Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Л-бид‘а» терминінің шариғи анықтамасы





 

«Әл-бид‘а» сөзінің шариғи анықтамасына келер болсақ, ол – дінге жаңадан енгізілген, бірақ Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңды етіп бекітпеген кез келген нәрсе.

Имам әл-Жәухари былай деген: “«Әл-бәди’» және «әл-мубтәди’», сондай-ақ «әл-бид’а» сөзі – бұл дін тамамдалып болғаннан кейін оған бір нәрсені енгізу”. Қараңыз: “ән-Ниһая” 1/107.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деп айтқан: “Дінге енгізілген жаңалық (бид’а) – бұл Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңды етіп бекітпеген нәрсе, әрі бұл – оған ешқандай бұйрық келмеген, парыз да емес, мустахаб [1] та емес нәрсе”. Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтәуа” 4/107.

Хафиз Ибн Ражаб былай деген: “(Дінге) енгізілген жаңалық (бид’а) – бұл дінге енгізілген әрі шариғатта ешқандай негізі болмаған нәрсенің барлығы. Ал шариғатта нұсқалған негізі бар нәрсеге келер болсақ, ол шариғатқа енгізілген жаңалық болып есептелмейді, тіпті ол тілдік тұрғыдан жаңалық деп аталса да”. Қараңыз: “Жәми’ул-‘улюми уәл-хикам” 265.

Имам әш-Шәтыби: “Бидғат – бұл діндегі заңды етіп бекітілген жолға еліктеп, Аллаһқа барынша көп құлшылық ету мақсатымен ойлап табылған әрі жаңадан жасалған жол”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/51.

Жол дегеніміз – бұл үстімен жүруге арналған белгілі бір бағыт. «Діндегі жол» деп айтылған, өйткені әлгі жолды ойлап табушы әрі жаңадан жасап шығарушы оны Исламға теліп, шынайы діни жол деп көрсеткісі келеді.

«...Заңды етіп бекітілген жолға еліктеп» - өйткені ойлап табылған жол бекітілген жолға ұқсайды, бірақ ол емес.

«...Аллаһқа барынша көп құлшылық ету мақсатымен...» - яғни жаңадан жол ойлап табушы мен сол жолға ерушінің сылтауы – Аллаһқа көбірек және жақсырақ құлшылық ету.

«...Ойлап табылған әрі жаңадан жасалған...» - яғни дінде негізі жоқ, Исламда белгісіз болған.

Шейх әл-Әлбани былай деген: “Шынында, шариғат адасу деп атаған діндегі жаңалық (әл-бид’а) – бұл Сүннетке сай келмейтін істер, сөздер мен сенімдер, тіпті ол ижтиһадтың нәтижесінде болса да”. Қараңыз: “Әхкамул-жәнаиз” 242.

Сонымен діни жаңалық (әл-бид’а) – бұл ешқандай сенімді негізі жоқ және Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардың уақытында белгілі болмаған кез келген сөздер, істер мен наным-сенім арқылы Аллаһқа жақындауға ұмтылу. Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/64, 1/227.

 

Date: 2015-07-22; view: 386; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию