Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бидғаттың ешқандай негізі жоғы және негізі бар нәрсеге қосылғаны болады





Бидғаттың ешқандай негізі жоғы (әл-бид’а әл-хақиқия) және шариғатта бекітілген белгілі бір құлшылыққа қосымша қосылғаны (әл-бид’а әл-идафия) сияқты түрлері бар. Қараңыз: “Танбих улил-әбсар” 96, “Нур әс-Сунна” 41.

Өкінішке орай, шариғатта ешқандай негізі жоқ бидғаттар (әл-бид’а әл-хақиқия) өте көп. Әрі олар – заңды екеніне не Құранда, не Сүннетте, не бірауызды келісімде нұсқауы болмаған нәрселер. Олардың қатарына Аллаһқа пірадарлық (монахтық өмір) арқылы жақындауды, хәлал етілген дүниелік нәрселердің әлдебіреулерін өзіне тыйым салып, осыны игілік деп санауды және т.б. жатқызуға болады. Мысалы, имам Мәлик (біреулер) күннің астында тұруды, сөйлемеуді немесе белгілі бір жерге жаяу баруға нәзір беруді құлшылыққа жатқызған кезде, мұны күнә деп атап, оларға тыйым салатын. Имам әш-Шәтыби имам Мәликтің сөзін келтіріп былай деген: «Мәликтің күннің астында тұруды, сөйлемеуді және Шамға, не Мысырға жаяу баруға нәзір етуді тыйым салғаны, әрі бұлардың барлығын күнә деп атағаны жайлы ой толғаңдаршы! Бұл амалдар өз негізінде хәлал болып табылады, алайда (біреулер) оларды дінге теліп, сол арқылы Аллаһқа құлшылық етуді шешкен кезде, имам Мәлик оларды күнә деп атады”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 2/534.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия: “Жүннен тоқылған киімді Аллаһқа құлшылық ретінде кию – бидғат”, - деп айтқан. Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 11/555.

Имам әш-Шәтыби дінге енгізіліп, кейіннен шариғаттың бір бөлігіне айналдырылған бидғаттың түрлерін атап, былай деді: “Бұлардың қатарына белгілі бір нәрселерді қатаң белгіленген үлгіде ұстану жатады, мысалы, Аллаһты көпшілік болып бір дауыспен зікір ету немесе Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылған күні – мәулітті мейрам (‘ид) етіп алу”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/39.

Ал шариғатта негізі бар құлшылыққа қосымша қосылған бидғат (әл-бид’а әл-идафия) туралы айтар болсақ, имам әш-Шәтыби оның мағынасын түсіндіріп, былай деді: «Құлшылықтың негізі бекітілген, бірақ әлгі қосымшасы (тиісті) дәлелдің жоқтығы себепті шариғи негізден шығады». Қараңыз: “әл-И’тисам” 2/140.

Сөйтіп, «қосымша қосылған бидғат» дегенде шариғатта негізі бар бір әрекетке араласып кеткен бидғат туралы сөз болады. Мысалы, азанның немесе намаздың (шариғат тарапынан) заңдастырылған сөздері айтылып біткен соң, оларға қосымша қосылатыны немесе тұрақты түрде орындалатыны туралы дінде еш нәрсе айтылмаған нәрселер қосылады. Имам Ибн Хәжар әл-Хайтамиден тура азан сөздерінің ішінде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту туралы сұраған кезде, ол былай деп жауап берді: «Мұның (азан айтудың) негізі Сүннет болып табылады, бірақ осы түрі (азанның ішінде Пайғамбарға салауат айту) – бидғат!» Қараңыз: “әл-Фәтауа әл-хадисия” 1/131.

Сондай-ақ ғалымдар бидғаттың мұндай тарауына (шариғат тарапынан) заңдастырылмаған үлгіде жасалатын намаз, ораза т.с.с түрлі құлшылық түрлерін де жатқызған. Мысалы, «рағайып» деп аталатын намаз. Бұл – кейбір білімсіз адамдар ражаб (ережеп) айының алғашқы жұмасында оқитын он екі ракағаттан тұратын намаз. Мұндай намаздың шариғатта ешқандай негізі жоқ және барлық мазһаб имамдарының пікірі бойынша, ол намаз бидғат болып табылады. Қараңыз: “әл-Фәтауа әл-кубра” 2/239, “әл-Мәдхал” 1/294.

Немесе Шағбан айының ортасына орындалатын «саләтул-бараа» (бараат намазы) деп аталатын намаз. Ол да шариғатта ешқандай негізі жоқ діндегі бидғатқа жатады. Қараңыз: “әс-Сунан уәл-мубтади’ат” 156.

Бұл мәселе барынша түсінікті болу үшін, шейх ‘Али Махфуздың өте пайдалы сөздерін келтірейік: “Жалпылама мәтіндерді Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) іс-әрекетімен немесе істемей қалдыруымен түсіндіргеніне назар аудармай, оларға ілесу – Аллаһ Тағала тыйым салған күмәнді, анық емес (муташәбиһ) нәрсеге еру болып табылады! Өйткені егер біз нақтылауға қарамай, тек жалпылама мәтіндерге жүгінер болсақ, түбі таусылмайтын бидғатқа айқара есік ашып береміз. Мынау – біз айтып отырған нәрсеге мысал: әт-Табаранидің жинағында «Ең жақсы амал – бұл намаз» деген хадис келген. Егер осы хадистің жалпылама мәтінін алсақ, онда қалайша біз рағайып намазы мен шағбанның ортасындағы намазды (саләтул-бараа) қайтарылған бидғат дей аламыз?! Өйткені бұлар жалпылама хадистің мәтініне сүйеніп тұр ғой. Алайда ғалымдар осы екі намазды жиіркенішті, айыпты бидғат деген!

Екінші мысал: Аллаһ Тағала: «Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр!», - дейді. Ол сондай-ақ тағы бір жерде: «Аллаһты көп еске ал!», - дейді. Енді осыларға сүйеніп, екі айт намазына, күн тұтылғанда оқылатын намазға және тарауық намазына азан шақыруды шешкен біреуді елестетіп көріңізші?! Ал біз: «Сіз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан істемеген және өзгелерге де істе деп бұйырмаған істі қалайша істейсіз?», - десек, ол бізге: «Расында, муаззин (азаншы – ред.) шақырушы және Аллаһты еске алушы болып табылады!», - дейді. Енді сіз ол кісіге қалай дәлел әкелесіз, әрі оның бидғатын қалай теріске шығарасыз?!

Үшінші мысал: Аллаһ Тағала: «Расында, Аллаһ та, Оның періштелері де Пайғамбарға салауат жолдайды. Әй, иман келтіргендер, оған салауаттар мен сәлем жолдаңдар!», - дейді. Осы сырттай және жалпылама бұйрыққа сүйеніп, намазда тұрғанда да, рукуғта да, сәждеде де және Пайғамбар өзіне салауат айтуды бекітпеген жағдайлардың барлығында салауат айтумен Аллаһқа жақындауға болады! (Бірақ) бізге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Намазды мен сендердің көздеріңше орындағандай етіп орындаңдар!», - деген хадисі белгілі бола тұра, осындай (амалдар) арқылы Аллаһ Тағалаға жақындауды орнатқан адамның намазы дұрыс бола ма?!» Қараңыз: «әл-Ибда’» 25.

Айтып жатқанымызға мысал ретінде Ибн ‘Аббастан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен мына хадисті келтірсек болады: “ Бірде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құтпа айтып тұрғанында, түрегеліп тұрған бір адамға көзі түсіп, ол жайында сұрады. Адамдар: “Ол – күннің астында тұруға, отырмауға, (аптаптан) көлеңкеге паналамауға, сөйлемеуге және ораза ұстауға нәзір берген Әбу Исраил ғой”, - деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оған сөйлесін, (аптаптан) көлеңкеге жасырынсын және отырсын деп бұйырыңдар, ал оразасын соңына дейін жалғастыра берсін», - деді ”. Әл-Бухари 6704.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамға тек ораза ұстауды ғана бұйырып, қалғандарына тыйым салды, өйткені ораза – бұл Аллаһ жақсы көретін құлшылық. Ал оның оразадан өзге істеген амалдары – Аллаһқа жақындататын құлшылық емес еді, тіпті егер біреу оны солай деп есептесе де». Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 11/614.

Имам әш-Шәтыби былай деп айтқан: “Ақиқатында, (негізі жоқ) «бид’а хақиқияның» күнәсі (негізі бар құлшылыққа қосылған) «бид’а идафиядан» гөрі ауырырақ, себебі ол анық тыйым салынған, әрі қадарилердің адасушылығы, немесе «хабар әл-ахад» хадистерді қабылдамау, немесе бірауызды пікірді мойындамау, немесе арақ-шарапты хәлал ету, немесе имамдарды күнәсіз деп айту және сол іспеттес нәрселер сияқты Сүннетке айқын қарама-қайшылық және одан шығып кету болып табылады”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 2/145.

Шейх Мухаммад Са’ид Раслән «бид’а идафияға» қатысты үкімдерді түсіндіріп, амал белгілі бір негізі бар құлшылықты шариғатқа деген алты тарапты сәйкессіздіктің біреуі жағынан қосу, бұрмалау немесе өзгерту себебімен бидғатқа айналады деген:

 

Себебі

 

Егер белгілі бір құлшылықтың шариғатта заңды етіп бекітілмеген себебі пайда болса, ол қабылданбайтын бидғатқа айналады. Оған мысал ретінде кейбір адамдардың ережеп (ражаб) айының жиырма жетінші түнін ұйықтамай өткізуін келтіруге болады. Олар мұны осы түні Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкке көтерілгенімен негіздейді. Таһажжуд (түнгі намаз) құлшылық болып табылады, бірақ ол әлгі себепке байланыстырылған кезде, бірден бидғатқа айналды, себебі бұл құлшылық шариғатта орнатылмаған себепке негізделіп құрылған. Әрі осы сипаттама, яғни себептің шариғатқа сәйкес келуі өте маңызды, өйткені ол арқылы қателікпен Сүннет деп саналып жүрген көптеген бидғаттар танылады.

2. Түрі (тегі)

 

Амал аталған құлшылықтың түрі мен тегінде шариғатқа сәйкес келуі тиіс. Егер адам Аллаһқа шариғатта бекітілмеген құлшылық түрімен жақындауға тырысса, оның істеп жатқан сол құлшылығы қабыл болмайды. Бұған мысал ретінде кісінің Айт күні жылқыны құрбандыққа шалуын келтіруге болады. Оның құрбандығы дұрыс болып саналмайды, өйткені шариғатқа деген сәйкессіздік бұл жерде құрбандыққа шалынатын малдың түрі мен тегінде болып тұр, себебі Құрбан айтта (‘Ид әл-Адха) үш түрлі малдың еркегі мен ұрғашысын ғана шалуға болады, олар: түйе, сиыр және қой (ешкі).

 

3. Мөлшері (саны)

 

Егер шариғат белгілі бір құлшылықтың мөлшерін (санын) бекітіп қойған болса, онда орындау кезінде оның мөлшерін көбейтуге де, азайтуға да болмайды. Егер біреу бекітілген парыз намаздарға қосымша тағы да парыз намазды жүктегісі келсе немесе бекітілген парыз намаздардың ракағат санын көбейткісі келсе, оның намазы қабыл болмайды, себебі ол шариғатта бекітілген мөлшерге қайшы келіп тұр. Мысалы, адам бесін (зуһр) намазының парызын бес ракағат етіп оқитын болса, оның намазы қабыл болмайды.

 

4. Кейіпі (орындалу тәртібі)

 

Дінде бекітілген белгілі бір құлшылықтың ретін (тәртібін) өзгертуге болмайды. Мәселен, намазды ташаһһудпен бастап, содан кейін рукуғ пен сәжде жасауға болмайды. Сондай-ақ егер кісі дәрет алуды аяқты жуудан бастап, содан соң басына масих тартып, сосын екі қолын жуып, бетін жуумен аяқтаса, онда ғалымдардың ең дұрыс пікірі бойынша оның дәреті жарамсыз болады. Өйткені дәрет алудың (мұндай) тәртібі осы құлшылықты орындаудың Құран мәтінімен бекітілген үлгісіне қайшы келеді.

Date: 2015-07-22; view: 290; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию