Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






абылдау бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері

Маниакальды синдром -1. Себепсіз және тұрақты түрде көңіл-күйдің жоғарлауы.2. ойлау темпінің жоғарлауы. 3. психомоторлы қозу. Қоршаған ортаны ерекше ашық қабылдау, ес үрдісінде гипермнезия, ойлауда- өз мүмкіндіктері мен өз тұлғасын асыра бағалау, қысқа уақыттық ұлылық сандырақ идеялары, эмоциональды реакцияларда-ашушаңдық, еріктік салада-тілек, әуестіктердің өсуі, зейіннің жылдам ауыспалылығы; мимика пантомимика және науқастың бүкіл сыртқы болмысы қуаныш белгісін бейнелейді. Науқастардың барлық уайымдары жағымды тондарға боялған. Өткен жамандық, бақытсыздық бәрі ұмылады, осы кездегі теріс хабарлар қабылданбайды, болашақ ашық, жақсы түстермен көрінеді. Бірақ бұл көңіл күй уақытша, сыртқы себеп әсер еткенде тітіркенеді, ызаланады, жылы сөйлессең тез қайтады. Армандары шексіз, көп жағдайда өздерінің үлкен ашылулар жасағандарына өздері сеніп, басқалардыда соған сендіреді, көбінде үлкен жастағы және қарт адамдарда көрінеді. Ондай науқастар көп, қатты, жылдам, жиі, тоқтаусыз сөйлейді, сөйлемдерді жалғастыруда қарлығып шығады. Бір ойдан екінші ойға секіру, көп күлкілі, келемеждеу, өткір, шетел тілдернің сөздерін қолдану, сөз арасында ысқыру, өлең айту, есінің мықтылығы гипермнезиямен көрінеді. Көздері жылтырап, сөйлегенде түкірік шашырап, беті қызарған, бір орнында отыра алмайды, тәбеті жоғары, маниакальды қозу кешке қарай болады. Солнечная күндіздік мания. Оптимистикалық көңіл-күйінің жоғарлауы, сөздік, қозғалыстық қозу орташа. Жеккөрушілік мания көңіл-к жоғары және қозушылық. Араласқан мания.

МДП ның маниакальды және депрессивті фазаларының мінездемесі, соматикалық бұзылыстары. этиологиясы анықталмаған ұстама тәрізді айқын эмоциональды бұзылыстармен коринетин ауру. Депрессивті фаза минездемеси:жалпы дискомфорт сезімінен басталады. Содан соң жүрек аймағында көкірек тұмында мұң сезімімен төмен көніл күй дамиды. Бұл сезімдер науқастармен басу қысым ауру сезімі ретінде түсінеді.бет ажары мұңлы, қозғалыстары мен сөзі баяулаған. Қозғалыстың тежелуі субступор және ступор деңгейіне жетуі мүмкін. Туыстарына жақындарына деген эмоциялық үрейлігін сезімсізденуіне шағымданады.өз өміріндегі жеке жағдайлар мен ұсақ тірліктерді олар өзін өзі кіналау және кемсіту идеяларын құруға қолданады. Астениялық депрессия синдромы кезинде өз өздерінің сезімсіздігіне шағымданады. Науқастардың айтуынша қоршаған ортадағы болып жатқан жайттар оларда қуаныш та рениш те тудырмайды, науқастар жаным жоқ деп айтады. Тағы бир варианты үрейлі депрессия бұл кезде үрейдің күшеюі жиі кешкі мезгілде үдей түседі.бирнеше айфдан бирнеше жылға дейн созылуы мүмкін. Бир орында отыра алмайды,қолдарын қайырып қысады. Суицидальды әрекет жасауға тырысады.Дисфориялық депрессияда тітіркенгіш,еш нарсеге көнілі толмайды. Ступорозды және адинамиялық, маскалы депрессиялар да болады. Маниакальды фаза минездемеси:мұндай науқастар ерекше ішкі шабытты сезінеді, олар көнілді,күледі.күшті тәбеттерімен ерекшеленеді,аз ұйықтайды, сергек.маниакальды күй белгілер триадасымен сипатталады:көтеринки көніл күй, ойлау үрдісінің жылдамдығы, қимыл қозғалыстың белсенділігінің артуы. Ұлылық сандырақ идеялар дамуы мүмкін, кейде басқа да атипті манмакальды күйлер кездеседі. Жоғары психикалық және моторлы белсінділік жағдайында науқастарда көтеріңкі көніл күй бақыланбайды олар тітіркенгіш қозғыш ызалылық басым болады.


Ми мерезі және прогрессивті паралич кезінде кездесетін психикалық бұзылыстар. Бас миының мерездік зақымдануы нәтижесінде психикалық бұзылыстар аурудың әр түрлі сатыларында әр түрлі психопатологиялық синдромдармен байқалады. Ми мерезінің І-ІІ Сатысындағы кең таралған психопатологиялық синдромға неврозтәрізді синдром жатады. Бұл жағдайда аса тітіркенгіш,эмоцональды лабильділік,жиі бас ауруы, ес нашарлауы,еңбеккке қабілеттілігінің төмендеуі тәрізді симптомдар басым болады. Біртіндеп лакунарлы ақылкемділік қалыптасады. Мерездің ІІ-ІІІ сатыларынды басты симптомдарға байланысты жіктелетін психоздар тән. Галлюцинаторлы-паранойдты (жиі есту галлюцина.ң пайда болуымен басталады. Галлюцинацияя мен сандырақ қарапайым мазмұнда болады,тұлғаның органикалық өзгерістері фонында дамиды), псевдопаралитикалық синдромдармен (органикалық тип бойынша ақылкемдігі фонында бейғам көңіл күй басым болады, науқастар эйфория күйінде,әртүрлі фонтастикалық сипаттағы ұлылық сандырақтық идеялар айтуы мүмкін)және делириозды тип бойынша сана күңгірттенуімен мерездік психоздарды ажыратады.Прогрессивті параличтің бастапқы сатысында церебростениялық симптоматика п.б., сөйлеу артикуляциясы, қарқыны бұзылады. Ортаңғы сатысында ақылкемділігінің үдеуі,тұлғаның дөрекіленуі,критиканың,қоршаған ортаны дұрыс қабылдауының төмендеуі, ес нашарлауы, бейғам көңіл күй п.б. Соңғы сатысында психикалық қызметтің толық ыдырауымен, толық қорғансыздықпен, физикалық маразммен сипатталады. Түрлері: дементті( сандырақсыз және психомоторлы қозусыз үдемелі ақылкемдігі), депрессивті( өзін-өзі кінәлау,соңына түсу сандырағымен көңл күйдің төмендеуі), экспансивті( эйфария құбылыстарымен, конфабуляциямен, ауқымды ұлылық сандырағымен сипатталады).

Неврастения, клиникасы және ағымы F48.0(тез шаршау, қажу, көңіл күй тұрақсыз, аффект ұстамалары, тітіркену реакциялары, ұйқы бұз пб, беткей нашар ұйқы) Клиникасы. Ұзақтығы әртүрлі, бірнеше айлардан бірнеше жылдарға соз.ды. псих.қ жарақат ұзақ ә.ет.де тұлға психотравмалық жағд.ға көзқарасын өзгертпегенде және оған бейімделе алм.да дамиды. Гиперстениялық және гипостениялық сатысымен болады.


Невроздар, клиникалық түрлері, этиологиясы және патогенезі Н-психикалық жарақаттың әсерінен п.б аур тобы.Соматовегетативті функц бұзылуы, эмоц.тұрақсыздық, қорш ортаға дұрыс баға берудің жеткілікті сақталуымен және өзінің дертті күйін түсінумен жүреді.Клиникасында:1) неврастения F48.0(тез шаршау, қажу, көңіл күй тұрақсыз, аффект ұстамалары, тітіркену реакциялары, ұйқы бұз пб, беткей нашар ұйқы) 2) жабысқақтық невр(еркінен тыс жабысқақ ойлар, қорқыныш қимылдар п.б, олардан арыла алмайды. Обсессивті, фобиялық, жабысқақ компульсивті) 3) истериялық невр (соматовегетативті бұз.тар, қозғалыс пен сезімталдықтың бұз(астазия, абазия), қабақ спазмдары, афония, аяқ қол салдануы) 4) иппохондриялық(өз денс.на аса көңіл бөлу, мазасыздану басым) 5) депрессивті невр (вегетативті бұз.с жиі гипотония, спастикалық колит, жылағыштық басым)Этиопатогенезі. Невроз п.б психикалық жарақат, психогенді зияндылықтар мен тұлғаның өзара әсерлесу нәт.і. Жоғары эмоцион.қозуы бар тұлға –невроз. Психоастениялық қозу –жабысқақ ойлар.

Нейролептиктер, негізгі топтары, қолдану көрсеткіштері Н психотропты заттардың негізгі тобы.Ең маңызды ем нәтижесі олар антипсихотикалық әсер береді. Негізгі класстары(Жариков,Тюлпин 2000ж)химиялық құрылысы бойынша: Алифатикалық: аминазин,дипразин. Пиперазиндік: перфеназин,флуфеназин. Пипериндік: сонапакс. Бензамидтер; Индол туындылары; Дибензодиазепин; Бензисоказол туындылары.Қолдану көрсеткіштері: Психомоторлы қозуды басу,психозбен ұйқысыздық кезінде:Аминазин,Тизерцин.Қатерлі шизофрениялықүрдіс: галоперидол,трифтазин. Созылмалы психоздар кезінде: Семап, Орап. Үрейлі және ажиатаждық депрессия кезінде: Сонапакс, эглонил.

Ноотроптар, қолдану көрсеткіштері Н заттар тек шартты түрде психотропты заттарға жатқызылады,өйткені көп жағдайда Н қолданғанда адамның псих жағдайы тікелей өзгермейді.Ойлау және жадыны жақсартады. Негізгі класстары(Жариков,Тюлпин 2000ж): Нейрометаболитикалық стимуляторлар: пирацетам туындылары: ноотропил,Вит мен амин қышқ туынд: Е және фолиий қышқ.Энергия беретін АТФ преп. Вазотропты препатартар: ксантиндер: кавинтон,никатинат. Ес және оқу үрдістерінің стимуляторлары: холинемиметиктер: холин,никотин.Мидың жалпы тонусын жоғарлатушылар: стрихнин,левзея.Эмоционалды статусты ынталандырушы:транквлизаторлар,в блакоторлар. Қолдану көрсеткіші: жады және интеллект бұзылысы, астениялық күй,алкогольді абсистенция,ми қантамырлық аурулары.


Обсессивті синдром -әр түрлі жабысқақтар және фобиялар түріндегі психопатологиялық өнімдермен көрінеді. Бұл кезеңде үрейлену, күдікшілдік, сенімсіздік күшейеді, астенизация, әуестіктер, іс қимылдар науқастың бір кездері критикамен қарайтын, ұмытайын деген ойларының есіне түсе беруі. Обсессивті синдромдары бар науқастарда жабысқақ ойлар ұстама түрінде өтіп кейбір кезде айқын вегетативті симптомдармен қатарласады тері жабындысының бозаруы, қызаруы, суық тері, тахи- брадикардия, ауа жетіспейтін сезіну, ішек перистальтикасының күшеюі, полиурия. Бас айналу, лоқсу, белгілері көрінеді.Обсессивті синдромда жиі бұзылыстар аралық психикалық ауруларда, егде жастағы адамдардың ауруы. Обсессивті компульсивті бұзылыс көбінде өзіне сын көзбен қарайтын ауруларда, депрессияда байқалады.

Олигофрениялық және дементтік синдромдар.О деп(кем ақылдылық) ең алдымен мидың экзогенді бұзылыстары,метаболизм кеселі,туа біткен кемтарлық,хромосомдық ауытқу себепші болатын патологиялық күй. Клиникалық көрінісіне байланысты үш түрін ажыратады:идиотия,имбицильдік,дебильділік. Идиотия – маңайдағыларға нашар әсер етуі,сөз дамымайды,бассқалардың сөзі өте қиындықпен қабылданады,сөздің мәні де түсініксіз болады. Азап шегетін адам күтім қажет етеді басқалардың көмегінсіз тіршілік ете алмайды. Ашулану мен ызалану жиі байқалады. Имбицильділік – орташа сатысы. Маңайдағылаға жауабы да ширағырақ болады. Ауру сөз қызметін меңгерген,алайда сөз қоры бірнеше ондаған сөздермен шектеледі,ойлау өте нақты,есте сақтау шектеуді,маңайдағылардың айтқанын қайталайды. Өз бетімен тіршілік ете алмайды,күтімді қажет етеді. Дебильділік – жеңіл сатысы. Аурудың жеткілікті сөз қоры болады. Қарапайым жинақтау қолынан келеді,бірақ абстактілік түсініктердің неғұрлым деңгейіне жетудің оған сәті түспейді. Сөздік қоры едәуір жеткілікті болуы мүмкін,бірақ сөз бірынғай жұтаң,ойлаудың өнімділігі аз. Д – интелект қызметінің бұзылысымен жүретін жүре пайда болған психикалық бұзылыс. Клиникалық көрінісі: органикалық ( абстрактілі ойлау қабілетінің төмендеуі және есте сақтаудың бұзылысы:а)лакунарлы(ұялшақ,эмоциональды тұрақсыз,жылауық,критикасы сақталған) б)тотальды(логикалық қабілеті жоғалады және шынай өмірге көз қарасы жоқ,); эпилептикалық (есте сақтауы бұзылады,іс қимылын орындай алмайды); шизофрениялық( есте сақтауы,абстрактілік ойлау сақталған,барлық болып жатқан оқиғаға бейғам қарайды,апатико-абулиялық синдром ретінде жүреді.

Онейроидты синдром. – фантастикалық,психикалық уайымдаумен ерекшеленеді. Псевдогаллюцинациялар мен иллюзиялардан тұрады. Науқас өзін қияли бір оқиғада жүргендей сезінеді және сол оқиғаны сырттан корип бақылайды. Тек онейроид кезінде науқастың орентировкасы екі еселенеді. М:науқас өзін емхананың пациенті сонымен қатар фантастикалық оқиғаның қатысушы ретінде санайды. Онейроид - жедел шизофрения ұстамасының көрінісі. Психоздың бастапқы көріністері - ұйқының бұзылуы,қорқыныш сезімінің пайда болуы. Сонымен қатар науқастарда кататониялық ступор немесе қозу дамиды.

Өте бағалы ойлар, түрлері..- шынайы факторлар базасында п.б., науқастың шамадан тыс эмоциональді жауабына байланысты санада басымдық көрсететін пікірлер. Сандырақтан айырмашылығы, бұнда ой шынайы, критикасы жоқ, өзін бақылау төмендеген. Науқас тек бір ойды басқалардан жоғары қояды, соны өмір бойы ұстанады. Доминирлеуші ой ретінде қызғаныш, қудалау, діни және саяси убеждение, дене шынықтырумен айналысу, диета ұстау. Мыс: жұмыста өз қызметкерлерін денсаулықтарына немқұрайлы қарағаны үшін сөгеді; әртүрлі ешкімге керексіз приборларды ойлап табады. Шекаралық жағдайларда, параноялді психопатияда, депрессияда, шизофренияда болады.

Паникалық шабулар: құрылымы, клиникалық мағынасы. П.ш – соматикалық вегетативті симптомдармен көрінетін ауыр үрей ұстамалары түрінде б.н, науқасқа түсініксіз, қиын түрде өтетін ауру. Этиологиясында психогенді факторлар ә.е, эпизодты, пароксизмді үрейлену түрінде көрінеді. Тұлғалық қасиеттер жатады, әркімде әрқалай көрінеді.(қайталанған стресстік өмірлік жағдайлар,ерте балалық шақтағы жақынын жоғалту). Симптоматика: қорқыныш ұстамаларымен көрінеді, үрей мен торттен жоғары симптом.мен көрінеді: 1) ЖСЖ, пульс жиі 2) тершеңдік 3) қалтырау, тремор 4) ауа жеткіліксіздігі, ентігу 5) тұншығу тыныстың ауырлауы 6) төстің сол жақ бөлігіндегі ауырсыну мен дискомфорт 7) жүрек айну н\е абдоминальді дискомфорт 8) бас айналу, тұрақсыздық, есінен тану алды кезеңінің көріністері 9) дереализация, деперсонализация 10) есі ауысудан ж\е өлімнен қорқу 11) аяқ қол парестезиялары 12) ұйқысыздық 13) ойларының шатасуы. Сонымен қатар іш ауыруы, жиі диурез, дефекация бұз.ы, тамағында бөгде зат тұрандай сезім, жүріс тұрыс сезімі, көру мен есту бұз.ы, аяқ қол тырысулары, қозғалыс функ.ң бұз\ы. Ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа д\н, орташа есеппен 15-30 мин, ұстама жиілігі күніне бірнешеу н\е айына 1-2 рет.

Параноидты синдром -(галлюцинаторлы- параноидты синдром-) өзара органикалық галлюцинаторлы және сандырақтық бұзылыстар әр түрлі ара қатынаста көрінетін синдромдар. Егер галлюцинация басым болса галлюцинаторлы, сандырақ идеясы басым болса, параноидты деп аталады. Паранояльды сандыраққа сәйкес келген қате пікірлер жүйесі сақталуы мүмкін, бірақ оның ыдырау белгілері табылады: жүріс-тұрысында оғаштық, сандырақ мазмұнының басым аффектіге және галлюцинацияға (псевдогал-я ға) тәуелділігі, олар да параноидты сатыда пайда болады.Жүйелендірілген политематикалық сандырақпен сипаталады, алдау, қабылдау,және вербалды түрінде кездеседі.тактилді гал-ямен жиі психикалық автоматизммен көрінеді. Сандырақ құрамына қызғаныш, жаңалық ашу, аңду, кейде ипохондриялық жағдай жатады.

Параноидты шизофрения клиникасы ПШ басқа формаларына қарағанда жиі кездеседі. Кардиальды белгілермен қоса(аутизм, ойдың бұзылуы, эмоцияның төмендеуі, адекватсыз,) клиникалық суретінде аса бағалы белгі ол сандырақ. Аурудың прогредиенттілігі паранойальды(сандырақ ойлар, галлюцинациясыз аңду сандырағы), параноидты (психикалық автоматизм синдромымен көрінеді) және парафренді синдромдармен(эйфория фонында ұлылық сандырақ идеялар) фантазиялар, көңіл күйдің жоғары болуымен көрінеді. Көзге көринер ремиссиясыз псевдогаллюцинациямен сандырақпен жүреді. Жиырма бес,алтыды дамиды. Эмоционалды деффект көбінде бірітіндеп өршиді. Көпшілік науқастардың ұзақ уақыт жұмысқа қабілеттілігі сақталады.

Паранояльды синдром -ойлау қабілетінің бұзылысы синдромы. Науқаста қуғындау фабуласы, қызғаншақтық, ойлап табу, ипохондриялық сандырақ жіне материальды зақым келтірушілік сандырағы болады. Ал галлюцинация болмайды. Аурадың бастапқы кезінде шындыққа сай идеялар айтады сондықтан патологиядан айыру қиынға түседі. Ол шизофрения мен қатар инволюционды психозда, паранойальды психопатияның декомпенсациясында кездеседі. Психикалық автоматизм болады. Ақылға сыймайтын сандырақ айта бастайды.

Парафренді синдром - фантастикалық сандырақ синдромы. Созылмалы сандырақта парафренді синдром біртіндеп ақыл кемдігіне ауысады, жедел түрінде онейроидты типтегі сана күңгірттенуіне ауысады. Ұлылық идеясы тән, сандырақтық идеялар (есту гал-я, псевдогал-яр, псих-қ автоматизм) оғаштықпен, табанды тұжырымдау ешқандай дәлелсіз келтіреді. Конфобуляциялар (әлем билеуші, өздерін өлмейтін адам санайды, атақты адамдардың кітабын өзім жаздым деп атайды. Космосқа ұштым) Көңіл күйі не көтеріңкі не депрессиялы. Депрессиялық науқастарда дамитын ипохондриялық Котар сандырағы болып табылады. Котар синдромы нигилистік-ипохондриялық сандырақпен үрейлі- сандырақтық деп-я көрінісімен, немесе мәңгі өмір сүру, мәңгі қорлық көру немесе сыртқы әлемді жоққа шығарумен фантастикалық ипохондриялық сандырақ түрінде көрінеді. Науқас өзін қылмыскер құдай деп санайды. Дүние жүзіндегі ашу мен ызаны мен басқарам, соғыстар, өлімдер менің әсерімнен болып жатыр деп өзін осы үшін жазалайды, ол өзінің өмір бақи өмір сүргем осы үшін жазамды тартамын дейді. Сонымен қатар ол ағзасы қандай да бір сигнал бергендей, не ішкі ағзасында бір нәрсе бұзылып жатқандай не миым жоқ не мен өлген мәйітпін дегендей сөздер айтады.Науқас өзін басқа ортада, үлкен жиында жүргендей сезімде болады.

Патологиялық аффект- психикалық жарақаттан кейін пайда болатын және сананың бұлыңғырлануымен және жалпы психоз кезінде амнезиямен жүретін қысқа мерзімді психоз. Транзиторлы жағдай (бірнеше минут-сағат- тәулік) 1..Ол эпилепсия сияқты пароксизмді сипатта болады. Психикалық жарақат эпилептоформды белсенділіктің пайда болуы үшін себеп емес, триггерлі немесе іске қосатын фактор болып табылады. Сондықтан көбінесе науқас анамнезінде 1.ауыр бас-ми жарақатын, 2.бала кезінен орг-лық дисфункциясын немесе соматикалық интоксикация болса, 3. Физикалық қажу (сананың бұлыңғыр алжасуы) және ЭЭГ-да тырыспалық дайындықтың төмендеуін анықтауға болады. Психоз кезінде сананың бұлыңғыр алжасуы қатыгездікпен, жарақаттармен, көптеген соққылармен болады және олар өлімге әкелуі мүмкін. Қоршаған орта оның бұл әрекетін тоқтата алмайды, өйткені ол оларды естімейді. Психоз бірнеше минутқа созылады және науқастың әбден шаршауымен аяқталады; олар әлсіреп құлап түседі, кейде терең ұйқыға кетеді. Психоздан шыққанда олардың есінде еш нәрсе жоқ, тіпті таңданады, өзі жасамағандай болады. Патологиялық аффектіні шартты түрде ғана эмоциональды бұзылысқа жатқызады, өйткені бұның негізінде сананың бұлыңғыр алжасауы жатыр. Соттық- психиатриялық тәжірибеде бұл науқасты невменяемый деп танып, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Психиатрия пәні және мақсаты. Психиатрия клиникалық медицинаның бір бөлігі, оның міндеттері аурулардың пайда болуын, клиникалық көріністерін зерттеу, емдеу мен алдын алу болып табылады. Психиатрия міндеттеріне сот-психикалық, әскери сараптама, психикалық бұзылыстармен науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау және т.б.жөнінде сараптамалар жүргізу кіреді. Біз өізіміздің мамандығымызға байланысты психикалық сау және ауру адамды ажырата білуіміз қажет. Егер, ол психикалық ауру болса, оған қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыруды білуі керек. Психиатрлар психикалық ауруларды бейнелеу қабілеттілігінің және қоршаған ортаны танудың бұзылуына, өз жеке басын саналы қабылдаудың өзгеруіне алып келетін бас миы қызметінің бұзылысы нәтижесінде қарастырады. Ми қызметінің бұзылуы сыртқы немесе ішкі себептердің, бейімділікпен, сонымен қатар өзге де факторлар кешеніне байланысты метаболизм ақаулары әсерінен пайда болуы мүмкін. Осының нәтижесінде науқастың өмір сүруге қабілеттілігі мен бейімделуі жекелей немесе толық бұзылады. МАҚСАТЫ: психикалық ауруларды анықтау және тіркеу.психикалық бұзылыстарды анықтау және диагностикалау; науқастарды белсенді динамикалық бақылау немесе консультация жүргізу, егер өз еркімен келетін болса; емдік және психикалық профилактикалық шараларды жүргізу; соттық-психиатриялық, әскери және еңбектік экспертизаны жүзеге асыру; әлеуметтік реабилитация және реадаптация; соттық, құқықтық көмек; қоршаған ортға қауіпті психикалық аытқулары бар науқастарды госпитализациялау; Использование средств массовой информации; психикалық бұзылыстарды этиопатогенетикалық механизмдерін өңдеу

Психиатриядағы жедел-жәрдем жағдайы (психомоторлы қозу, тамақтан бас тарту, өз-өзіне қол жұмсау әрекеті) Психомоторлы қозу Негізгі міндеттері: науқас пен айналасындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медикаментозды тыныштандыру. -Ен алдымен дәрігер науқаспен қарым-қатынасқа түсуге тырысады,тыныштандырады. Дәрігер науқастың қырынан жақындап, өзінін қолын науқастың білегіне қойып, оны отырғызуға тырысады. Байсалды әнгімелесу қозу жағдайын төмендетеді. -егер бұл мүмкін болмаса, бірнеше адам науқастың жан-жағынан келіп, қолынан ұстап, төсекке жатқызу керек. -төсекте иығынан, балтырынан ұстап тұрады, ал басын маңдайынан сүлгі арқылы ұстайды. Аяғына,ішіне, кеудесіне отыруға болмайды. Егер өте қатты қозу жағдайында болса, сүлгі жаялықты қолдану арқылы күштеп иммобилизациялайды (фиксациялау). Күресу әдістері бас тартудың себептерімен анықталады: 1.Әуестігінің төмендеуі мен аса бағалы идеялар болған жағдайда: жүдеу, ауыздағы ащы дәм, аскорбин қышқылы, ащы тағам, 4-8Б инсулин, уәделесулер, үлгі көрсетулер. 2.Галлюцинациялар мен сандырақтық идеялар орын алғанда: Медицина қызметкерлерінің мәжбүрлеп тамақтандыруы, науқастың өзі сенетін адамның тамақтандыруы, үйдің тамағымен тамақтандыруы. 3.Ступорлық жағдай кезінде: амитал-кофеинды тежелуді басу үшін- тері астына 20% 1-2мл кофеин ерітіндісі,5 минуттан кейін көктамырға баяу 5-10% 5-10мл амитал- натрий ерітіндісі. Тежелуді басу үшін баяу әсері 15-30 мин. Созылады. 4. Тамақтан толық бас тартса 3 күн сайын зондпен тамақтандыру.

Психиатриядағы продуктивті және негативті симптомдар. Шығу тегі ерекшеліктеріне байланысты барлық психопатологиялық симптоматика позитивті және негативті болып бөлінеді. Позитивті симптоматика (продуктивті, плюс – симптоматика) психиканың патологиялық өніміне байланысты дамиды. Мұнда галлюцинация, сандырақ, жабысқақтар, аса бағалы идеялар және басқа да патологиялық түзілістер жатады. Негативті симптоматикаға психикалық қызметтің қандай да бір звеносының дұрыс дамымауы, жоғалуы нәтижесіндегі психикалық функцияның тұрақты түсіп қалу белгісі жатады. Психикалық дефекттің көріністеріне естің жоғалуы, ақылкемдігі, ақылаздығы, тұлғалық төмендеу жатады. Позитивті симптоматика негативті симптоматика,а қарағанда динамикалы болып келеді; ол өзгермелі, күрделенуге қабілетті және жиі қайтымды. Дефицитарлы құбылыстар тұрақты, терапиялық әсерлерге улкен тұрақтылықпен ерекшеленеді. Ауру жағдайында позитивті және негативті белгілер бір-бірімен байланысқан бірлікте болса, түрлі жағдайларда, жастық кезеңдерде, әртүрлі ауруларда әрқалай көрінеді. Қолайсыз ішкі және сыртқы себептердің, ауыр аурудың әсерінен сәбилерде белгілі бір психикалық функция дамуының кідірстеуі мүмкін. Осының салдарынан жетіспеушілікті компенсациялауға биолоиялық тенденцияның болуына байланысты өзге психикалық фнукциялар қарқынды дами бастайды да, психикалық қызметтің біркелкі емес дамуы, жалпы асинхрония тудырады. Дж.Джексон айтуынша ауру текнегативті белгілер тудырады, ал позитивті белгілер ауру зақымдамаған жүйке жасушаның активтілігі нәтижесінде дамиды деген. Неврологиялық тәжірибеде патология мида ошақты, кейде кең көлемді болса негативті белгілер басым болады.

Психиатриялық қызметті ұйымдастыру. Психиатриялық диспансердің мақсаттары. Диспансерлер науқастарға емдік және социальды көмек көрсетеді. Ауылдық жерлерде ауруханаларда психиатриялық кабинеттер жүйесі және орталық аудандық аурханаларда психоневрологиялық бөлімшелер бар. Осындай кабинеттерде немесе бөлімшелерде жалпы учаскелік дәрігер және орта медперсонал психиатр кеңесі арқылы бекітілген учаскелеріндегі аурулармен күнделікті емдік және профилактикалық жұмыс жүргізеді. Ортылқ аудандық аурухананың диспансерлік бөлімінің құрамында психиатриялық, неврологиялық, балалар, психоневрологиялық, наркологиялық кабинеттер бар. Психоневрологиялық диспансер бөлімшесінің қызметкерлері осы контингент науқастарын, әсіресе алғаш дерттің белгісі бақыланған науқастарды анықтауға байланысты қмақты жұмыс өткізді. Бұл қызметте негізгі көмекті ауылдық учаскелік дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, ауыл тұрғындарын жақсы білетін адамдар көрсетеді. Ауруханадан тыс психиатриялық көмек жалпы емханамен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы байланыста жұмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы емхана арасындағы интеграция бұрыннан қалыптасқан, яғни осы диспансерлерде қызмет ететін дәрігерлер мен жалпы емхана қызметкерлері бір аймақта және бір әкімшілік ауданда тұратын науқастарды еммен қамтамасыз етеді. Бұл диспансерлік және емханалық жұмыстарды жеңілдетеді. Яғни олармен уақытылы кеңес беру, тұрақты бақылау жасау, барлық ауруларға уақытында психиатриялық көмек көрсету, аурулардың уақытылы дәрігерге көріну тәрізді жағдайлар жасалуда.

Психиатрияның дамуының маңызды кезеңдері. Көптеген ғасырлар бойы психиатрияның даму тарихында психикалық аурулардың табиғатын ашуда материалистік және идеалистік бағыт арасында көптеген тартыстар болды. Материалистік бағыттағы өкілдер психикалық бұзылыстарды организмде болатын материалдық өзгерістермен, мида болатын өзгерістермен байланыстырса, ал, идеалистік бағыттағылар психикалық дерттің шығу табиғатын психикалық және материалдық үрдістердің тәуелсіздігі немесе параллелизмімен түсіндірді. Психиатриядаяның басты бағыты ол клиникалық бағыт. Психиатрияның клиникалық бағытта дамуын француз психиатры Пинель реформасымен байланыстырса, отандық психиатр Баженованың бейнелік сипаты арқылы «ақылынан адасқандар» науқас адамдар ретінде қабылданды. Клиникалық бақылаулар негізінде психикалық бұзылыстар табиғатының гипотезасы құрылды. Соның ішінде жалпы психоз концепциясы, туылыс концепциясы-дегенерацияға байланысты, бұл кезде психикалық аурулар тұқым қуалаушылық және сыртқы факторлардың әсер етуімен дамып, ерекше даму сатылары болады. Бірінші буында тұқым қуалаушылық бейімділік және қолайсыз факторлар, оның ойы бойынша жеңіл психикалық бұзылыстар мен жүріс-тұрыс бұзылыстарын шақырады, кейінгі ұрпақтарында психикалық бұзылыстар ауырлап, ақыл кемсітігімен, салданумен аяқталады. Психологиялық бағыт., биологиялық бағыт. Психикалық аурулар ағымының мынадай негізгі кезеңдерін бөледі. продормальды –ерте симптомдар кезеңі; манифестті-психопатологиялық синдромдардың максимальды ашылған және күрделенген кезеңі;кері даму кезеңі-дертті үрдіс белсенділігінің басылуы және симптоматика редукциясы

Психикалық автоматизм – Кандинский – Клерамбо. Осы аурудың компанеттері – психикалық автоматизм,псевдогалююцинациялар,әсер ету сандырағы. Автоматизмнің 3 түрі: идиаторлы (ассоциятивті,ойлау. Вербальды псевдогаллюцинация болады) ;сенсорлы (сенестопатиялық,сезімталдық. Дәм сезу және иіс сезі псевдогалююцинациясы болады) ;моторлы (кинестетикалық,қозғалыстық. Науқас өзінің іс қимылдарын еріксіз жасалады,яғни біреудің басқаруымен жасалады деп айтады. Осының әсерінен ішкі ағзаларын зақымдайды немесе аяқ астынан өлімге алып келеді деп санайды.

Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері. Психикалық статусты жазу. Клиникалық әдіс психикалық аурулар диагностикасында негізгі әдіс болып табылады. Ол науқастың паспорттық мәліметтерінне, шағымдарын анықтау, анамнездік мәліметтерін жинау, соматикалық және неврологиялық тексерулер, психикалық жағдайын зерттеуден тұрады. Экспериментальды псих-қ әдіс - немесе патопсихологиялық зерттеулер психикалық патологияның сипаты мен мөлшерін негіздеу мақсатында қолданылады. Онда коорректуралық сынама, Крепелин бойынша санау, санау әдісі, Шульте таблицасынан саныд іздеу, 10 сөзді жаттау, әңгімені еске түсіру, сюжетті суреттерді түсіндіру, қиялдау қабілетін зерттеу үшін прожективті Роршах әдісі қолданылады, Оқиғаың реттілігі, артық затты анықтау, маңызды белгілер, түсінікті анықтау, салыстыру, мақал-мәтелдер метафоралардың мағынасын ашу. Электрофизиолоялық зерттеу- мидың фунциональды жағдайын әртүрлі электрлік құбылыстарды қолдану арқылы анықтау жатыр. Сондықтан э-қ зерттеу функциональды диагностика әдісі деп те аталады. Психиатриялық тәжірибеде эелктроэнцефалограция, реоэнцефалография және эхоэнцефалография қолданылады. Нейроморфолоялық зерттеу психикалық бұзылыстар ми патологиясының салдары болып табылады. Эпидемиологиялық әдіс - көпшілік дертті жағдайларды зерттеуге және психикалық патологияға тән. Ауруға шалдығу, ауруға шалдығу қаупі. Психикалық статусты жазу.

Психикалық аурулардың этиологиясы (әлеуметттік, биологиялық, жастық, тұқым қуалау факторлары) Әлеуметтік - өндірсітік фактор психикалық бұзылыс себебі түрінде (профессионалдыаурулар кезінде) кейде аған бейімдейтін жағдай рөлін атқарады. Мысалы, өнеркәсіп жағдайындағы үнемі шу, вибрация, эмоциональды жүктеме қантамырлық аурлы ауырлатып, психопатологиялық симптоматиканың дамуына ықпал ете алады.Биологиялық – генеративті функциялардың ерекшеліктеріне байланысты (менструальды цикл, жүктілік, босану, лактация, климакс) жоғары эмоционалдық, айқын циклдылық және зат алмасудағы өзгерістер-осылардың барлығы әйелдерде ерлерге қарағанда истерия, маниакальды-депрессивті және пресенильді психоздардың жиі кездесуіне себеп бола алады. Ал алкогольді психоз, мерездік психоз, жарақаттар және церебральді атеросклероз елдер арасында көбірек кездесед.Жастық – жас кезеңдеріне байланыссыз аздаған психикалық аурулар тобы бар. Организмде адаптациялық қиындықтар туғызатын жас кезеңдерінде күрт өзгерістер (пубертатты криз,климакс) невроз, реактивті жағдайлар, психопатиялар декомпенсациясы, шизофрения, маниакальды-депрессивті психоз ауруарына бастама береді.Тұқым қуалау-ата-анасынан келетін фактор. Яғни генетикалық ерекшеліктеріне байланысты.

Психикалық бұзылыстардың психогигиенасы және психикалық алдын алу. Психогигиена – халықтың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту шараларын іске асыратын, сонымен қатар адамның оптимальды психикалық қызмет ету жағдайларын зерттейтін медицина бір саласы.Ол өзі бөлімдерден тұрады: жасқа байланысты психогигиена, білім беру,еңбек, жыныстық т.б Міндеттері: Халықты психикалық жағдайын оптимальды сақтау.Сыртқы ортаның адам ағзасына тигізетін негативті факторларда адамды өзін өзі сақтауды үйрету.Санитарлық ағартушылық жұмыс атқару.Психопрофилактика: Біріншілік – сау адамды псих аурулардан сақта. Екіншілік- басталған ауруды ерте анықтап,созылмалы түрге айналдырмауға бағытталған.Үшінші- психикалық науқасты мүгедектікке жол бермеу.

Психопатиялар, клиникалық жүйесі. Психопатия интеллект өзгеріуінсіз тұлғааралық қатынас және қоршаған ортаға адаптацияланудың бұзылысына алып келетін туа және жүре пайда болатын мінез-құлықтың тұрақты бұз.ң тобы. Психопатияның түрлі формадағы клиникалық көріністерінің ортақ ерекшеліктері, галлюцинация байқалмайды бірақ жеке иллюзиялық бұзлыстар болуы мүмкін, сенестопатия формасында түйсік бұзылуы, эмоционалды реакц айқын, ашу ыза ұстамасымен, агрессивті әрекеттермен көрінеді, ал кейбіреулерде өзінің толымсыз сезімі, күйзелу, қорқыныш, үреймен көрінеді. Психопатия түрлері: қозғыш, параноидты, шизоидты, психоастениялық, истериялық, аффективті т.б

Психопатиялардың әртүрлі түрлерінің клиникалық сипаттамасы. Қозғыш п – науқастың ойынша құқығы тапталған жағдайда тітіркену, наразылық ж\е ашу көріністерімен, күшті аффект күйімен көрінеді. Айналадағылармен жиі конфликтіге түседі, жиі агрессивті қылықтар жасайды, ұжымдастарымен қатынасы нашар, өзінің бұрыс қылықтарын адекватты бағалай алмайды, өз қылықтарын ақтайтын сылтаулар табуға тырысады. Параноидты п – аса бағалы ж\е паранойяльді идеялар, мазмұны әрқилы (қатынас, қызғаныш, реформаторлық, шығармашылдық т.б) идеялар дамуына екі фактор ә.е 1) әртүрлі жағдайлар 2) тұлғаның өзіндік қоры. Жұбайлардың адалдығына күдіктер, өз туындысын ұсынғанда қолдау таппау, өз концепцияларына сәйкес келмейтін факторды елемейді, өз нанымдарын дәлелдейтін факторларға фиксацияланады, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін асыра бағалайды, санасын жаулап алады. Шизоидты п – тұйықтығымен, қарым қатынасқа түспеуімен ерекшеленеді, адамдармен контактіге түсуі өте қиын. Бала кезінде жалғыз, тыныш, байсалды ойындарды ұнатады, ата анасына түгін айтпайды, құрбыларымен тіл табыса алмайды. Екіге бөлінеді: сенситивті (тым өкпелегіш, кек ұстанғыш, сезімтал ж\е өз тарабына бағытталған әділетсіздікті ойлап жүреді) ж\е экспонсивті (ешкімге құлақ аспайды, өз көзқарасы дұрыс деп есептейді, қарым қатынаста өзін суық ж.е жоғары ұстайды, жқын туыстарына немқұрайлы) Психоастениялық п - үрейшілдік, өз өзіне сенімсіздік, бала кезінен ұялшақтық, әсершілдік, не істесе де күмандану тән, адамдармен қарым қатынаста жасқаншақ, сенімсіз, бір қадам жасарда олар көп қиналып, ойланып бағалайды, дұрыстығына күдіктенеді. Истериялық п – жүріс тұрыс формасы сахналықпен, жасандылықпен, өзі басты бірінші жиі ерлік жасаушы рөлде б.ы, болмаған оқиғаларды ойдан құрайды, өзіне көңіл аудартады, ерекше бет әлпетімен, жесттермен, киім киісімен қажет рөлге сәйкестенеді, бұл адамдар көпшіл, өзгелермен жеңіл танысады, қызығушылығы тұрақсыз Астениялық п – жоғары шаршағыштық, бір іске ұзақ уақыт зейін қоя алмау б.т, зейін бұзылады, еңбекке қабілеті төмендейді, өзінің ішкі сезімдеріне жоғары назар аударады, ішкі дүниесіне құлақ салады.

Психосенсорлы бұзылыстар және клин. түрлері. қабылдау бұзылысы, затты тану бұзылмайды, бірақ оған қатысты:көлемі, формасы, түсі, кеңістіктегі орналасуы, ауырлығы өзгереді. Түрлері: дене схемасын қабылдау бұзылысы (науқас адамға бүкіл денесі н/е оның жеке бөліктері үлкейген сияқты б.көрінеді. мыс:бас шар тәрізді домаланады, ісінеді, жарылып кететіндй болады), кеңістіктегі заттарды қабылдау б (заттар бұрмаланған-метоморфопсия, ұлғайған-макропсия, кішірейген-микропсия,алшақтаған н/е жақындаған түрде қаб. мыс:науқас стаканды столға қоюға ұмтылады, бірақ арақашықтықты айыра алмау нәтижесінде стакан еденге құлайды), уақытты, қоршаған өзгерістерді қабылдау бұзылысы (бұл кезде уақыт азапты түрде ұзаққа созылу мүмкін н/е керісінше), дереализация (қоршаған ортаны бөтен, өзгерген, жасанды түрде қабылдау. Мыс: кілемдегі оюды аң деп көру), деперсонализация (өзіндік “мен” жоғалуы. Мыс: қол ұзаруы).

Психотерапия және олардың түрлері Психотерапия(псих жан,терапия емдеу) –науқасқа емдік мақсатта психикалық әсер ету әдісі. Ең алғаш 19 ғ бұл терминді ағылшын ғалымыДениел Хак енгізді.Тура психотерапия сөзбен әсер ету және науқасқа тікелей, науқас ояу не гипноздық ұйқыда болуы мүмкін.Оған жатады: рационалды психотерапия – науқасты өз ауруына деген көз қарасын өзгерту.Функционалды терапия – дертті жүріс тұрыс стериотипін сау стрериотипке ауыстыру.Позитивті терапия- күш жігерді жоғарлату. Гипноздық терапия.Аналитикалық психотерапия- аурудың негізінде жатқан,санадан тыс комплекстерді анықтау.

Психофармакотерапиядан асқыну Егер дәрілердің қабылдау режимі бұзылдау, бірнеше дәрі қабылдау сәйкессіздігі болса, дәрілердің кері дамуы (синдром отмены) болса мидың қосымша органикалық зақымданулары мен токсика-аллергиялық реакциялар пайда болады. Қатерлі нейролептикалық синдром бұл.ет тонусы кенеттен жогарлайды,темп жоғ,Ад жоғ немесе төм, тахикардия,тершеңдік,сана бұзылуымен көрінеді. ҚНС галлоперидол,тиопроперазин сияқты нейролептиктерді дұрыс қолданбағанда п.б. Қатерлі гипертермия клозапином қабылдағанда гипертермиялық ұстамалар дамиды.Метболикалық ацидоз,гиперкали немесе гипермагнемия дамиды. Серотонинді синдром ағзадағы серотонинді алмасуды бұзатын антидепрессанттардың жағымсыз әсерінен п.б (флуоксетин,пароксетин,циталопрам).ішекте газ жиналу,тремор,жүру координациясы бұзылады.Бұл кезде антидепрессандарды тоқтатып,в адреноблокаторды тағайындау керек. Холинолитикалық делирий атропинтәрізді дәрілердің жоғарғы дозасында п.б Психоз,ес бұзылу,қарашық кеңею,көру және есту галюц п.б. Емі:бензодиазепамды транквилизаторлар. Жіті аллергиялық реакция науқастан дәріге аллергиясы бар жоғын анықтау керек,себебі Квинке ісінуі,анафилактикалық шок даму керек.Емі: адреналин 1% 0.5, преднизолон 1мл 30 мг,фуросемид,антигистаминдер.

Реактивті жағдайлар, реактивті психоздардың клиникасы Реактивті психоздар – психогенді негізгі, өмірге қауіп төндіретін,тұлғалық сәттілікке қауіп төндіретін факторлар әсерінен дамитын психотикалық сипаттағы бұзылыс.Реактивті жағдай клин көрінісіне қарай жедел және созылмалы. Жеделге: аффективті шокты реакция және истериялық психоз жатады.Афектифті шокты жағдай өміріне қауіп төнгенде пайда болады да қауіп қайтқан сон өздігінен қайтады. Қозу немесе тежелу түрінде болады.Ауру жүріс тұрысы хаосты,ретсіз,өзіне қауіп төндіруі мүмкін.Мыс, өрт кезінде терезеден секіру. Тежелуге машинадан қорқып тоқтап қалу. Истериялық психоз әлеуметтік статусына қауіп төнген адамдарда(соттық процес,армия,отбасылық көзге шөп салу) п.б.Келесі варианттары бар: Пуэрилизм- өзін бала сияқты ұстау,қуыршақ ойнау,қолға көтерші деп өтіну,саусақ сору.Псевдодеменция-қарапайым нәрселерді істеу қабілетінен айырылу.Науқас киіне алмайтындай,тамақ өздігінен іше алмайтын,саусақ санай алмайтын күй демонстрациялайды.Синдром Ганзера жоғарыда аталған көріністерді бірлестіре қамтиды,сонымен қатар науқас жануар сияқты қылықтар жасауы мүмкін (төрт аяқтап жүру,үру т.б). Созылмалы: ұзақ уақыт созылған айлар немесе жылдар. Реактивті депрессия: жақын адамының өлімі,ажырасу,жұмыстан шығару,финанстық шашылу. Реактивті паранойд: әскери аймақта болуы, өлімге күдікті деп допрос алудан.

Сананың бұлыңғыр алжасуы алжасуы – типті эпилептиформды пароксизм болып табылады. Клиникалық көрінісі:жедел басталады, қысқа уақтылы (10-бірнеше сағатқа дейін), қысқа немесе толық амнезия болуы мүмкін. Науқастар ашушан, агрессивті,кейді ассоциалды іс-әрекеттер жасайды. Олар өздерінің іс – әрекеттерін бақылай алмайды, сандырақ, галлюцинация болуы мүмкін бірақ науқас сол жағдайды толық айтып бере алмайды себебі психоз кезінде науқаспен контактқа түсу мүмкін емес. Сананың бұлыңғыр алжасуы эпилепсия және т.б органикалық аурулардың себебінен дамиды. Сананың бұлыңғыр алжасуының варианттары:сандырақ және галлюцинаторлы;амбулаторлы автоматизм(қысқа уақытты сананың алжасуы. М:науқас өзінің киімін шешіп тастауы мүмкин,көшеге шығып кетеді);

Сандырақ туралы түсінік, клин түр. аурудың санасын толық жаулап алатын, түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулер. Түрлері: мағынасына байл:соңына түскен сандырақ, әсер ету сандырағы, уландыру сандырағы, қызғаныш сандырағы, өзін-өзі кіналау-кемсіту сандырағы, қатынас сандырағы, ұлылық сандырағы.

Сараптама түрлері. Паталоанатомдық аффект-транзиторлы психоз (1-2 сағаттан бірнеше тәулікке дейін)созылады. Бұл кезде естің тарылуы болады.анамнезіндегі зақымдану болса, соматикалық патология болса, физикалық-психикалық қажу, ұйқы бұзылыстарыСрапшылар алдында аурулардың еңбекке қабілеттілігіне баға бері е\кезінде олардың еңбекке қабілетсіздігінің ұзақтығы туралы сұрақ қояды. Сарапшыға аурудың еңбекке қабілеттігі туралы сұрақты шешу үшін науқастың әлеуметтік-еңбектік тәртібі жайында мәліметтер керек және сараптау кезінде оның клиникалық жағдайында дұрыс баға беру керек. Сарапшы еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі немесе тұрақты жоғалуын анықтай келе оның дәрежесін де анықтауы керек. І, ІІ,ІІІ.ӘСКЕРИ-Дәрігерлік сараптама-жүйкелік-психикалық аурлармен науқастар үшін жалпы әскери-дәрігерлік экспертизаның бөлігі болып табылады. Әскери-дәрігерлік сараптаманың азаматтық сараптамамен салыстырғанда өзіне тән өзгешеліктері бар. Еңбектік сараптама жүргізу кезінде психикасында шамалы ауытқу байқалған кезде реабилитациялық мақсатта ондай адамдарды қоғамдық пайдалы іске баулу, еңбекпен емдік-профилактикалық әсер ету, әлеуметтік деградациясының алдын алу ұсынылады. Әскери жағдайда мұнадй міндеттерінің орындалуы мүмкін емес, әскери міндетті орындау әскери қызметті өтеушінің еңбек етуі мен демалысын бөлек қарауға мүмкіндік бермейді. Бірінші ретте бүкіл әскери ұжым үшін маңызды міндетті шешу, қатал тәртіп пен режим, осындай жағдайда азаматтық өмір жағдайында компенсациялануы мүмкін психикадағы әрбір ауытқу немесе мінездегі ауытқулар әскери міндетті орындауды мүмкін емес етеді. Жүйкелік-психикалық ауруларға әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу кезінде білім деңгейіне талап қоюдың жоғарылауы, әскер қатарына шақырылатындардың техникалық дайындығына талаптың жоғарылауы және өз бетінше шешім қабылдай алуға қабілетті ескерілуі керек.СОТТЫҚ-психиатриялық сараптама – ауыр психикалық аурулармен зардап шегетін науқастар өздерінің істеріне есеп беруге және оларды басқаруға қабілетсіз болғандықтан қабілетсіз болып табылады және психиатриялық ауруханаға жолданады. Аз үдемелі, баяу ағымды және постпроцессуалды психопатия тәрізді жағдайлар сараптамасы айтарлықтай қиындықтар туындатады.Науқастың психотикалық күйде жасаған азаматық актарының заңды күші болмайды. Басқа жағдайларда науқасты қабілетті деп мойындау мүмкіндігі бар.

Сенестопатиялар және соматикалық сезімдер. Диф. диагноз. Клин. Мағынасы. Сенестопатия- денедегі әр түрлі, түсініксіз, анықталмаған сезімдермен көрінетін, науқастың өз сезімдерін жеткізе алмайтын психикалық бұзылыс симптомы б.т. Әр науқастарда ол әр түрлі, басқа науқастардағыдай емес. Мысалы:кебіреулері оны созу, қысылумен сипаттаса, ал басқалары оны сөзбен жеткізе алмайды. Осы сезімді түсіндіре алмағандықтан науқастар өзінде соматикалық ауруы бар деп санайды. Бұл жағдайды сенестопотиялық-ипохондриялық синдром д.а. Сенестопотия жиі шизофренияда, дипрессиясы бар науқастарда кезедеседі. Көңіл күйінің түсуі сенестопотиясы бар барлық науқастарға тән. Шизофрениялық сенестопотия сезімі-бөгде әсердің болуымен сипаталады(сенестопотиялық автоматизм д.а.).Дезадаптация дамиды. Мыс: бір мед.студент оқуын тастап кетті, өйткені миында жылы жұмсақ тесто тәрізді субстанцияның ағатынын сезгендіктен. Соматикалық сезімдер-науқас өзінің іш құрылысында болып жатқан сезімдерді көреді, сезеді және осының барлығын сырттан бақылай алады. “Органикалық сезім”, “денедегі сезім”, “ауырсыну”, “жағымсыз сезім”, “витальді сезім”.

Соматикалық ауруларда кездесетін психикалық бұзылыстар. Психикалық бұзылыстар жиі кездесетін соматикалық ауруларға жүрек, бауыр, бүйрек аурулары, өкпе қабынуы, ойық жаралар жатады. Басты психопатологилық симптомакомплекс астениялық синдром (науқас тез шаршайды, әлсіз, бас ауырады, салбырлыққа шағымданады, ұйқысы бетке, қорқынышты түстер көреді, көңіл күйі тұрақсыз, тітіркендіргіш, ашушандық байқалады, қимылдары баяу) б.т. кейбір жағдайларда астениялық синдромға фобиялық (өз болашағы мен денсаулығы үшін қорқыныш пен үрей туады), ипохондрияқ синдром (өзінің денсаулығы туралы себепсіз қорқыныш сезімі, қандай да бір соматикалық ауруы бар деп қорқу. Ол жабысқақ, бағалы ойлармен және сандырақпен көрінуі мүмкін) қосылады. Соматогенді психоздар кезіндегі басты синдром сана күңгірттенуі б.т. жедел психоздар 2-3 күнге созылады. Соматогенді психоздан кейін психоорганикалық синдром дамиды, жүрек патологиясымен жиі психоздар, миокард инфарктісімен кездеседі. Үрей, өлімнен қорқу сезімімен жүретін аффективті бұзылыстар, вегетативті және цереброваскулярлы бұзылыстар жатады.

Стреске реакция және бейімделудің бұзылуы. Төтенше жағдайлар кезінде психикалық бұзылыстар 1) Психикалық реакциялар – бұл интенсивті жағдайлық реакция, қорқыныш тудыратын тітіркендіргіштерге жауап рекциясы, дискомфорт тудырады. Қарапайым қорқыныштар бес түрге бөлінеді: 1) жануарлардан қорқу 2) қаннан, егулер, жарақаттардан қорқу 3) аурудан қорқу (сифилофобия, спидофобия, канцерофобия) 4) табиғаттық апаттан, судан қорқу 5) жағдайлардан, кеңістіктен қорқу ж\е даладан, қоғамнан қорқу (агрофобия), сахнадан қорқу (социофобия), кірден қорқу (мизофобия)барлық нәрседен қорқу (панфобия) 2) Кризисті реакциялар – 1) қалыпты өмір сүруінің бұзылысы (ұйқы, тәбет бұзылысы), өмірлік қателіктер 2) регрессия бұл қоршаған ортаға психологиялық тәуелділік, қолдау күту, психологиялық қорғансыздық. Екі типі бар: интрузивті (жабысқақ- психикалық жарақат әсерінен м: зорлаудан). Репрессивті (үнсіздік- жасыру, болған жағдайды ұмытқысы келу)Бейімделудің бұзылуы (психодезадаптация)- клиникалық деңгейіне байланысты келесі варианттарды ажыратады: 1) патохарактерлік 2) невротикалық 3) психосомаьтикалық. Принципі б\ша: салыстырмалы тұрақты емес (қысқа уақыт, ұзаққа бармайды), үздіксіз тқрақты (жылына екі реттен көп). Психодезадаптацияның көріністері: 1) астеникалық варианты а) физикалық әлсіздік б) психикалық ә 2) дистемиялық варианты-уайымшылдық, урей, дискомфорт, қанағаттанбаушылық, пессимизм (ұзақтығы бір екі тәулік) 3) психовегетативті вариант – тершеңдік, әлсіздік, тахикардия, бас айналу, гипергидроз. Төтенше жағдайлардағы стрестік бұзылыстар. Әлеуметтік жағдайдағы төтенше бұзылыстар, радиациялық фобиялар, әскери шаршағыштық. Синдромдар: Вьетнам, Ауған, Шешен соғыстары. Төт.жағд.әсер.б\н.псих.бұз: жедел (өзінің өміріне қауіп төнсе, жақындарының өлімі) екінші кезеңде – дүние мүлкін жоғалту, кредит т.б.

Терапияның психикалық ауруларға икемделуі (биологиялық терапия, психотерапия, әлеуметтік терапия) дәлелді медицинаның көз-қарасымен. Биологиялық терапияға жатады: инсулин-коматозды, электртырысулық, пиротерапиялар, экстракорпорольді детоксикация әдістері, ұйқы депривациясы, светотерапия, психохирургия(лоботомия), физиотерапия және акупунктура. Инсулин-коматозды терапияны жүргізудің тәсілдері. Бұл емдеу әдісі инсулинді кома шақыру арқылы жүргізіледі. Әдісті 1935 жылы австралиялық психиатр М.Закель ұсынған болатын. Емдік әсерін психикаға инсулиннің тікелей әсері емес, ол арқылы туындайтын жағдайлармен (гипогликемия, кома) байланыстырады. Бейспецификалық стрессті әсер ету эффекті елеулі роль атқарады деп есептеледі. Науқастарды соматикалық тексеру тырысулық терапия жүргізгендегідей мұқият жүргізіледі, өйткені гипогликемия жағдайында жиі эпилептиформды ұстамалар болады. Емдеу әрбір науқасқа сәйкес инсулиннің коматозды дозасы негізінде жүргізіледі. Бірінші кома ұзақтығы-5-10 мин дейін, кейін-30-40 мин.дейін. Бір ем курсына коматозды жағдай саны-15-40. Терапияға көрсеткіштер ұзаққа созылмаған және продуктивті психопатологиялық сиптоматикамен, ұстама тәрізді ағымға бейім шизофрения жағдайлары болып табылады. Соматикалық және инфекциялық аурулар, артық дене массасы терапияға қарсы көрсеткіш болып табылады. Электртырысулық терапия. Ауыр эндогенді депрессия және сандырақпен немесе кататоникалық симптомдармен жүретін шизофренияның жедел ұстамалары кезінде тағ/ды. Электродтарды басқа монолатеральді немесе билатеральді арқылы орналастырады. Электрлік разряд қарқындылығын индивидуальді түрде 80В және 0,3с. экспозициямен бастайды. 1 минуттан артық уақыт аралығында ұстамада болса, ол импульс интенсивтілігінің шектен шыққандығын көрсетеді.



<== предыдущая | следующая ==>
Записать комплексные числа в тригонометрической и показательной форме | Теорема Гаусса





Date: 2015-07-02; view: 1887; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.024 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию