторских прав |