Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нефрология» блогының тест тапсырмалары

Жалпы медицина» факультетінің 4 курсына«Ішкі аурулар» пәні бойынша

Нефрология» блогының тест тапсырмалары

 

1. Зәрмен шартты-патогенді флораның қандай санда шығуы шынайы бактериурия деп саналады?

а) 1000

б) 5.000

в) 10.000

г) 100.000

д) 1000.000

 

2. Жедел пиелонефритке төменде келтірілгеннің арасында тән ЕМЕС зертханалық белгі:

а) лейкоцитурия барлық көру аймағын алады

б) ет жуындысы тәрізді несеп

в) лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

г) зәрдің меншікті салмағының төмендеуі

д) бактериурия 1мл зәрде 100000 м.д. асады

 

3. Зәр инфекциясы кезінде бактерицидтік әсер көрсететін дәрілік шөпке жатады:

а) Шайқурай (зверобой)

б) Мүкжидек (клюква)

в) Қайың бүршіктері (березовые почки)

г) Ит бүлдірген (брусника) жапырақтары

д) Итошаған (череда), сасықшөп (пустырник)

 

4. 18 жасар бойжеткен ауруханаға жоғары дене қызуымен, қалтыраумен түсті. Зәр талдауында келесі өзгерістер анықталды: зәр лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – барлық көру алаңында, бактериурия. Қан талдауында лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжамалы диагноз қандай?

а) цистит

б) уретрит

в) гломерулонефрит

г) жедел пиелонефрит

д) интерстициалді нефрит

 

5. 25 жасар науқас, Ю., ауруханаға бел аймағының, негізінен оң жақтан сыздап ауруына, дене қызуының 39ºС жоғарылап қалтырауына, лайлы несеп бөлінуіне шағымданып түсті. Қараған кезде: тері жамылғылары табиғи түсті, ісінулер жоқ, оң бүйрек пальпацияланады, ауру сезімді, АҚҚ 100/ 70мм.с.б. Қан талдауында: лейкоциттер 16 х 109/л, ЭТЖ 40мм/ч. Несеп талдауында: менш. салмағы – 1009-1016, белок 0,66г/л, зәр тұнбасында лейкоциттер – көру аймағын түгел қамтиды, эритроциттер 1-2 к/а, гиалиндік цилиндрлер – бірен-саран. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ маңызды зерттеу әдісі қандай?



а) бүйрек биопсиясы

б) цистография, бүйрек УДЗ

в) цистоскопия, бүйрек УДЗ

г) зәр бак. талдауы, бүйрек УДЗ

д) экскреторлы урография, тұрғызып қойып

 

6. Соматикалық бөлімше құрамында зәрді флораға бактериологиялық себу үшін материалды алу төменде келтірілген әдістердің біреуімен жүргізіледі:

а) тәуліктік зәр көлемінен

б) несептің кез келген порциясынан

в) қуық пункциясы арқылы

г) қуық катетеризациясы арқылы

д) ортаңғы порциясын стерилді ыдысқа жинау арқылы

 

7. Бойжеткен қыз балаларда етеккір келуі алдында үрпі жолынан бөліністер шығуының ең жиі себебі не?

а) бөгде зат

б) вагинит трихомонадалық

в) бейспецификалық вагинит

г) вагинит, кандида шақырған

д) физиологиялық лейкоцитурия

 

8. Балаларда цистит, уретритті төменде келтірілгеннің арасында емдеудің негізгі курсының ұзақтығы, күндер:

а) 1-3

б) 5-7

в) 10-14

г) 30

д) 90-180

 

9. Амбулаторлық зәр шығару жолдарының инфекциясының ЕҢ жиі этиологиялық қоздырғышы:

а) E. Coli

б) Proteus

в) Citrobacter

г) Ps. aerouginosa

д) Staphylococcus

 

10. Зәр жүйесінің инфекциясын емдеуде антибактериялық дәрілік затты таңдау негізделеді:

а) бактериурия дәрежесіне

б) лейкоцитурия дәрежесіне

в) микроорганизм сезімталдығына

г) несеп жолдарының обструкциясы бар болуына

д) несеп жолдарының обструкциясы жоқ болуына

 

11. Асқынбаған зәр шығару жүйесінің инфекциясында ішек таяқшасының кездесу жиілігі:

а) 30%

б) 60 %

в) 50 %

г) 3-5 %

д) 80 %

 

12. Ауруханаға 19 жасар науқас түсті. Шағымдары – ісіктер, бас ауруы, зәр түсінің өзгеруі. Тексеру кезінде аяғында, бетінде ісіктер, АҚ 140/90, ЖЗА: белок 2,5 г/л, эритроциттер көп.

Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай?

а) пиелонефрит

б) бүйрек туберкулезі

в) гломерулонефрит

г) несеп-тас ауруы

д) интерстициалді нефрит

 

13. Нефротикалық синдром диагнозына тән емес белгі:

а) ЭТЖ 60 мм/сағ



б) альбумин 18г/л

в) холестерин 14 ммоль/л

г) жалпы белок қанда 60 г/л

д) протеинурия 3,5 г/тәу астам

 

14. Нефритикалық синдрома қоюда зәр талдауындағы міндетті белгі

а) кристаллурия

б) бактериурия

в) цилиндрурия

г) лейкоцитурия

д) эритроцитурия

 

15. 22 жасар жігіт, айқын ісінуіне, іш ұлғаюына, аз көлемде сирек несеп бөлуіне, әлсіздік пен тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел ауырған. АҚҚ 110/70 мм с.б.б., зәрі ақшыл-сары. ЖҚА: лейкоцит – 6х109/л, ҚТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. БхҚА: жалпы белок – 48 г/л.ЖЗА: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроцит – 0, меншікті салмағы – 1025. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай?

а) жедел цистит

б) жедел пиелонефрит

в) нефритикалық синдром

г) зәр жолдарының инфекциясы

д) нефротикалық синдром

 

16. Төменде келтірілген белгілер арасынан жедел гломерулонефритке тән клиникалық белгілерді және зертханалық көрсеткіштерді анықтаңыз:

а) іш ауруы, гематурия

б) лейкоцитурия барлық к/а қамтиды, дизурия

в) тобықтарда геморрагиялық бөртпелер, протеинурия

г) АҚҚ жоғарылауы, протеинурия 2,0 г/тәу, гематурия

д) 1 мл зәрде бактериурия 100 000 м.д.астам, дизурия

 

17. Жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефритке төменде келтірілгеннің арасында тән клиникалық белгілер мен зертханалық көрсеткіштерді анықтаңыз:

а) артритпен басталуы және гематурия

б) жайылған ісінулер және протеиурия

в) артериялық гипертензия және гематурия

г) қайта өршитін ағым және лейкоцитурия

д) жедел басталуы, циклдік ағым, гематурия

 

18. Нефритикалық синдроммен көрінетін жедел гломерулонефриттің емін қалай бастаған жөн?

а) монотерапия – преднизолон

б) преднизолон және гепарин

в) дезинтокскациялық терапия, плазма

г) преднизолон және цитостатик

д) тұзсыз емдәм, симптоматикалық терапия

 

19. Гематурия төменде келтірілген бүйрек және зәр шығару жолдарының келесі ауруына тән емес:

а) цистит

б) бүйрек туберкулезі

в) несеп-тас ауруы

г) нефритикалық синдром

д) нефротикалық синдром

 

20. Гломерулонефриттің жедел кезеңінде тырысу ұстамасының дамуымен сипатталатын асқыну:

а) Өкпе ісінуі

б) ДВС-синдром

в) Гипертензиялық энцефалопатия

г) Жедел бүйрек жетіспеушілігі

д) Жедел жүрек жетіспеуілігі

 

21. Гломерулонефрит төменде келтірілгеннің арасында келесі бүйрек ауруына жатады:

а) тұқым қуатын ауруы

б) туа біткен ауруы

в) метаболиттік ауруы

г) микробты қабыну ауруы

д) иммунды-қабыну ауруы

 

22. Нефритикалық синдромы бар жедел гломерулонефриттің төменде келтірілгеннің арасында негізгі этиологиялық факторына жатады:

а) микоплазма

б) стафилококк

в) ішек таяқшасы

г) көкірің таяқшасы

д) b-гемолитикалық стрептококк

 

23. Гломерулонефриті бар науқастарға нақты диагноз қою үшін төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ қажет зерттеу:

а) биопсия

б) урография

в) цистоскопия

г) цистография

д) компьютерлік томография

 

24. Нефротикалық синдромға төменде келтірілгеннің арасында келесі симптомокомплекс тән:

а) ісінулер, макрогематурия, протеинурия

б) ісінулер, гипертензия, гиперазотемия

в) гипертония, протеинурия, гиперлипидемия

г) диспротеинемия, гиперлипидемия, гематурия

д) гиперлипидемия, протеинурия, диспротеинемия

 

25. Нефротикалық синдром патогенезі төменде келтірілгеннің арасында немен байланысты?

а) тұзды қабылдаумен

б) белок қабылдаумен

в) бауырда белок синтезінің азаюымен

г) бауырда холестерин синтезінің төмендеуімен

д) қанның онкотикалық қысымының төмендеуімен

 

26. Нефритикалық синдром кезіндегі төменде келтірілгеннің арасында ісінудің даму механизмі:

а) катехоламиндер синтезінің жоғарылауы

б) нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия

в) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

г) антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы

д) жүрекшелік натрийуретикалық пептид синтезінің төмендеуі

 

27. 18 жастағы бойжеткен, шамалы ісінуі бар, зерттегенде: АҚҚ 150/95 мм.с.б., ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШФЖ 47 мл/мин. ЖЗА: протеинурия 1.3 г/л, макрогематурия.

Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай?

а) пиелонефрит

б) нефротикалық синдром

в) нефритикалық синдром

г) оқшауланған зәр синдромы

д) тез үдемелі гломерулонефрит

 

28. Гломерулярлы гематурияны төменде келтіріген дисморфты эритроциттердің неше пайызы сипаттайды?

а) >5%

б) >10%

в) >20%

г) >30%

д) >40%

 

29. «Нефритикалық синдромға» төменде келтірілгеннің арасында тән ЕМЕС белгі:

а) азотемия, олигурия

б) ісінулер, макрогематурия

в) ісінулер, гиперкреатининемия

г) жайылған ісінулер, протеинурия 8,0 г/тәу

д) протеинурия 2,0 г/тәу дейін, макрогематурия

 

30. Жекелеген зәр синдромына төменде келтірілгеннің арасында тән белгі:

а) протеинурия

б) лейкоцитурия

в) жайылған ісінулер

г) артериялық гипертензия

д) бүйрек жетіспеушілігі

 

31. Тез үдемелі гломерулонефритке төменде келтірілгеннің арасында тән бүйректің морфологиялық зақымдалуы

а) экстракапиллярлы

б) минималды өзгерістер

в) мембранозды нефропатия

г) мезангиопролиферативті

д) мембранопролиферативті

 

32. Тез үдемелі гломерулонефритте төменде келтірілгеннің арасында әрқашан кездеседі:

а) ісінулер және гематурия

б) ісінулер және бактериурия

в) ісінулер және лейкоцитурия

г) ісінулер және артериялық гипертензия

д) гематурия мен бүйрек жетіспеушілігі

 

33. Тез үдемелі гломерулонефритке төменде келтірілгеннің арасында тән басты белгі:

а) гематурия

б) протеинурия

в) айқын интоксикация

г) жоғары артериялық қысым

д) тез арада қан креатининінің өсуі

 

34. Жекелеген зәр синдромы (гематурия, протеинурия) төменде келтірілгеннің арасында бүйректің келесі ауруының клиникалық көрінісіне жатады:

а) цистит

б) пиелонефрит

в) гломерулярлы

г) диареялар кезінде бүйрек зақымдалуы

д) тек инфекциядан кейінгі бүйрек аурулары

 

35. Ересектерде БСА дамуының ЕҢ жиі себебіне жатады:

а) бүйректің тас ауруы

б) бүйрек инфекциялары

в) бүйректің төмен түсуі

г) ревматикалық қызба

д) артериялық гипертония

 

36. Қандай зертханалық көрсеткіш бүйрек қызметінің бұзылуын нақты көрсетеді?

а) калий

б) натрий

в) кальций

г) креатинин

д) қалдық азот

 

37. Науқас С., 26 жаста, клиникаға келесі шағымдармен түсті: айқын әлсіздік, ентігу, бас ауыруы, лоқсу. 19 жасында ісінумен жүрген бүйрек ауруымен ауырған. Кейінгі жылдарда кейде бетінің аздап ісінуі, айқын емес протенурия байқалып тұрған. Ауруханаға түскен кезде: терісі құрғақ, сарғыш түсті бозғылт, ісіну жоқ, салмағы – 50 кг. Жүрек шекарасы солға ығысқан. АҚ 150/90 – 160/100 мм.с.б. Анализінде: Нв 50 г/л, екі қайтара зерттелген креатинин 440 мкмоль/л. Зәрдің тәуліктік мөлшері 2200 мл. Зәрде белок 0,9 г/л, менш.салм. 1006-1010, тұнбасында: эритроциттер – бірен-саран, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран. ШФЖ – 14 мл/мин. Төменде келтірілгеннің арасында емдеу тактикасын анықтауда ЕҢ маңызды болжамалы диагноз

а) бүйрек поликистозы

б) созылмалы пиелонефрит

в) созылмалы гломерулонефрит

г) созылмалы бүйрек ауруы, 4 сатысы

д) созылмалы бүйрек ауруы, 5 сатысы

 

38. Науқас С., 26 жаста, клиникаға келесі шағымдармен түсті: айқын әлсіздік, ентігу, бас ауыруы, лоқсу. 19 жасында ісінумен жүрген бүйрек ауруымен ауырған. Кейінгі жылдарда кейде бетінің аздап ісінуі, айқын емес протенурия байқалып тұрған. Ауруханаға түскен кезде: терісі құрғақ, сарғыш түсті бозғылт, ісіну жоқ, салмағы – 50 кг. Жүрек шекарасы солға ығысқан. АҚ 150/90 – 160/100 мм.с.б. Анализінде: Нв 50 г/л, креатинин 440 мкмоль/л (1 жыл бұрын креатинин дәрежесі 380 мкмоль/л болған). Зәрдің тәуліктік мөлшері 2200 мл. Зәрде белок 0,9 г/л, менш.салм. 1006-1010, тұнбасында: эритроциттер – бірен-саран, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ маңызды зерттеу әдісі қандай?

а) цистография

б) экскреторлы урография

в) ретрограднты пиелография

г) ШФЖ қайта есептеу, қан электролиттері, бүйрек УДЗ

д) бүйрек биопсиясы, биоптатты морфологиялық зерттеу

 

39. Кокрофт-Голт формуласымен ШФЖ санау үшін төменде келтірілгеннің арасында қажет:

а) креатинин қанда, зәрде және салмақ

б) науқас бойы, см креатинин қанда

в) константа 72, салмақ, креатинин қанда

г) константа 40, жасы, креатинин қанда

д) константа 140, жасы, салмақ, қанда креатинин

 

40. 36 жасар науқаста АҚҚ – 180/100 мм с.б., протеинурия – 0,132 г/л анықталды. Бүйректің созылмалы ауруының сатысын анықтау әдісі:

а) инулин клиренсі

б) радиоизотопты әдіс

в) Реберг-Тареева сынамасы

г) Шварц формуласымен ШФЖ есептеу

д) Кокрофт-Голт формуласымен ШФЖ есептеу

 

41. Созылмалы бүйрек ауруын сатыға бөлу төменде келтірілгеннің арасында мынаған негізделген:

а) мочевина

б) креатинин

в) қалдық азот

г) дене салмағының индексі

д) шумақтық фильтрация жылдамдығы

 

42. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында радикалді еміне жатады:

а) гемодиализ

б) плазмаферез

в) гемофильтрация

г) бүйрек трансплантациясы

д) перитонеалді диализ

 

43. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде қандай қызмет төмендеуі анемия дамуының себебіне жатады?

а) секреция

б) фильтрация

в) аммониогенез

г) эритропоэтин синтезі

д) витамин Д3 гидроксилденуі

 

44. 37 жастағы ер азаматта анасаркаға дейін жететін ауқымды ісінулер, АҚҚ 100/55 мм.с.б. анықталады. Талдауларда: қан сарысуындағы креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 г/л. ЖЗА: протеинурия 4 г/тәу, эритроцит 2 к/а. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжамалы диагоноз қандай?

а) пиелонефрит

б) нефритикалық синдром

в) нефротикалық синдром

г) оқшауланған зәр синдромы

д) жылдам үдейтін гломерулонефрит

 

45. Бүйрек биопсиясы жөнінде төменде келтірілгеннің арасында дұрыс ұғым:

а) асқынулары болмайды

б) бүйрек трансплантаты бар науқастарда қарсы көрсетілген

в) емдеудің сәйкес хаттамасын таңдауға көмектеседі

г) нефротикалық синдромы бар барлық науқастарда көрсетілген

д) ересектерде нефротикалық синдромда қарсы көрсетілген

 

46. Гломерулонефритте төменде келтірілгеннің арасында зақымдалады:

а) Бүйрек интерстицийі

б) Қуықтың шырышты қабаты

в) Негізінен және бірінші кезекте шумақтар

г) Бүйректің тамырлық және лимфа жүйесі

д) Түтікшелер, интерстиций, табақша-тостағанша аппараты

 

47. Қалыпты жағдайда ересектердегі шумақтық фильтрация жылдамдығы, мл/мин:

а) 10-20

б) 40-50

в) 90-130

г) 150-200

д) 300-400

 

48. Ренин бүйректің қандай бөлігінде өндіріледі?

а) подоциттерде

б) мезангиальді жасушаларда

в) фенестрленген эндотелийде

г) перитубулярлы капиллярларда

д) юкстагломерулярлы аппарат жасушаларында

 

49. Бүйрек биопсиясын өткізуге төменде келтірілгеннің арасында қарсы көрсеткіш:

а) артериялық гипертензия

б) белгісіз этиологияда гематурия

в) айқын қан аққыштық

г) нефропатияның торпидті ағымы

д) белгісіз этиологияда протеинурия

 

50. 18 жасар бозбала. 12 жылдан бері нефротикалық синдром және гематурия түрінде созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Қан талдауында: қалдық азот 68,1 ммоль/л, креатинин 370 мкмоль/л, несеп нәрі 17,9 ммоль/л. Зәр талдауында. – белок 0,99 г/л, қанда – анемия.

Төменде келтірілгеннің арасында аталған жағдай қайсысына тән?

а) транзиторлы азотемия

б) жедел бүйрек жетіспеушілігі

в) интерстициалды нефрит өршуі

г) созылмалы пиелонефрит өршуі

д) созылмалы үдеуші бүйрек ауруы

 

51. Бүйректің концентрлеу қызметін бағалаудың төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ қарапайым әдісі:

а) Амбуpже сынамасы

б) Кокрофт-Голт формуласы

в) Зимницкий сынамасы

г) Нечипоpенко сынамасы

д) Адисс-Каковский сынамасы

 

52. Экстpaкапилляpлы типте шумақтардың зақымдануы (жарты айшықтармен) келесі ауруға тән:

а) нефритикалық синдром

б) нефpотикалық синдром

в) артериялық гипертензия

г) оқшауланған зәр синдромы

д) тез үдемелі гломерулонефрит

 

53. Антибиотикотерапия гломерулонефритте төменде келтірілгеннің арасында қай синдромда көрсетілген?

а) аралас

б) нефpотикалық

в) постстpептококкты нефpитте

г) оқшауланған зәр синдромында

д) тез үдемелі гломерулонефритте

 

54. «Созылмалы пиелонефрит» ұғымы жөнінде не дұрыс?

а) Бүйректер өзгеріссіз қалуы мүмкін

б) Зәрде лейкоциттер мен бактериялар жоқ болуы мүмкін

в) Аурудың басты белгісі – бел ауруы

г) «Табақша-тостағанша жүйесінің деформациясы» арнайы белгісіне жатады

д) Микробты қабыну нәтижесінде бүйрек тінінде склероздану ошақтары бар

 

55. Ауруханаішілік зәр шығару жүйесінің инфеккциясын төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі туғызатын микроорганизм:

а) клебсиелла

б) стрептококк

в) ішек таяқшасы

г) көкірің таяқшасы

д) b-гемолитикалық стрептококк

 

56. «Асимтоматикалық бактериурия» диагнозы төменде келтірілгеннің арасында қай кезде қойылады?

а) Тек лейкоцитурияда

б) Клиникалық көрінісі жоқ бактериурия 102 м.д/мл және гематурия

в) Бактериурия 102 м.д/мл басқа белгілерсіз

г) Бактериурия 105 м.д/мл басқа белгілерсіз

д) Клиникалық көрінісі жоқ бактериурия 105 м.д/мл лейкоцитурия

 

57. Зәр шығару жүйесі инфекциясының «эмпирикалық антибиотикотерапиясы» ұғымын төменде келтірілгеннің арасында қалай түсінесіз?

а) Зәр шығару жүйесінің инфекциясын бір реттік емдеу

б) Антибиотикограмма мәліметтеріне сәйкес емді тағайындау

в) Нитрофурандар көмегімен ЗШЖИ емдеу

г) Сульфаниламидтер көмегімен ЗШЖИ емдеу

д) Кең спектрлі антибиотиктерді бак. себу мәліметтерін күтпей тағайындау

 

58. Стероидрезистентті нефротикалық синдромды емдеу тактикасы:

а) Бірден цитостатиктер беру

б) ұзақ мерзімді преднизолонотерапия

в) биопсия мәліметтеріне сәйкес емдеу

г) Пульстерапия метилпреднизолон арқылы

д) Тек симптоматикалық ем

 

59. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы қыздарда жиірек дамуының төменде келтірілгеннің арасында себебі?

а) Кездесу жиілігі белгісіз

б) Қысқа уретра және анустың жақындығы

в) Бүйрек аномалиялары жиірек кездеседі

г) Нашар иммунитет пен ерте жас

д) Қуық несеп ағар рефлюксі

 

60. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы бар науқаста қуық-несеп ағар рефлюксінің 5 сатысы анықталса, қандай ем түрі көрсетілген?

а) фитотерапия

б) нитрофурандар

в) фторхинолондар

г) антибиотиктер

д) хирургиялық ем

 

61. Бүйректің созылмалы ауруында гиперфильтрация маңызы қандай?

а) бүйрек қызметін жақсартады

б) бүйрек қызметіне әсер етпейді

в)склероз үдеуінің универсалды механизмі

г) тек пиелонефритте склероздану ағымына бейім

д) тек гломерулонефриттерде склероздану ағымына бейім

 

62. Бүйректің созылмалы ауруын емдеуде нефропротекцияның «алтын стандартына» жататын дәрілік заттар тобын көрсетіңіз:

а) витаминдер

б) ферменттер

в)антибиотиктер

г) глюкокортикостероидтар

д) ангиотензин айналдырушы ферменттің тежегіштері

 

63. Нефротикалық синдромда төменде келтірілген себептер арасында асцит дамуының себебі:

а) белокты зәрмен жоғалту

б) аллергиялық реакция

в)белок синтезінің азаюы

г) эндокриндік бұзылыстар

д) үнемі гипертензиямен ұштасуы

 

64. Бүйрек ауруларында емдік шөптердің әсері қандай?

а) зәр айдағыш

б) гипотензивті

в) бактерицидтік

г) иммуносупрессивті

д) қабынуға қарсы

 

65. Бүйрек ауруларын анықтауда зәр талдауында қандай өзгерістер басты диагностикалық маңызға ие?

а) тұнықтығы және тұздар

б) өт пигменттері мен қант

в)қант пен зәрдің меншікті салмағы

г) эпителиальды жасушалар мен несептің рН

д) белок, лейкоциттер, эритроциттер анықталуы

 

66. Бүйрек ауруларын анықтауда ЕҢ жиі қолданылатын визуализация әдісі:

а) экскреторлы урография

б) компьютерлік томография

в)ультрадыбыстық зерттеу

г) магниттік-резонансты томография

д) рентгенологиялық шолу

 

67. Науқас 58 жаста, іш ауыруына шағымданады. Қарағанда: торлы ливидо, саусақ ұштары көкшіл, АҚҚ 190/90 мм с.б.б. Қан талдауларында: лейкоцитоз эозинофилиямен, креатинин 0,6 ммоль/л, холестерин 9,8 ммоль/л, ЖЗА: макрогематури. 1 ай бұрын коронарлы ангиопластика өткізілген. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай?

а) бүйрек артерияларының тромбозы

б) қатерлі гипертония

в)гломерулонефрит, бак. эндокардиттен дамыған

г) жедел тубулярлы некроз, контрастты зат қолдануы нәтижесінде

д) жедел бүйрек жетіспеушілігі, холестериндік артериоэмболия нәтижесінде

 

68. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінде биохимиялық қан талдауына төменде келтірілгеннің арасында тән өзгерістер:

а) дислипидемия

б) гипопротеинемия

в) гиперальбуминемия

г) гиперкреатининемия

д) гипербилирубинемия

 

69. Қуықтың шырышты қабатының қабыну сипатын диагностикалау мақсатымен төменде келтірілген зерттеулердің арамында қайсысын өткізу қажет?

а) цистоскопия

б) қуық УДЗ

в) экскреторлы урография

г) микционды цистография

д) радиоизотопты цистография

 

70. Нефрологияда шумақтық фильтрация жылдамдығын анықтау маңызын атаңыз:

а) өзіндік диагностикалық маңызға ие

б) тек терминалды сатыда диагностикалық маңызы бар

в) БСА сатысын анықтауда диагностикалық маңызы бар

г) туа біткен ауруларда диагностикалық маңызы бар

д) тек балаларда өзіндік диагностикалық маңызға ие

 

71. Ересектерде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамуының төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі себебінің бірі:

а) пиелонефрит

б) қант диабеті

в) бүйректің ісік ауруы

г) бүйректің төмен түсуі

д) бүйрек дамуының аномалиялары

 

72. Төменде келтірілгеннің арасында бүйрек қызметінің бұзылуына тән ЕМЕС:

а) ШФЖ төмендеуі

б) несеп нәрі жоғарылауы

в) креатинин жоғарылауы

г) билирубин жоғарылауы

д) қалдық азот жоғарылауы

 

73. Ісінулері бар науқасқа төменде келтірілгеннің арасында нені шектеу қажет:

а) көмірсуларды

б) ас тұзын

в) белок тағамдарын

г) жануар текті майларды

д) өсімдік текті майларды

 

74. Гиперкалиемия төменде келтірілгеннің арасында қандай жағдай дамуымен қауіпті?

а) өкпе ісінуі

б) терінің қышуы

в) тыныс тоқтауы

г) жүрек қызметінің тоқтауы

д) жайылған шеткері ісінулер дамуы

 

75. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің қандай төменде келтірілгеннің арасында асқынуы диализдік ем арқылы реттелмейді?

а) ісінулер

б) ацидоз

в) анемия

г) гиперкалиемия

д) уремиялық интоксикация

 

76. Бүйректің созылмалы ауруының неше сатысы бар?

а) 3

б) 4

в) 5

г) 6

д) 7

 

77. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі бар науқаста диализздік емді қажет ететін ШФЖ деңгейінің төменде келтірілгеннің арасында жылдамдығын анықтаңыз:

а) 60 мл/мин төмен

б) 50 мл/мин төмен

в) 50 мл/мин жоғары

г) 15 мл/мин төмен

д) 15 мл/мин жоғары

 

78. Бүйректің созылмалы ауруы ұғымына төменде келтірілгеннің арасында қайсысы тән ЕМЕС:

а) гематурия 3 айдан көп

б) диабеттік нефропатия

в) гематурия 3 айдан аз

г) бүйректің ишемиялық ауруы

д) гипертониялық нефроангиосклероз

 

79. Эритропоэтин нені ынталандырады:

а) простагландиндер синтезін

б) сүйек кемігінде эритропоэзді

в) белсенді Д витаминінің синтезін

г) көкбауырда эритроциттер бұзылуын

д) қан тамыр ішінде эритроциттер гемолизін

 

80. Протеинурия дәрежесін бағалау үшін белок жоғалтуын есептейді:

а) тәуліктік зәрде

б) 3 сағатта жиналған зәрде

в) жалпы зәр талдауында

г) зәрдің орта порциясында

д) 12 сағатта жиналған зәрде

 

81. Бүйректің созылмалы ауруында ААФ тежегіштерін ұзақ уақыт қолданудың төменде келтірілгеннің арасында универсалды көрсеткішін атаңыз:

а) ісінулер және гипертония

б) ісінулер және гиперкалиемия

в) ісінулер және нефротикалық протеинурия

г) артериялық гипертония және макрогематурия

д) бүйректің үдемелі созылмалы ауруының болуы

 

82. Ауруханаға түскен 45 жасар науқаста АҚҚ 170/100мм.с.б., қан талдауында: гемоглобин 115г/л, ЭТЖ 26 мм/сағ; биохимиялық қан талдауында: креатинин 0,2 ммоль/л, ШФЖ 50 мл/мин. Зәр талдауында: белок 0,33 г/л, лейкоцит 10-15 к/а, эритроцит 10-20 к/а; УДЗ: табақша-тостағанша жүйесінің деформациясы. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай?

а) Бүйректің созылмалы ауруы, 1 сатысы

б) Бүйректің созылмалы ауруы, 4 сатысы

в) Бүйректің созылмалы ауруы, 3 сатысы

г) Созылмалы пиелонефрит, белсенді фазасы

д) Созылмалы гломерулонефрит, бүйрек қызметі қалыпты

 

83. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында негізгі синдромдары:

а) ісінулер, гематурия

б) азотемия, анемия

в) зәрлік және гипертония

г) протеинурия және гематурия

д) гипертония және протеинурия

 

84. Жедел нефритикалық синдромның созылмалы түрінен төменде келтірілгеннің арасында айырмашылығы:

а) артериялық гипертензия

б) болжамы қолайлы

в) протеинурия айқынырақ

г) гематурия айқынырақ

д) креатинин деңгейінің жоғарылауы

 

85. Подоциттің құрамында болатын төменде келтірілгеннің арасындағы белок:

а)Нефрин

б)Глобулин

в) Альбумин

г)Ферритин

д)Трансферрин

 

86. 30 жасар науқаста баспамен ауырғаннан кейін аяқтары ісініп, олигурия, зәр түсінің күңгірттенуі, АҚҚ 150/90 мм.с.б. жоғарылауы, қан талдауында жалпы белок 60 г/л, альбуминдер 34 г/л, креатинин 120 мкмоль/л анықталды. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай?

а) жедел пиелонефрит

б) жедел нефритикалық синдром

в) созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, Iсатысы

г) созылмалы гломерулонефрит, аралас формасы

д) нефротикалық синдром артериялық гипертензия

 

87. Шумақтық фильтрацияның қандай көрсеткіші бүйректің созылмалы ауруының протеинурия болмаса да нефропротекциялық емді қажет ететін 3 сатысына сәйкес келеді, мл/мин?

а) 90-120

б) 89-60

в) 59-30

г) 29-15

д) 15-тен төмен

 

88. Бүйректің созылмалы ауруында анемия дамуының біріншілік тізбегі:

а) гемодилюция

б) витамин В12 жетіспеушілігі

в) аутоиммунды гемолиз

г) эритропоэтин деңгейінің төмендеуі

д) сүйек кемігіне несеп нәрінің токсикалық әсері

 

89. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде нефронның төменде келтірілген келесі бөлімдерінің қызметі бұзылады:

а) шумақтар

б) өзекшелер

в) жинақтаушы түтікшелер

г) юкста-гломерулярлы аппарат

д) бір уақытта шумақтар мен өзекшелер

 

90. 17 жасар созылмалы гломерулонефриті бар науқаста бүйректің созылмалы жетіспеушілігі, диализ алдындағы сатысы анықталды. Емдеу тактикасындағы ҚАТЕ тұжырымды анықтаңыз:

а) белок шектелген емдәм, иААФ, статиндер

б) анемияны емдеу, белок шектелген емдәм

в) гипертензияны емдеу, фосфорды шектеу

г) циклоспорин А, белок шектелген емдәм

д) остеодистрофияны емдеу және фосфорды шектеу

 

91. Ауруханаға 36 жасар науқас әйел адам бас ауруына, артериялық қан қысымының жоғарылауына шағымданып қаралды. АҚҚ 170/100 мм.с.б., қан талдауында: гемоглобин 115 г/л, ЭТЖ 26 мм/сағ; биохимия: креатинин 0,2 ммоль/л, ШФЖ 50 мл/мин. Зәр талдауында: белок 0,33 г/л, лейкоцит 10-15 к/а, эритроцит 10-20 к/а;. УДЗ: табақша тостағанша жүйесінің деформациясы.

Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай:

а) созылмалы пиелонефрит, СБЖ

б) бүйректің созылмалы ауруы, 3 сатысы

в) созылмалы гломерулонефрит, СБЖ

г) созылмалы бүйрек ауруы, 4 сатысы

д) гипертониялық типтегі гломерулонефрит

 

92. Нефротикалық синдром патогенезіне төменде келтірілгеннің арасында тән ЕМЕС:

а) подоциттер аяқшаларының жойылып кетуі

б) шумақ жасушаларының пролиферациясы

в) гиперкоагуляция, тромбоздарға бейімділік

г) гипоальбуминемияға байланысты гиперхолестеринемия

д) массивті протеинуриядан дамыған гипоальбуминемиялық ісінулер

 

93. 20 жасар науқас ішінің төменгі бөлігінің ауруына, жиі ауру сезімді зәр сындыруға шағымданады. Зәр талдауында лейкоцит 20 к/а, эритроцит 20-30 к/а. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай:

а) жедел цистит

б) қуық асты безінің аденомасы

в) жедел пиелонефрит

г) қуық тасы

д) жедел гломерулонефрит

 

94. Бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ ерте белгісі:

а) зәрде белок болуы

б) зәрдің меншікті салмағы төмен

в) зәрде лейкоциттер болуы

г) зәрде эритроциттер болуы

д) қанда несеп нәрінің төмендеуі

 

95. 17 жасар бозбалада – созылмалы гломерулонефрит, бүйрек қызметінің төмендеуі анықталады (ШФЖ – 78 мл/мин, белок зәрде – 1,32 г/л). Нефропротективті емнің алтын стандартын таңдаңыз:

а) Диуретиктер

б) β-блокаторлар

в) ААФингибиторлары

г) Иммуносупрессорлар

д) Кальций өзекшелерінің тежегіштері

 

96. 40 жасар науқаста қант диабеті, 1 тип, зәр талдауында – белок 0,165 г/л. Сіздің диагноз және емдеу тактикаңыз:

а) қант диабеті, пиелонефрит, антибиотиктер

б) қант диабеті, гломерулонефрит, преднизолон

в) қант диабеті, ЖБЖ, диализ бөлімшесіне ауыстыру

г) қант диабеті, СБЖ, диализ бөлімшесіне ауыстыру

д) қант диабеті 1 тип, диабеттік нефропатия, нефропротекция

 

97. 34 жасар науқасқа «бүйректің созылмалы жетіспеушілігі, терминалды сатысы, шумақтық фильтрация жылдамдығы 10 мл/мин» диагнозы қойылды. Аталмыш жағдай артериялық гипертензиямен байланысты. Науқас өмірін ұзарту үшін төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ тиімді емдеу әдісін таңдаңыз:

а) диетотерапия

б) перитонеалді диализ

в) бүйрек трансплантациясы

г) гемодиализ

д) иммуносупрессивті ем

 

98. Ангиотензин айналдырушы фермент тежегіштерінің әсер ету механизмі:

а) кининдер синтезінің жоғарылауы

б) ангиотензин 2 синтезінің жоғарылауы

в) ангиотензин 2 рецепторларын тежеу

г) шумақтарда әкетуші артериоланы кеңіту

д) шумақтарда әкелуші артериоланы кеңіту

 

99. Глюкокортикостероидтарды тағайындауға көрсеткіш:

а) тубулопатиялар

б) нефротикалық синдром

в) нефритикалық синдром

г) интерстициальды нефрит

д) жекелеген зәр синдромы

 

100. 21 жасар ер азаматта тобықтары ісінген, АҚҚ қалыпты. Қанда креатинин 80 мкмоль/л, жалпы белок 40 г/л, альбумин 15 г/л және протеинурия – 6 г/тәу, зәр тұнбасы өзгеріссіз. Диагнозды нақтылау мақсатымен қандай зерттеу өткізу қажет?

а) Амбурже сынамасы

б) Зимницкий сынамасы

в) Нечипоренко сынамасы

г) Бүйрек биопсиясы

д) Зәрді бак. себу және антибиотикограмма бойынша микроорганизм сезімталдығын анықтау

 

101. 33 жасар науқас әйел адам қант диабетінің І типі диагнозымен 5 жыл бойы бақылануда. Кезекті зерттеуде ЖЗА: протеинурия 0,66 г/л, лейкоцит 5-7 к/а. Шумақтық фильтрация жылдамдығы = 156 мл/мин. Бүйректің созылмалы ауруының төменде келтірілген сатыларының қайсысына сәйкес келеді?

а) 1

б) 2

в) 3

г) 4

д) 5

 

102. Симптомсыз бактериуриясы бар науқастарда төменде келтірілгеннің арасында антибактериялық ем қажет ЕМЕС топты анықтаңыз

а) жасөспірім

б) жүкті әйел

в) қант диабеті бар науқас

г) қуық атониясы бар науқас

д) бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқас

 

103. 33 жасар науқас әйел адам қант диабетінің І типі диагнозымен 5 жыл бойы бақылануда. Кезекті зерттеуде ЖЗА: протеинурия 0,66 г/л, лейкоцит 5-7 к/а. Шумақтық фильтрация жылдамдығы=56 мл/мин. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ қажет дәрілік зат тобын көрсетіңіз?

а) диуретиктер

б) цитостатиктер

в) антибиотиктер

г) ААФ ингибиторлары

д) глюкокортикостероидтар

 


<== предыдущая | следующая ==>
Основные теоремы и факты | Формы отчетности преддипдломной практики





Date: 2015-07-02; view: 333; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.146 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию