Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ауыр ядролардың бөлiнуi жəне синтездiк реакция
Кез келген ядролық реакция кезiнде белгiлi бiр шамада энергия бөлiнедi немесе жұтылады. Ядролық реакция кезiндегi бөлiнетiн энергия екi түрлi себептерден болады: ауыр ядролардың бөлiнуiнен жəне бiрнеше жеңiл ядролар бiрiгiп бiр ядроның түзiлуiнен. 1. Ауыр ядроның реакция кезiнде бөлiнуiн қарастырайық. Мысалы ретiнде уран ядросын алайық (92U238), оның массалық саны А1 =238, реттiк номерi Z=92, ол энергиясы 1,8 Мэв-ке тең шапшаң нейтронмен соқтығысқанда А2=119 болып келген екi атомдық ядроға (жарықшаққа) бөлiнедi. Уран ядросының меншiктi байланыс энергиясы 1=7,5 Мэв, ал жарықшағының
меншiктi байланыс энергиясы 2=8,6 Мэв. Уран ядросын құрайтын барлық нуклондарды бiрiктiрiп жинақтап тұру үшiн, уранның байланыс энергиясына тең энергия қажет болады, ол
Ендi осы нуклондар жаңа екi ядро түзiп тұру үшiн керек болатын энергия, сол ядролардың байланыс энергиясының жиынтығына тең болады.
~ 226 ~
Олай болса реакция кезiнде бөлiнiп шығатын ядролық энергия шамасы, уран ядросының байланыс энергиясымен жаңа ядролардың байланыс энергияларының айырымына тең болады
қарастырайық. Ол үшiн мысал ретiнде сутегi изотопы дейтерийдi алайық. Дейтерийдiң екi ядросы бiрiгiп гелийдiң ядросы түзiлсе, онда бөлiнетiн энергия шамасы неге тең болатынын анықтайық. Дейтерийдiң массалық саны А1=2 ал меншiктi байланыс
энергиясы 1=1.09 Мэв, ал гелийдiң массалық саны А2=4, меншiктi байланыс энергиясы 2=7 Мэв. Олай болса дейтерийдiң екi ядросын жинақтап тұратын барлық нуклондардың жұмсайтын энергиясының жиынтығы
Ал осы нуклондар бiрiгiп бiр ядро түзу үшiн жұмсалатын энергия шамасы
Сонда реакция кезiнде, дейтерийдiң екi ядросы бiрiгiп, гелийдiң бiр ядросын түзгенде бөлiнетiн энергия шамасы
Осындай жеңiл ядролардың бiрiгiп бiр ядро түзу реакциясын синтездiк реакция деп атаймыз. Сонымен ауыр ядролардың бөлiнуi кезiнде де, жеңiл ядролар бiрiгiп бiр ядро түзу кезiнде де энергия бөлiнiп шығады, оның шамасы жалпы түрде Е=E2 - E1 тең болады. Мысалы, мынадай реакцияларды қарастырайық:
1 H 2 1 H 2 2 He 4 - 26 Мэв энергия бөлiнедi.
~ 227 ~ 1 H 2 1 H 2 1 He 3 1 p 1 - 4,03 Мэв энергия бөлiнедi. 1 H 2 1 H 2 2 He 3 n 1 -3,26 Мэв энергия бөлiнедi.
1 H 3 1 H 2 2 He 4 n 1 - 18,4 Мэв энергия бөлiнедi.
2 H 3 1 H 2 2 He 4 1 p 1 - 17,6 Мэв энергия бөлiнедi.
3 Li 6 1 H 2 22 He 4 - 22,4 Мэв энергия бөлiнедi.
2 Li 7 1 H 2 22 He 4 n - 14,9 Мэв энергия бөлiнедi (6.8.7.)
Осындай реакциялар нəтижесінде үлкен энергиялар бөлінетінін аңғаруымызға болады.
Date: 2015-07-24; view: 1289; Нарушение авторских прав |