Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Йсіндер





Ерте темірінде дәуірінде Жетісуда өмір сүрген үйсіндер мәдениетінің хронологиялық шеңбері б.з.б.3 ғ. – б.з. 4 ғ.аралығы, яғни 700 жылдай уақыт өмір сүрді. Тянь – Шаньда, Қытайдың солтүстік –батысында,Тарбағатайда өз іздерін қалдырған.

Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.Үйсін атауы қытай жазба деректерінде б.з.б. 2 ғ. бастап кездеседі, «халқы 630 мың адам, әскері 188800 жауынгерден құралған»деп жазылған.Үйсіндердің шығыстағы шегі Қытайдың солтүстік –батысындағы Бесбалық, батысында Шу мен Талас өзендерінің бойымен өтті. Ордасы – Қызыл - Аңғар (Чигучен) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.
Антропологиясы еуропеоидтер. Қытай деректерінде басшысының титулы – «гуньмо» деген атпен кездеседі. Оған «бек» деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды. «Усунго», «Синго» көшпелі мемлекет деген ұғымды білдірген. Қытай тарихшысы Сыма Цянь үйсіндердің шығу тегі туралы жазған. (қасқыр емізіп өсірген) Алғашқыда ғұндарға тәуелді болған. Шығысында - ғұндармен, солтүстік – батысында қаңлылармен, батысында –Дауаниямен, араласып тұрған.
Үйсіндерде малға ғана емес, жер- суға да жеке меншік болған. Бай үйсіндердің 4-5 мың жылқысы болған. Билеушілер, байлар алтын мен мыстан малдарына таңба салған. Балшық пен тас мөрлерді қатардағы адамдар пайдаланған. Құлдарды үй шаруашылығында пайдаланды.Бай адамдардың киімі жібектен, биязы жүннен, кедейлердікі былғары мен қой жүнінен тігетін. Мүлік теңсіздігінің болғанын жерленген зираттарынан білеміз.
Мал шаруашылығының маңызы зор болды.Қытай деректерінде «егіншілікпен, бау –бақша өсірумен айналыспайды,тек оты, суы мол жерлерде көшіп жүреді» деп жазылды.Суармалы, тәлімді егіншілікпен айналысты. Ақтас қыстау қонысынан табылған(60-150 шаршы метр өңделген) дәнүккіш, қола орақ, тас кетпен,олардың егіншілікпен айналысқанына дәлел.
Үйсіндердің тұрақты үйлері тау бөктерлерінде болған.Қысқы үйлері шикі кірпіштен, тақтастан салынды.4 – 5 үй бір ауылды құрады. Қонысқа жақын жерде ру және әулеттің зираты орналасты.
Былғарыдан сұйық тағамға
арналған ыдыстар жасады. Далалықтар былғары мен киізді шеберлікпен өңдеп, түрлі түске бояды. Тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған.Зергерлік бұйымдардың тамаша үлгілері Ақтас қорымынан табылды.
Үйсіндердің обаларының ең үлкендерінің биіктігігі 2 метр,диаметрі 20 метр. Жетісу үйсіндері мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып қойған.Жаратушы күшке сенген.Оған арнап құрбандық шалған.Қыш ыдыстар мен заттарға күннің суретін салған.

 

Қаңлылар (б.з.б.3 -2 ғ – б.з.5ғ)
Ежелгі Иранның б.з.б.6ғ. жазылған «Авеста» атты қасиетті кітабында «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттаған.Қытайдың «Цянь Ханьшу» деген тарихи деректерінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, шекарасы туралы айтады.Қаңлы мәдениеті Қауыншы (Ташкент төңірегінде), Отырар-Қаратау (Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейін), Жетіасар (Қуаңдария. Жаңадария аңғарларында) болып бөлінеді.Қытай елшілері қаңлы ханының сарайында жазылған Заң жарғыларын көргенін айтады.


Б.з.б. 46 -36 ж. Қаңлылар қытайға қарсы ғұндарға көмектеседі. 600мың, 120 мың түтін,120 мың жауынгерлері болған.Олардың екі астанасы- жазғы ж\е қысқы астанасы болған.Қаңлылардың негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында.Сырдария арқылы Еділ бойына өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отырды.
Қаңлылардың солтүстіктегі көршілері- сарматтар мен аландар. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде оларға сарматтар мен аландар тәуелді болған. Оңтүстікте Қытаймен, Үйсіндермен көрші болды.
Қаңлы елі Қытай, Рим, Қытай, Кушан мемлек-мен байланыс жасаған. Қаңлы елін хан билеген. Оған үш уәзір көмектеседі. Астанасы – Битянь.( Түркістан маңы ж\е Таразға жақын болған деген болжамдар бар.) Қаңлы елі бес иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған.Құлдарды мал шаруашылығында пайдаланды. Арыс өзенінің сол жағында 100 шаршы шақырымдай аумақта 20 шақты төбе бар.Соның бірі – Көк –Мардан қаласының орны.Үйге баспалдақ арқылы кірген. Үйдің ортасында тік бұрышты жер ошақ болған.Бөлменің қабырғаларын жағалай адам жататын сәкілер қойған, құмыра, құман сияқты ыдыстар қойылған.Екінші бөлмеде қойма болған. Пұшық – Мардан қаласы маңында Қостөбе қонысы зерттелді.Б.з.б. 1 мыңжылд. жататын қала орны табылды.Қаңлы дәуірінде пайда болған қоныстарды орта ғасырлардағы қалалардың түп бастауына жатқызады.
Арал,Ташкент маңында отырықшылық дамып, Сырдария аңғарында бау – бақша дақылдары өсірілді. Шыршық өзенініңоң жағалауында 20 шақырым Зах арығы, сол жағалауында Ханарық арығын қазған.Тәлімді егіншілік басым болды.Мал шаруашылығы маңызды болды.Жайлауы Орталық Қазақстанға дейін жетті.Қосымша аң аулау кәсібімен айналысты.(мүйіздерден бұйымдар жасаған). Балық аулауды кәсіп еткен. Әйелдер арасында жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған.
Металл өндірісінің орталығы Шаш – Илақ қаласы. Металл өңдеудің ірі орталығыҚұлата
қаласы.(50) Қаңлы жерінен б.з. 3 – 4ғ. жасалған салмағы әр түрлі 1300-дей теңгелер табылды. Көбісі Сырдария аймағында табылды. Ұлы Жібек жолының Кавказ бен Қара теңізге апаратын бағытын бақылап отырды.Қытаймен сауда жасағанын Отырар алқабындағы Мардан қорымынан табылған Қытай теңгелері дәлелдейді (б.з.б.2 ғ.бастап пайдаланылған). Отырардан Балтық бойынан әкелінген кәріптас (янтарь) табылды.Сирияның көк фаянсынан жасалған моншақтар Жетіасар, Отырар, Ташкент алқабынан табылды. Алтын – асар қала жұрты 16 га.алып жаты р. Бөлменің қабырғасында қызыл бояумен оюлар, гүл суреттері салынған. Ән – күй, музыка, би өнері жақсы дамыған. Қос ішекті ж\е бес ішекті аспаптары, сыбызғы, сырнайлары болған. Күнге, айға, жұлдызға табынған. Ата – бабалар аруағына сыйынған. Табиғаттан тыс күштерге табынып, құрбандық шалған. Қауыншы мәдениетіне жататын аймақтарда қайтыс болған адамдар киіммен жерленген. Мұндай жерлеу дәстүрін ғалымдар б.з. 1 мыңж. алғашқы жартысына жатқызады.


 


Ескерткіштер

Тас дәуірінің ескерткіштері
Ежелгі тас дәуірінің ескерткіштері
Тұрақтың атауы Орналасқан жері Ерекшеліктері
Арыстанды өзенінің бойында Жамбыл облысы - ең ежелгі адамдар мекендеген
Қаратау бойында Жамбыл облысы - ең ежелгі адамдар мекендеген
Шақпақата Маңғыстау -ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнесі  
Арыстанды өзенінің бойында Жамбыл облысы -ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнесі    
Бөріқазған, Шабақты Жамбыл облысы - 5000-ға жуық тас құралар табылды; - қашау мен үшкір тастар
Шульбинка Шығыс Қазақстан - кейінгі тас ғасырының тұрақтары; - қырғыштар табылды; - бұдан 25 мың жыл бұрын
Арыстанды өзенінің бойында Жамбыл облысы - кейінгі тас ғасырының тұрақтары; - қырғыштар табылды; - бұдан 25 мың жыл бұрын
Кейінгі палеолиттің ескерткіштері
Семізбұғы Орталық Қазақстан - қырғыштар жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ табылды  
Батпақ Орталық Қазақстан - кейінгі палеолит; -мәдениқабаты жер бетінен 6 метр тереңдікте; -б.з.б. 30 – 25 мыңыншы жыл; - 300-гетаяу тас құрал  
Орта тас ғасырының(мезолиттің) ескерткіштері
Есіл өзені аңғарынан   - қабырғалары терең көмілген, көлемі 40 – 60 шаршы метр баспана
Жаңа тас ғасырының (неолиттің)ескерткіштері. 500 тұрақ зерттелді.
Усть -Нарым Шығыс Қазақстан   өзен-су бойында     - Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейін, - б.з.б 5 ғ, - жаңа тас ғасырының соңғы кезеңі.
Зеленая Балка Орталық Қазақстан -үй малының сүйектері
Пеньки Солтүстік Қазақстан -тас шапқылар, - жалпақ пышақтар, - қырғыштар
150 тұрақ, кен шығару,жерлеу орындары Жезқазған - адамды басын солтүстік – батысқа қаратып шалқасынан жерлеген (өзіндік дүниетанымы болғанын дәлелдейді)
Балқаштың солтүстігінде   -шақпақ(кремний) тастан жасалған құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустер, жебе ұштары
Сексеуіл Қызылорда - су қоймасы болған; - 80% - сиыр мен қой сүйектері
Энеолиттің ескерткіштері
Ботай Солтүстік Қазақстан -б.з.б. 3 -2 мыңжылдықтар; -15 гектар аумақты алып жатты; -158 тұрғын үй; - жылқы малын ұстаған
Шебір Маңғыстау -ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланылған; - аң аулаумен айналысқан; - теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан.
Қола дәуірінің ескерткіштері
Зыряновск,Қарқаралы, Ақшатау   - металл кеніштері.    
Жезқазған   - Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша, 1млн тонна кен өндіріп,одан 100 мың тоннадай мыс қорытқан    
Нарым,Қалба Шығыс Қазақстан -1100 тоннадай кен шығарғаy
Солтүстік, Батыс Қазақстан   - 80 –нен астам қоныс табылды
Орталық Қазақстан   -30 қоныс,150 оба
Арқайым Қостанай мен Челябинск облыстарының орталығында - ежелгі қалалардыңескі тұрағы
Петровка, Боголюбов Солтүстік Қазақстан -орлармен, дуалдармен қоршалған
Таңбалы, Жасыбай, Хантау   -тасқа салынған суреттер; - жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйелер бейнеленген
Чаглинка, Петровка Солтүстік Қазақстан -құрылыстың қабырғалары қатарласа қойылған тік бағандардан тұрады, -андроновтардың дөңгелек баспанасы киіз үйдің прототипі болып табылады
Беғазы - Дәндібай Орталық Қазақстан -1946 ж.Ә.Марғұлан бастаған зертеу экспедициясы, -кейінгі палеолит, - б.з.б. 12 -8 ғ. жатады, - жерлеу орындарының көпшілігі – обалар, - қорғандары биік, ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылған, -етегі үлкен қақпатастардан бекітілген
Мало-Красноярка Шығыс Қазақстан - бақташылықпен айналысты, - кетпенді егіншілікпен айналысты
Алексеев Батыс Қазақстан
Степняк Солтүстік Қазақстан
Шағалалы Көкшетау - қола шалғы табылды
Сармат ескерткіштері(Батыс Қазақстан)
Бәйте, Терең Үстіртте - адамды жерлеген орындармен қоса аруақтарға арнап ас беретін; - мінажат жасау үшін салынған ғибадатханалар кездеседі
   
Бесоба   - абыз әйелдер жерленген; - екі әйел де шалқарынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған; - қол айна, алтын сырғалар, моншақтар; - тістер ақсиған қасқыр бейнесі бар аяқты құрбандық тақта қойылған
Аралтөбе (2- ші алтын адам 1999 ж. табылды.) Атырау облысы Жылыой ауданы -үш оба табылған, -көсемнің қару-жарағы,әшекей бұйымдары табылды, -абыз асатаяғының бөліктері табылды
Сынтас   - үш савромат жауынгерлері жерленген; - басын артқа қайырып, аузын ақситып жатқан қасқыр мүсіні; -киік, таутеке бастары бейнеленген сүйек қасықтар шыққан
Ерте темір дәуірінің Жетісудағы ескерткіштері
Шірік -Рабат Қызылордадан 300 шақырым жерде -б.з.б.4 – б.з.13 ғ, -суару каналдарының ізі табылды, -сақ жауынгерінің темір қару – жарағы, сауыт –сайманы табылды, -қаланың ортасында қамал (цитадель)орналасқан; -табылған заттар б.з.б. 4 – 2 ғасырларға жатады
Бәбіш молда   -егіншілікпен айналысқан; - қыш күйдіретін пеш,қола диірмен тастары табылды
     
Бесшатыр қорымы Жетісуда - 31 обадан тұрады,Іле өзенінің оңжағындағы Желшағыр тауы етегінде, - Үлкен Бесшатыр қорымы«патша» қорғандары деп аталады; - үйіндінің айналасынан тас дуалдар өтеді, -тас дуалдың маңайында ірі тас бағандар (менгирлер өтеді); -Үш үлкен оба бар,1-ші, 3- ші,6- шы. 1-ші оба диаметрі 52 метр, биіктігі 7,6 метр. Сағана жер бетіне орнатылған; Қабырғасы16 қатар бөренеден салынған; -Сағанасы бірнеше бөліктен тұрады: дәліз(дромос),қабір алдына кірер ауыз, жерлеу бөлмесі; -акинактар, қола ұшты жебелер,темір пышақтар т.б. таб-ды; - қорғандар б.з.б. 5 -4 ғғ жатады; - кіші обалар қиыршық тастан салынған; - Сақ дәуірінің алғашқы кезеңінде мәйітті тас сандықшаларға, кейінірек жер қабірге жерлеген; -қабір үстін ағашпен жапқан
Есік обалары Алматыдан 50 шақырым жерде -40-тан астам оба бар; - Ең биік оба диаметрі 60 метр,биіктігі 6 метр; - 1969 -70 жыл.17 -18 жастағы сақ ханзадасының алтын киімі табылды; - киімдегі алтын түйіршектерінің саны 4000; - 26 таңба жазуы бар тостаған табылды; - мәйіттің оң жағына ағаш қыны бар семсер, беліндегі белдікке ағаш қынды қанжар – акинак ілінген; - археолог К.Акишев сақтарда жазу болған дейді
Ерте темір дәуірінің Шығыс Қазақстандағы ескерткіштері
Шілікті ескерткіштері Зайсан ауданы -51 обадан тұрады, -Алып қорғандар диаметрі 100 метр, биіктігі 8- 10 метр,3-4 қабат үйдің биіктігіндей; -1960 жылы зерттелген «Алтын қорған»деп аталған оба тоналып кеткен; -екі адам, ер және әйел жерленген. -қабірге апарар жер асты дәлізінің аузы ірі таспен бекітілген; - 13 қола жебе табылды; –қабір ішінен бүркіттің, қабыланның мүсіндері, қабан, балық бейнелері салынғен зергерлік әшекейлер табылды; -обалар б.з.б.7 -6 ғ. жатады  
200-обаның 50- ден астамы патша, ақсүйектер ескерткіштері Зайсан ауданы  
№1оба   -б.з.б. 8ғ.жатады, - патша жерлеу орны, - ең көне ескерткіш, - ашқан Ә. Төлеубаев; -үшінші алтын киімді адам ретінде танылып отыр; -биіктігі 8 метр, диаметрі 100 метр; -үш қабаттан тұрады,үстіңгі қабаты топырақтан, екінші қабаты тастан үйілген, -Тас үйіндінің биіктігі 4,1м, -қабірхана жер бетіне салынған,биіктігі 3метр, -бір ғана ер адам жерленген; -киімдегі алтын қаптырма – түймешіктердің саны 4325 дана; -аңдардың көзінінің, құлағының, тұмсығының орнына көк ақық тастан(бирюза)орнатылған, -әртүрлі аңдардың бейнесі салынған -алтын бесжұлдыз табылды,тіні алтын, жұлдызшалары көк лазурит тастан жасалған, айналасы сүйекпен көмкеріліп, ортасына томпақ мүйіз орнатқан  
№5 обадан   - 500 заттар,қаптырма – түймешіктер табылды; -аталған сақ қорымдары патша, көсем, батыр, ақсүйектер жерленген қасиетті орындар, ғибадатханалар болған  
Берел ескерткіштері Қатонқарағай ауданы -б.з.б.5-4аралығын қамтиды, -40 –тан астам оба табылған, -ең үлкенінің биіктігі 9 метр, -обаға жерленген адам 6-7 метр тереңдікте жатыр,Қабір іші қарағайлармен қаланып, мәйіт астау- саркофагқа салынған, - 16 аттың қаңқасы шықты; - әр қатарда 4 аттан 4қатар болып орналасты; -аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген; - ескерткіштің ерекшелігі-жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы  
№11   - 1998-1999 жылдары археолог-ғалым З.Самашев зерттеді; - астау табытқа 45 жастағы ер адам мен одан егелеу әйел жерленген; - радиологиялық әдіспен мәйіттердің б.з.б. 294 жылы жерленгенін анықтады; - он үш жирен жылқы табылған; - жылқылардың ішкі құрылысы мен қарнындағы жеген жемшөбіне дейін бұзылмаған; - әр жылқының кекілінен құйрығына дейін алтынмен апталып, күміспен күптелген; - аттардың біреуінің басында таутекенің ағаштан жасалған мүйіздермен әшекейленген тері маска болған; - ертедегі тұрғындар мәйітті бальзамдау әдісін білген, оларды жасанды мұзға орналастырған    
Ерте темір дәуірінің Орталық Қазақстандағы ескерткіштері  
Тасмола мәдениеті Павлодар облысының Екібастұз ауданында - ерте темір дәуірінің ескерткіштеріне «мұртты» обалар жатады; - «мұртты қорғандар» бағдаршам рөлін атқарды; - олар бір бұрышпен салынған да, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді; - екі жерлеу орнынан тұрады; - біреуіне адамды, екіншісіне мініс атын жерлеген; - 2-5 метр арасы жатқан тас пен топырақтан үйілген; - обалардың 4 түрі кездеседі; - үлкендеу қорғанның шығыс жағынан салынған кішілеу қорған обалар; - «мұртты» обалардың шығысқа бағытталуы күнге табынғандығын білдіреді, -сәулет өнерінің өзіндік ескерткіші болып тасталады  
Ерте темір дәуірінің Солтүстік Қазақстандағы ескерткіштері  
Ұлыбай-Тасмола мәдениеті   - бұлай аталу себебі, Тасмола мәдениетіне ұқсас келді    
Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз   - обалар; - садақ жебелері, жалпақ пышақтар, -сыртында ілмешегі бар дөңгелек қола айналар, қыш ыдыстар табылған      
Қарлыға, Бөркі,Кеңөткел   - сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын үш қоныс  
Ақтау бекініс қалашығы - Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан   - бекініс қабырғасының биіктігі 5-6 метр етіліп, үйілген топырақ дуалдың үстіне ағаштан тұрғызылған: -ерте темір дәуіріне жатады    
         

 








Date: 2015-07-23; view: 1828; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию