Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алғашқы адамдардың пайда болуы






Ежелгі дүние деп
адамдардың пайда болып қалыптасқан Жер шары бөліктерін атайды.
Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар олардың алғашқы еңбек құралдары еді.

Неандарталдықтар(Германия) тастан, сүйектен еңбек құралдарын жасады.Неандарталдық баланың сүйегі 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен табылды. Отты (орта палеолитте) пайдаланған.Алғашқы адамдар құстардың жұмыртқаларын жинап, жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Бұл тобыр деп аталды.
Алғашқы қауымдағы адамдардың тағы бір кәсібі аң аулау болды.(мамонт, бизон)

Палеолит, мезолит, неолит өзінің бұрынғысынан жетілдірілген еңбек құралдарымен ерекшеленді.Жамбыл облысы Арыстанды өзенінің бойынан, Қаратау жотасынан табылған еңбек құралдары бұдан бір миллион жыл бұрын Қазақстан аумағында адамдар өмір сүргендігін дәлелдейді. Олар питекантроп пен синантроптың замандасы болды.
Чоппер бір қабат өңделген тас еңбек құралы.Онымен таяқты ұштады, өлген аңдардың терісін боршалады, терісін сылады.Екі жағынан өңделген еңбек құралы чопплинг деп аталады.Мұндай құралмен онша жуан емес ағашты кескен.
Қашауды жасау үшін тасты екі жағынан қашады, белгілі бір пішінге келтіріп, оны таяққа бекітті,(ұз.20 сал 1кг)өткір жүзді,үш бұрышты қалақшалармен теріні кесті, тесті.Пышақ тәрізді кескішпен теріні сылды.Аң аулауға шоқпар мен найзаны пайдаланды. Теріні кесетін, тесетін өткір жүзді, үш бұрышты қалақшалар,теріні сыдыратын пышақ тәрізді кескіштер пайда болды.
Жамбыл облысының Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000 аса қашау мен үшкір тас табылды.
Неолитте олар тас өңдеу биік деңгейге жетті.Адамдар тасты жылтырата тегістеуді үйренді, дәнүккіш, келі, балта, қайланы ойлап тапты.
Еңбек құралдарын жасау адамдарды жануарлар дүниесінен бөліп шығарды.Ертедегі адамдардың жануарлар мен маймылдардан басты айырмашылығы- еңбек құралдарын жасай білді.
Бұдан 100 мың жыл бұрын ерте палеолитте Еуропа мен Азияның солтүстігінде мұз басты. Қалыңдығы екі шақырымға жетті. 13мың жыл бұрын мұз еріді.Ірі жануарлардың сүйектерінен, ағаш бөренелерден баспана салды. Инені үшкір сүйектен жасады, жіп орнына жануарлардың сіңірлерін пайдаланды. Палеолит, мезолит, неолит бір бірінен еңбек құралдарының жетілдірілуімен ерекшеленді.

Тас дәуірі (палеолит)
Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері
Маңғыстаудағы Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзенінің бойындағы ескерткіштер.Бұлардан табылған құралдар Олдувайдан табылған құралдармен замандас.(бифас, пышақ, қырғыш)
Бифас дегеніміз екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құралдар.Үшкіртастардың ұштарын ретушь әдісімен өңдеген. Ретушь әдісі дегеніміз бір қабат өңделген тас құралдардың жүзін ұсақ кертік ойықтар(араның жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу. Қырғыштардың сыртқы пішіні сопақша,үшбұрышты, ұзынша,төртбұрышты болып келеді.(жүзін ретушьпен өңдейді). Жұмыртастар -екі жағы қырналған тастар.
Ойлау мен тілдің арасында тығыз байланыс туындап,мидың дамуын күшейтті.Ұжымдасып еңбек етутілдің дамуына ықпал етті. «Саналы адамның» миы «епті адамның» миынан екі есе үлкен. Саналы адам рухани жағынан жетілді, өнер пайда болды- кейінгі палеолитте,үңгір қабырғаларына сурет салған). Алғашқы суретшілер ағаш көмірін пайдаланған. Ертедегі мүсіншілер сүйек пен мүйізден еліктердің, әйелдердің бейнесін ойып жасаған. Шашын сәндеген,белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Қаратаудағы Қараүңгірден табылған ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.Қарағандыдан табылған қыш ыдыстарда геометриялық өрнек салынған.
Шығыс Қазақстандағы Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзені бойынан табылған қырғыштар бұдан 25 мың жыл бұрын жасалған.
Орталық Қазақстандағы Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу және қайқы тас пышақ табылды.


Орталық Қазақстан жеріндегі кейінгі палеолитке жататын Батпақ тұрағының жас мөлшері б.з.б. 30 -25 мыңыншы жыл.Бұл жерден 300-ге жуық тас құралдар табылды. Мәдени қабаты 6 метр тереңдікте жатыр.
Руға тек туыстар бірікті.Барлық еңбек құралдары ортақ болды. Рудың жалпы жиналысында ақсақалдарды сайлады.Бірнеше ру бірлесіп шаруашылық мәселесін шешті.Ондай жиналыстарды көсемдер басқарды.
Орта тас ғасыры(мезолит)
Қазақстан жерінде мезолит ескерткіштері аз табылған (20 дан астам).Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында мұз еріп, ұсақ өсімдіктер мен жануарлар қалыптаса бастады.
Мезолиттің үлкен жаңалығы – микролиттер(ұзынд.1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар) Тағы бір басты жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы.Найзаға қарағанда садақ аңшылықтың ролін арттырып, негізгі кәсіпке айналды.Мезолитте баспаналар тұрақты болмады, себебі жануарлардың соңынан ілесіп көшіп отырды. Ертіс,Тобыл, Торғай, Жайық Есіл өзендерінің жағалауын мекендеді. Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40 – 60 шаршы метр болатын баспана Есіл өзенінің аңғарында табылған.
Б.з.б. 8 м ыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат орнады.
Мезолит дәуірінің ерекшелігі жануарларды қолға үйретті және дәнді дақылдарды өсірді.Балтамен қайық жасады, балық аулады,
Рулық қауым күшейді.Тайпаға бірікті. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі пайда болды.
Ерлер аң аулады, әйелдер терімшілікпен айналысты. Қауым: қариялар, ересектер, балалар болып үшке бөлінді. Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау(инициация) ғұрпы арқылы іске асып отырды.
Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды. Егіншілікпен әйелдер айналысты.Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді.Алғашқыда жерді таяқ қазғышпен қопсытты. Одан кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты.Алғаш қолға ит үйретілді.
Жаңа тас ғасыры (неолит)
Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Жаңа тас ғасырындағы аңшылардың негізгі аулайтын аңы аша тұяқты,жайылымын жиі өзгертіп отыратын аңдар болды.Мекен жайлары уақытша болды.
Усть- Нарым – Шығыс Қазақстанда
Зеленая Балка (мал сүйектері табылды.)– Орталық Қазақстанда
Пеньки – Солтүстік Қазақстанда. Бұл ескерткіштер Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта, б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.
Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан (кремний) жасалған құралдар табылды. Бұл тұрақтар өзен- көлдердің бойында орналасқан.Қазақстан жерінде табылған неолит тұрақтарының ең көнесі б.з.б. 5мыңжылдыққа тән.
Жезқазған өңірінен 150- ге жуық тұрақ табылған. Адамды басын солтүстік – батысқа қаратып шалқасынан жерлеген.(о дүниеге сенімі болғанын көрсетеді).
Шығыс Қазақстаннан табылған тұрақтардан құрал - саймандарға өте бай,көбі құрамалы құралдар (жебе, найза,орақ).
Неолитте табиғи орта бүгінгідей болды. Өндіруші шаруашылық қалыптасты,(егіншілік пен мал шаруашылығы пайда болды) өнімді еңбек пайда болды. Шыбықтан шарбақ тоқыды,өрді. Тоқыды.Кен кәсібімен айналыса бастады.
Сексеуіл (Қызылорда) тұрағының маңында су қоймасы болған, ол жерден табылған сүйектердің 80% қой мен сиыр сүйектері.
Сексеуіл тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен айналысқан.
Неолиттің үлкен бір жаңалығы қыш құмыра жасау (керамикалық ыдыстарға геометриялық өрнек салды) Көзе – саздан жасалған қыш ыдыс. Неолитті қыш құмыралар заманы деп атаған.
Мыстытас (энеолит) б.з.б. 3000 – 2800ж.



Тесені тас тісті ағаш соқа алмастырды, кейін темір тісті соқа жасалды.
Осыдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді.
Мыс пен тастан жасалған еңбек құралдары қатар пайдаланылды.Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған: біз, жебе ұштары, мыс тілікшелер жасаған.Мыстан жасалған еңбек құралдары тез майысып, тез сынып қалғандықтан, мыстан тек әшекей заттар жасаған.
Екі ірі өзгеріс орын алды:еңбек бөлінісі пайда болды (мал маруашылығы егіншіліктен бөлініп кетті.) және аталық ру үстемдігі қалыптасты. Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы б.з.б. 3 – 2 мыңж. жатады, 15 гектар жерді алып жатты. Табылған 158 тұрғын үйдің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасында ошақ орналасқан. Ботайлықтар жылқы малын қолға үйреткен.Бұланның, еліктің аюдың, қабанның сүйектері табылды. Маңғыстаудағы Шебір тұрағының адамдары аң аулаумен айналысқан, теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан.Ыдыстарының түбі жұмыртқа тәрізді болып келеді, тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланылған.

Қоршаған орта туралы түсінік
Пиктография – суретті хат.
Петроглифтер – тасқа жазылған жазулар.
Неандарталдықтарда діни түсінік пайда болғанын олардың жерлеу дәстүрінен білеміз.Олар адамды ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. Жерленген адамның маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.Үстіне қызыл минерал бояу жаққан. Қанмен жан байланысты екенін адамдар білген. Аруақтарға сену анимизм деп аталады.
Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыру тотемизм деген діни сенім. Адамдар табиғаттың тылсым күштерінен сақтану үшін әр түрлі тылсым әрекеттерге барды.Ол әрекеттер магиялық әрекеттер деп аталады. Адамдардың түсінігі бойынша,әр нәрсенің өзінің иесі болған, оларды аруақтар (рухтар), ал орасан зор күш иесін құдайлар деп атаған.Өнердің пайда болуы оларда рухани мәдениеттің пайда болғандыңын көрсетеді.Алғашқы суретшілер суретке ағаш көмірін пайдаланған.(шашын сәндеген, белін буған әйелді салған.) Сүйек пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсінін тапқан.Қаратаудағы Қараүңгірден түбі қызыл бояумен боялған қыш ыдыстар табылған.Қарағандыдан табылған ыдыстар толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.
13мың жыл бұрын – рулар мен тайпалар қалыптасты. 6-7 мың жыл бұрын рулық қауым ыдырады – ақсүйектер пайда болды.


Қола дәуіріндегі Қазақстан(б.з.б.2800 –б.з.б.900)

Ерекшеліктері: металл өңдеу игерілді, көшпелі мал шаруашылығы пайда болды, теселі егіншілік пайда болды
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңыншы жылдықта басталған. Тотыққан мыс рудасынан металл қорыту қола дәуірінде басталады. Қоланы мыс пен қалайының қорытпасынан алды. Металл кеніштері Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған.
Ғалым Қ. И. Сәтпаевтың айтуынша, көне заманда Жезқазғаннан 1млн. тоннадай кен өндіріліп, одан 100мың тоннадай мыс қорытылған. Нарым мен Қалба (ШҚО) кен орнында 1100 тоннақалайы шығарылған.
Кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын жерде орналасты. Кенді қорыту үшін қазандық салып, ауа үрлейтін көрік жасаған.
Еуразия даласында қола дәуірінің жетістіктері Андронов мәдениеті деп аталады (Оңтүстік Сібір Ачинск қаласы Андронова селосы). Шығыста - Енисейден, Батыста - Оралға дейін, Солтүстікте -Батыс Сібірден, Оңтүстікте -Памирге дейін созылып жатыр. Ғалымдар Солтүстік ж\е Батыс Қазақстаннан 80 –нен астам қонысты зерттеді. Ежелгі қалалардың ескі тұрағы- Арқайым Қостанай мен Челябинскінің шекарасында орналасқан. Петровка мен Боголюбов (CҚО) қоныстары дуалдармен қоршалған.Орталық Қазақстан аумағынан 30 қоныс,150 оба зерттелді.
Андроновтар еуропеоидтар. Олардың сырт бейнесін академик В.П.Алексеев сипаттаған.
Кәсібі: мал бағу, кетпенді- теселі егіншілік(бидай, арпа, тары) пен балық аулау.
Мал өсіру(төрт түлікті өсірген) отырықшылық, бақташылық (сүзгіш тапқан-cүт тағамдарын жасаған) түрде болған.
Саз балшықтан ыдыс жасау андронов мәдениетінің ең негізгі сипаты болды.Ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі – көзе құмыралар жасау. Жер еденде сүт өнімдері мен сүт сақтайтын шұңқыр қазылған.Баспаналары жартылай жертөлелер, жер бетіндегі үйлер. Андрондықтардың дөңгелек баспанасы киіз үйдің прототипі саналады.Адамдар табиғат күштеріне табынған. Жерлегенде басын батысқа не оңтүстік –батысқа қаратқан.
Таңбалы, Жасыбай, Хантаудан тасқа салынған суреттер табылды( жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе).
Орталық Қазақстандағы Беғазы – Дәндібай мәдениеті (б.з.б.12 – 8ғғ)соңғы қола дәуіріне жатады.Қола дәуірін жоспарлызерттеу 1946 жылы басталды.Оны ғалым Ә.Х.Марғұлан басқарды.
Жайылымдық шаруашылықтан жартылай көшпелі мал шаруашылығы,одан көшпелі мал шаруашылығы шықты, қой мен жылқының саны артты. Табылған ауыздықтар жылқының энеолит, қола дәуірінде мініске пайдаланылғанын көрсетеді. Орталық, Батыс Қазақстаннан табылған түйе сүйектері түйені қола дәуірінде қолға үйреткенін көрсетеді. Беғазы – Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі – обалар. Ерекшелігі: қорғандары биік, ұсақ қиыршық тас пен топырақтан тұрғызылған,етегі қақпатастармен бекітілген.
Қыш ыдыстарының ернеуі тік, бүйірі шығынқы, түбі тегіс. Тұрғын үйлері екі түрге бөлінеді: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер. Қола дәуірінің соңына қарай қола және мыс орақтар пайдал-ды, олар Мало – Красноярка (ШҚО), Алексеев (БҚО), Степняк (СҚО),Жетісудан табылды. Көкшетау жеріндегі Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды.
Алғашқы қауымдық құрылыс қола дәуірінің соңына қарай жаппай ыдырай бастады. Малды туыстар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына алып келді(әлеуметтік теңсіздік).Мал жеке, жер рудың меншігі болды. Беғазы – Дәндібай кезеңінде бір адам ғана жерленген құрылыстар пайда болды. Жоғары дінбасылар – абыздар ежелгі салт – дәстүрді сақтаушылар болды.Жыртқыш аңдардың тісінен тұмарша тақты.
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Темір дәуірі б.з.б.8- б.з.6 ғасырлардың аралығын қамтиды. Ерте темір дәуірі б.з.б.8- 3 ғасырлардың аралығын қамтиды. Кейінгі темір дәуірі б.з.б. 3ғ- б.з.6 ғ.аралығын қамтиды.
Қазақстан далаларында б.з.б. 2 мыңж. ортасынан құрғақшылық болып, егіншілікпен айналасу тиімсіз болып,малмен айналысып отырған тайпалар жаңа өріс іздеді, көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.
Батыста түйені көп ұстап, сиырды аз ұстады.Солтүстікте сиырды көп ұстады.Ал оңтүстікте қой өсіру тиімді болды.
Тебіндеу - малдың қар астынан тамағын тауып жеуі.Наурыз мейрамы осыдан 3000 жылдай бұрын пайда болған.
Батыс және Орталық Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.
Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь – Шаньтауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды.
Қазақстанның оңтүстігінде, Сырдария, Шу, Келес өзендері бойында отырықшы шаруашылық дамыды.
Киіз үй екі бөліктен – киізден және ағаш қаңқадан құралған. Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады: кереге - киіз үйдің негізі, керегеге байланған уықтар шаңырақты көтеріп ұстады.
Киіз үйден басқа да баспаналар болған.Үйсіндер қыста кірпіш үйде тұрған. Төрт – бес үй ауылды құралған.Қоныстан біршама қашық жерде рулық зират орналасқан. Көшпелілер ошақты киелі санаған.

Сақтар
Сақтар туралы парсы патшаларының (Ксеркс, Дарий) тастағы сына жазбалары мен грек – рим авторларының шығармаларынан білеміз.
Сақтар – б.з.б.1 мыңж. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен тайпа. Сақтарды парсы жазбаларында «құдіретті еркектер», иран жазбалары «жүйрік атты турлар », грек авторлары «азиялық скифтер» деп атаған.

 

Грек тарихшылары -«дұшпанға- қатал, досқа- адал» -көшпелі тайпалардың тағы да бір атауы –дайлар, «әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық»
Ктесий «сақ әйелдері ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді»
Страбон (б.з.б.64 – б.з.24 жж) «География» еңбегінің авторын - «садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген» - «құдай деп олар күнді есептейді және оған жылқыны құрбандыққа шалады» - скифтерді Каспий теңізінен бастап, көбінесе «дайлар» деп атайды -«олардың бәрі уәдеге берік ақ көңіл» - «шабандоз болған»
Геродот (б.з.б.484-425 ж. өмір сүрген) «Тарих»еңбегі (б.з.б.5 ғ. 40-30 ж. жазылған) - Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Егін екпейді, үй малдары мен балықты азық етеді. Сүт ішеді», - «масагеттер жеңіп, парсы жауынгерлері қырылып, Кир өлтірілді», -«массагеттер» деп атаған,күнге табынады, жылқыны құрбандыққа шалады, темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі өте аз, алтын мен мыс көп, -қыста ағаш үйде тұрды, оны ақ киізбен жапты
Рим тарихшысы Помпей Трог Томирис туралы «әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ»
Полиэн Сақ малшысы Ширақтың Дарийді шөлде адастырғанын жазған
Арриан - А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға шабуыл жасағанын жазған - «Гректер Спитаменнің әскерінің соңынан қуғанда, олар кері бұрылып,қарсы шауып, гректерді түгел қырып салды» - көшпелілердің әскери қару –жарағының ерекшелігін «скифтер өздерін ж\е аттарын берік сауытпен мұқият қорғаған»
Ксенофонт сақтардың тәрбиелілігін жазған  
Тиграхауда (шошақ бөрікті) Жетісу, Тянь – Шань, Сырдарияның орта ағысында(қазіргі Ташкент аймағы,Солт.Қырғызстан, Оңт.Қазақ-н, Жетісу)
Парадарайа (теңіздің арғы жағынан келген) Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысы
Хаомоварга Парадарайаның оңтүстігінде, Мұрғаб өзені бойында
Дайлар, аргиппейлер, исседондар Арал теңізінің солтүстік –шығысында Орал тауының оңтүстігінде, солтүстік, орталық аймақтарында
Аргипппейлер («ақ жалды жүйрік аттардың иелері») Сарыарқаның солтүстік –батысында
Исседондар Сарыарқаның орталығында
Аримаспы (бұл атау Алтайда алтын мен темірдің мол болуына байланысты шыққан) Сарыарқаның шығысында

 

Геродоттың айтуынша, савроматтар «биік таулардың бауырында» тұрған аргиппейлермен көрші болған.(Орал таулары). Олардан (аргиппейлерден) әрі қарай тауларда аримаспылар мекендеген.
Бұлардың (аргиппейлердің) шығысында исседондар орналасқан.

 

 

топтар киімі аталуы
Жауынгерлер қызыл, қызыл – cары үнді- иран тілінде «ратайштар», «арбада тұрғандар»
Абыздар ақ танымал белгісі тостаған мен айрықша бас киім
Қауым мүшелері (малшылар мен егіншілер) сары мен көк «сегізаяқтылар»
       

Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты.Билік мұрагерлікпен берілді.Олар әскери қолбасшы, ру арасындағы даулы мәселелерді шешті,. Тайпа жиналыстарында тайпа көсемдері сайланды. Сақтар 2-6 доңғалақты арбаларға үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп –қонған.Сақтардың төрт ж\е алты арбаға орнатылған киіз үйлері болған. Аңшылыққа ж\е соғысқа арнап күймелер жасаған. Негізінен мал шаруашылығымен айналысты.(4 түлікті де өсірген) Жылқы мен қой өсіру маңызды орын алады. Шөлді ж\е шөлейт жерде түйе өсірген. Ерте темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі.Сақ әйелдері тайпа көсемі болып сайланды.
Біраз бөлігі егіншілікпен айналысты. Шірік – Рабат б.зб. 4- б.з 13ғ.(Қызылорда) қонысынан суару каналдары -ның(арықтар) ізі табылды. Жамбылдан және Талғар (Алматы маңында) қаласының жанынан б.з.б. 3-2 ғ.қазылған арықтар табылды.
Темір құралдар пайда болғаннан еңбек өнімділігі артты. Шала қорытылған темірді температурасы 1200 градуста пеш- көрікпен өндірген. Ал балқыған темір алу үшін 1530 градус температура қажет.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Б.з.б. 530 ж. cақтарға Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Томиристің (б.з.б. 570 – 520 жжөмір сүрген) ұлы Спаргапсисті алдап қақпанға түсірді. Томирис Кирдің басын шауып алды. 11 жыл өткен соң, б.з.б. 519 ж. Дарий бастаған парсылар шабуыл жасайды. Сақ көсемі Скунха жеңіліп, парсылар Сырдариядан өтеді. Сақтардың біраз бөлігі парсыларға бағынды. Б.з.б. 490 ж. Марафон шайқасында парсы әскерлерінің құрамында гректерге қарсы сақ жауынгерлері соғысты. (Египеттегі, Грекиядағы соғыстарда)
Б.з.б. 4 ғасырда (б.з.б. 330 -327жж.)(Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын)бастаған гректер сақтарға жорыққа шықты. Грек – македон басқыншыларына қарсы 3 жыл бойы Спитамен партизандық соғыспен күресті. Гректердің Мараканадағы (Самарқандағы) қаласын қоршайды. Сақтар гректердің шығысқа жорығын тоқтатты.
Сақтардың мәдениеті
Сақтардың ескерткіштері Сырдария, Талас, Шу, Іле өзенд., Алатау бөктерінен, Қырғызстаннан кездеседі. Қызылордадан 300 шақырым жерде Қызылқұмда Шірік – Рабат қаласының орталығында күзет мұнаралары бар қамалдан (цитадель) табылған заттар б.з.б. 4 -2 ғас. жатады. Сақ жауынгерінің темір қару- жарағы мен сауыт – сайманы да табылды. Бәбіш -Молдадан қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылды.
Б.з.б 7 ғас. «аңдық стиль»
пайда болды. Сақтарға Алдыңғы Азия мен Ираннан «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады.
Бесшатыр қорымы.(б.з.б. 5- 4ғ) Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшағыр тауының етегінде орналасқан. 31 обадан тұрады. Үлкен Бесшатыр (б.з.б. 5 -4 ғас.) обасын «патша» қорғандар дейді. Сағана: дәліз (дромос),қабір алдына кірер ауыз, жерлеу бөлмесінен тұрады. Акинак, қола ұшты жебелер, шаш түйрегіштер, ақық моншақ т.б. таб.Сақ дәуірінің бастапқы кезінде мәйітті тас сандықшаларға, кейіннен жер қабірге жерлеген.
Есік обалары. Алматыдан 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайында 40-тан аса оба орналасқан. Ең үлкенінің диаметрі 60метр, биіктігі 6 метр. 1969 жылы тиграхауд сақтарының «Алтын адамы» табылды. Қарағайдан төртбұрышты етіп салынған ағаш үй сияқты. Ұзынд.2 метр 90 сантиметр, ені 1метр 50 сантиметр, биіктігі 1,5 метрге жуық.Еденге 10 тақтай, әр жеріне уақ алтын түймешелері бар мата төселіп, мәйітті шалқасынан жатқызған. Оң жақ белінің тұсына ағаш қынды қанжар, беліндегі белдікке акинак (қанжар) ілінген.Табылған алтын түймешелердің саны 4000-нен астам. Түбінде 26 таңба жазуы бар күміс табақша (тостаған) табылды. Археолог К.Ақышевтің пікірінше, сақтарда жазу болған. Жерленген адам 17-18 жастағы сақ ханзадасы.

Саркофаг
– сақтардың бөренелерден жасалған табыты.
Менгирлер -тас дуалдың маңайындағы ірі тас бағандар.
Дромос
- обаның іргесінен сағанаға жер астымен келетін арнайы жол.



 

Сарматтар б.з.б.8ғ- б.з.5 ғ Батыс Қазақстанда мекендеген. «Сармат» атауы көне авторлардың еңбектерінде б.з.б. 3ғасырданбастап кездеседі.Сарматтар б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Арал –Каспий теңізі аралығын б.з.б. 1мыңж. орта шенінде мекендеген тайпалар туралы Геродоттың, парсы патшасы Ксеркстың жазбаларынан білеміз.Арал –Каспий аралығында, одан оңтүстікке қарай дах, (дай, даг) тайпалары тіршілік еткен. Каспийдің жағалауында каспылер өмір сүрген.Каспий теңізін Гиркан деп атаған.Каспилерді кейде гирканилер деп атаған. Батыс Қазақстан жеріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштері өзен алқаптарына алқаптарына жақын орналасқан (Жайық,Жем, Елек).Атырау облысындағы Сарықамыстан Құлсарыға дейін саз –төбешіктер бар. Сарматтар б.з.б.2 ғ. Батыс Қазақстан жерінің батыс аймағын басып алып, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті.Грек, рим тарихшылары Диодор, Үлкен Плиний, Полибий жазып кеткен. Савромат –сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырушы.Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады. Геродоттың айтуынша, савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген. Дах – массагеттермен, исседондармен туыстас келген.Б.з.б 2 –ғ.сарматтардың саны 10 мың, б.з.б. 3 -2 ғ. 20 мың, б.з.б.1ғ – б.з.1ғ. 5 -7 мың адам болған. Ғалымдар сарматтар санының күрт кемуін ұзақ жылдарға созылған қуатты қуаңшылықпен байланыстырады. Сол себепті сармат тайпалары басқа отырықшы руларға қосылып кетуге мәжбүр болды. Дайлар бірнеше ру –тайпадан тұрды. Б.з.б. 248 -247 ж. дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак) бастаған көшпелілер Парфияның біраз жерін, Гирканияның онымен шектес аймақтарын басып алып,Аршакидтер әулетінің билігін орнатты. Үстірттегі Терең, Бәйте ескерткіштерінен адамды жерлеген орындармен қоса, мінәжат жасау үшін салынған ғибадатханалар кездеседі.От жағылған орындардың белгісі көптеп кездеседі. Дай –массагеттерде отқа табыну рәсімі болған. Әлеуметтік теңсіздік болғанын археологиялық ескерткіштері дәлелдейді.Әскери –демократия заманында қауымның мәселелерін әскербасшылар шешкен. Сарматтарда әйелдер де жасақ құрамына кірген.Сарматтарда әйелдердің қоғамдағы рөлі жоғары болды.Әйелдер ерлерше киінді. Ыдыстарды қыштан, металдан жасаған. Қыш құмыралардың түбі жайпақ әрі шұңғыл болып келеді. Шыныдан жасаған ыдыстарды шығыстан әкелген. Торсық, саба, көнек, мес сияқты ыдыстарды теріден жасаған.Малмен ж\е егіншілікпен айналысты. Жылқы мен қойды көп өсірді.Түйе мен сиырларды күш –көлік ретінде пайдаланған. Негізінен көшпелі малмен айн –ты.Жылқының тебіндеуге арналған ж\е жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді.Зергерлік өнер жақсы дамыды. Аңшылық үлкен рөл атқарды, аңшылық – қызықтау, сейіл құру қызметін атқарды. Бесоба қорымында абыз әйелдер жерленген. Екі әйел шалқасынан шатқызылып, бастары оңтүстік- батысқа қаратылған.Алтын сырғалары, қол айна, тістері ақсиған қасқыр бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта қойылған. Батыс Қазақстан савроматтары ескерткіштерінің ерекшелігі, обаларының іші ағаштан жасалған, пішіндері әртүрлі(тік бұрышты, дөңгелек, сопақ). Савромат ескер –ң зерттелгені –Сынтас қорымы. Үш савромат жауынгері жерленген.Екі жауынгердің ортасында әскер басы болу керек, биіктеу жерге жерленген. Қола жебе ұштары, темір қанжарлар табылды. Басын артқа қайырып, ақситып жатқан қасқыр мүсіні, киік, таутеке бастары бар сүйек қасықтар табылды. Атырау облысының Жылыой ауданы Аралтөбеден үш оба қазылды. Көсемнің қарумен бірге абыз асатаяғының бөліктері табылды.

Ғұндар (б.з.б.4 ғ – б.з.3 ғ)

Қытай деректерінде «ғұн» атауы б.з.б. 3ғ. аяғында пайда болды. «Ғұн» атауы «хунну, сюнну»,«гун руң, хун ю» т.б. атаулармен берілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй»(тәңірқұты) деп атаған.
Мөде «жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?». б.з.б. 3ғ Мөде гұн мемлекетінің негізін қалады,оның кезінде мемлекет күшейді. Ғалым Л.Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған дейді. Ғұндар Енисей жағалауларында, Алтай тауын мекендеген. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып: сол, орталық, оң қанатқа бөлінген. Шаньюйден кейін «түменбасы» маңызды қызмет атқарды.Олар шаньюйдің ұлдары, туыстары. Олар 24 руды басқарды. Әр түменбасының 10 000 атты әскері болған.Мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындады.
Барлық бекзадалар «Аспанға, Жерге, ата –баба аруағына, тәңірге арнап құрбандық шалу үшін» жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне жиналған.
Б.з.б.4ғ – б.з.3ғ. Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықта ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған. Қытай мен Ғұндар арасындағы соғыс 300 жылға созылды. Б.з.б. 3ғ. аяғында Цинь өз шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Қорған 4000 шақырымға созылды.Биіктігі 10 метр, әр 60 -100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.Бір мемлекетке бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б. 2ғасыр мен 1аралығында.Мөденің әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды.Оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю – Банды жеңді. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін,ШығысТүркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта ғұн мемлекеті пайда болды.
Б.з.б. 1ғ. ортасында, б.з.б. 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді.
Оңтүстік ғұндар Хань әулетініне бағынып, солтүстігі б.з.б. 1ғ. аяғында Чжи –Чжи бастап батысқа жылжиды. Қаңлылардан Талас өзенінің шығыс жағына орналасуға мүмкіндік алады.2 -ші рет Қазақстанның оңтүстік –батысы мен Арал бойына б.з. 1ғ. келді. Олар ол жердегі алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай ығысуға мәжбүр етті. Ғұндардың шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б.2ғасырда басталып, б.з. 4 ғасырына дейін созылды. Ғұндар Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті.
Ғұндардың жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталады.
5 ғасырдың 30 жылдарында Аттила (Еділ) Румыния мен Венгрия жеріндегі ғұндарды қол астына жинап, Паннония мен Мезияны басып алып, Франция жеріне жетті. Еділ патша кезінде (400 – 453 жж) ғұн империясы өз дамуының жоғары сатысына жетті.Ғұндардың Еуропаға жорығынан Еуропа Рим үстемдігінен азат етілді. Құл иеленушіліктің жойылуына әсер етті. Жаңа дәуір – орта ғасыр дәуірі басталуына жол ашты.Еділ патша кезінде әскери – демократиялық құрылыс нығайды. 451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында рим –франктердің біріккен күшімен шайқасты. 453 жылы Аттила қайтыс болып, ғұн империясы ыдырады.
Еділ патша туралы құнды деректі Прииск мәліметінде
кездеседі.Әскери техникасы мықты болды.(атты әскер) Қорған бұзғыш машина, тас атқыш техниканы қолданған.Итальянның атақты композиторы Джузеппа Верди «Аттила» операсын жазды. Волга өзені де қазақша «Еділ» деп аталады. Марцеллин ғұндардың жауынгерлігін сипаттайды: «Ертелі –кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істерді ат үстінде отырып шеше береді. Егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса, жолында кездескеннің бәрін жайпап өтеді..» Византия елшісі Прииск «олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді.», «бейбіт халық ретінде сипаттайды» 448 жылы Аттиланың сарайында болған Прииск оның сырт келбетін суреттейді.Аттила ағаш ыдыстан тамақ ішетін дейді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысты.
Малдың барлық түрін өсірген. Марцеллин «Ғұндар жақсы шыныққан, отты да қажет етпейді.Ыстық, суыққа үйренген, шөлге шыдамды» Егіншілік жақсы дамыған. Үй –жайлардың ішінде астық сақтайтын ұралар болған. Киіз үйде тұрған. Төрге қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ т.б. іліп қоятын. Байлары қола мен күміспен әшекейленген белдік буынған.Әйелдері алтын, күмістен жасалған шаш түйреуіштер таққан. Ыдыс – аяқтары ағаштан, теріден, қыштан жасалған. Әлеуметтік теңсіздік қалыптасты. Көшпелі патриархалды ел. Ақсақалдар кеңесі басқарды. Елді «шаньюй» басқарды.Билік мұрагерлікпен берілді.Ауыр қылмыстар мен опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілді. Ұсақ қылмыс жасағандардың бетін тілді. Марцеллин «Төзімді келеді.Ат үстінде ұйықтайды, тамақ ішеді» деп сипаттайды.
Приискті аппақ тастан қаланған монша ерекше таң қалдырған.
Зерлеу – бұйымның бетіне алтын түйіршіктерін дәнекерлеу.
Безендіру
бұйымға ширатылған ұзын сымды дәнекерлеп жапсыру.
Полихромдық стильбезендіру кезінде бұйымға түрлі – түсті заттарды жапсыру. Бұйымды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесін қолданған. Ұршықтың табылуы жүннен киім тоқып кигендерінің дәлелі. Үстем тап өкілдерінің зираттарынан қымбат бағалы қытай маталары табылды.

 

 







Date: 2015-07-23; view: 5832; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.015 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию