Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Шигеллез
Шигеллез- нәжіс-ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, көбіне тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын, шигелла текті микробтары әсерінен туындайтын антропонозды жіті ішек инфекциялық ауру. Клиникалық түрде ауру интоксикация, іштің бұрап ауыруы, қан аралас іш өту белгілерінің болуымен сипатталады. Дизентерия терминін Гиппократ енгізген («dis» - бұзылыс, «enteron» -ішек). Дизентерия микробтарын 1891 жылы А.В.Григорьев және 1898 жылы жапон ғалымы К.Щига ашқан. Дизентерия ауруының әлі де көптеп таралуының себептері: × Сүт тағамдарының, ауыз суының, көпшілік тамақтандыру мекемелерінің тағамдарының қоздырғыштарымен ластануы; × Тамақ өндірісінде санитарлық- техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің бұзылуы; × Диагностикалық қателіктер; × Аурулардың дәрігерлік көмекке кеш келуі; × Нашар тамақтану, иммунитет жетіспеушілік; × Санитарлық ағарту, гигиеналық тәрбиелеу жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілуі. Этиологиясы. Қоздырғышы Shigelle – дезентерия микробтары, Enterobacteriaceae тобына жатады. Негізгі 4 түрі жиі тіркеледі: Гринорьев-Шиго, Флекснер, Зонне және Щмиц-Штуцер шигеллалары. Дизентерия микробтарының морфологиялық қасиеттері ұқсас, гармтеріс таяқшалар, қоректі орталарда жақсы өседі. Микроб жасушаларының ыдырауы барысында эндотоксин бөліп шығарады, Григорьев-Шиго шигелласы эндо және экзотоксин бөледі. Эндотоксиндердің әсерінен организмде жалпы улану белгілері пайда болады. 1940 жылдары (соғыс, ашаршылық, кедейшілік) Flexner түрі көптеп таралған – патогенділігі төендеу, бірақ сыртқы ортада төзімді – топырқта қыста 4-5 айға дейін, суда 3 айға дейін сақталады. Көбінесе су арқылы берілген. 1950-80 жылдар аралығында елді сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуімен, сумен байланысты Flexner дизентериясының саны төмендеген. Бірақ оның орнына Sonnei цигелары келген, сыртқы ортаға төзімді, тағамдарда көбеюге қабілетті. Бұл дизентерияның өсуіне себепкер – көпшілік тамақтандыру мекемелерінің көбеюі және көбейген қала халқының асханаларында буфеттерде жиі тамақтануы. Инфекция көзі жіті созылмалы түріндегі аурулар және бактерия тасымалдаушылар. Инфекция көзі ретінде жіті түріндегі аурулардың эпидемиологиялық маңызы өте үлкен, өйткені аурудың барлық кезеңдерінде қоздырғыш көп мөлшерде нәжіспен шығарылады. Неғұрлым аурудың іші жиі өтетін болса, соншалықты көп мөлшерде қоздырғыш нәжіспен шығарылады. Дер кезінде анықталмаған аурулардың эпидемиологиялық маңыздылығы өте үлкен, олар жанұяда, ұжымда әсіресе балалар, тағам өндіпу сумен қамтамасыз етумекемелерінде жұмыстарын жалғастырып белсенді түрде инфекция таратушы болады. Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі. Берілу жолдары: тұрмыстық заттар, жанасу, су, тағам, және шыбындар Диагностикалық әдістері: 1. Бактериологиялық әдіс: нәжісті тексеру. 2. Сериологиялық әдіс: ГАТР- диагностикалық титр 1:200, аурудың барысында бірнеше рет жасалады. 3. Экспресс – диагностика, эпидемиологиялық өршу кезінде қолданылады: ИФА, ИФР, иммуносорбция. 4. Капрологиялық зерттеу (шырыш, лейкоциттер, эритроцидтер, эпителий торшалары). Дизентерия диагнозы аурудың клиникалық белгілері, зертханалық тексеру мәліметтері және эпидемиологиялық анамнез негізінде қойылады. 1 реттік зертханалық тексеру қажет: 1) Емдеу - алдын алу ұйымдарына ұаралған кезде жіті ішек инфекциясымен ауырғандар және ауруға күдіктілер. 2) Декреттелген контингент қатары ішінен ішек инфекциясымен ауыратын науқаспен қатынаста болатын адам. 3) Емделуге түскен психиатриялық аурулар ауруханасының емделушісі. 4) Мектеп-интернат, балалар үйі мен нәрестелер үйіне алынатын балалар. 5) Қарттар үйіне алынатын жасы ұлғайған адамдар. 6) Ішек инфекциясынан жазылған реконвалесценттер. Алдын алу шаралары. «Жіті ішек инфекциялық аурулары жөніндегі санитарлық – індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық –эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Жіті ішек инфекцияларымен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Date: 2015-07-01; view: 1915; Нарушение авторских прав |