Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медициналық симуляция сценариі





Клиникалық жағдай: «Дәрілік гепатит диагностикасы»

 

Ситуациалық есеп: Сіз – участкелік дәрігер терапевт. Қабылдауда 65 жасар әйел.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқастың ем қағидаларын анықтаңыз.

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Науқас П. 65 жаста.

Шағымы: айқын әлсіздік, тері және склерасының сарғыштануы, көбіне түнде болатын тері қышынуы, кезеңді түрде болатын эпигастральді аймақтағы және оң қабырға астында болатын ауыру сезімі, тамақтан кейінгі жүрек айну

 

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау Жауабы
Негізгі шағымдарының пайда болу мерзімі Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? Жағдайымның нашарлауы жарты жыл көлемінде, сол кезден бастап жалпы әлсіздік пайда болып, үдей түсті, жүрек айну, склраның сарғаюы, тері қышынуы пайда болды
Жанұялық анамнез Туыстарыңызда бауыр, өт, өт жолдарының созылмалы аурулары бар ма? Жоқ.
Парентеральді анамнездің болуы Сізде гемотрансфузиялар, операциялар, инвазивті манипуляциялар болды ма? Жоқ.
Зерттеулердің болуы Бұрын гемотрансфузияға байланысты вирусты гепатит маркерлеріне және АИВ-на зерттеулер жасалды ма? Жоқ.
Дәрілік заттарды қолдану Соңғы уақытта сіз қандай да бір дәрілік заттарды қабылдадыңыз ба, немесе қабылдайсыз ба? 1,5 жыл бойы кордарон қабылдадым
Бауыр ауруларының дамуына алып келетін зиянды әдеттерін анықтау Ішімдікті қолданасыз ба? Жоқ
Созылмалы ауруларының болуы Сізде бүйрек, бауыр, ішек, буындардың созылмалы аурулары бар ма? Жүректің ишемиялық ауруы, артериальды қысымның жоғарылауы және жыпылықтаушы аритмия

Анамнезінде: Жыпылықтаушы аритмия эпизодтарына байланысты 1,5 жыл бойы кордарон қабылдадым (алғашқы 2 айда 600 мг/тәу дозасында, келесі 4 ай 400 мг/тәу, кейіннен 13 ай бойы 200 мг/тәу). Соңғы 6 айда жалпы әлсіздік пайда болды және үдей түсті, жүрек айну, тамаққа қарай алмау, склера сарғаюы, тері қышынуы, кейде есекжем типте бөртпелер пайда болды. Кордаронды 200 мг/тәу дозасында қабылдауда. Жағдайының нашарлауына байланысты госпитализацияға жолданған.

Аллергоанамнез: бұрын ешқандай дәріге аллергия болмаған. Ара шаққанға аллергиясы бар– шаққан жері қатты ісінеді (өлшемдері сорпа ішетін тәрелкеге дейін).

Объективті: Есі анық, адекватты. Тері жабындылары: сарғыштанған, бірен сараң қасыну іздері. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған.

Өкпеде везикулярлы дыбыс, крепитация жоқ. ТЖ 18 рет мин.

Жүрек шекаралары ұлғаймаған. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 80 рет мин. АҚ 135/90 мм с.б

Іші жұмсақ, эпигастральды аймақта және оң қабырға астында ауыру сезімі бар. Бауыры қабырға доғасында, ауыру сезімсіз. Көкбауыры пальпацияланбайды.

Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс. Зәр шығаруы ауыру сезімсіз, ерікті, сөзі бойынша зәрі қою түстес. Перифериялық ісіну жоқ.

Лабораторлы-инструментальды мәліметтер:

Общий анализ крови

Компоненттер Нәтижесі
Гемоглобин 115 г/л
эритроциттер 3,6×1012
ТК 0,84
Тромбоциттер 1680×109
Лейкоциттер 8,2×109
нейтрофилдер, с/я 64%
т/я 2%
Моноциттер 6%
эозинофилы 8 %
Лимфоциттер 25%
ЭТЖ 15 мм/ч

Date: 2016-08-30; view: 254; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию