Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе





 

Инфекциялық аурулармен күресуде айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, соңғы жылдары олардың алдын алу мен күресуде шешімі табылмаған мәселелер әліде орын алып отырғаны мәлім. Дүние жүзінің біраз аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда көптеген инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап бара жатқаны байқалып отыр. Мәселен, ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын жаңадан туған 130 миллион баланың12 милионы өледі. Олардың 9 миллионы инфекциялық аурулардың себебінен шетінегендер. Жалпы дүние дүзі бойынша жыл сайын қайтыс болатын 51 миллион адамның үштен бірінің себебі инфекциялық аурулар болып табылады.

Эпидемиология термині (гр. ері- ел іші, demos- халық, logos- ғылым) халық арасындағы құбылысты зерттейтін ғылым деген түсінік береді.

Шын мәнісінде эпидемиология пәні медицинаның бір тармағы ретінде індет туралы ғылым.

Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан ерекшелігін айқындайтын екі басты себеп бар:

1) Өзіндік эпидемиологияның болуы, яғни инфекциялық процесті тудыратын себеп ретінде қоздырғыштың болуы.

2) Инфекциялық процестің мәнін анықтайтын микроорганизмнің паразиттік феномені, яғни аурудың залалды жұқтырушылық қасиетінің болуы.

Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын биология және медицина ғылымдарының микробиология, вирусология, гельментология,т.б. бөлімдері зерттейді. Бірақ микроорганизмдер қалайша және неге адам ауруының қоздырғышы болады, оның таралу аспектілерін эпидемиология ғылымы зерттейді.

Қоздырғыш пен адам организмінің белгілі бір ортада болатын әрекеттестігінің нәтижесінде инфекциялық ауру пайда болады. Бұл құбылыс инфекциялық процесс деп аталады. Осыны медицинаның жалпы потология, имунология, инфектология және басқа салалары зерттейді.

Эпидемиология – адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы, таралуы, даму заңдылықтарын зерттейтін және олардың алдын алу мен күресу шараларын іздестіретін ғылым.

Эпидемиология ғылымының қалыптасуы барысында және әртүрлі теориялық көзқарастардың пайда болуына байланысты оның анықтамасы да өзгеріп, жаңа мағына алып отырады.

Белгілі ғалымдардың тұжырымдаған анықтамалары:

· К.Д.Заболотный (1927) – «Эпидемиология – індет туралы ғылым. Ол ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, індеттің пайда болу, даму себептерін, оның таралуына ыңғайлы жағдайларды және күресу шараларының бағытын зерттейді.»

· Л.В.Громашевский (1941) – «Эпидемиология – індет туралы ғылым немесе эпидемиологиялық процестің заңдылықтары туралы ілім.»

· И.И.Елкин (1979) – «Эпидемиология – адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы, таралуы, тоқталуы туралы объективті заңдылықтар және осы ауруларды жою мен алдын алу шаралары туралы ғылым.»

Эпидемиология пәнінің зерттейтін объектісі – бұл эпидемиологиялық процесс.

«Тек эпидемиологиялық процесс және оған тиісті зағдылықтар ғана эпидемиологияның объектісі болады» - деп осы ілімнің негізін қалаушы Л.В. Громошевский айтқан.

Эпидемиология мақсаты – халық арасындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралу себептерін білу үшін эпидемиялық процестің теориялық және тәжірибелік жақтарын толық түсіндіру арқылы аурудан сақтану мен күресу шараларын дәлелдеп көрсету.

Эпидемиология міндеті – инфекциялық аурулардың пайда болуын, дамуын, таралуын және реттелуін зерттеу және аурудың алдын алу мен күресу әдістерін іздестіру жіне оларды іс жүзінде пайдалану.

 







Date: 2015-07-01; view: 2163; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию