Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Диагностикасы. 1. Полиурия (күніне 3 литрден кем емес)
1. Полиурия (күніне 3 литрден кем емес). 2. Нормогликемия (қант диабетін жоққа шығару) 3. Несептің салыстырмалы тығыздығының төмен болуы (1005 артық болғанда диагнозды жоққа шығаруға болады). 4. Несептің гипоосмолярлығы (<300 мОсм/кг) 5. Бүйрек патологиясының, гиперкальцемияның және гипокалемияның болмауы. 6. Құрғақ тамақ сынағы: 8–12 сағат бойы сұйықтық қабылдамау; Қантсыз диабетте- дене салмағының 5 % төмендеуі, несептің салыстырмалы тығыздығы мен осмолярлығы жоғарыламайды (<300 мОсм/кг). 7. Гипофиз МРТ (гипофиз немесе гипоталамус ісігін жоққа шығару).
Салыстырмалы диагностикасы · Психогенді полидипсия невротикалық және психикалық бұзылыстар кезінде, бас миының органикалық патологиясында сұйықтықты тым артық қабылдаумен сипатталады. Психогенді полидипсия кезіндегі диурез қантсыз диабетте дамитын диурезбен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады. Салыстырмалы диагностикасы құрғақ тамақпен сынақты жүргізуге мүмкіндік береді. · Бүйректік қантсыз диабет кезінде вазопрессин дәрісінің әсері болмайды (полиурия мен полидипсияны тосқауылдау). · Қантсыз диабет себептерінің салыстырмалы диагностикасы. Ең алдымен гипоталамус-гипофизарлы аймақтың біріншілік және метастаздық ісікті жоққа шығару қажет. Сонымен қатар, қантсыз диабеттің егде жаста даму мүмкіндігін естен шығармаған жөн.
Емі Вазопрессиннің синтетикалық туындысы — десмопрессин (адиуретин) екі түрде қолданылады: таблетка және мұрынға спрей ретінде. Таблетка түріндегі десмопрессин тәулігіне 3 рет 0,1–0,4 мг мөлшерде тағайындалады. Интраназальды спрей тәулігіне бірнеше рет беріледі. Нефрогенді қантсыз диабетінің ем жоспары өнделген емес. Сонымен қатар, десмопрессин, тиазидті диуретиктер (парадоксальды антидиуретикалық әсер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар, литий дәрілерін жоғары мөлшерде тағайындау әрекеттері орындалып жатыр.
Date: 2015-07-01; view: 477; Нарушение авторских прав |