Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Вирусты А және Е гепатиттері





Вирусты А,Е гипатиттер – нәжіс ауыз механизмімен таралатын, бауырдың зақымдалуымен, интоксикациямен сарғаю белгілерімен сипатталатын жіті және созылмалы түрде өтетін, антропонозды вирусты инфекциялық аурулар.

Беріліс механизміне сәйкес вирусты гепатитер 2 топқа бөлінеді:

1. Энтералды механизм – инфекция нәжіс-ауыз механизмімен таралады. Вирустар денеге ластанған су, тағам, кір, қол арқылы түседі.

2. Парентералды механизм – инфекция қан құю, ине егу, түрлі медициналық мнипуляциялар арқылы, жыныстық қатынас немесе анадан балаға жұғады.

Вирусты гепатиттердің жіктелуі:

1. Энтералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер:

· Жедел А вирусты гепатиттер

· Жедел Е вирусты гепатиттер

2. Парентералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер

· Жедел В вирусты гепатит

· Жедел С вирусты гепатит

· Жедел Д вирусты гепатит

3. Белгісіз этиологиялы вирусты гепатиттер

Вирусты гепатиттердің түрлері: субклиникалық, типтік, атипті сарғаюсыз.

Вирусты А гепатит- барлық гепатиттердің ішінде 60-90% құрайды.

А вирусты гепатит қоздырғышын 1973 жылы С.Файнстаун ашқан.

Қоздырғышы- гепатит А вирусы гепадновирустар тобына жататын РНК-лы ликорнавирустар. Қайнатқанда 5 минутта өледі, кептіргенде 1 айға дейін төзімді.

Инфекция көзі – ауру адам және вирустасымалдаушы.

Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі.

Иммунитет. Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет сақталады.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері:

· А вирусты гепатит аурумен сырқаттанушылық әр 4-7 жылда өсіп тұрады.

Вирусты А гепатит ошағында індетке қарсы шаралар:

1) Ауруларды клиникалық қажеттілікке сәйкес ауруханаға жатқызу.

2) Аурумен қатынаста болғандарды 35 медициналық бақылау апта сайын дәрігерлік тексеру – сұрау, сыртқы тері мен шырышты қабаттарын, бауырды тексеру, күнделікті термоиметрия, нәжісті зәрді бақылау, қажет болса қанды биохимиялық әдіспен тексеру.

3) Медициналық бақылау кезінде балаларды топтан-топқа, палатаға, мекемеге ауыстыруға, жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салу.

4) Бала-бақшада, жабық балалар мекемелерінде бірге тамақтанатын ұйықтайтын жағдайда, ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін қорытынды дезигфекция жасау.

5) Ыдыстар, төсек заттарын 1% кальций гиплохлориді ертіндісінде 60 мин., ойыншықтарды -1 % кальций гиплохлориді ертіндісінде залалсыздандыру.

Зертханалық диагностикасы:

1) Иммуноферменттік анализ (ИФА) серологиялық маркерлерді анықтау;

2) Процестің белсенділігінің зертханалық көрсеткіштері: аспарагинді және аланин аминотрансферазасын (АСТ және АЛТ) анықтау.







Date: 2015-07-01; view: 1873; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию