Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Этиологиясы. ГА мультифакторлы ауру, себебі сыртқы орта түрткілерінің көрінісінде (фонында) иммунды жауаптың генетикалық ерекшеліктері
ГА мультифакторлы ауру, себебі сыртқы орта түрткілерінің көрінісінде (фонында) иммунды жауаптың генетикалық ерекшеліктері іске асырылады. Этникалық ассоцирленген генетикалық бейімдеушілікпен (европалықтардың HLA-B8, -DR3 және -DQA1*0501 гаплотиптерін тасымалдауы) қатар ГА патогенезінде психоәлеуметтік және сыртқы орта түрткілері маңызды рөл атқарады. Эмоциональды стрессті және экзогенді түрткілер, мысалы темекі тарту, ГА генетикалық бейімділікті тудыруы мүмкін. Темекі тарту ГА даму қаупін 1,9 есеге арттырады, ал ГА кезінде дамыған эндокринді офтальмопатия қаупін 7,7 есеге жоғарылатады. ГА басқа да аутоиммунды эндокринді аурулармен бірге ұштасуы мүмкін (қантты диабеттің 1 түрі, біріншілік гипокортицизм); мұндай жұптасу ІІ типті аутоиммунды полигландулярлы синдром деп аталады (9.1.2 бөлімді қараңыз). Иммунологиялық толеранттылықтың бұзылуы нәтижесінде, аутореактивті лимфоциттер (CD4+ және CD8+ T-лимфоциттер, B-лимфоциттер) жабысқақ (адгезивті) молекулалардың (ICAM-1, ICAM-2, E-селектин, VCAM-1, LFA-1, LFA-3, CD44) қатысуымен ҚБ паренхимасын инфильтрлейді (сіңбелейді) де, онда дендритті жасушалар, макрофагтар және В-лимфоциттермен таныстырылатын бірқатар антигендерді анықтайды. Кейінірек цитокиндер мен сигналды молекулалар В-лимфоциттердің антигенспецификалық ынталануына түрткі болып, нәтижесінде тироциттердің түрлі компоненттеріне қарсы бағытталған спецификалық иммуноглобулиндер өндіріледі. ГА патогенезінде ТТГ рецепторларына қарсы бағытталған ынталандырушы антиденелердің өндірілуі басты маңыздылыққа ие (ТТГр-АД) (3.10 сурет).
3.10 сурет. Грейвс ауруының этиологиясы мен патогенезі
Басқа көптеген аутоиммунды аурулардан ерекшелігі ГА кезінде нысана ағзаның бұзылуы емес, оның ынталануы дамиды. Бұл жағдайда аутоантиденелер тироциттердің мембранасында орналасқан ТТГ рецепторларының фрагментіне қарсы өндіріледі. Нәтижесінде, антиденемен байланысқа түскен рецептор белсенеді де, тиреоидты гормондардың пострецепторлы синтез каскадын іске қосып (тиреотоксикоз), тироциттердің гипертрофиясын ынталандырады (ҚБ ұлғаюы). Әлі күнге дейін толық түсініксіз себептерден антигендермен сенсибилизацияланған ҚБ Т-лимфоциттермен инфильтрацияланып, ретробульбарлы шелмай (эндокринді офтальмопатия), балтырдың алдыңғы бетіндегі шелмай (претибиальды микседема) секілді басқа құрылымдарда да иммунды қабынуды шақырады.
Патогенезі ГА кезінде ТТГ рецепторларына қарсыденелердің қалқанша безді гиперстимуляциялауы нәтижесінде дамитын тиреотоксикоз аса маңызды клиникалық синдром болып табылады. Тиреотоксикоз кезінде дамитын ағзалар мен жүйелердегі өзгерістер уақыт өте дистрофиялық бұзылыстарға әкелетін негізгі алмасудың жоғарылауына тікелей байланысты. Тиреотоксикозға аса сезімтал, тиреоидты гормондар рецепторлары көптеп орналасқан құрылымдарға жүрек-қантамыр (әсіресе жүрекшелер миокарды) және жүйке жүйесі жатады.
Date: 2015-07-01; view: 634; Нарушение авторских прав |