![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
Антибиотиктерді еріту және енгізу ережесі бойынша антибитикті еріттім⇐ ПредыдущаяСтр 12 из 12
. Көрсеткіші: · Баланы дәрігер тағайындаған дәрілік препаратпен қамтамасыз ету. Керекті құралдар: · Стерильды үстел, пинцет, мақта шариктері. · Резеңке қолғап. · Антибиотик флаконы. · Антибиотикке арналған ерітінді. · Инесімен шприц. · 70% этил спирті. · Қолданылған заттарға арналған лоток Іс-әрекетім: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Керекті құралдарды дайындадым. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, стерильді резеңке қолғап кидім. 4. Антибиотик, ерітінді флакондарының сыртындағы жазулармен таныстым (аты, дозасы, жарамдық мерзімі). 5. Ерітіндінің антибиотикті ерітуге керекті мөлшерін анықтадым. 6. Балаға енгізуге арналған дайын ерітіндінің мөлшерін анықтадым. 7. Шприцтің қорабын аштым, инесін кигізіп, стерильді устелге қойдым. 8. Спиртке малынған стерильді мақта шаригімен флаконның алюминий қақпағын өңдеп, оны ашып және қайталап өңдедім. 9. Ерітінді ампуласының мойнын спиртке малынған мақта шаригімен өңдедім. Ампула мойнын сындырдым. Ерітіндінің керекті мөлшерін шприцке сорып алып, флаконға енгізіп шайқадым. 10. Флаконды жоғары көтере, ерітіндінің керекті мөлшерін шприцке сорып алдым. 11. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастадым. Шприцке жаңа инені қақпағын шешпей кигіздім. 12. Шприцтің ине жағын көтеріп ерітіндінің 1-2 тамшысын иненің қақпағын шешпей шығарып және шприцті стерильді үстелге қойдым. 13. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігін 70% этил спиртімен өңдеп және шприцті 900 жағдайында ұстап бұлшықетке антибиотикті енгіздім. 14. Инені алу, инъекция салынған жерді қолдағы мақта шаригімен өңдедім, шарикті және шприцті қолданылған заттарға арналған лотокқа салдым. 15. Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолымды жуып құрғаттым. Ескеру қажет: 1. Ерте жастағы балаларға еріту 1:1 әдісімен дайындалады (1мл ерітіндіге-100 000 Б антибиотик). 2. Ересек балаларға еріту 2:1 әдісімен дайындалады (1мл ерітіндіге-200 000 Б антибиотик).
Есімбеков Дияс атты баланың Құлағына тамшы тамыздым Көрсеткіші: · Ортаңғы құлақтың қабыну процесін жою, евстахиев түтігінің өткізгіштігін жақсарту. Керекті құралдар: · Резеңке қолғап. · Дәрілік препараты. · Қауіпсіз пипетка. · Шиыршықталған мақта, шариктер. · Қолданылған заттарға арналған лоток Іс-әрекетім: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Керекті құралдарды дайындадым. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп,резенке қолғап кидім 4. Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен таныстым (аты, жарамдық мерзімі). 5. Баланың сау құлақ жағын төменге қаратып жатқыздым. 6. Құлақтан бөлініс болған жағдайда тазартам. 7. Дәріні пипеткаға сорып алдым. 8. Тамшының температурасын алақанның сыртына тамызып тексердім. 9. Сол қолмен құлақ ұшын төмен қарай тартып (1 жасқа дейін) немесе құлақ шеміршегін артқа және төмен тартып (1 жастан кейін). 10. Тамшыны есту жолына тамыздым. 11. Тамшы ортаңғы құлаққа өту үшін құлақты бірнеше рет бастым. 12. Құлаққа 10-15 минутқа тампон салдым. 13. Тампонды алып тастадым. 14. Пипетканы дез.ерітіндіге салдым, одан әрі залалсыздандырдым. 15. Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолымды жуып құрғаттым. Ескеру керек: тамшыны дене температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (36-370)
Агимбаев Айбат атты баланың Көзіне тамшы тамыздым Көрсеткіші: көздің қабыну процесін жою (конъюктивиттер, блефариттер). Керекті құралдар:Резеңке қолғап.Дәрілік препараты.Қауіпсіз пипетка.Шиыршықталған мақта, шариктер.Қолданылған заттарға арналған лоток Іс-әрекетім: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Керекті құралдарды дайындадым. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, стерильді резеңке қолғап кидім. 4. Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен таныстым (аты, жарамдық мерзімі). 5. Баланы арқасына жатқызып, басын аздап артқа шалқайттым. 6. Дәріні пипеткаға сорып алып, сол қолға мақта шаригін алдым. 7. Төменгі қабақты мақта шаригімен төмен қарай тартып, баланы жоғары қарауын сұрадым. 8. Төменгі конъюктива қыртысына 2-3 тамшы тамыздым(пипетканы конъюктиваға аса жақындатпаңыз). 9. Баланың көзін жұмуын сұрадым, ерте жастағы баланың көзін мақта шаригінің көмегімен жұмдыру қажет. 10. Көздің ішкі бұрышынан дәрінің қалдығын мақта тампонымен алып тастадым. 11. Тамшыны екінші көзге сол әдіспен тамыздым. 12. Пипетканы дез.ерітіндіге салдым, одан әрі залалсыздандыру керек. 13. Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолымды жуып құрғаттым.
| |||
Күні | Істелінген жұмыс | Баға | ||
Бүгін күніміз кесте бойынша- 4 айлық балаларға «Вирусты гепатитке қасрсы вакцина салу күні.Салу техникасы
Вирусты В гепатитке қарсы вакцинасын енгізу
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() | ||||
Бүгінгі тәжірибе күнімде Гипертермиямен кабылдауға Койшыбаев Талгат атты бала келді,температурасы 38 С ка көтерілген, сірке қышқылымен орау әдісін қолдануды жөн көрдім.
Көрсеткіші:Дене температурасын түсіруге қол жеткізу.
Керекті құралдар:
· Ас сірке қышқылы.
· Су 35-360С.
· Ерітінді дайындауға арналған ыдыс.
· Жұқа жөргектер.
· Памперс.
· Салфетка.
· Сағат.
· Резеңке қолғап.
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() | ||||
Күні | Істелінген жұмыс | Баға | ||
Бүгінгі тәжірибеләк практика кезінде біз медбикемен бірге әр түрлі жедел көмек көрсету шаралары туралы пікір алмасып қалай көмек кһрсету туралы қосымша манипуляция жасадық.
КОЛЛАПС
Коллапс тамыр қызметінің жіті жеткіліксізідігі, кенеттен күретамыр қысымының төмендеп, шеткі қан айналымының бұзылуынан дамиды. Жүрек бұлшық ет инфарктісінде жұқпалы ауруларда, улануда, қан аздығында, қан аққан зақымдарда жиі кездеседі.
Белгілері мен әйгіленістері
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
Date: 2015-07-02; view: 6548; Нарушение авторских прав