Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






гастроэнтерология бойынша тесттік тапсырмалар

Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттеріне арналған

гастроэнтерология бойынша тесттік тапсырмалар

 

1. Гастроэзофагальді рефлюкстік ауру түсінігіне кірмейтіні:

а) кардия кемістігі

б) гастроэзофагальді рефлюкс

+в) кардия ахалазиясы

г) созылмалы эзофагит

д) кардия халазиясы

 

2. Гастроэзофагальді рефлюкстік ауру дамуы негізіндегі ауруларға жатпайтыны:

а) созылмалы гастрит

б) ойық жара ауруы

в) қысқа өңеш

+г) арнайы емес жаралы колит

д) кардия халазиясы

 

3. Гормондар дисбалансының гастроэзофагальді рефлюкстік аурудағы моторлық бұзылыстар дамуындағы мәні:

а) гипофиз

б) бүйрекүсті безі

+в) гастроинтестиналдық

г) қалқанша без гормондары

д) жыныс бездері

 

 

4. Рефлюкс+эзофагиттің негізгі клиникалық көріністеріне жатпайтыны:

а) төс арты ауыруы

+б) сусау

в) кекіру

г) қыжыл сезімі

д) регургитация

 

5. Эзофагиттің негізгі симптомын көрсетіңіз:

а) төс арты ауыруы

б) жұтынған кезіндегі ауыру сезілу

в) кекіру

+г) қыжыл сезімі

д) құсу

 

 

6. Төмендегі дәрілердің ішінен прокинетикалық әсерлісін тандаңыз:

+а) мотилиум

б) квамател

в) фосфалюгель

г) ранитидин

д) омепразол

 

7. Созылмалы эзофагит еміне төмендегі дәрілер тобының біреуімен прокинетиктерді үйлестіріп бері дұрыс болар еді:

а) холинолитиктермен

б) седативтілермен

в) простогландиндермен

г) бета-блокаторлармен

+д) протонды помпа ингибиторларымен

 

8. Аталған созылмалы гастриттердің ішіндегі балаға тән түрі:

а) аутоиммунды

б) эозинофилді

в) гранулематозды

+г) хеликобактерлі

д) химиялық

 

9. Асқорыту ағзаларының созылмалы ауруларында хеликобактерлік инфекция рөлі дәлелденгені:

а) созылмалы эзофагит

+б) созылмалы гастрит

в) ішектің тітіркену синдромы

г) созылмалы холецистит

д) созылмалы панкреатит

 

10. Созылмалы гастрит дамуындағы басты жайттардың ішінде жатпайтыны:

а) тұқым қуалаушылық қиындығы

б) хеликобактерлік инфекция

+в) иммундық бұзылыстар

г) қышқыл пептикалық фактор

д) дуодено-гастральді рефлюкс

 

11. Геликобактер пилори қатысты асқазан шырышындағы дерті өзгерістерге жатпайтыны:

а) регенераторлық және васкулярлық бұзылыстар

б) қышқыл түзу артуы

в) эпиталиальды клеткалар апоптозының артуы

г) шырыш қабаты метаплазиясы

+д) шырыш түзу артуы

 

12. Төмендегі факторлардың хеликобактер пилори 12- елі ішекте орнығуына қатысы жоғы:

а) 12 елі ішектегі қабыну үдерісі

б) 12 елі ішектегі нервтік реттелу бұзылысы

в) 12 елі ішектегі шырыштағы метаплазия ошақтары

г) асқазанның антралды бөлігіне көптеп жұғуы

+д) гастроэзофагальды рефлюкс болуы

 

13. Асқазанның шырыш қорғаныс факторларына жатпайтыны:

а) тиісті мөлшерде асқазан шырышы бөлінісі

б) бикарбонаттардың белсенді түзілісі

+в) гастриннің белсенді түзілісі

г) шырыштың жақсы қандануы

д) шырыштың жақсы регенерациясы

 

14. ГЭРА – ның өңештен тыс белгілеріне жатпайтыны:

а) өкпелік

б) жүректік

в) стоматологиялық

+г) бауырлық

д) отоларингологиялық

 

15. ГЭРА-на диагноз қоюдың «алтын стандарты» болып табылатын зерттеу әдісі:

+а) эндоскопия

б) УДТ

в) рентгенография

г) сцинтиграфия

д) манометрия

 

16. ГЭРА ауыр ағымындағы байқалатын асқынуларға жатпайтыны:

а) пептикалық жара

б) Баррет ауруы

в) өңеш стриктурасы

г) пневмония

+д) холецистит

 

17. ГЭРА-мен науқастан төмендегі нұсқаулардың біреуінен басқасын жасауы керек:

а) көп мөлшерлі тағам қабылдамау

+б) кофе, цитрусты қолдануын көбейту

в) тамақтан соң жатпау

г) түнге қарай тамақтанбау

д) газдалған сусын қолданбау

 

18. Ойық жара ауруында басты клиникалық синдром:

а) диспепсиялық

б) астено-вегетативті

+в) аурулық

г) диэнцефалды

д) кардиалгиялар

 

19. Ойық жара асқазанда орналасқанда тамақ түскеннен соңғы ауыру сезімінің сипатын нақтылаңыз:

а) ашқарындық

б) түнгі

в) кеш

+г) ерте

д) тұрақты

 

20. Ойық жара ауруының ең жиі асқынуларының бірі:

а) қарынға кіре берістіі (привратник) стенозы

б) перфорация

в) пенетрация

+г) асқазан, ішектен қан кету

д) ісікке ауыс (малигнизация)

 

21. Балалар созылмалы гастритінде хеликобактерлік инфекция эррадикациялаудың ең тиімді тәсілі:

а) моноем

б) симптоматикалық

в) 2 компонентті

+г) 3 компонентті

д) 4 компонентті

 

22. Хеликобактерлік инфекцияға диагноз қоюдың «алтын стандарт» болып табылатын тәсілін көрсетіңіз:

а) уреаздық

б) биохимиялық

+в) гистологиялық

г) бактериологиялық

д) иммунды+ферментті

 

23. Геликобактер пилори эррадикациялануының бақылауын жүргізудің ең тиімді мерзімін көрсетіңіз:

а) ем курсы аяқталасымен

+б)емнен 4-6 апта өткен соң

в) емнен 1-2 апта өткен соң

г) емнен 6 ай өткен соң

д) емнен 12 ай өткен соң

 

24. Н2 гистаминдік рецепторлары блокаторына жататын дәріні таңдаңыз:

а) омез

+б) ранитидин

в) пантопразол

г) лаксопразол

д) рабепразол

 

25. Протондық помпа ингибиторын таңдаңыз:

а) роксотидин

б) ранитидин

в) фамотидин

+г) омез

д) низатидин

 

26. H.p эррадикациясын жүргізуде қолданылатын дәрілерге жатпайтыны:

а) антибиотиктер

б) Н2 гистаминдік рецепторлар блокаторы

в) протондық помпа ингибиторы

г) висмут дәрілері

+д) антигистаминдік дәрілер

 

27. Билиарлық тракт дисфункциясы қалыптасыуының негізгі патогенетикалық жайты:

а) тамақтану режимі бұзылысы

б) гормонды дисбаланс

+в) вегетоневроз

г) тұқым қуалаушылық қиындықтары

д) глистік инвазиялар

 

 

28. Мынандай симптомдар жинағы: оң жауырын, оң иыққа берілетін оң қабырға аймағындағы ұстамалы ауыру сезімі тән жағдайды көрсетіңіз:

+а) өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипертониясы

б) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипотониясы

в) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипертониясы

г) өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипотониясы

д) созылмалы холецистит, ремиссия кезеңі

 

29. Мына ауру синдромы ең тән жағдайды көрсетіңіз: тұрақты, күшті емес, оң қабырға астының сыздап ауыруы. Осы аймақта анда санда ауырлық, керу сезімі:

а) өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипертониясы

б) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипотониясы

+в) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипертониясы

г) өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипотониясы

д) созылмалы холецистит, ремиссия кезеңі

 

30. Созылмалы гастродуоденитті шақыратын экзогендік жайттарға жатпайтыны:

а) кортикостероидтар қабылдау

б) СЕҚҚД (НПВП)

в) лямблиоз

+г) дуодено-гастралды рефлюкс

д) геликобактер пилори

 

31. «Сидней жүйесіне» сай гастриттерді формасы бойынша жіктелуге жатпайтыны:

а) гранулематозды

б) жедел

в) созылмалы

г) эозинофилді

+д) атрофиялық

 

32. Гастродуодениттердің эндоскопиялық вариантына жатпайтыны:

+а) гранулематозды

б) беткейлі

в) эрозивті

г) гиперпластикалық

д) атрофиялық

 

33. Билиарлық тракт дисфункциясына тән емесі:

а) аурулық

б) диспепсиялық

+в) холестатикалық

г) астеновегетативті

д) интоксикациялық

 

34. Билиарлық тракт дисфункциясы диагнозын қоюда аталған тәсілдердің ішінен ең сенімдісін көрсетіңіз:

а) рентгендік

+б) ультрадыбыстық

в) биохимиялық

г) сцинтиграфия

д) дуоденалды зондтау

 

35. УДГ жүргізгенде өт қабының көлемі өт айдағыш астан кейін 1 сағаттан соң 2/3 кеміді. Өт қабының қимыл қабілетіне баға беріңіз:

а) қалыпты

б) аралас

в) гипотония

+г) гиперкинезді

д) гипокинезді

 

36. УДГ жүргізгенде өт қабының көлемі өт айдағыш астан кейін 1 сағаттан соң 1/3 кеміді. Өт қабының қимыл қабілетіне баға беріңіз:

+а) гипокинезді

б) гиперкинезді

в) гипотония

г) аралас

д) қалыпты

 

37. Созылмалы холецистохолангит қалыптасуына төмендегі факторлардың ішінен ең мәндісі:

+а) бактериалдық инфекция

б) вирустық инфекция

в) патогенді саңырауқұлақтар

г) қарапайымдылар

д) зат алмасу бұзылысы

 

38. Созылмалы холецистохолангиттің ауырулық синдром сипаты көп жағдайда байланысты:

а) бала жасына

б) қоздырғыш патогендігіне

+в) өт жолдары дискинезиясының типіне

г) макроорганизм реактивтілігі дәрежесіне

д) бала жынысына

 

39. Төмендегі аталған белгілердің созылмалы холецистохолангитке тән емесі:

а) Кэр, Образцов

+б) Мендель

в) Харитонов, Лейпине

г) Ортнер, Греков

д) Мерфи

 

40. Созылмалы холецистохолангиттің ең сенімді тексеру тәсілін көрсетіңіз:

а) сцинтиграфия

б) дуоденді зондтау

в) өтті биохимиялық тексеру

г) холецистогрфия

+д) ультрадыбыстық

 

41. Өттің УДТ тексеру қорытындысы: өт қабы қабырғасының қалындауы мен қатаюы; қосымша эхосигналдар. Өт қабы тұсында үлпектерінің мол болуы. Ең мүмкін болатын диагноз:

+а) созылмалы холецистит

б) жедел холецистит

в) өт қапшығының гиперкинезиясы

г) өт қапшығының гипокинезиясы

д) Одди сфинктерінің дисфункциясы

 

42. Созылмалы холецистохолангит өршуінде бірінші кезекте тағайындалатын емдеу әдісін көрсетіңіз:

а) спазмолитиктер

б) физиоем

в) витаминемі

+г) антибактериалды ем

д) өт айдағыш дәрілер

 

43.Өт қабының ең жиі кездесетін даму аномалиясы:

а) сандық

+б) формалық

в) оналасуы

г) көлемдік

д) құрылымдық

 

44. Бауыр қөлемінің үдемелі ұлғаюы, қақпа венасының гипертензиясы көрінісі, іштің ұлғаюы және ішек парезі төменде аталған аурулардың біреуіне басымдылықпен тән:

а) жедел холецистит

б) созылмалы холецистит

+в) өт жолдарының атрезиясы

г) гипертониялық типті дискинезия

д) гипотониялық типті дискинезия

 

45. Өт-тас ауруы этиологиясының негізгі факторына жатпайтыны:

а) семіздік

б) қант диабеті

в) созылмалы гепатит

+г) физикалық жүктеме

д) ауыз су құрамы

 

46.Созылмалы гастрит диагноз қоюда мәндісі:

а) асқазан рентгенографиясы

б) pH-метрия

в) асқазанды зондтау

г) асқазанның компьютерлік томографиясы

+д) ЭФГДС гистологиямен

 

47.Ойық жара ауруына тән негізгі диспепсиялық симптомды көрсетіңіз:

а) лоқсу

+б) қыжыл

в) құсу

г) тағаммен кекіру

д) «шірік иісті» кекіру

 

48. Өт қышқылы түзілісінің төмендеуі, холестериннің өтте артуы, муцин гиперсекрециясы болуы төмендегі жағдайдың береуіне тән:

а) өт жолдары дамуы ақауы

б) өт қапшығы дамуы ақауы

в) билиарлы жол дисфункциясы

г) жедел холецистит

+д) холелитиаз

 

49. Холелитиаздың латентті және клиникалық сатыларына диагноз қоюды ең мәліметтті әдісі:

а) дистанционды және контактылы термография

б) өтті биохимиялық зерттеу

+в) ультрадыбысты зерттеу

г) пероральды холецистография

д) көктамыр ішілік холецистография

 

50. Холестеринді тас емінде ең таңдаулы дәрі:

+а) урсофальк

б) папаверин

в) холлагол

г) сорбит

д) никодин

 

51. Созылмалы холецистит емінде қабынуға қарсы ем ретінде қолданылмайтын дәрі:

а) фуразолидон

+б) трамал

в) цефазолин

г) амоксициллин

д) гентамицин

 

52. Созылмалы панкреатит дамуы себебіне жатпайтын жайт:

а) инфекциялық

б) анатомиялық аномалия

в) обтурациялық

+г) алкогольдік

д) генетикалық

 

53. Созылмалы панкреатит патогенезінің дәлелді және ең мәнді факторын көрсетіңіз:

+а) гиперферментемия

б) микроциркуляция бұзылысы

в) тотықтыру стресі

г) литостатин түзілісінің кемістігі

д) гемостаз жүйесінің XII факторының белсенуі

 

54. Созылмалы панкреатиттің шығу тегі және ағымы бойынша жіктелуіне жатпайтыны:

а) біріншілік

б) екіншілік

в) рецидивті

г) латентті

+д) обструктивті

 

55. Созылмалы панкреатиттің ауыру синдромының сипатына жатпайтыны:

а) үдемелі

б) еңкейгенде азаюы

+в) ашқарында болатын

г) бел аймағына берілетін

д) тамақтанғаннан соң күшеюші

 

56. Рецидивті панкреатитте болатын басым симптом:

а) полифекалия

+б) іш аймағындағы ауыру сезімі

в) лоқсу

г) қышқыл дәмнің келуі

д) нәжістің сұйылуы

 

57. Созылмалы панкреатитке тән диспепсиялық синдром:

а) шірік иісті кекіру

б) қыжыл

в) тәбеттің жоғарылауы

г) тәбеттің төмендеуі

+д) нәжісінің өзгеруі

 

58. Созылмалы панкреатитте үнемі аурумен жүретін көріністеріне жатпайтыны:

а) метеоризм

+б) қышқылды кекіру

в) полифекалия

г) стеаторея

д) сасық иісті нәжіс

 

59. Созылмалы панкреатитке тән симптомды атаңыз:

а) Кер, Образцов

+б) Кач

в) Харитонов, Лепине

г) Ортнер, Греков

д) Мерфи

 

60. Объективті: іштің пальпациясында созылмалы панкреатитте ең жиі анықталатын симптомына жатпайтыны:

а) Керт

б) Гротт

в) Мейо-Робсон

+г) Ортнер, Греков

д) Кач

 

61. Созылмалы панкреатиттің латенттік формасында келесі белгі анықталады:

+а) ұйқы безінің пальпаторлы ауыру сезімі

б) полифекалия

в) метеоризм

г) ұйқы безі аймағындағы ауыру сезімі

д) нәжісі сасық, ботқа тәрізді

 

62. Созылмалы панкреатит өршуінің қай кезеңінде ұйқы безі ферментінің белсенділігін анықтау ең мәліметті болып табылады:

а) алғашқы 10 сағат

б) алғашқы 2 сағат

в) алғашқы 6 сағат

+г) 12-24 сағаттан соң

д) 48-72 сағаттан соң

 

63. Созылмалы панкреатитке диагноз қоюдың «алтынды стандарт» зерттеу әдісіне жататыны:

а) дистанционды және контакты сұйық кристалды термография

б) компьютерлік томография

в) ультрадыбысты зерттеу

г) радионуклидті сканирлеу

+д) эндоскопиялы ретроградты панкреатохолангиография

 

64. Созылмалы панкреатитте ұйқы безінің зақымдалуының эхографиялық белгілеріне жатпайтыны:

а) эхогенділігі гомогенді

б) фиброз, ошақтық әктену

+в) контуры анық, өлшемі жасына сәйкес

г) ұйқы безі бөлігінің жергілікті ұлғаюы

д) ұйқы безінің диффузды ұлғаюы

 

65. Созылмалы панкреатит өршуінің алғашқы 2-3 күніне тиімді емдәм:

а) №1 емдәм

+б) тамақтануды тоқтату

в) №2 емдәм

г) №5 емдәм, үгітілмеген нұсқа

д) №5 емдәм, үгітілген нұсқа

 

66.Ауыр панкреатитте ұйқы безінің қызметін басып тұру үшін мына дәріні тағайындаған дұрыс:

а) преднизолон

б) контрикал

в) мезим-форте

г) квамател

+д) сандостатин

 

67. Созылмалы панкреатиттің өршу кезіндегі аурулық синдромды басу үшін ең тиімді дәрі:

+а) баралгин

б) контрикал

в) фамотидин

г) окреотид

д) преднизолон

 

68. Созылмалы панкреатитте ауыру сезімі сақталса, қандай дәрі тағайындау тиімді:

а) антигистаминдікдер

+б) анальгетиктер

в) панкреатикалық ферменттер

г) Н2-гистамин блокаторлар ы

д) антипротеазалар

 

69. Созылмалы панкреатитте ферменттермен орынтолтыру емі келесі жағдайда жүргізілмейді:

а) күнделікті майдың 15 г-нан көп бөлінуі

б) науқастың дене массасы созылмалы төмендеуі

в) тұрақты полифекалия

+г) копрограммада анықталатын стеаторея

д) метеоризм

 

70. Төмендегі аталған аурулардың қайсысы ішек моторикасының бұзылуымен шартталған:

а) муковисцидоз

+б) созылмалы іш қату

в) созылмалы колит

г) целиакия

д) Крон ауруы

 

71. Созылмалы колит диагнозын егер тән клиникалық симптоматика келесі зерттеулердің нәтижесімен үйлесіп жүрсе, қоюға болады:

а) ирригография

б) ректороманоскопия

в) колоноскопия

+г) гистология

д) копрограмма

 

72. Арнайы емес жаралы колиттің ең көрнекті клиникалық симптомы:

+а) гемоколит

б) субфебрилитет

в) іштің ауыру сезімі

г) лоқсу мен құсу

д) дене салмағын жоғалту

 

73. Арнайы емес ойық жаралы колит диагнозын қою үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі:

а) жалпы қан сынағы

б) биохимиялық қан сынағы

+в) колонофиброскопия

г) копрологиялық зерттеу

д) кіші жамбас ағзаларын УДТ

 

74. Арнайы емес ойық жаралы колитке тән клиникалық симптомдарға жатпайтыны:

а) дене салмағын жоғалту

б) субфебрилитет

в) үлкен дәреттің жиілеуі

г) нәжісте қан және шырыш

+д) фонтанды құсу

 

75. Арнайы емес ойық жаралы колиттің ауыр формасында байқалмайтын симптом:

а) тенезмдер

б) 10 және одан көп үлкен дәрет

+в) дене қызуы қалыпты

г) нәжісте қан, шырыш, ірің

д) дене салмағын жоғалту

 

76. Арнайы емес жаралы колиттің жергілікті асқынуына жатады:

а) түйінді эритема

+б) ішектен қан кету

в) сепсис

г) артрит

д) холангит

 

77. Арнайы емес жаралы колиттің жергілікті асқынуына жатады:

+а) токсикалық мегаколон

б) эндокардит

в) холангит

г) түйінді эритема

д) сепсис

 

78. Арнайы емес жаралы колиттің жалпы асқынуларына жатады:

а) ішек перфорациясы

б) малигнизация

+в) сепсис

г) ішектен қан кету

д) токсикалық мегаколон

 

79. Арнайы емес жаралы колитпен ауыратын науқасты емдеудегі дәрі таңдамалы:

а) сульфасалазин

б) салазопиридазин

в) сульфапиридин

+г) салофальк

д) урсофальк

 

80. Арнайы емес жаралы колитте 2 апта бойы 5-АСК препаратының әсері болмауына байланысты тағайындалатыны:

а) альфа-интерферон

+б) преднизолон

в) азатиоприн

г) метатрексат

д) ципрофлоксацин

 

81. Арнайы емес ойық жаралы колиттің дистальды формаларының жергілікті емінде клизма арқылы тағайындалатыны:

а) имодиум

б) 6-меркаптопурин

в) азатиоприн

+г) будесонид

д) висмут

 

82. Арнайы емес жаралы колитте циклоспорин А-ны тағайындаудың көрсеткіш:

а) айқын гемоколит

+б) гормонға тәуелділік

в) тотальды колит

г) белсенділіктің жоғарғы дәрежесі

д) жергілікті асқынулар

 

83. Тоқ ішектің микроб биомассасының дене массасына шаққандығы ара-қатынасы:

+а) 5%

б) 0,05%

в) 0,5%

г) 1%

д) 2%

 

84. Төменде аталғандардың ішінен тоқ ішектегі ең көп болатын микроорганизмдер:

а) лактобактериялар

б) бактероидтар

в) эшерихийлер

+г) бифидумбактериялар

д) саңырауқұлақтар

 

85. Тоқ ішек микрофлорасындағы бифидумбактериялардың қалыпты саны (КОЕ/г фекалий):

а) 104-105

+б) 109-1010

в) 105-106

г) 107-108

д) 102-103

 

86. Дисбактериоз диагнозын қою үшін ең қолайлы зерттеу әдісі:

а) тоқ ішектің шырышты қабатының биоптаты

+б) фекальды микрофлораның құрамы

в) тік ішек шырышты қабатының жағыны

г) ішектің шырышты қабатының жуындысы

д) аш ішектің шырыш қабатының биоптаты

 

87. Дисахаридті жетіспеушілік аталған барлық ферменттердің тапшылығынан дамиды, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

+а) энтерокиназа

б) лактаза

в) инвертаза

г) мальтаза

д) трегалаза

 

88. Мальабсорбция синдромының энтероцеллюлярлы типіне мына аурулар жатады, біреуінен басқасы:

а) целиакия

б) лактазды жетіспеушілік

в) трегалазды жетіспеушілік

г) сахараза-изомальтаза жетіспеушілігі

+д) экссудативті энтеропатия

 

89. Сахаридтердің қай түрін көтере алмауда зәрмен D–ксилоза экскрециясының төмендеуі тән:

а) лактоза

б) сахароза

в) мальтоза

г) трегалоза

+д) глюкоза

 

90. Біріншілік глюкоза көтере алмауының негізінде жатқан фактор:

а) ұйқы безінің инкреторлық функциясының жетіспеушілігі

б) лактаза жетіспеушілігі

+в) энтероцит мембранасы арқылы глюкоза тасымалдаушының айқын ақауы

г) инвертаза жетіспеушілігі

д) мальтаза жетіспеушілігі

 

91. Тұқым қуалайтын біріншілік фруктоза көтереалмаушылық негізінде жатқан ететін фактор:

а) ұйқы безінің инсулярлы жетіспеушілігі

+б) энтероцит мембранасы арқылы фруктоза тасымалдаушының айқын ақауы

в) сахараза жетіспеушілігі

г) жеміс жидек пен шырынды шамадан тыс пайдалану

д) мальтаза жетіспеушілігі

 

92. Целиакиямен ауыратын науқастар қай дәнді дақылдарды жақсы қабылдайды:

а) бидай

б) арпа

в) сұлу

+г) жүгері

д) тары

 

93. Целиакияның негізгі ем әдісі:

а) иммуномодулдеуші терапия

б) орынбасушы фермент емі

в) электролитті баланс коррекциясы

+г) аглиадинді диета

д) гормональді ем

 

94. Муковисцидозда кезіндегі мына келтірілген ем әдістерінің ішінде қолданылмайтыны:

а) орынбасушы фермент емі

б) муколитикалық ем

в) антибактериалды ем

г) постуралды дренаж және вибромассаж

+д) гормональды ем

 

95. Экссудативті энтеропатияда емдәмде ненің ең көбеюі мәнді:

а) көмірсулар құрамы

б) майлар мөлшері

+в) тағамдағы белок мөлшері

г) жалпы калораж

д) сұйықтық көлемі

 

96. Ішек тітіркенісі синдромы (ІТС) симптомокомплексіне кірмейтіні:

а) 3-айдан астам функционалды бұзылыстар

+б) локальды іш ауыруы

в) дефекациядан кейін іш ауыруының азаюы

г) метеоризм, іш шұрылы

д) іш өтуі мен қатаюының бірінен соң бірі болуы

 

97. Басты клиникалық белгісіне байланысты ішек тітіркену синдромының келесі түрі айқындалады:

а) оң мықын жағында ауыру сезімі басым

+б) диарея басым

в) локальды ауыру эпигастрийде басым

г) лоқсу мен құсу басым

д) субфебрилитет басым

 

98. Басты клиникалық белгісіне байланысты ішек тітіркену синдромының келесі түрі айқындалады:

+а) іш ауыруы мен метеоризм басым

б) субфебрилитет басым

в) қыжыл басым

г) аэрофагия басым

д) лоқсу мен құсу басым

 

99. Ішек тітіркену синдромының этиологиясында аталған мәнді факторлар ішінен жатпайтыны:

а) генетикалық

б) нейрогенді бұзылыстар

в) тамақ талшықтарын мол қабылдау

+г) көмірсулық тағамдану типі

д) тоқ ішек рецепторлары сезімталдығы жоғарылауы

 

100. Ішек тітіркену синдромы диагнозын дәлелдеу үшін қажет емесі:

а) копрограмма

б) Грегерсен реакциясы

в) ирригография

+г) ФЭГДС

д) колоноскопия

 

101. Ішек тітіркену синдромымен байланысты іш қатуларда тамақтану рационына қосу ұсынылады:

+а) тағамға талшықтар қолдану

б) жаңа піскен жеміс-жидектерді шектеу

в) сұйық шектеу

г) майларды шектеу

д) тамаққа шынайы тазартылған тағамдарды қолдану

 

102. Ішек тітіркену синдромының диарея басым түрінде ұсынылатыны:

а) тағамда тамақ талшықтарын қолдану

б) тағамда майларды арттыру

в) увеличение потребления жидкоститағамда сұйықты көбейту

+г) жаңа піскен жеміс пен көкөністерді шектеу

д) тамаққа шынайы тазартылған тағамдарды шектеу

 

103. Ішек тітіркену синдромының іш қатуы басым түрінде қажет емесі:

а) форлакс

б) лактулоза

+в) имодиум

г) мукофальк

д) дюфалак

 

104. Ішек тітіркену синдромының іш өтуі басым түрінде қажет емесі:

а) дюфалак

+б) смекта

в) мукофальк

г) форлакс

д) лактулоза

 

105. Ішек тітіркену синдромының Римдік диагноздық шарттарына төмендегі аталған белгілер ішінен жатпайтыны:

+а) нәжісте шырыш пен қан араласуы

б) іш өткен соң іш ауыруының азаюы

в) кеселдің 3 ай бойы не одан аса тынымсыз ағымы

г) нәжіс жиілігімен байланысы

д) іш қолайсыздығының 3 айдан аса созылуы

 

106. Ішек тітіркену синдромын көрсететін клиникалық симптомдар, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

а) нәжіс жиілігінің бұзылысы

б) нәжіс жағдайының бұзылысы

+в) тынымсыз диарея

г) нәжіс пассажы бұзылысы

д) іш кебуі не іш керілуі

 

107. Созылмалы іш қатуылардың қосымша шарттарына жатпайтыны:

а) дефекация кезінде күшену

б) нәжіс жұғысы не энкопрез эпизодтары

в) ауық-ауық нәжістің көп мөлшерде бөлінуі

г) ішек бойында қолға білінетін нәжіс массасы

+д) физикалық даму бұзылыстары, дене массасын жоғалту

 

108. Созылмалы іш қатуы көріністерінің стандартты шарттарына жатпайтыны:

+а) ішінің локальды ауыру сезімі

б) нәжіс қатаюы, түйірлі болуы

в) аптасына дефекация (іш өтуі) 2 не одан сирек

г) ішек босауының толық болмау сезімі

д) күшену дефекация мерзімінің ¼ алады

 

109. Ішек тітіркену синдромында арнайы емес белгілердің ішінен жатпайтыны:

а) шаршау

б) әлсіздік

в) бас ауыруы

г) тітіркенгіштік

+д) салмақ жоғалту

 

110. «Ішек тітіркену синдромы диагнозын қоюға жүргізілетін тәсілдердің ішінен ең тиімдісі:

а) ішек рентгенографиясы

+б) ирригография

в) іш қуысы ағзаларын УДТ

г) дуоденді зондтау

д) ФЭГДС

 

111. Созылмалы іш қатуға әкелетін аталған факторларға жарамайтыны:

а) нерв және эндокринді реттелу бұзылыстары

б) дефекацияға шақыру сезімі тежелуі

+в) алиментарлық фактор

г) ішек биоценозы

д) гиподинамия

 

112. Созылмалы іш қатудың жалпы көрінісіне жайтпайтыны:

а) тері құрғақтығы

+б) тері гипергидрозы

в) ауыздық(тар)

г) тері түлеуі

д) іш ауыруы

 

113. Іш қатуды емдік реттеудің бір шарты:

+а) ішектік транзитті қалыптастыру

б) тағамда жаңа піскен жеміс-жидектерді шектеу

в) антибактериалды ем

г) физикалық жүктемені шектеу

д) тамаққа аса тазартылған тағамдарды қолдану

 

114. Балалар тәжірибесінде іш қатуды реттеуде қолданылмайтын дәрі:

а) вазелин майы

б) лактулоза

в) дюфалак

г) мукофальк

+д) кастор майы

 

115. Ұйқы безі дренажының бұзылысына себептеріне жатпайтыны:

а) Одди сфинктерінің спазмы

+б) арнайы емес жаралы колит

в) өт шығару жолдарының дискинезиясы

г) алиментарлық факторлар

д) жалпы өт жолдарының ішіне аскаридалар енуі

 

116. Созылмалы панкреатиттің өршуінде барлық симптомдар байқалады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

+а) Ортнер

б) Кер

в) Кач

г) Де-Жарден

д) Мейо-Робсон

 

117. Созылмалы панкреатиттің өршуін нақтылауға қанда келесілерді анықтау мүмкіндік береді:

а) АЛТ және АСТ

б) калий және натрий

+в) амилаза және липаза

г) мочевина және креатинин

д) кальций және фосфат

 

118. Жедел панкреатиттің ауыр формасында ферментативті токсемияны азайту үшін келесі дәріні қолданады:

а) креон

б) 10% альбумин

в) мезим форте

г) панзинорм

+д) контрикал

 

119. Панкреатиттің созылмалы формасына ауысуына әкелетін факторға жатпайтыны:

а) генетикалық бейімділік

б) атопиялық диатез

в) дисметаболикалық бұзылыстар

г) ұйқы безінің ұзақ мерзімдіобструкциясы

+д) эпидемиялық паротит

 

120. Созылмалы панкреатиттің жіктелуіне кірмейтіні:

а) рецидивті

+б) обструктивті

в) тұрақты ауыру сезімімен

г) біріншілік

д) латентті

 

121. Созылмалы панкреатиттің өршуіне тән емес клиникалық белгілер:

а) іштің ұстамалы ауыру сезімі

б) қайтамалы құсу

в) жүрек айнуы, қышқыл дәм сезімі

+г) мойнингамдық ритмді ауыру сезімі

д) сасық, майлы нәжіс

 

122. Ұйқы безінің экскреторлық жетіспеушілік синдромы жиі келесі копрологиялық көріністердің бірімен жүреді:

а) өт талшықтарының көбеюі

+б) бейтарап май көбеюі

в) крахмал көбеюі

г) май қышқылы көбеюі

д) эритроциттердің анықталуы

 

123. Рецидивті созылмалы панкреатитке тән емес клиникалық симптомдар:

а) өршу және ремиссия кезеңінің кезектесуі

б) ауыру сезімі емдәм бұзумен байланысты

в) ауыру сезімі лоқсу, құсумен жүреді

г) Керте, Кач симптомдары оң «+»

+д) Кер, Ортнер симптомдары оң «+»

 

124. Созылмалы панркеатит диагнозы келесі лабораториялық сынақтар көмегімен қойылады, біреуінен басқа:

а) қанда амилаза деңгейі жоғары

б) қанда липаза деңгейі жоғары

+в) гипергликемия

г) стеаторея

д) креаторея

 

125. Созылмалы панркеатиттің өршуіндегі тағайындалатын емдәм:

а) №1А

б) №1

в) №4

г) №7

+д) №5

 

126. Бейспецификалық жаралы колиттің ауыр формасында эндоскопияда анықталатыны:

а) дисталды колит

б) сол-жақты колит

в) проктит

+г) тотальды колит

д) проктосигмоидит

 

127. Бейспецификалық жаралы колитте биохимиялық қан сынағында анықталмайтыны:

а) гипоальбуминемия

б) гиперглобулинемия

в) СРБ «+»

+г) гипергликемия

д) сиал қышқылы жоғары

 

128. Бейспецификалық жаралы колитте эндоскопияда шырышты қабаттың өзгерісі анықталады, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

а) айқын гиперемия

б) қаптардың қалыңдауы және тегістелуі

в) жанаспалы қанаққыштық

г) беткейлі жара және эрозия

+д) «тас төсеу» рельефі

 

129. Бейспецификалық жаралы колиттің емдәмі:

а) құрамында майы жоғары

б) аз белокты

+в) құрамында белогы жоғары

г) тұзсыз

д) сүтқышқылды

 

130. Бейспецификалық жаралы колит емдәмінде келесі тағам алып тасталады:

а) ет

б) сары май

в) жұмыртқа

г) балық

+д) жаңа піскен жидектер

 

131. Бейспецификалық жаралы колиттің инфекциялық асқынуының антибактериалды емінде қолданылмайтыны:

а) метронидазол

б) фуразолидон

в) интертрикс

г) гентамицин

+д) пенициллин

 

132. 14 жастағы қыз. Майлы тамақ жегеннен 4 сағаттан соң солжақ қабырға астында ұстамалы тәрізді ауыру сезімі, лоқсу, көп реттік құсу пайда болды. Құсу жеңілдік әкелмейді. Объективті қарау кезінде Мейо-Робсон нүктесінде кенеттен ауыру сезімі анықталады. Болжам диагнозын қойыңыз:

а) жедел аппендицит

б) жедел холецистит

+в) жедел панкреатит

г) жедел гастрит

д) жедел холангит

 

133. Қыз 14 жаста. Майлы тағам қабылдағаннан 4 сағаттан кейін сол қабырға астында ұстамалы ауыру сезімі, лоқсу, қайталамалы құсу пайда болды. Құсу жеңілдік әкелмейді. Объективті тексеруде Мейо-Робсон нүктесінде ауыру сезімі анықталды.

Диагнозы дәлелдеу үшін қанның қандай биохимиялық тексеруі қажет:

а) АСТ, АЛТ

+б) амилаза

в) жалпы белок, СРБ

г) қант

д) креатинин

 

134. Қыз 14 жаста. Майлы тағам қабылдағаннан 4 сағаттан кейін сол қабырға астында ұстамалы ауыру сезімі, лоқсу, қайталамалы құсу пайда болды. Құсу жеңілдік әкелмейді. Объективті тексеруде Мей-Робсон нүктесінде ауыру сезімі анықталды.

Науқас емінде қолданылмайтыны:

а) контрикал

б) баралгин

в) квамател

г) 10% альбумин ертіндісі

+д) преднизолон

 

135.Ұл бала 2 жас 5 айлық. 1 апта бойы ауырып жүр, ішінде ауыру сезімі пайда болды, нәжісі күніне 3 рет. Соңғы екі күнде іштегі ауыру сезімі күшейді, әсіресе дефекация алдында ұстама тәрізді. Температурасы қалыпты.

Төменде келтірілгендерден мүмкін диагнозды көрсетіңіз:

а) жедел ішек инфециясы

+б) арнайы емес жаралы колит

в) тік ішектің полипі

г) дисбактериоз

д) дизентерия

 

136. Ұл бала 2 жас 5 айлық. 1 апта бойы ауырып жүр, ішінде ауыру сезімі пайда болды, нәжісі күніне 3 рет. Соңғы екі күнде іштегі ауыру сезімі күшейді, әсіресе дефекация алдында ұстама тәрізді 4-ке дейін жиілеуі, ботқа тәрізді қан түйіршіктерімен. Температурасы қалыпты.

Осы аурудың базистік емінде қолданылатын дәріні көрсетіңіз:

+а) cалофальк

б) азатиоприн

в) сандиммун

г) преднизолон

д) альфа-интерферон

 

137. Бала 14 жаста. Ауырғанына 3 жыл. Майлы тағамнан соң ішінде ауыру сезімі, лоқсу, құсу болады. Кезекті, көп мөлшерде майлы тағам қабылдағаннан соң орамалы ауыру сезімі, құсу, қан аралас іші өтті. Объективті: ішті пальпациялағанда пилородуоденальды аймақта ауыру сезімі. Кач, Мейо-Робсон симптомдары оң (+). Нәжісі майлы, ботқа тәрізді. ЖҚА: нейтрофильді лейкоцитоз, СОЭ жоғары. Қан биохимиясында - амилаза белсенділігі жоғары.

Мүмкін диагнозы:

а) өршу фазасындағы ойық жара ауруы

б) ӨЖЖД (ДЖВП), гипертоникалық типі

в) созылмалы холецистит, өршуі

+г) созылмалы панкреатит, өршуі

д) созылмалы гастродуоденит, өршуі

 

138. Бала 13 жаста. Болжам диагноз: арнайы емес жаралы колит. Диагнозды нақтылау үшін сенімді тексеру тәсілі:

а) құрсақ қуысы ағзаларын УДТ

+б) колонофиброскопия

в) ректороманоскопия

г) фиброэзофагогастроскопия

д) құрсақ қуысы ағзаларының рентгенографиясы

 

139. Қыз 11 жаста. Тексеруден соң жедел панкреатит диагнозы қойылды. Шешуші диагноз қоюға төмендегі зерттеулердің қайсысы көмектеседі?

а) дуоденальді зондылау

б) копрограмма

в) фиброгастроскопия

+г) ұйқы безі ферменттерінің деңгейі

д) құрсақ қуысы ағзаларының рентгенографиясы

 

140. Ұл бала, 14 жаста. Шағымы іштегі ауыру сезіміне, нәжісі қан аралас. Ирригографияда арнайы емес жаралы колиттің ерте эндоскопиялық симптомы табылған. Бұл қандай белгі?

а) ішек қабырғасының қалыңдауы

+б) шырыштың қаңталауы, дәнділігі

в) жалпы полипоз

г) шырышты қабаттағы жаралар мен эрозиялар

д) гаустралар болмауы

 

141. Жедел холециститке тән симптомдар кешенін көрсетіңіз:

а) іштегі ауыру сезімі, сұйық нәжіс, метеоризм

+б) оң қабырға доғасы астындағы ауыру сезімі, лоқсу, құсу

в) эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, лоқсу, қыжыл

г) орама тәрізді ауыру сезімі, қайталамалы құсу

д) гипогастрий аймағындағы ауыру сезімі, тенезмдер, сұйық нәжіс

 

142. Жедел холециститтің негізгі клиникалық симптомдарына жатайтыны:

а) лоқсу, құсу

б) фебрильді дене қызуы

в) ұстама тәрізді ауыру сезімі

+г) үлкен дәреті жиі

д) оң жақ қабырға доғасы астындағы ауыру сезімі

 

143. Арнайы емес жаралы колитті ең алдымен келесі аурулардан ажыратады, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

а) Крон ауруы

б) жедел дизентерия

в) ішек амебиазы

+г) панкреатит

д) ішек инвагинациясы

 

144. Крон ауруына келесі эндоскопиялық көрініс тән:

а) шырыш қабатының дәнділігі

+б) патологиялық және қалыпты аймақтардың кезектесуі

в) қантамыр суретінің жоғалуы

г) жанаспалы қанаққыштық

д) терең емес жаралар және эрозиялар

 

145. Крон ауыруына тән эндоскопия көрінісі:

+а) терең афтозды жаралар

б) шырышты ісінуі және гиперемиясы

в) қантамыр көрінісінің жоғалуы

г) жанаспалы қанаққыштық

д) жалған полипоз

 

146. Арнайы емес жаралы колиттегі диарея емінде қолданылмайтын дәрі:

+а) эссенциале

б) танальбин

в) висмут

г) емен қабығы қайнағы

д) гранат қабығы қайнағы

 

147. Жаралы емес диспепсия еміндегі дәрі тобын таңдаңыз:

а) антацидтер

б) антибиотиктер

+в) прокинетиктер

г) протондық помпа ингибиторлары

д) гистаминнің Н2-рецептор блокаторлары

 

148. Созылмалы гастрит диагнозын нақтылау үшін міндетті түрде жүргізеді:

а) ФГДС

б) ИФА

+в) асқазан шырышты қабатының гистологиясы

г) уреазды тест

д) тыныстық тест

 

149. Маастрих келісіміне сай геликобактериялы гастриттің этиологиялық емінде үштік ем бағдарламасына кіретін дәрілер қосындысын атаңыз:

а) гентамицин, алмагель, мотилиум

+б) амоксицилин, омепразол, метронидазол

в) кларитромицин, пилорид, мотилиум

г) де-нол, ранитидин, пенициллин

д) рабепразол, висмут-цитрат, трихопол

 

150. НР емінің тиімді нобайында қолданылмайтын дәрілер қосындысына жатпайтыны:

а) пантопразол, амоксициллин, кларитромицин

б) омепразол, амоксициллин, метронидазол

в) пантопразол, кларитромицин, метронидазол

г) азитромицин, амоксициллин, рабепразол

+д) церукал, висмут-цитрат, рабепразол

 

151. Ойық жара ауруының дамуына алып келетін фаторларға жатпайтыны:

а) қышқылды-пепсинді фактор

б) гастродуоденальды дисмоторика

+в) шырышты-бикарбонатты тосқауыл

г) тұқым қуалаушылық

д) хеликобактер пилори

 

152. Ойық жара ауруының асқынуына әкелмейтіні:

а) қан кету

+б) өт-тас ауруы

в) перфорация

г) пенетрация

д) асқазанның кіреберісі стенозы

 

153. Маастрих келісімі бойынша эрадикациялық үшкомпонентті ем хеликобактер пилоримен ассоцияланған мына ауруларда тағайындалады:

а) арнайы емес ойық жаралы колит

б) ойық жара ауруы

+в) гастродуоденит

г) холецистохолангит

д) созылмалы панкреатит

 

154. Маастрих келісімі бойынша эрадикациялық үшкомпонентті ем хеликобактер пилоримен ассоцияланған мына аурулар тағайындалады:

а) созылмалы гастрит

+б) ойық жара ауруы

в) созылмалы панкреатит

г) холецистит

д) гастро-эзофагальды рефлюкс

 

155. Клиникалық симптомдар кешені: жүрек айнуы, кекіру, құсу, эпигастрий аймағындағы тұрақты ауыру сезімі тән ауруды атаңыз:

а) гастро-эзофагальды рефлюкс

б) ойық жара ауруы

в) созылмалы панкреатит

г) жедел холецистит

+д) созылмалы гастрит

 

156. Клиникалық симптомдар кешені: жүрек айнуы, кекіру, құсу, эпигастрий аймағындағы тұрақты ауыру сезімі тән ауруды атаңыз:

а) жедел холецистит

б) созылмалы гастрит

в) жедел панкреатит

+г) ойық жара ауруы

д) жедел холецистит

 

157. Ұл бала, 12 жаста. Шағымы: жиі түндегі ұстамалы, шаншымалы, ауыру сезімі. Ауыру сезімі мына тип бойынша: ашқарынға ауру сезімі – тамақ қабылдағаннан кейін жеңілдену. Ауру сезімі арқаға, бел аймағына беріледі. Мендель симптомы оң (+). Мүмкін диагнозды табыңыз:

а) созылмалы холецистит, өршуі

б) жедел холецистит

+в) ойық жара ауруы, өршуі

г) жедел панреатит

д) созылмалы гастродуоденит, өршуі

 

158. Қыз бала, 12 жаста. Шағымы түнде оң жақ жауырынға берілетін оң жақ қабырға доғасы астындағы ауыру сезімі, тәбетінің жоғарылауы. Соңғы айда азып кетті. Объективті қарағанда пилородуоденальды аймақтағы күшті ауыру сезімі. Мендель симптомы оң (+). Алдыңғы құрсақ бұлшық-еттерінің шамалы қатаюы.

Мүмкін диагнозды табыңыз:

а) созылмалы гастрит

б) созылмалы холецистит, өршуі

в) жедел холецистит

г) жедел панкреатит

+д) он екі елі ішектің ойық жара ауруы

 

159. Төмендегі дәрілердің антихеликобактерлік әсері жағы:

а) кларитромицин

+б) мотилиум

в) амоксициллин

г) де+нол

д) метронидазол

 

160. 12-елі ішектің пиязшығы тұсында эндоскопияда анықталғаны: шырыш қабаты ісінген, гиперемиялы, түбі жалпақ эрозия, ақ сұр жабындымен қапталған. Дуодениттің морфологиялық көрінісіне аталған сипат тән:

а) беткейлі

б) гипертрофиялы

в) атрофиялы

г) аралас

+д) эрозиялы

 

161. Асқазанның секреторлық қызметін анықтауда ең сенімді әдісі:

а) ФГДС

+б) асқазан рН-метриясы

в) гистологиялық

г) уреаздық тест

д) ПТР (ПЦР)

 

162. Ұл бала, 13 жас. Полиартритке байланысты 2 ай бойы индометацин қабылдаған. Аяқ астынан эпигастрий аймағы ауырады, әлсіздік, бірнеше рет қошқыл түсті құсу пайда болды. Қарап тексергенде терісі бозғыл. Пульс 120/мин., АҚҚ 90/70 с.б. Іші пальпацияда жұмсақ, бұлшық ет кернелуі жоқ.

Болжам диагноз:

+а) жедел эрозивті гастрит

б) оң екі елі ішектің ойық жарасы

в) тағамдық токсикоинфекция

г) жедел холецистит

д) жедел панкреатит

 

163.Асқазан-ішек жолынан қан кетуге диагноз қоюда ең ақпаратты әдіс:

а) АІЖ бариймен рентгеноскопиясы

б) құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

в) құрсақ қуысы ағзаларын УДТ

+г) ЭФГДС

д) нәжісті жасырын қанға тексеру

 

164. Геликобактер пилори анықтаудың инвазивті емес әдісіне жататыны:

а) уреазды

б) бактериоскопиялық

в) бактериологиялық

+г) тыныстық

д) гистологиялық

 

165. Ойық жара ауруында қан кетудің клиникалық белгілеріне жатпайтын симптом:

а) қан құсу

+б) шырышты, қанды нәжіс

в) «кофе түстес» құсу

г) қара түсті үлкен дәрет

д) эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі

 

 

166. Мальабсорбция синдромымен жүретін ауруларға жатпайтыны:

а) муковисцидоз

б) целиакия

в) экссудативті энтеропатия

г) лактаза жетіспеушілігі

+д) панкреатит

 

167. 2 ж қыз балаға Целиакия диагнозы қойылады. Балаға тағайындалатын емдәм:

а) сүт-қышқылды

б) картоп пен капуста

в) сүтсіз диета

+г) аглиадинді

д) глюкозаны шектеу

 

168. Целиакияға диагноз қоюдың «алтын стандарты»:

а) іш қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу

б) интерлейкин-1 анықтау

+в) аш ішек шырышты қабатынан биопсия

г) биохимиялық қан сынағы

д) Грегерсен реакциясы

 

169. Фекалиймен нәруыздың көптеп шығуы тән ауру:

а) дизентерия

б) арнайы емес жаралы колит

в) целиакия

+г) экссудативті энтеропатия

д) дисбактериоз

 

170. Қыз бала, 4-айлық. Ана сүтін емуде. Физикалық дамуда артта қалған. 2-айлығынан бастап рационына жеміс шырынын енгізгеннен кейін балада нәжісінің жиілеуі, құсу, метеоризм байқалды.

Ең мүмкін болатын диагноз:

+а) біріншілік дисахаридаза жетіспеушілігі

б) муковисцидоз, ішектік түрі

в) целиакия

г) біріншілік экссудативті энтеропатия

д) лактаза жетіспеушілігі

 

171. Экссудативті энтеропатияда келесі нәжістің сипаты тән:

а) сұйық, сасық иісті, майлы

+б) жиі, сұйық, иіссіз

в) жиі, көпіршікті, қышқыл иіспен

г) «ботқа тәрізді», сасық иісті, көп мөлшерде

д) сұйық, шырыш пен қан аралас

 

172. Май қышқылдары есебінен стеатореямен көрінетін ауру?

а) арнайы емес жаралы колит

б) Швахман синдромы

+в) целиакия

г) муковисцидоз

д) туа пайда болған қысқа ішек

 

173. Целиакияда аш ішек қабатының биопсиясынан күтетін нәтиже қіз?

+а) шырышты қабат атрофиясы

б) шырышты қабат дәнділігі

в) шырышты қабат гиперплазиясы

г) жаралар, беткейлі эрозиялар

д) «тас төсеу» симптомы

 

174. Целиакияны келесі аурулармен ажырату керек, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

+а) Крон ауруы

б) лактаза жетіспеушілігі

в) экссудативті энтеропатия

г) муковисцидоз

д) Швахман синдромы

 

175. Бала, 5 күндік. Ана сүтін емізгеннен бастап, балада: сұйық, сулы, қышқыл, көпіршікті нәжіс; метеоризм, іштегі ауыру сезімі п.б. Болжам диагноз:

а) глютенді энтеропатия

+б) лактаза жетіспеушілігі

в) экссудативті энтеропатия

г) муковисцидоз

д) Швахман синдромы

 

176. Муковисцидоз дамуының негізінде жатқан факторлар келеді, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

а) аутосомды-рецессивті тұқым қуалау

б) бездердің экзокринді функциясының бұзылысы

в) трансмембранды өткізгіштігінің ген-реттеушісінің өткізгіштігі мутациясы

+г) тіндердегі калий және кальций тасымалының бұзылысы

д) тіндердегі натрий және хлор тасымалының бұзылысы

 

177. Муковисцидоз диагнозын қою «алтын стандарты» болып табылатын әдіс:

+а) терлік сынама

б) рентгенқабықты сынама

в) тырнақта натрий деңгейін анықтау

г) генетикалық тест

д) нәжісте альбумин анықтау

 

178. Муковисцидозды келесі аурулармен ажырату керек, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

а) глютенді энтеропатия

б) экссудативті энтеропатия

+в) Крон ауруы

г) Швахман синдромы

д) дисахаридаза жетіспеушілігі

 


<== предыдущая | следующая ==>
 | Поле комплексных чисел. Комплексные числа. Многочлены

Date: 2015-07-02; view: 696; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию