Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Түсініктеме хат





Азақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

 

Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті

Математика және физика кафедрасы

 

 
 

 

 


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ»

Пән атауы

 

Мамандығы 5В010900 – «Математика»

Шифр, мамандық атауы

 

Арқалық, 2014

 

Құрастырушы: Абдрахманова М.Т

тегі, аты-жөні

аға оқытушысы, _____________

 

 

ОӘК аңдатпасы:

«Математиканы оқытудың әдістемесі» пәні бойынша 5В010900-«Математика» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құжат.

«Математиканы оқытудың әдістемесі» пәні бойынша қарастырылып отырған оқу-әдістемелік құжат «Математика» мамандығы бойынша кредит жүйесінде оқитын студенттеріне арналған, оқу сабақтарының түрлері және тақырыптары бойынша оқу уақытын бөлуді анықтайды, аудиториядағы және аудиториядан тыс уақыттағы суденттердің өзіндік жұмыстарының мазмұнын анықтайды, студенттердің танымдық және творчестволық білімін нығайтады және оқу мен зерттеу процестерінің байланысын туғызады.

 

Оқу-әдістемелік кешен «Математиканы оқытудың әдістемесі»

пәннің аты

Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің студенттеріне арналған / Құрастырған: Абдрахманова М.Т. Арқалық: АрқМПИ баспасы, 2014. 130– б.

 

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Математиканы оқытудың әдістемесі

Пән атауы

 

Мамандығы 5В010900 – «Математика»

Шифр, мамандық атауы

 

 

Түсініктеме хат

Педагогикалық университеттер мен институттардың студенттері математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін үйрену арқылы орта мектептегі математиканы оқытудың әдіс-тәсілдері мен білік, дағдыларды меңгереді. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бағдарламасының маңызды міндеті – болашақ математик мұғалімдердің кәсіптік-педагогикалық дайындығын беріктеп, олардың алған теориялық білімінің қолдану аясын кеңейту, бұл білімдердің мектеп оқушыларының жас және дара ерекшеліктеріне сай баяндалуы мен қалыптасуының тәсілдерін қазіргі студентке меңгерту болып табылады. Ол үшін орта мектепте математиканы оқытудың ғылыми негіздерін жан-жақты құрап, математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, оны практикалық есептер шеше білуге қолдану қажет.

Математикалық ұғымдарды оқушыларда қалыптастырудың қиындығын ескеріп, математиканың әрбір сабағының тиімділігі мен әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына, көрнекіліктің қажетіне қарай қолданылуына, сабақта қолданылатын ғылыми-практикалық әдістердің өзара үйлесуіне т.с.с басты назар аударылады.

Педагогикалық университеттер мен педагогикаылқ институттарды бітірушілердің таза математиканың өзін ғана меңгеріп қоймай, оның әдістемесін де ойдағыдай үйреніп, оны математиканың сабағында қолдануы, өзінің теориялық білімін озат мұғалімдер қалыптастырған оқыту процесінің іс-тәжірибесіне байланыстыра отырып молайту, сол арқылы шығармашылық сипатта жұмыс істеуге қол жеткізуі тиіс.

Математиканың ішкі мазмұны арқылы әсіресе сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар негізінде тәрбие жұмыстарына ерекше назар аударылады.

Мектептегі математика курсын үнемі талдау арқылы студенттердің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдысын қалыптастыру.Жалпы тәрбиелік мәні бар ғылыми-көпшілік әдебиеттермен оқулықтармен, есептер жинақтарымен, дидактикалық материалдармен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру маңызды міндет болып табылады.

Жоғары мектептегі математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің міндеті – болашақ мұғалімдерді оқу процесінің қазіргі заманғы әдістерімен технологиясымен таныстыру.

Студенттер ғылыми және оқу әдістемелік әдебиеттерді өзбетінше терең меңгеріп, әр түрлі жаттығу есептерін шешіп, қажетті көрнекіліктерді таңдап алып және қажетіне қарай қолдан жасап, семинар сабақтарында баяндамалар жасайды, дидактикалық ойындар өткізеді.

Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша өткізілетін практикалық, лабораториялық сабақтардың мазмұнын байытып, оның ғылыми деңгейін белгілі стандарт деңгейіне көтеру керек.

Оқытуға арналған жаттығу жүйесінің негізгі міндеті математика курсының теориялық бөлігін меңгеруді ұйымдастыру болатыны, ұғымдарды қалыптастыру, есептер шешу тәсілдерін оқыту мақсатын алға қоятынын студенттер білуі тиіс.

Оқыту әдістемелерінің лекцияларында, практикалық лаборатория сабақтарында үнемі озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін талдап, оны жалпылауға, ол туралы қорытынды жасауға үнемі назар аударылады. Өз бетінше оқитын тақырыптармен бақылау, сынақ, емтиханның өткізу мерзімін кафедра анықтайды.

Курсты үйрену барысында студенттер әр түрлі формадағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысуы, ол болашақта математиканы оқыту әдістемесінің проблемалары бойынша жазатын курстық, диплом жұмыстарына байланысты болуы керек.

Болашақта мұғалім болатын жоғары курс студенттерін осы заманғы мектептің алға қойған талаптары негізінде мектепте оқу тәрбие жұмысын өткізудің практикалық дағдысымен қаруландыру керек. Ол үшін практикалық (семинар) сабақтарында мектептің оқу бағдарламасын, оның стандартын оқулығымен басқа да оқу құралдарымен жете танысуы; мектеп математикасының әртүрлі тақырыптарын үйренудің әдістемесін талқылауы; оқу материалын үйренуге байланысты мектеп оқушылары кездесетін қиындықтар мен типтік қателерді жоюдың жолдарын білуі, бір ғана тақырыптың әр түрлі оқу құралдарында баяндалуына салыстымалы талдаулар жасай білуі; практикант студенттің жеке жасаған сабақ конспектісіне, шешкен есебінің әдісіне, сонымен қатар құрастырған жаттығулар жүйесіне талдау жасай білуі, сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың әр түрлі формалары бойынша жоспар жасай білуі тиіс.

Лабораториялық сабақтар шағын группаларда жүргізіледі, онда келесі жұмыс түрлері болады:

Мектептегі сабаққа қатысып бақылау және талдау, техникалық және көрнекі құралдар қолданып, сабақ өтуге дайындау; көрнекі құралдар әзірлеу, дидактикалық материалдар жасау.

 

Date: 2015-06-11; view: 1624; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию