![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать неотразимый комплимент
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
Тарау.Ауа тамшылы инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары
Тыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы аурулардың жіктелуі
І. Этиологиясы вирустар 1. Жедел респираторлы вирусты инфекциялар: Тұмау, парагрипп, аденовирустар, РС вирустар, риновирустар, реовирустар 2. Ұшықты инфекциялар: Жұқпалы мононуклеозі, цитомегаловирусты инфекция, желшешек, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық - антропоноздар, (маймыл шешегі, сиыр шешегі-зоонозды инфекциялар). ІІ. Этиологиясы бактериялар: Күл, көкжөтел, скарлатина, алапес, легионеллез, стафилококкты, стрептококкты, пневмококкты, гемофильді, микоплазмалы инфекциялар, хламидиоздар, пневмохламидиоз - антропоноздар, туберкулез-антропозооноз, орнитоз-зооноз. · Жедел респираторлы вирусты инфекциялар және тұмау Жедел респираторлы аурулар дегеніміз – тыныс алу жолдарының зақымдауымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы. Тыныс алу жолдары ауруларының эпидемиологиялык ерекшеліктері: · Таралу жолының жеңіл болуы. · Соған байланысты кездесу жиілігі жоғары. · Қызылша,қызамық,желшешек сияқты инфекцияларды жұқтыру жиілігі жоғары. · Бұл аурулар эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді. · Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді. ЖРВИ тобына кіреді § грипп; § парагрипп; § аденовирусты инфекция; § риновирусты инфекция; § RS- немесе респираторлы-синтициальді инфекция; § реовирусты инфекция; § Микоплазмалық инфекция және т.б
Тұмау инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайтын ,тыныс алу жолдарын жедел зақымдайтын ауру. Аурудың басталуы жедел, интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 С дейін котеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие (ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Гриптің ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиальді белгілердің болуы тән. Тұмау ( грипп) вирусының этиологиясы –РНК құрылымды, үш типті ( А,В,С ), екі антигені бар (гемагглютинин – Н және нейраминидаза — N). Вирустар сыртқы ортада төзімсіз, Вирустың А типіне антигендік қасиетінің өзгергіштігі, вируленттілік қасиеті тән. Инфекцияның таралу көздерi: § әр түрлi клиникалық формалары бар ауру адам (7-10 күннiң iшiнде ), аденовирус инфекциясы кезінде — 25 күн және одан көп; § вирус тасушылар (аденовирусты инфекция).
Берiлу жолдары: § (негiзгiсi ) ауа-тамшы; § Тұрмыстық-қатынас(гриппта инфекциялалған тұрмысқа қажет заттар арқылы беріледі- ойыншық, ыдыс тағы басқалар); § алиментарлы(аденовирусты инфекция кезінде) § Маусымдық — күзгi-қысқы. § Жоғары қабылдағыштық. § Иммунитет. Постинфекциялық иммунитет ерекше және ұзақ емес.
Алдын-алу шаралары: 1.Денені шынықтыру 2.Грипп кезінде ең тиімдісі вакцинация-қыркүйек-қазан айлары,барлық тұрғындардың 70 пайызын қамту керек. Келесі инактивирленген грипп вакциналары қолданылады § Гриппан (Россия) б/е; § Флюарикс (Бельгия) б/е; § Инфлювак (Нидерланды) б/е; § Бегрубак (Германия) б/е; § Заксикгрипп (Франция) б/е т.б.. Date: 2015-07-01; view: 7751; Нарушение авторских прав |