Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Неврология

 

01. Мидриаз ненің зақымдануымен байланысты

 

А) Көз қозғалтқыш нервінің алып клеткалы ядросының жоғарғы бөлімі

Б) Көз қозғалтқыш нервінің алып клеткалы ядросының төменгі бөлімі

В) + Көз қозғалтқыш нервінің майда клеткалы қосымша ядросы

Г) Ортаңғы жұпсыз ядросы

Д) Бойлық шоғырдың медиальды ядросы

 

02. Егер ауырсыну сезімталдығы бұзылыстарының жоғарғы шекарасы Т10 дерматомы деңгейінде анықталса, онда жұлынның зақымдануы мына сегментте орналасады:.

А) Т6 және Т7

Б) +Т8 және Т9

В) Т9 және Т10

Г) Т10 және Т11

Д) Т11 және Т12

 

03. Орталық пирамидалық салдануға тән емес:

А) Бұлшық ет гипотрофиясы

Б) Шеміршектік рефлекстің жоғарлауы

В) Жамбас қуысы ағзалары функциясының бұзылуы

Г) + Нерв және бұлшық еттің электірлік қозғыштығының бұзылуы

Д) Фасцикуляция

 

04 Артқы діңгекте дененің төменгі бөлігінен келетін сезімталдық талшықтары жұлын ортасынан қалай орналасады:

А) Латеральды

Б) + Медиальды

В) Вентральды

Г) Дорсальды

Д) Б және Г

 

005. Артқы діңгекте қолмен дененің кеуде бөлігінен келетін сезімталдық талшықтары жұлын ортасынан қалай орналасады:

А) + Латеральды

Б) Медиальды

В) Вентральды

Г) Дорсальды

Д) Б және Г

 

006. Тежегіш әсердің медиаторы:

А) ацетилхолин

Б) + ГАМК

В) Норадреналин

Г) Адреналин

Д) Вжәне Г

 

007. Атаксияның қай түрінде, Ромберг сынағы кезінде көзді жұмған кезде тепе-

теңдік бұзылуы күшейеді?

А) Мишықтық

Б) + Сенситивтік

В) Вестибулярлық

Г) Қыртыстық

Д) А және Г

 

008. Қандай құрылымның толық емес жаншылуы кезінде көру алаңының

концентрациялық тарылуы болады?

А) көру тракты

Б) + көру қиылысы

В) сыртқы иінді дене

Г) көру шоғыры

Д) көру нерві

 

009. Көру тракты зақымданғанда гемианапсияның қай түрі анықталады?

А) биназальды

Б) + гомонимдік

В) битемпоральды

Г) төменгі квадраттық

Д) жоғарғы квадраттық

 

010. Мишықтың үстінгі аяқшасы арқылы қандай жол өтеді?

А) артқы жұлын мишықтық

Б) + алдыңғы жұлын-мишықтық

В) маңдай көпір-мишықтық

Г) шүйде –самай –көпір-мишықтық

Д) ретикуло –жұлындық

 

011. Қандай бөлім зақымдалған кезде зәрді нақты ұстай алмау болады

А) алдыңғы орталық ирелеңнің парацентральдық бөлігі

Б) жұлынның мойын бөлімінде

В) жұлынның бел буылтығында

Г) + жұлынның ат құйрығы бөлімінде

Д) жұлынның кеуде бөлімінде

 

012. Броун –Секар синдромында орталықтан салданумен бірге зақымданған жағында қандай бұзылыстар болады?

А) қарама-қарсы жағында сезімталдықтың барлық түрінің бұзылуы Б) ошақтың зақымданған жағында ауырсыну және температура сезудің бұзылуы

В) + зақымданған жағында терең сезімталдықтың, қарама –қарсы жақта ауырсыну мен температура сезудің бұзылуы

Г) зақымданған жағында сезімталдықтың барлық түрінің бұзылуы

Д) зақымдалған деңгейден төмен жерде сезімталдықтың барлық түрінің бұзылуы

 

013. Мишықтың табаны зақымданғанда қандай атаксия кездеседі?

А) динамикалық

Б) вестибулярлық

В) + статикалық

Г) сенситивтік

Д) қыртыстық

 

014. Сыртқы есту жолында және құлақ қалқанында ауру сезімімен ұшықтық бөртпелердің бірге кезігуі, вестибулярлық және есту қызметінің бұзылуы қай түйін зақымдануының белгісі?

А) вестибулярлық

Б) қанат таңдайлы

В) + тізелі

Г) гассер

Д) кірпік

 

015. Жұлынның ат құйрығы бөлімінің зақымдалуы немен білінеді?

А) аяқтың парезі және түбіршіктік тип бойынша сезімталдылықтың бұзылуы +

Б) аяқтың спастикалық парезі және жамбас қуысы ағзаларының бұзылысы

В) аяқтың дистальді бөлігінде терең сезімталдықтың бұзылуы және зәрі жүрмей қалуы

Г) сезімталдығы бұзылмаған, аяқтың спастикалық парапарезі және жамбас ағзалары қызметінің бұзылуы

Д) сенситивтік атаксия

 

016. Нағыз астерогноз қай бөліктің зақымдалуын көрсетеді?

А) маңдай бөлігі

Б) самай бөлігі

В) + төбе бөлігі

Г) шүйде бөлігі

Д) А және Б

 

017. Көз қозғалтқыш нервінің артқы дара ядросы (Перлеа ядросы) қарашықтың қандай реакциясын қамтамасыз етеді?

А) жарыққа

Б) ауру тітіргендіргішіне

В) конвергенцияға

Г) + аккомодацияға

Д) дұрысы А және В

 

018. Мидың қай бөлігі зақымдалған кезде жұтыну мен дыбыс шығарудың, сөйлеудің бұзылыстары, жұсақ таңдай парезі, жұтыну рефлексінің болмауы және тетрапарез бірігіп кездеседі:

А) ми аяқшалары

Б) ми көпірі

В) + сопақша ми

Г) ортаңғы ми қақпағы

Д) мишық

 

019. Алмасушылық Мийяр- Гублер синдромында ошақ қай жерде орналасқан?.

А) ми аяқшалары негізінде

Б) сопақша мидың артқы бүйір бөлігінде

В) қызыл ядро аймағында

Г) + ми қақпағының негізінде

Д) ортаңғы мидың қақпағында

 

020. Екі жақты Горнер синдромы және қолдарында ауырсыну және температура сезімнің бұзылуы бірігіп кездессе, сырқатта қандай диагноздың мүмкіндігі жоғары:

А) шашыранды склероздың жұлындық формасы

Б) цервикальді сирингомиелия

В) мойын кеуде деңгейінде интрамедулярлық ісік

Г) мойын кеуде деңгейінде экстрамедулярлық ісік

Д) А және В дұрыс

Е) + Б және Г дұрыс

 

021 Мойын өрімінің тармағы:

А) + кіші шүйде нерві

Б) қанатша асты нерві

В) шыбық нерві

Г) орталық нерв

Д) шынтақ нерві

 

022 Иықтық өрімінің тармағы:

А) көкіректік нерв

Б) + қанатша астылық нерв

В) бұғана үстілік нерв

Г) үлкен құлақтық нерві

Д) шүйде нерві

 

023 Бел өрімінің құрамына қандай нерв кіреді?

А) сан нерві

Б) сан-жыныстық нерв

В) шонданай нерві

Г) + А және Б дұрыс

Д) А және В дұрыс

 

024 Дюшенн- Эрба салдануы кезінде мына бұлшық еттердің қызметі зардап шегеді:

А) дельта тәрізді және шықтақ, үш басты бұлшық еті

Б) шықтақ екі басты және ішкі бұлшық еті

В) білезікті бүккіш еттер

Г) + А және Б дұрыс

Д) Б және В дұрыс

 

025 Дежерин Клюмпке салдануы кезінде сезімталдық қай жерде бұзылады?

А)білектің сыртқы бетінде

Б) білектің ішкі бетінде

В) шынтақтың сыртқы бетінде

Г) шынтақтың ішкі бетінде

Д) А және В дұрыс

Е) + Б және Г дұрыс

 

026 Сан нервінің пупарт байламынан жоғары жерінде зақымдалғанда не байқалады?

А) санның алдыңғы бетінде гипестезия

Б) сан бүккіштерінің салдануы

В) тізе жазғыштарының салдануы

Г) + айтылғандардың бәрі

Д) А және Б дұрыс

 

027 Ми бағандары қай деңгейде зақымданғанда бастап децеребрациялық ригидтілік байқалады?

А) сопақша мидың жоғарғы бөлігі

Б) сопақшы мидың төменгі бөлігі

В) + қызыл ядро

Г) ми көпірі

Д) мишықтар

 

028 Төменгі қызыл ядро синдромына (Клод синдромы) тән емес:

А) зақымдалу жағында көз қозғалтқыш нервінің салдануы

Б) + қарама қарсы жағында гемигипестезия, гемипараз

В) қарама қарсы жағында гемиатаксия

Г) қарама қарсы жағында бұлшық еттің гипотониясы

Д) қарама қарсы жағында интенсионды діріл

 

029 Сопақша мидың дорсолатеральді бөлігі зақымдануына (альтернациялық Валленберг Захарченко синдромы) тән емес белгі?

А) зақымданған жағында жұмсақ таңдайдың,дауыс байламының параличі

Б) зақымданған жағында атаксия

В) зақымданған жақ бетінде сезімталдықтың сегментарлы бұзылысы

Г) қарама қарсы жағында ауырсыну және температура сезудің бұзылуы

Д) + қарама қарсы жағында гемипарез

 

030 Мидың қай бөлімі зақымданғанда ми жартышарының көзқарас парезі болады (науқас зақымдалу ошағына қарайды)

А) + маңдай

Б) самай

В) төбе

Г) шүйде

Д) Б және В дұрыс

 

031 Науқаста эмоциялық күйзелістен кейін бет нервінің орталық парезі пайда болды (Венсен симптомы).Таламуспен қандай құрылым арасында байланыс бұзылғанда пайда болады?

А) төбе бөлігінің жоғарғы жағы

Б) төбе бөлігінің төменгі жағы

В) самай бөлігі

Г) + маңдай бөлігі

Д) шүйде бөлігі

 

032 Дене схемасының бұзылуы ми жарты шарының қандай бөлігі зақымданғанда байқалады?

А) доминантты жарты шардың самай бөлігі

Б) доминантты емес жарты шардың самай бөлігі

В) доминантты жарты шардың төбе бөлігі

Г) + доминантты емес жарты шардың төбе бөлігі

Д) екінші маңдай иірімі

 

033 Қай иерелен зақымдаңғанда сенсорлық афазия пайда болады?

А) + жоғарғы самай ирелеңі

Б) ортаңғы самай ирелеңі

В) жоғарғы төбе бөлігі

Г) төменгі төбе бөлігі

Д) екінші мандай ирелеңі

 

034 Сол қолда моторлық апраксия пайда болады?

А) сүйелді дененің тізесі зақымдалғанда

Б) + сүйелді дене бағанасы зақымдалғанда

В) сүйелді дене бұлшық еті зақымдалғанда

Г) айтылғандардың барлығы

Д) А және В дұрыс

 

035 Симпатикалық нерв жүйесінің сегменттік бөлімінің бүйір мүйізі нейрондары мына сегмент деңгейінде орналасқан?

А) C5-T10

Б) T1-T12

В) + C8-L3

Г) T6-L4

Д) C1-C4

 

036 Парасимпатикалық нерв жүйесінің бүйір мүйізі нейрондары мына сегменттерде орналасқан?

А) L4-L5-S

Б) L5-S1-S2

В) S1-S3

Г) + S2-S4

Д) S3-S5

 

037 Жұлынның бүйір мүйізіндегі кірпік-жұлын орталығы мына сегмент деңгейлерінде орналасқан:

А) C6-C7

Б) C7-C8

В) + C8-T1

Г) T1-T2

Д) T2-T3

 

038 Сол қолдың орталық парезінде ошақ қай жерде орналасқан?

А) сол жақта алдыңғы орталық иірімінің жоғарғы бөлімінде

Б) сол жақта алдыңғы орталық иірімнің төменгі бөлімінде

В) ішкі капсуланың артқы санында

Г) ішкі капсуланың тізесінде

Д) + оң жақта алдыңғы орталық иірімінің ортаңғы бөлігінде

 

039 Ошақ қайда орналасқанда тырысу талмасы сол аяқтың бақайларынан басталады?

А) оң жақта алдыңғы адверсивті алаңда

Б) оң жақта артқы ортаңғы иірімінің жоғарғы бөлігінде

В) оң жақ алдыңғы орталық иірімінің төменгі бөлімінде

Г) +оң жақта алдыңғы орталық иірімінің жоғарғы бөлімінде

Д) оң жақта артқы орталық иірімнің төменгі бөлімінде

 

040 Бір жақты тамыр соғысындай экзофтальм ненің белгісін білдіреді?

А) орбитаның ретробульбарлық ісігі

Б) көз артериясының тромбозы

В) + ұйқы үңгір байланысың

Г) гипофиздің супраселлюларлы ісігін

Д) негізгі сүйек қанатының арахноидэндетелиомасы

 

041 Науқастың бір жақтан екінші жаққа қарай теңселіп жүруі білдіреді?

А) фуникулярлы миелоз

Б) дисталды диабеттік полинейропатия

В) Шарко Мари невралдық амиотрофиясы

Г) + үдемелі бұлшық ет дистрофиясы

Д) мишықтың миоклоникалық Хант диссенергиясы

 

042 Дермографизмді бағалағанда қалыпты жағдайды ескеру қажет:

А) жоғарғы дене бөлігінде қызыл дермаграфизм анығырақ

Б) аяқтардың терісінде қызыл дермаграфизм анығырақ

В) жоғарғы дене терісі бөлігінде ақ дермагрофизм анығырақ

Г) аяқтардың терісінде ақ дермаграфизм

Д) + А және Г

 

043. Мидың компьютерлік томографиясын мына жағдайда жасауға болмайды?

А) инсультпен түскен науқаста миокард инфаркты анықталса

Б) бас сүйек –ми жарақаты бар науқаста ағзаның зақымдану белгілері пайда болса

В) бас сүйектің артқы шұңқыры ісігі бар науқаста Гертвиг –Мажанди синдром пайда болса

Г) бәрі дұрыс

Д) + барлығы дұрыс емес

 

044 Бас сүйегінің артқы шұңқырында патологиялық үрдіс болса, мына әдісті қолданған тиімді:

А) компьютерлік томография

Б) контрасты компьютерлік томография

В) + магниттік резонанстық томография

Г) позитронды –эмиссионды томография

Д) барлық әдістер мәліметті бірдей береді

 

045. Вирустық энцефалит кезінде ликворға тән емес:

А) лимфоцитарлы плеоцитоз

Б) белок көлемінің көбеюі

В) + глюкоза мен хлоридтің артуы

Г) А және Б

Д) Б және В

 

046 Герпестік энцефалит кезінде мидың ошақтық некроздық бұзылыстарының электроэнцефалограммадағы белгілері

А) толқын вольтажының диффузды төмендеуі

Б) д және Ө толқындарының пайда болуы

В) + «шыңдар» мен үшкір толқындардың болуы

Г) ассиметриялы алып толқындардың болуы

Д) ұйқы толқындарының болуы

 

047 Көлемдік жұлындық үрдіс кезінде люмбалды пункция жасағанда «сыналану» симптомы белгісі:

А) мойын тамырларын басқан кезде түбіршіктік ауру сезімінің күшеюі

Б) іштің алдыңғы жағын басқанда неврологиялық симптоматиканың артуы

В) басты кеудеге еңкейткенде түбіршікті ауру сезімінің күшеюі

Г) + пункциядан кейінгі неврологиялық симптомдардың артуы

Д) А және Б

 

048 Ишемиялық инсульттен кейін қандай уақыт аралығында компьютерлік томография гиподенситивті ошақты анықтайды?

А) ауру басталғаннан 1 сағат аралығында

Б) ауру басталғаннан 2 сағат аралығында

В) ауру басталғаннан 4 сағат аралығында

Г) + Ауру басталғаннан 6 сағат және де одан көп уақыттан соң

Д) ауру басталғаннан 24 сағат және одан да көп уақыттан соң

 

049 Мидың тор қабығы астына қан құйылу кезінде компьютерлік томографияда геморрагиялық экстровазат қанша уақыттын соң гиперденситивті ошақ ретінде анықталады

А) + қан құйылудан кейін бір сағат аралығында

Б) қан құйылудан кейін 3 сағат аралығында

В) қан құйылудан кейін 6 сағат аралығында

Г) қан құйылудан кейін бір сағат аралығында

Д) қан құйылудан кейін 24 сағат аралығында

 

050 Гепатоцеребральді дистрофия кезінде қан анализінде қандай өзгеріс болады?

А) нейтрофильді лейкоцитоз

Б) лимфоцитоз

В) ЭТЖ-ның жылдамдауы

Г) гемоглобиннің төмендеуі

Д) + тромбоцитопения

 

051 Клиппель- Фейн синдромның ренгенограммадағы белгілері:

А) краниостеноз

Б) платибазия

В) түрік ершігінің остеопорозы

Г) бас сүйектің артқы шұнқырына екінші мойын омыртқа өсіндісінің шығып тұруы

Д) + мойынның бірнеше омыртқаларының бітісуі

 

052. Кома жағдайына не тән емес?

А) сіңірлік рефлекстердің төмендеуі

Б) екі жақты Бабинский симптомы

В) құрсақтық рефлекстің тежелуі

Г) қарашықтық реакцияның тежелуі

Д) + бағытталған қорғаныштық реакциялар

 

053. Фостер-Кеннеди офтальмоскопиялық синдромына қандай белгілер тән?

А) + зақымдалған ошақ жағында көру нерві дискінің атрофиясы және қарама қарсы жақта дискінің іркілуі белгісі бірге кездеседі

Б) екі жақта іркілген дискілер

В) екі жақта көру нерві дискісінің атрофиясы

Г) зақымдалған ошақ жағында дискінің атрофиясымен іркілуі

Д) Б және В

 

054 Бас сүйек мидың ауыр жарақатынан кейін (апаликалық немесе акинеттік-ригидтік синдром) жедел кезеңнен шығу кезінде дофаминергиялық белсенділік жетіспеушілігін түзеу үшін қолданылады:

А) Цикладол

Б) Пирацетам

В) Энцефабол

Г) Галоперидол

Д) + Наком

 

055 Бас сүйек- ми жарақатында ноотропты заттарды қолдануға болатын мерзім:

А) жарақаттан кейін 1 күннен соң

Б) жарақаттан кейіен 1 апта өткенде

В) резидуальді кезеңде

Г) + кез келген мезгілде

Д) Б және В

 

056 Бас сүйек- ми жарақатының жедел кезінде вестибуло- вегетативтік рефлекстердің гиперактивтілігін тежеу үшін пайдаланылады:

А) Анаприлин

Б) Беллатаминал

В) Метаклопрамид

Г) барлығы дұрыс

Д) + Б және В

 

057 Пенициллинге аллергия болса беруге болмайды:

А) Гентамицин

Б) + Ампиокс

В) Биомицин

Г) Левомицетин

Д) Морфоциклин

 

058 Бас сүйек- мидың ауыр жарақатының жедел кезіңінде метаболикалық ацидозды түзеу үшін көк тамырға инфузия ретінде пайдаланады:

А) 5% глюкоза ерітіндісін

Б) + 4 %бикарбонат натрий ерітіндісін

В) полярлық қоспа ерітіндісін

Г А және Б

Д Б және В

 

059 Бас сүйек ішілік қысымның төмендеуінен болатын жарақаттан кейінгі бас ауруын емдеу үшін енгізіледі:

А) 5% глюкоза ерітіндісі

Б) 0,9% натрий хлор ерітіндісі

В) дистилляцияланған су

Г) + барлығы дұрыс

Д) Б және В

 

060. Бас сүйек ішілік қысымның жоғарлауынан болатын жарақаттан кейінгі бас ауруын емдеу үшін пайдаланылады:

А) орталық антигипертинзивті заттар

Б) осматикалық диуретиктер

В) шумақтық диуретиктер

Г) барлығы дұрыс

Д) + Б және В

 

061 Инсульт алған науқасқа емдік физкультураға қарсы көрсеткіш?

А) Гемиплегия жағында сезімталдықтың барлық түрінің бұзылуы

Б) Буынның өткір ауруы

В) Жамбас ағзалары қызметінің бұзылуы

Г) + 2-3 дәрежелі жүрек жетіспеушілігі

Д) координация бұзылыстары

 

062 Медикаментті полинейропатияны шақыруы мүмкін:

А) цитостатиктер

Б) туберкулостатикалық препараттар

В) нитрофуран (фуразолидон, фураданин)

Г) безгекке қарсы препараттар

Д) + барлық жауап дұрыс

 

063.Психопотологиялық жанама әсер көрсетеді.

А) Кортикостероидтар

Б) Талуға қарсы заттар

В) Паркинсонизмге қарсы заттар

Г) Антигипертензивті препараттар

Д) + Барлығы дұрыс

 

064 Нейролептиктер қандай экстрапирамидалық бұзылыстарға әкеледі?

А) акинезия және ригидтілік

Б) хорея

В) оромандибулярлық дискинезия

Г) таралымды тик

Д) + А және В

 

065 Холинергиялық кризден шығару үшін қолданады:

А) ганглиоблокаторлар

Б) бұлшық ет релаксанттары

В) + атропин

Г) адреналин

Д) норадреналин

 

066. Психомоторлы қозу, мидриаз, аккомадация бұзылуы, тахикардия, сөл бөлінудің азаюы, тері құрғауы қай препаратты артық енгізгенде болады?.

А) + атропин

Б) прозерин

В) ацетилхолин

Г) пилокарпин

Д) галантамин

 

067. Прозеринді артық енгізгенде байқалатын холинергиялық криз белгілері:

А) + мидриаз

Б) гиперсаливация

В) перистальтиканың жоғарлауы

Г) діріл

Д) барлық жауап дұрыс

 

068 Мойын остеохондрозының невралогиялық көріністерінде тартуға қарсы көрсеткіш:

А) омыртқа сегментінің тұрақсыздығы

Б) жұлындық қан айналымның бұзылысы

В) ауру сезімі

Г) вертебробазилярлық жетіспеушілік

Д) + барлығы дұрыс

 

069. Алғашқы ми қан айналымы жетіспеушілігінде фармакотерапия не үшін қолданылады?

А) церебралды гемодинамиканы жақсарту

Б) ми метаболизмін жақсарту үшін

В) церебральдық ошақтық белгіні жою үшін

Г) барлығы дұрыс

Д) + А және Б

 

070. Ишемиялық инсультте гиперволемиялық гемодилюцияға көрсеткіш:

А) анурия

Б) жүрек жетіспеушілігі

В) АҚ 120/60 мм.с.б. төмен

Г) АҚ 200 жоғары

Д) + гемотокрит 42%

 

071. Ми қан тамырларының бітелуінде фибринолитикалық терапия қолданылатын жағдай:

А) жас адам

Б) + 6 сағаттан аса бітелу

В) анурия

Г) геморрагиялық синдром

Д) АҚ 200/100 мм.с.б.

 

072. Дифтерияның ошақты түрлерінде полинеропатияның алын алдын алу үшін қажет сарысу мөлшері:

А) 5-10 мың МБ

Б) 10-15 мың МБ

В) 15-30 мың МБ

Г) А және Б

Д) + В және Б

 

073. Полинейропатия жіктелуінің негізі байланысты:

А) + аурудың этиологиясына

Б) аурудың ағымына

В) клиникалық көрінісіне

Г) А және Б

Д) Б және В

 

074 Полинейропатия сондромының көрінісі

А) аяқ –қолдағы әлсіздік

Б) дистальды бөлімдерде сезімталдықтың жойылуы

В) аяқ- қолдағы вегетативті бұзылыстар

Г) А және Б

Д) + Б жәнеВ

 

075. Алкогольдік нейропатия синдромының белгісі:

А) басым бұзылыстар аяқта

Б) дистальді бөлімдерде сезімталдықтың бұзылысы

В) тізе және табанда ауру сезімі

Г) А және Б

Д) + А және В

 

076. Қандай препарат полинейропатияны тудырады?

А) цитостатиктер

Б) гипотензивті препараттар

В) туберкулезге қарсы препарат

Г) + А және В

Д Б және В

 

077. Дифтериялық полинейропатияға тән емес?

А) бульбарлық бұзылыс

Б) + жамбас қуысы ағзаларының бұзылысы

В) терең сезімталдықтың бұзылысы

Г) аккомадацияның бұзылысы

Д) сенсорлық атаксия

 

078. Диабеттік полинейропатия пайда болады:

А) қан тамырлармен перифериялық нерв зақымдалғанда

Б) глюкоза метаболизмі бұзылғанда

В) шеткі нервтердің миелинді қабығы токсикалық зақымдалғанда

Г) барлығы дұрыс

Д) + А және Б

 

079. Қорғасындық полинейропатияға тән:

А) аяқтың басым салдануы

Б) қолдың басым салдануы

В) аяқтағы ауру сезімі

Г) аяқ –қолдағы сезімталдықтың жойылуы

Д) + дұрыс Б және В

Е)дұрыс В және В

 

080. Ортаңғы нервтің компрессиялық нейропатиясына тән:

А) 4,5 саусақта әлсіздік

Б) үлкен саусақ бұлшық ет атрофиясы

В) саусақты бүккендегі ауру сезімі

Г) + Б және В

Д) А және В

 

81. Кішкентай жіліншік нервінің тақым шұнқырында жаншылу синдромына (тарзал өзегі) тән:

А) табандағы бұлшық еттерінің әлсіреуі

Б) балтыр тобының бұлшық еттерінің гипотрофиясы

В) балтыр денгейінің сыртқы жағының гипотрофиясы

Г) А және Б

Д) + Б және В

 

82. Үлкен жіліншік нервінің жаншылу синдромына (тарзал өзегі) тән:

А) табандағы ауру сезімі

Б) тобықтың ісуі

В) табанды бүккіш бұлшық еттерінің салдану

Г) Б және В

Д) + А және В

 

83. Гийен- Барре жедел полинейропатиясының Фишер атипиялық түріне

тән:

А) тіл- жұтқыншақ нервінің бұзылуы

Б) бет нервінің парезі

В) тыныс алу бұзылысы

Г) + көз- қозғалтқыш нервінің бұзылысы және атаксия

Д) барлығы дұрыс

 

84. Жедел неврит кезінде көз нервіндегі өзгерістер:

А) шекарасының бұзылуы

Б) гиперемия

В) бозару

Г) + А және Б

Д) Б және В

 

85.Үшкіл нервінің невропатиясына тән:

А) + корнеальды рефлекстің төмендеуі

Б) тілдің төменгі 1/3 бөлігінде дәм сезудің бұзылуы

В) ішкі Зельдер аймағында гипальгезия

Г) шайнау бұлшық етінің гипертрофиясы

Д) барлығы дұрыс

 

86. Кохлеарлық невритке тән:

А) гиперакузия

Б) сүйек өткізгіштігінің бұзылуы

В) ауалық өткізгіштіктің төмендеуі

Г) + ауалық және сүйектік өткізгіштіктің бірге бұзылуы

Д) А және Б

 

87. Тіл –жұтқыншақ нервінің бұзылуында байқалады:

А)тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезудің бұзылуы

Б) жұтудың қиындауы

В) + жұмсақ таңдай парезі

Г) А және В

Д) Б және В

 

88. Кезбе нервінің бұзылуына тән емес?

А) дисфония

Б) дисфагия

В) жүрек ритмінің бұзылуы

Г) + дәм сезудің бұзылысы

Д) барлығы дұрыс

 

89. Қосымша нервтің нейропатиясына тән?

А) жауырынның түсуі

Б) мойын бұлшық еттерінің атрофиясы

В) жұтудың қиындауы

Г) барлығы дұрыс

Д) + А және Б

 

90. Тіл асты нервінің ядро мен ядро үстілік бұзылысынан айырмашылығы:

А) дизартрия

Б) тілдің қимылының шектелуі

В) + фибриляция

Г) кезбе нервтің қосыла зақымдануы

Д) барлығы дұрыс

 

91.Ұзын кеуде нервінің нейропатиясына тән:

А) дельта тәрізді бұлшық еттің салдануы

Б) төс-бұғана –емізіктік бұлшық еттің салдануы

В) + алдыңғы тіс тәрізді бұлшық ет салдануы

Г) А және Б

Д) Б және В

 

92. Қанат асты нервінің нейропатиясына тән?

А) шынтақта қолды бүгудің қиындауы

Б) қолды арқаға қозғалтқанда ауру сезімі

В) + дельта тәрізді бұлшық ет әлсізденуі және атрофиясы

Г) трапеция тәрізді бұлшық еттің әлсіздігі және атрофиясы

Д) Бжәне Г

 

93. Ортаңғы нерв нейропатиясына тән симптом?

А) 4және 5 саусақтағы әлсіздік

Б) 4-5 саусақтың ішкі жағында сезімталдықтың төмендеуі

В) + 1-2 саусақтың әлсіздігі

Г) А және Б

Д) Б және В

 

94. Кәрі жілік нерві бұзылысының көрінісі:

А) «тырнақты табан»

Б) саусақтың жазылуының қиындауы

В) 1 саусақтың жазылмауы

Г) Барлығы дұрыс

Д) + Б және В

 

95. Шынтақ нервінің нейропатиясына тән:

А) «салбыраған» қол ұшы белгісі

Б) 1-2 саусақта сезімталдықтың бұзылуы

В) + 4-5 саусақтың әлсіздігі

Г) А және В

Д) Барлығы дұрыс

 

96. Сан нервінің нейропатиясына тән:

А) Ласег симптомы

Б) + төртбасты бұлшық еттің әлсіздігі

В) өкше рефлексінің жойылуы

Г) барлығы дұрыс

Б) Б және В

 

97. Санның сыртқы тері нерві нейропатиясының клиникалық белгісі:

А) тізе рефлексінің төмендеуі

Б) + санның алдыңғы бетінде гипестезия

В) санның сыртқы бетінде гипестезия

Г) А және Б

Д) А және В

 

98. Шонданай нервініңің нейропатиясына тән:

А) Вассерман симптомы

Б) + өкше рефлексінің болмауы

В) тізе рефлексінің болмауы

Г) барлығы дұрыс

Д) А және Б

 

99. Кіші жіліншік нерві зақымдануының клиникалық белгілері:

А) + Аяқ ұшын жазатын бұлшық еттердің салдануы

Б) Сирақтың (тірсектің)сыртқы бөлігінде гипестезия

В) Өкше рефлексінің жойылуы

Г) Бәрі дұрыс

Д) А және В дұрыс

 

100. Үлкен жіліншік нерві зақымдануының клиникалық белгілері:

А) Өкше рефлексінің жойылуы

Б) Сирақтың (тірсектің)сыртқы бөлігінде гипестезия

В) Аяқ ұшын бүгетін бұлшық еттердің салдануы

Г) Бәрі дұрыс

Д) + А және В дұрыс

 

101. Мойын өрімі құрамына кірмейді:

А) кіші шүйде нерві

Б) + қанатасты нерві

В) диафрагмалдық нерв

Г) бұғана үсті нерві

Д) үлкен құлақ нерві

 

102. Иық өріміне кірмейді?

А) + бұғана үсті нерві

Б) бұғана асты нерві

В) қанатасты нерві

Г) шынтақ нерві

Д) А және В

 

103. Бел өріміне кірмейді?

А) жая сан нерві

Б) жапқыш нерві

В) санның сырқы тері нерві

Г) + шонданай нерві

Д) сан-жыныстық нерві

 

104. Беттің миофасциальді дисфункция ауру сезіміне тән:

А) зақымданған бұлшық етте ауызды ашқанда және жұтқанда ауру сезімі

Б) зақымданған бұлшық ет аймағында гипестезия

В) шайнау бұлшық етінде ауру сезімді түйіннің болуы

Г) А және Б

Д) + А және В

 

105. Шұғыл кенелік энцефалитке не тән емес?

А) + жаз және қыс кезінде ауыру

Б) менингоэнцефалиттік синдром

В) бас ішілік қысымның артуы

Г) иық белдеуінің бұлшық еттерінің парезі және салдануы

Д) аурудың алғашқы кезеңінде дене қызуының жоғарылауы

 

106. Герпестік энцефалитке тән емес?

А) жалпы милық синдром және естің бұзылуы

Б) бас ішілік қысымның артуы және көз түбінде іркіліс

В) қалтырау

Г) гемипарез

Д) + гемиатаксия

 

107. Вирустық энцефалитте жұлын сұйықтығында қандай өзгеріс болмайды?

А) лимфацитарлы плеоцитоз

Б) белок мөлшерінің артуы

В) + глюкоза мөлшерінің артуы

Г) А және Б

Д) Б және В

 

108. Герпестік энцефалитте мидың ошақтық некроздық зақымдануының ЭЭГ көрінісі:

А) вольтаждың төмендеуі

Б) а және в толқындардың пайда болуы

В) + үшкір және араласқан толқындардың болуы

Г) асимметриялы гигант толқындардың болуы

 

109. Армстронг жедел лимфоцитарлық хориоменингитке тән:

А) жоғары қызба

Б) менингиальдық синдром

В) + гипертензиялық синдром

Г) ес бұзылуы

Д) жарықтан қорқу

 

110. Коксаки және ЕСНО вирустары қоздырған менингиттерге не тән емес:

А) шұғыл қызбамен басталуы

Б) полимиалгия

В) қабықты-гипертензиялық синдром

Г) лимфоцитарлық плеоцитоз

Д) + ауыр ағымы және терең резидуальды симптом

 


<== предыдущая | следующая ==>
Гемиатрофия лица | Исходный уровень знаний

Date: 2015-07-02; view: 1513; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию