Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тест тапсырмасын құрастырған дінтану магистрі, аға оқытушы

М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті

Философия және саясаттану» кафедрасы

Тест тапсырмасы

 

1 кредиттік «Дінтану» пәнінен

2 курс ФВХЭС студенттері үшін

 

1. Дінтану деп:

А) Дінді ғылыми тұрғыда зерттеу

В) Философиялық ғылым

С) Психологиялық ғылым

D) Тарихи ғылым

Е) Теология

 

2. Латынша «Дін» деген сөз қандай мағына білдіреді?

А) байланыс

В) мойынсұну

С) реттеу

D) жұбату

Е) танып білу

 

3. Дінді және оның түрлерін, тарихы мен мазмұнын зерттеумен айналысатын ғылым:

А) Дінтану

В) Саясаттану

С) Теология

D) Әлеуметтану

Е) Атеизм

 

4. Дін дегеніміз, ол:

А) Табиғи және әлеуметтік құбылыстарды жаратылыстан тыс күштердің әрекеті арқылы түсіндіру

B) Дүниедегі және қоғамдағы құбылыстарды табиғи заңдылықтардың әрекеті арқылы түсіндіру

С) Табиғи және әлеуметтік құбылыстарды жаратылыстағы күштердің әрекеті арқылы түсіндіру

D) Табиғат пен қоғамның дамуын адамдардың белсенді шығармашылық әрекеті арқылы түсіндіру

E) Объективтік дүниенің және қоғамдық ортаның дамуын ақыл-ойдың көмегімен түсіндіру

 

5. Діннің элементтері:

А) Діни түсініктер, діни сезімдер, діни іс-әрекеттер, діни ұйымдар

В) Діни қағидалар, жоралар мен ғибадаттар

С) Діни уағыздар, діни өсиеттер мен дұғалар

D) Діни психология мен діни идеология

Е) Діни догматтар, діни аңыздар мен қасиетті кітаптар

 

6. Дін адам мен қоғам өмірінде қандай функцияларды атқарады?

А) Дүниетанымдық, құндылықтарға баулу, реттеушілік

В) Теориялық, болжамдық, қарым-қатынастық

С) Саяси, әлеуметтік, эстетикалық

D) Идеологиялық, тарихи, рационалдық

Е) Практикалық, шығармашылық, қоғамдық

 

7. Діни сананың құрамдас бөліктері:

А) Діни сенім, діни ілім, діни идеология

В) Саяси түсініктер, саяси ілім, саяси идеология

С) Әлеуметтік идеялар, әлеуметтік ілім, әлеуметтік идеология

D) Құқықтық түсініктер, құқықтық ілім, құқықтық идеология

Е)Діни ережелер, діни жоралар, діни ұйымдар

 

8. Діни психология дегеніміз - ол:

А) Діни сезімдер мен көңіл-күйлердің жиынтығы

В) Адамның санасынан тыс дүниенің бейнесі

С) Діни сананың жүйеленген жоғарғы сатысы

D) Діни іс-әрекеттер жиынтығы

Е) Өсиеттер мен гимндер жинағы

 

9. Діни түсініктер мен догматтардың ақиқаттығын дәлелдеуге тырысатын дін ілімі:

А) Теология

В) Социология

С) Философия

D) Мәдениеттану

Е) Психология

 

10.Діни түсініктерді және жалпы дінді теріске шығаратын көзқарастар жүйесі:

А) Атеизм

В) Гуманизм

С) Скептицизм

D) Деизм

Е) Нигилизм

 

11. Құдайлардың пайда болуы туралы діни-мифологиялық көзқарас:

А) Теогония

В) Эсхатология

С) Космогония

D) Астрология

Е) Теология

 

12. Көп құдайға сенуді білдіретін термин:

А) Политеизм

В) Индуизм

С) Иудаизм

D) Монотеизм

Е) Атеизм

 

13. Бір құдайға сенуді білдіретін термин:

А) Монотеизм

В) Политеизм

С) Иудаизм

D) Индуизм

Е) Атеизм

 

14. Бір орталыққа бағынатын, құрылымы және төменнен жоғарыға дейін басқару жүйесі бар діни мекеме:

А) Діни бірлестік

В) Діни партия

С) Діни басқарма

D) Діни қауым

Е) Сопылық бауырластық

 

15. Қоғамдағы ресми діни бірлестікке қарсы оппозициялық, оқшауланған діни бірлестіктің түрі:

А) Секта

В) Шіркеу

С) Діни қауым

D) Діни басқарма

Е) Діни ұйым

 

16. Діни секталарға тән нәрсе:

А) Негізгі діни ілімге қарсылықта болу, оқшаулану

В) Басқа діни ағымдарға төзімділік таныту

С) Өзге діни ағымдармен ымыраласуға ұмтылу

D) Діндер арасына іріткі салу

Е) Қоғамда қалыптасқан тәртіпті өзгертуге ұмтылу

 

17. Құдайдың дүниені жоқтан бар қылып жаратқандығы жайындағы діни ілім:

А) Креационизм

В) Провиденциализм

С) Теогония

D) Эсхатология

Е) Теософия

 

18. Дүниенің ақыры, жойылып кетуі жайындағы діни ілім:

А) Эсхатология

В) Теология

С) Космогония

D) Астрология

Е) Теогония

 

19. Ұлттық діндердің бірі:

А) Индуизм, Синтоизм, Иудаизм

В) Будда, Христиан, Ислам

С) Анимизм, шамандық, магия

D) Тотемиз, фетишизм, магия

Е) Бахаи ілімі, Иегова куәгерлері, Баптистер

 

20. Әлемдік діндер:

А) Будда, Христиан, Ислам

В) Бахаи ілімі, Иегова куәгерлері, Баптистер

С) Анимизм, тотемизм, шамандық, магия

D) Тотемиз, фетишизм, анимизм, магия

Е) Индуизм, Синтоизм, Иудаизм

 

21. Ежелгі наным-сенім түрлері:

А) Фетишизм, тотемиз, анимизм, магия, шамандық

В) Бахаи ілімі, Иегова куәгерлері, Баптистер

С) Индуизм, Синтоизм, Иудаизм, Сикхизм

D) Будда, Христиан, Ислам

Е) Православие, Католицизм, Протестантизм

 

22. Жаратылыстан тыс қасиеті бар деп танылған жансыз затқа табыну қалай аталады?

А) Фетишизм

В) Тотемизм

С) Анимизм

D) Шамандық

Е) Магия

 

23. Сиқыр сөзінің баламасы болып табылатын ежелгі наным-сенім түрі:

А) Магия

В) Фетишизм

С) Тотемизм

D) Шамандық

Е) Анимизм

 

24. Жануарлар немесе өсімдіктер мен адамдар тобы арасында туыстық қатынас бар екендігіне негізделген алғашқы діни наным-сенімнің түрі:

А) Тотемизм

В) Анимизм

С) Фетишизм

D) Магия

Е) Шамандық

 

25. Жан мен рухқа сиынуды білдіретін алғашқы діни наным-сенім формасы:

А) Анимизм

В) Тотемизм

С) Фетишизм

D) Магия

Е) Индуизм

 

26. Ерекше қабілеті бар діни абыздың аруақтармен тілдесе алу және ауру адамдарды емдеп жаза алу құдіретіне сенімді білдіретін алғашқы діни наным-сенімнің бір түрі:

А) Шамандық

В) Анимизм

С) Тотемизм

D) Фетишизм

Е) Магия

 

27. Шамандық нанымның ежелгі қазақтар арасында тараған түрі:

А) Бақсылық

В) Магия

С) Фетишизм

D) Анимизм

Е) Тотемизм

 

28. Анимизм, тотемизм ұғымдары кімнің еңбегінде жақсы талданған?

А) Э.Тайлор

В) З.Фрейд

С) Дж.Фрезер

D) Э.Дюркгейм

Е) Ф.Энгельс

 

29. «Тотем және табу» еңбегінің авторы кім?

А) Э.Тайлор

В) К.Юнг

С) З.Фрейд

D) Э.Фромм

Е) К.Ясперс

 

30. Ежелгі Египет дініндегі Күн құдайы:

А) Амон-Ра

В) Исида

С) Осирис

D) Хатор

Е) Тефнут

 

31. Ежелгі Египет мифологиясындағы өліп, қайтадан тіріліп отыратын құдай:

А) Осирис

В) Сохмет

С) Ренеутет

D) Исида

Е) Анубис

 

32. Осиристің әйелі, диқаншылық және адамзаттың білім нәрін жинауына қамқоршы құдай:

А) Исида

В) Афродита

С) Артемида

D) Хатор

Е) Нефтида

 

33. Ежелгі Египет еліндегі діни шығарма:

А) «Өлілер кітабы»

В) «Гильгамеш туралы жыр»

С) «Махабхарата»

D) «Пайғамбарлар кітабы»

Е) «Діни өлеңдер кітабы»

 

34. Ежелгі Египет діні бойынша жер бетіндегі тірі құдай саналған тұлға:

А) Фараон

В) Сфинкс

С) Жоғарғы дінбасы

D) Абыз

Е) Сохмет

 

35. Ежелгі шумерлердің дініндегі аспанды жаратушы құдай:

А) Ан

В) Нанна

С) Энлиль

D) Намтур

Е) Энка

 

36. Ежелгі шумерлердің дініндегі жерді және жер бетіндегінің бәрін жаратуды аяқтаған «ауа әміршісі» саналатын ең үлкен құдай:

А) Энлиль

В) Нанна

С) Нинлиль

D) Энка

Е) Нингирсу

 

37. Аккадтықтардың діни мифологиясының әдеби ескерткіші:

А) «Гильгамеш туралы жыр»

В) «Өзгерістер кітабы»

С) «Пайғамбарлар кітабы»

D) «Өлілер кітабы»

Е) «Діни өлеңдер кітабы»

 

38. Шумер-аккадтықтардың жер бетіндегі тіршілік аспан құрылымын толық қайталайды деген діни түсінігі қандай ілім саласының дамуына ықпалын тигізді?

А) Астрология

В) Медицина

С) Арифметика

D) Қолөнершілік

Е) Математика

 

39. Аспан әлемі және аспан денелерінің пайда болуы туралы ілім:

А) Космогония

В) Астрология

С) Биология

D) Теогония

Е) Эсхатология

 

40. Гректердің діни аңыздарындағы Зевстің әкесі:

А) Крон атты алып

В) Посейдон атты теңіз құдайы

С) Аид атты жерасты құдайы

D Эрос атты құдіретті күш

Е) Уран атты құдірет иесі

 

 

41. Ежелгі Грекиядағы Олимп құдайларының бастысы, найзағай құдайы:

А) Зевс

В) Арес

С) Дионис

D) Аполлон

Е) Посейдон

 

42. Ежелгі Грекия дініндегі теңіз құдайы:

А) Посейдон

В) Зевс

С) Арес

D) Гефест

Е) Гермес

 

43. Ежелгі гректердің діни нанымындағы жер асты дүниесінің құдайы:

А) Аид

В) Крон

С) Хаос

D) Уран

Е) Эрос

 

44. Ежелгі Грекия дініндегі махаббатпен теңестірілетін жаратушы, құдіретті күш:

А) Эрос

В) Хаос

С) Гелиос

D) Селена

Е) Гея

 

45. Ежелгі гректердің Күн құдайы:

А) Гелиос

В) Уран

С) Нептун

D) Сатурн

Е) Юпитер

 

46. Ежелгі гректердің диқаншылық пен молшылық құдайы:

А) Деметра

В) Афродита

С) Дионис

D) Гефест

Е) Афина

 

47. Ежелгі гректердің даналық құдайы:

А) Афина

В) Гера

С) Гестия

D) Артемида

Е) Аполлон

 

48. Ежелгі гректердің діни нанымындағы махаббат пен сұлулық құдайы:

А) Афродита

В) Артемида

С) Гера

D) Афина

Е) Гестия

 

 

49. Ежелгі гректердің діни нанымындағы көркемөнер мен музыканың құдайы:

А) Аполлон

В) Дионис

С) Гефест

D) Посейдон

Е) Гермес

 

50. Ежелгі гректердің дініндегі от құдайы және ұсталық иесі:

А) Гефест

В) Аполлон

С) Посейдон

D) Гермес

Е) Дионис

 

51. Ежелгі гректердің діни нанымындағы жүзімшілік пен шарап жасау құдайы:

А) Дионис

В) Гефест

С) Аполлон

D) Арес

Е) Посейдон

 

52. Ежелгі гректердің дініндегі Зевстің баласы әрі айтқан әмірін түсіндіріп беруші, жолаушылардың желеп-жебеушісі болған құдай:

А) Гермес

В) Дионис

С) Гефест

D) Посейдон

Е) Крон

 

53. Ежелгі гректердің соғыс құдайы:

А) Арес

В) Гефест

С) Аполлон

D) Дионис

Е) Посейдон

 

54. Ежелгі римдіктердің басты және ең мәртебелі құдайы:

А) Юпитер

В) Марс

С) Бахус

D) Меркурий

Е) Нептун

 

55. Ежелгі Рим дініндегі теңіз құдайы:

А) Нептун

В) Марс

С) Бахус

D) Меркурий

Е) Юпитер

 

56. Ежелгі римдіктердің діни нанымындағы соғыс құдайы:

А) Марс

В) Нептун

С) Сатурн

D) Меркурий

Е) Юпитер

 

57. Ежелгі Рим дініндегі махаббат пен құштарлық құдайы:

А) Купидон

В) Плутон

С) Вулкан

D) Минерва

Е) Аврора

 

58. Ежелгі римдіктердегі жерасты әлемінің құдайы:

А) Плутон

В) Марс

С) Вулкан

D) Минерва

Е) Меркурий

 

59. Ежелгі римдіктердің діни нанымындағы денсаулық және медицина құдайы:

А) Эскулап

В) Нептун

С) Сатурн

D) Меркурий

Е) Юпитер

 

60. Ежелгі Рим дініндегі кіріп, шығатын есіктердің әміршісі:

А) Янус

В) Нептун

С) Сатурн

D) Меркурий

Е) Юпитер

 

61. Ежелгі римдіктердің даналық құдайы:

А) Минерва

В) Плутон

С) Вулкан

D) Диана

Е) Аврора

 

62. Ежелгі Рим дініндегі махаббат пен сұлулық құдайы:

А) Венера

В) Юнона

С) Минерва

D) Диана

Е) Аврора

63. Ежелгі римдіктердегі некенің, аналардың және жоғары биліктің қорғаушы құдайы:

А) Юнона

В) Венера

С) Минерва

D) Диана

Е) Аврора

 

64. Ежелгі Рим дініндегі жерасты отының құдайы және ұсталық иесі:

А) Вулкан

В) Плутон

С) Сатурн

D) Юпитер

Е) Марс

 

65. Ежелгі римдіктердің діни нанымындағы жүзімшілік пен шарап жасау құдайы:

А) Бахус

В) Плутон

С) Вулкан

D) Купидон

Е) Аврора

 

66. Ежелгі Рим дініндегі құдайлардың елшісі:

А) Меркурий

В) Марс

С) Вулкан

D) Юпитер

Е) Плутон

 

67. Қайырымдылық құдайы Ахура-Маздаға табынуға негізделген дін жүйесі:

А) Зороастризм

В) Синтоизм

С) Иудаизм

D) Индуизм

Е) Буддизм

 

68. Зороастризм дініндегі жақсылық пен ізгіліктің құдайы:

А) Ахура-Мазда

В) Митра

С) Анхра-Манью

D) Аматэрасу

Е) Амон-Ра

 

69. Зороастризм дініндегі жамандық пен зұлымдық құдайы:

А) Анхра-Манью

В) Брахма

С) Аматэрасу

D) Ахура-Мазда

Е) Амон-Ра

 

70. Зороастризм дінінің ғұрыптарының ішіндегі ең бастысы:

А) Отты қастерлеу

В) Суды қастерлеу

С) Көкке табыну

D) Жерге табыну

Е) Аруақтарға табыну

 

71. Зороастризмнің діни аңыздарындағы Күн құдайы:

А) Митра

В) Зерван

С) Ардвисур Анахит

D) Вишну

Е) Кришна

 

72. Зороастризм дінінің қасиетті кітабы:

А) Авеста

В) Библия

С) Веда

D) Трипитака

Е) Құран

 

73. Б.з.д.X-VII ғғ. Үнді елінде қалыптасқан діни-философиялық жүйе:

А) Брахманизм

В) Даосизм

С) Синтоизм

D) Конфуций

Е) Шаманизм

 

74. Брахманизмде құдайдың аузынан жаратылған каста:

А) Брахмандар

В) Кшатрийлер

С) Шудралар

D) Вайшьялар

Е) Тақуалар

 

75. Төрт жинақтан тұратын Ежелгі Үнді елінің қасиетті кітабы:

А) Ведалар

В) Көне Өсиет

С) Авеста

D) Рамаяна

Е) Өлілер кітабы

 

76. Үндістан еліндегі брахманизм діні негізінде пайда болған ұлттық дін:

А) Индуизм

В) Иудаизм

С) Даосизм

D) Синтоизм

Е) Конфуций

 

77. Индуизм дініндегі үш құдіретті күш

В) Брахма-Вишну-Шакти

С) Брахма-Вишну-Клир

D) Эвенк-Шаман-Саман

Е) Шива-Шакти-Кришна

 

78. Индуизм дініндегі құдайдың түрлі адамдар, батырлар кейпінде болуы:

А) Аватара

В) Нирвана

С) Гуру

D) Архат

Е) Бодхисаттва

 

79. Индуизм мифологиясы бойынша Вишнудің сегізінші аватарасы:

А) Кришна

В) Шакти

С) Арджуна

D) Ганеша

Е) Рама

 

80. Индуизмнің діни жазба ескерткіштері:

А) Махабхарата мен Рамаяна

В) Авеста мен Веда

С) Өсиеттер жинағы

D) Дұғалар жинағы

Е) Құдайды мадақтайтын гимндер

 

81. Индуизмнің басты мерекелері:

А) Кришна мен Раманың туған күндері

В) Рождество – Ииус Христостың туған күні

С) Заратуштраның туған күні

D) Пасха – Ииус Христостың тірілген күні

Е) Мәуліт – Мұхаммед пайғамбардың туған күні

 

82. Индуизм дініндегі рухани ұстаз:

А) Гуру

В) Далай-лама

С) Аватара

D) Архат

Е) Бодхисаттва

 

83. Қытай еліндегі ұлттық діндер:

А) Конфуцийшылдық және даосизм

В) Брахманизм және индуизм

С) Католицизм және протестантизм

D) Кришнаизм және сикхизм

Е) Бехаизм және парсизм

 

84. Конфуцийшылдық дініндегі ең жоғарғы құдірет иесі:

А) Көк аспан

В) Құнарлы жер

С) Құдіретті найзағай

D) Тазартушы от

Е) Киелі су

 

85. Б.з.д.IV-III ғасырларда Лао-Цзы ілімі негізінде пайда болған діни ағым:

А) Даосизм

В) Синтоизм

С) Конфуцийшылдық

D) Иудаизм

Е) Индуизм

 

86. Жапонның ұлттық діні:

А) Синтоизм

В) Брахманизм

С) Сикхизм

D) Даосизм

Е) Иудаизм

 

87. Синтоизм дініндегі басты құдайы:

А) Аматэрасу

В) Ек

С) Яхве

D) Ахура-Мазда

Е) Рама

 

88. Иудаизм – еврейлердің ұлттық дінінің басты құдайы:

А) Яхве

В) Соломон

С) Иуда

D) Танаха

Е) Давид

 

89. Иудаизм дінінде Моисейлік бес кітап қалай аталады?

А) Тора

В) Библия

С) Евангелие

D) Апокалипсис

Е) Талмуд

 

90. Тора сөзінің қазақша мағынасы:

А) Заң

B) Білім

С) Кітап

D) Жазу

E) Сенім

 

 

91. Иудаизмдегі аңыз бойынша Моисейге құдайдан неше өсиет келген?

А) 613 өсиет

В) 114 сүре

С) 6236 аят

D) 324 өсиет

Е) 681 өсиет

 

92. Иудаизм дініндегі ғибадатхана, құлшылық ететін орын:

А) Синагога

B) Шіркеу

С) Дацан

D) Костель

E) Мешіт

 

93. Еврейлер қауымдарын басқаратын діни лауазым иесі:

А) Раввин

B) Священник

С) Пресвитер

D) Епископ

E) Имам

 

94. Будда дінінің негізін қалаған:

А) Сиддхартха Гаутама

В) Махавира Вардхамана

С) Ашока

D) Вивекананда

Е) Рабиндранат Тагор

 

95. Будда сөзінің қазақша баламасы:

А) Көзі ашылған, нұрланған адам

В) Діни сенімнің айрықша саласы

С) Аса күшті, батыр адам

D) Діни нанымның алғашқы түрі

Е) Кемеңгер, данышпан адам

 

96. Будда дініндегі мәңгілік қайта туылуды білдіретін ұғым:

А) Сансара

В) Карма

С) Дхарма

D) Буддха

Е) Магия

 

97. Будда дініндегі істеген іс-әрекетіне қарай бағалау немесе жазалау заңы:

А) Карма

В) Сансара

С) Дхарма

D) Нирвана

Е) Варна

 

98. Будда діні бойынша қасіреттен құтылудың сегіздік жолы адамды қандай жағдайға жеткізеді?

А) Нирвана

В) Мокша

С) Атараксия

D) Апатия

Е) Амнезия

 

 

99. Адамды нирвана сатысына жеткізетін Будда көрсеткен жол:

А) Қасіреттен құтылудың сегіздік жолы

В) Рухани кемелденудің төрт сатысы

С) Тозақтың жеті айналымы

D) Интеллектуалды дамудың бес деңгейі

Е) Баланы тәрбиелеудің үш кезеңі

 

100. Б.з.д.III ғасырда Үнді елінде Ашока патша мемлекеттік дін деп жариялаған дін:

А) Буддизм

В) Ламаизм

С) Индуизм

D) Тантризм

Е) Дзен-буддизм

 

101. Буддизм дініндегі екі негізгі бағыт:

А) Хинаяна және махаяна

В) Католиктік және православие

С) Суниттер және шииттер

D) Конфуцийшылдық және даосизм

Е) Ламаизм мен дзен-буддизм

 

102. Будда іліміндегі Нирванаға барудың «тар» жолы:

А) Хинаяна

В) Дхарма

С) Махаяна

D) Санегха

Е) Прадхия

 

103. Будда іліміндегі Нирванаға барудың «кең» жолы:

А) Махаяна

В) Прадхия

С) Дхарма

D) Санегха

Е) Хинаяна

 

104. Махаянадан бөлінетін екі тармақ:

А) Ламаизм мен дзен-буддизм

В) Индуизм мен тантризм

С) Индуизм мен буддизм

D) Тантризм мен буддизм

Е) Джайнизм мен сикхизм

 

105. Будда ілімі жазылған кітаптың аты:

А) Трипитака

В) Виная

С) Сутра

D) Мишна

Е) Рамаяна

 

106. Буддизм дініндегі ламаизм ағымы қашан, қай жерде пайда болды?

А) VII ғ. Тибетте

В) VII ғ. Қытайда

С) VII ғ. Жапонияда

D) VII ғ. Үндістанда

Е) VII ғ. Кореяда

 

107. Христиан діні қай ғасырда пайда болды?

А) Б.з.I ғ.

В) Б.з. VII ғ.

С) Б.з.д. I ғ.

D) Б.з. III ғ.

Е) Б.з.д. II ғ.

 

108. Христиан діні қай жерде пайда болды?

А) Палестинада

В) Үндістанда

С) Қытайда

D) Иранда

Е) Германяда

 

109. Никей соборы қай жылы құрылды?

А) 325 ж.

В) 322 ж.

С) 381 ж.

D) 324 ж.

Е) 787 ж.

 

110. Христиан діні Рим империясында қай жылы мемлекеттік дін деп жарияланды?

А) 324 ж.

В) 313 ж.

С) 325 ж.

D) 380 ж.

Е) 1054 ж.

 

111. Христиан дінінің құдайы:

А) Үштік құдай (Троица)

В) Яхве

С) Моисей (Мұса)

D) Зевс

Е) Юпитер

 

112. Христиан дінінің қасиетті кітабы:

А) Библия

В) Құран

С) Веда

D) Авеста

Е) Шариғат

 

113. Библия сөзінің қазақша мағынасы:

А) Кітаптар

B) Білім

С) Дұға

D) Жазу

E) Сенім

 

114. Библияның «Көне Өсиет» деп аталатын бөлігі неше канондық кітаптан тұрады?

А) 39 кітап

В) 27 кітап

С) 77 кітап

D) 55 кітап

Е) 36 кітап

 

 

115. Библияның «Жаңа Өсиет» атты бөлімі қанша кітаптан тұрады?

А) 27 кітап

В) 39 кітап

С) 77 кітап

D) 42 кітап

Е) 37 кітап

 

116. Христиан дініндегі негізгі бағыттары:

А) Православие, католицизм, протестантизм

B) Баптистер, несториандықтар, евангелистер

С) Суниттер, шииттер, хариджиттер

D) Баптистер, евангелистер, адвентистер

E) Лютерандар, кальвинистер, англикандар

 

117. Христиан діні қай жылы екі бағытқа бөлініп шықты?

А) 1054 ж.

В) 380 ж.

С) 325 ж.

D) 324 ж.

Е) 1005 ж.

 

118. Протестантизм діни ағымының пайда болу уақыты:

А) XVI ғ.

В) XIV ғ.

С) XIII ғ.

D) XI ғ.

Е) XV ғ.

 

119. Протестантизм діни ағымы қай діннен бөлініп шықты?

А) Католик діні

B) Православие діні

С) Буддизм діні

D) Иудаизм діні

E) Ислам діні

 

120. Католик шіркеуіне қарсы шыққан бірінші реформатор:

А) Мартин Лютер

В) Ян Гус

С) Жан Кальвин

D) Джон Виклиф

Е) Томас Мюнцер

121. Православиелік шіркеудегі ең жоғарғы дін басы:

А) Патриарх

В) Митрополит

С) Рим Папасы

D) Кардинал

Е) Епископ

 

122. Католик шіркеуіндегі ең жоғарғы дін басы:

А) Рим Папасы

В) Митрополит

С) Патриарх

D) Кардинал

Е) Епископ

 

 

123. Православие ағымындағы басты діни құлшылық етудің түрі:

А) Литургия

В) Месса

С) Шоқындыру

D) Тәубаға таяну

Е) Қасиетті мәртебе беру

 

124. Литургия немесе обедня дегеніміз:

А) Православие храмдарындағы діни құлшылық

В) Нирванаға қызмет етушілер

С) Кальвинизмдік діни ағымды жақтаушылар

D) Крест белгісіне ерекше құрметпен қарайтындар

Е) Иереилер мен диакондар

 

125. Католик ағымындағы басты діни құлшылық етудің түрі:

А) Месса

В) Қасиетті мәртебе беру

С) Литургия

D) Шоқындыру

Е) Тәубаға таяну

 

126. Иисус Христостың өлгеннен кейін «таңғажайып тірілу күні» ретінде аталып өтілетін христиан дінінің басты мейрамы:

А) Пасха

В) Рождество

С) Успение

D) Вознесение

Е.) Троица

 

127. Иисус Христостың «туылған күні» ретінде аталып өтілетін христиан дінінің мейрамы:

А) Рождество

В) Успение

С) Пасха

D) Вознесение

Е.) Троица

 

128. Православие дінін 988 жылы алғаш қабылдаған Киев князі:

А) Владимир Святославович

В) Петр Алексеевич

С) Александр Павлович

D) Михаил Романов

Е) Иван Грозный

 

129. Христиан дінінде апостолдар дегеніміз кімдер?

А) Иисус Христостың 12 шәкірті

В) Христиан дінінің әулиелері

С) Христиан дінін уағыздаушылар

D) Христиан дініндегі қасиетті адамдар

Е) Қасиетті шіркеу әкейлері

 

130. Евангелие кітаптарының негізгі мазмұны:

А) Иисус Христостың жердегі өмірі

В) Библия мәтіндерінің толық қайталануы

С) Шіркеу әкейлерінің өмірі

D) Христиан әулиелерінің өмірі

Е) Пайғамбарлар өмірі

 

131. Еретиктер дегеніміз:

А) Шіркеу тарапынан қуғынға ұшырағандар

В) Шіркеу қызметшілері

С) Христиандық діни ұйым

D) Христиандық діни басқарма

Е) Христиан әулиелрі

 

132. Иереилер, диакондар дегеніміз кімдер?

А) Православиелік діни қызметкерлер

В) Виссариондар

С) Православие храмдарындағы діни қызмет

D) Кальвинизмдік діни ағымды жақтаушылар

Е) Крест белгісіне ерекше құрметпен қарайтындар

 

133. Католик дінінің православие дінінен ең басты айырмашылығының атауы:

А) Филиокве

В) Конклав

С) Целибат

D) Конфирмация

Е) Реквием

134. Христиан дінінде кімді Құдай Ұлы деп санайды?

А) Иисус Христос

В) Апостол Петр

С) Әулие Франциск

D) Ибрахим пайғамбар

Е) Император Константин

 

135. Иегова куәгерлері ілімдеріндегі басты ерекшелік:

А) Армагеддонға - игілік пен зұлымдықтың таяуда болатын шайқасына сену

В) Кальвинизмдік діни ағымды жақтаушы діндарларды қолдау

С) Әртүрлі құдайларға сиынатын пұтқа табынушылардың сеніміне сүйену

D) Лютерандық ағымды жақтаушы протестанттардың сенімін ұстану

Е) V-VI ғасырларда Мекке қаласында тараған діни ағымдарға сену

 

136. Иегова куәгерлері дегеніміз кімдер?

А) Яхве құдайды мойындап, тозақты жоққа шығарушылар

В) Тұқым қуалаушылық принципін жақтаушылар

С) Әр-түрлі құдайларға сенетіндер

D) Лютерандық, ағымның негізінде пайда болған діни қауым

Е) Кальвинизмдік ағым негізінде пайда болған діни қауым

 

137. Ислам діні қашан және қай жерде пайда болды?

А) VII ғасырдың басында Батыс Аравияда

В) VI ғасырдың соңында Шығыс Аравияда

С) VIII ғасырдың ортасында Сирияда

Е) VIII ғасырдың басында Оңтүстік Аравияда

138. Мұхаммед пайғамбар арабтардың қай тайпасынан шыққан?

А) Құрайыш тайпасы

В) Керей тайпасы

С) Бәдәуилер тайпасы

D) Хазрадж тайпасы

Е) Семиттер тайпасы

 

139. Мұхаммед пайғамбардың әкесінің аты:

А) Абдаллаһ

В) Аббас

С) Әбу Тәліп

D) Әбдімүтәліп

Е) Әбу Бәкір

 

140. Мұхаммед пайғамбардың анасының аты:

А) Әмина

В) Халима

С) Айша

D) Фатима

Е) Зейнеп

 

141. Мұхаммед пайғамбарды алты жасынан тәрбиесіне алған атасының аты:

А) Әбдімүтәліп

В) Аббас

С) Әбу Тәліп

D) Абдаллаһ

Е) Әбу Бәкір

 

142. Мұхаммед пайғамбарды сегіз жасынан өз қамқорлығына алған әкесінің бауыры:

А) Әбу Тәліп

В) Аббас

С) Әбдімүтәліп

D) Абдаллаһ

Е) Әбу Бәкір

 

143. Мұхаммедке пайғамбарлық неше жасында қонған?

А) 40 жасында

В) 45 жасында

С) 63 жасында

D) 50 жасында

Е) 35 жасында

 

144. Мұхаммедке алғаш рет пайғамбарлық жайында қай таудың үңгірінде аян болды?

А) Хира тауының үңгірінде

В) Қазығұрт тауының үңгірінде

С) Ұлытаудың үңгірінде

D) Арарат тауының үңгірінде

Е) Мина тауының үңгірінде

 

145. Мұхаммедке пайғамбарлық міндетті кім жеткізген?

А) Жәбірейіл періште

В) Исрафил періште

С) Әзірейіл періште

D) Мекаил періште

Е) Ібіліс

 

146. Қай жылы және қай айда Құранның алғашқы аяттары түсе бастады?

А) 610 ж. рамазан айы

В) 619 ж. шағбан айы

С) 625 ж. режеп айы

D) 615 ж. зуль-хиджжа айы

Е) 622 ж. шәууәл айы

 

147. Ислам дінінің қасиетті кітабы:

А) Құран

В) Веда

С) Библия

D) Авеста

Е) Бхагават-Гита

 

148. Құран неше сүреден тұрады?

А) 114 сүре

В) 126 сүре

С) 138 сүре

D) 142 сүре

Е) 154 сүре

 

149. Құранда неше аят бар?

А) 6236 аят

В) 6538 аят

С) 6739 аят

D) 6337 аят

Е) 6132 аят

 

150. Құранның ең алғашқы сүресі қалай аталады?

А) Фәтиха сүресі

В) Бақара сүресі

С) Ықылас сүресі

D) Йасин сүресі

Е) Кәусар сүресі

151. Мұсылмандардың жыл санауы – Хижра қай жылдан басталады?

А) 622 ж.

В) 610 ж.

С) 656 ж.

D) 712 ж.

Е) 634 ж.

152. Мұхаммед пайғамбар Меккеден Ясриб қаласына қай жылы қоныс аударған?

А) 622 ж.

В) 625 ж.

С) 629 ж.

D) 610 ж.

Е) 615 ж.

 

153. Меккеден Ясриб қаласына Мұхаммед пайғамбармен бірге қоныс аударған мүсылмандарды қалай атайды?

А) Мұхаджирлар

В) Ансарлар

С) Муджахидтер

D) Сахабалар

Е) Мұнафиқтар

 

154. Мұхаммед пайғамбардың Ясриб қаласынан шыққан жақтастарын қалай атайды?

А) Ансарлар

В) Сахабалар

С) Моджахедтер

D) Мұхаджирлар

Е) Мұнафиқтар

 

155. Мұхаммед пайғамбардың соңына еріп, дін жолында күрес жүргізген жақтастары:

А) Сахабалар

В) Ансарлар

С) Моджахедтер

D) Мұхаджирлар

Е) Мұнафиқтар

 

156. Құран сүрелері Мұхаммед пайғамбарға қай жылдар аралығында жіберілді?

А) 610-632 жж.

В) 615-628 жж.

С) 612-630 жж.

D) 618-632 жж.

Е) 617-631 жж.

 

157. Алла Мұхаммед пайғамбарға Құранның аяттарын қай періште арқылы жіберіп отырды?

А) Жәбірейіл

В) Әзірейіл

С) Исрафил

D) Микәйіл

Е) Ібіліс

 

158. Мұхаммед пайғамбардың үлгі істері мен өсиет-нақылдары қалай аталады?

А) Хадистер

В) Аяттар

С) Ахбарлар

D) Пәтуалар

Е) Сүннеттер

 

 

159. Ислам дінінің орындалуы міндетті болып табылатын қағидалар мен ережелер жиынтығы:

А) Шариғат

В) Тариқат

С) Марифат

D) Хақиқат

Е) Адат

 

160. Ислам дінінде қайтыс болған кісіге орай жасалатын шариғат рәсімдерінің бірі:

А) Жаназа

В) Ораза

С) Зекет

D) Құрбандық

Е) Қажылық

 

161. Ислам дінін Х ғ. мемлекеттік дін деп қабылдаған алғашқы түркі мемлекеті:

А) Қарахандар мемлекеті

В) Ғазнауилар мемлекеті

С) Салжұқтар мемлекеті

D) Мамлүктер мемлекеті

Е) Моғолдар мемлекеті

 

162. Библия мен Құран кітаптары бойынша барлық адам баласының түп атасы кім?

А) Адам Ата

В) Ибрахим пайғамбар

С) Заратуштра

D) Нұх пайғамбар

Е) Мұса пайғамбар

 

163. Ислам дінінің бес парызы:

А) Калима Шахада, намаз, зекет, ораза, қажылық

В) Ғибадат ету, намаз, ораза, жаназа, құрбандық

С) Әулиеге бару, ораза, қажылық, ғазауат, садақа

D) Намаз, құран оқу, қажылық, садақа, азан

Е) Ораза, қажылық, құран оқу, пітір, құрбандық

 

 

164. Ислам дініндегі Алланың жалғыздығына және Мұхаммедтің оның елшісі екендігіне куәлік ету ретінде айтылатын дұға:

А) Шахада

В) Хадис

С) Ықылас

D) Фатиха

Е) Ғибадат

 

165. Ислам дінінде намаздан алдын жасалатын тазалық рәсімі:

А) Дәрет

В) Жаназа

С) Салят

D) Фитр

Е) Нафс

 

166. Мұсылмандар оразаны ай календары бойынша қай айда ұстайды?

А) Рамазан айы

В) Шағбан айы

С) Сапар айы

D) Зуль-хиджжа айы

Е) Раджаб айы

 

167.Ораза ұстаудың соңы қай мейраммен атап өтіледі?

А) Ораза айты

В) Мәуліт мейрамы

С) Құрбан айты

D) Ашура мейрамы

Е) Қадір түні

 

168. Ислам дінінің басты мейрамы:

А) Құрбан айт

В) Мәуліт

С) Наурыз

D) Шілдехана

Е) Қадыр түні

 

169. Ислам дінінде иманның неше шарты бар?

А) 6 шарт

В) 5 шарт

С) 8 шарт

D) 3 шарт

Е) 9 шарт

 

170. Ислам дінінде рұқсат етілген, орындауға болатын іс-әрекеттер:

А) Халал

В) Уәжіп

С) Сүннет

D) Парыз

Е) Харам

 

171.Ислам дінінде орындауға болмайтын, тыйым салынған іс-әрекеттер:

А) Харам

В) Уәжіп

С) Сүннет

D) Парыз

Е) Халал

 

172. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қай жылы қабылданды?

А) 2011 ж. 11 қараша

В) 2010 ж. 23 ақпан

С) 2009 ж 5 тамыз

D) 2007 ж. 19 мамыр

Е) 2005 ж.27 қыркүйек

173. Қазақстанда діни мемлекет – халифат орнатуды мақсат ететін діни-экстремистік ұйым:

А) «Хизб-ут Тахрир» ұйымы

В) «Ахмадия» ағымы

С) «Лашкар-и Таиба» ұйымы

D) «Жамағат-ут Такфир» ағымы

Е) «Салафия» ағымы

 

174. Исламдағы мазһаб ұстануды мойындамайтын әрі қазақ халқы ұстанып келе жатқан ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды теріске шығаратын ағым:

А) Сәләфилер ағымы

В) «Хизб-ут Тахрир» ұйымы

С) «Ахмадия» ағымы

D) «Жамағат-ут Такфир» ағымы

Е) «Лашкар-и Таиба» ұйымы

 

175. Исламдағы намаз оқымайтындарды бірден кәпір санайтын ағым:

А) «Жамағат-ут Такфир» ағымы

В) «Салафия» ағымы

С) «Лашкар-и Таиба» ұйымы

D) «Ахмадия» ағымы

Е) «Хизб-ут Тахрир» ұйымы

 

176. Ислам дініндегі қазақ халқы ұстанатын мазһаб:

А) Ханафи мазһабы

В) Малики мазһабы

С) Шафиғи мазһабы

D) Ханбали мазһабы

Е) Жапари мазһабы

 

177. Ислам дінін ұстанатын халықтың біртұтастығын, ынтымағы мен бірлігін қамтамасыз ететін маңызды шарт:

А) Бір мазһабты ұстану

В) Кез келген мазһабты ұстану

С) Мәзһаб ұстануды мойындамау

D) Тек Құранды ғана мойындау

Е) Шариғат заңдарын ғана ұстану

 

178. Ханафи мазһабының негізін қалаған ғұлама:

А) Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит

В) Мәлік ибн Әнәс

С) Мұхаммед ибн Идрис аш-Шафиғи

D) Ахмед ибн Ханбал

Е) Жапар ас-Садық

 

179. Мұхаммед пайғамбар 21 жасында меккеліктер арасында қандай атаққа ие болады?

А) Әл-Әмин

В) Әл-Муаллим

С) Әр-Рахман

D) Әр-Рахим

Е) Әл-Әкбар

 

 

180. Әл-Әмин сөзінің қазақша мағынасы:

А) Сенімді адам

В) Ержүрек адам

С) Тақуа адам

D) Діндар адам

Е) Жомарт адам

 

181. Қағбаны жөндеу кезінде оның қабырғасына қара тасты қоюға таласқан тайпалар арасын татуластырып, әділ төрелік айтқан кім?

А) Мұхаммед пайғамбар

В) Ибрахим пайғамбар

С) Мұса пайғамбар

D) Омар ибн Хаттаб

Е) Осман ибн Аффан

 

182. «Надандық заманы» немесе «Қараңғылық заманы» деген мағына беретін, арабтардың ислам дінін қабылдағанға дейінгі кезеңнің атауы:

А) Джахилийа

В) Қиямет-қайым

С) Тамұқ

D) Фадилийа

Е) Маданийа

 

183. Адамзат тарихында алғаш рет Аллаға құлшылық ету үшін текше түрінде салынған Меккедегі ғибадатхананың атауы:

А) Қағба

В) Әл-Масджид Әл-Акса

С) Масджид ан-Наби

D) Мазари Шариф

Е) Әл-Масджид Әл-Харам

 

184. Қағба ғибадатханасын алғаш салған кімдер?

А) Ибрахим пайғамбар мен баласы Исмайыл

В) Мұса пайғамбар мен інісі Һарун

С) Абыл менҚабыл

D) Жүсіп және Жақып пайғамбарлар

Е) Дәуіт және Сүлеймен патшалар

 

185. Мұхаммед пайғамбардың ымырасыз дұшпаны болған әкесінің бауыры:

А) Әбу Лахаб

В) Әбу Тәліп

С) Әбу Бәкір

D) Әбу Саид

Е) Әбдірахман

 

186. Ислам дін іліміндегі адамдарды азғырып, түрлі жаман істерге, күнәһарлыққа итермелейтін жын-пері:

А) Ібіліс

В) Исрафил періште

С) Әзірейіл періште

D) Мекаил періште

Е) Жебірейіл періште

 

187. Ислам дініндегі негізгі екі бағыт:

А) Суниттер мен шииттер

В) Хариджиттер мен исмаилиттер

С) Мұхаджирлер мен ансарлар

D) Қадариттер мен джафариттер

Е) Алавиттер мен хуситтер

 

188. Исламда суниттер дегеніміз кімдер?

А) Құран мен Суннаға сүйенетіндер

В) Тұқым қуалаушылық принципін жақтаушылар

С) Мұғтәзиләшілдер

D) Кәләмді жақтаушылар

Е) Мұхаммедтің тікелей шәкірттері

 

189. Исламда шииттер дегеніміз кімдер?

А) Билік Әли ұрпағының қолында болуы тиіс дейтіндер

В) Дүниетанымдық мәселеде Құран мен Суннаға сүйенетіндер

С) Мұхаммедтің тікелей шәкірттері

D) Мұғтәзиләшілдер

Е) Кәләм ілімін жақтаушылар

 

190. Мұхаммед пайғамбардың «Дінге сенушілердің Анасы» атанған сүйікті жұбайы:

А) Айша

В) Фатима

С) Хадиша

D) Әмина

Е) Зейнеп

 

191. Халифа сөзінің қазақша мағынасы:

А) Орынбасар

В) Еруші

С) Ізбасар

D) Үйренуші

Е) Жақтаушы

 

192. Мұхаммед пайғамбар қаза болғаннан кейін билік жүргізген төрт әділ халифалар:

А) Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли

В) Хамза, Әбдірахман, Тальха, Зубайр

С) Зайд, Біләл, Аббас, Мағауия

D) Әл-Мамун, Әл-Мутаваккиль, Һарун Рашид, Ибн Кутейба

Е) Хасан, Хусейін, Джафар, Али Риза

 

193. Араб халифатында 661-750 жылдар аралығында билік жүргізген әулет:

А) Омейядтар әулеті

В) Қарахандар әулеті

С) Аббасидтер әулеті

D) Фатимидтер әулеті

Е) Сасанилер әулеті

 

194. Араб халифатында 750-1258 жылдар аралығында билік жүргізген әулет:

А) Аббасидтер әулеті

В) Қарахандар әулеті

С) Омейядтар әулеті

D) Фатимидтер әулеті

Е) Сасанилер әулеті

 

195. Омейядтар халифатының астанасы болған қала:

А) Дамаск қаласы

В) Медина қаласы

С) Бағдад қаласы

D) Алеппо қаласы

Е) Басра қаласы

 

 

196. Аббасидтер халифатының астанасы болған қала:

А) Бағдад қаласы

В) Медина қаласы

С) Дамаск қаласы

D) Алеппо қаласы

Е) Басра қаласы

 

197. Ахмадия ағымы қай жерде пайда болды?

А) Үндістанда

В) Иракта

С) Мысырда

D) Арабияда

Е) Алжир

 

198. Мұхаммед пайғамбарға алғаш түскен сүре қалай аталады?

а) “ Аләқ ” сүресі 5 аят

б) “ Фатиха ” сүресі

с) “ Нун ” сүресі

д) “ Ясин ” сүресі

е) “ Бақара ” сүресі

 

199. Ислам діни-саяси теориясына сәйкес, нағыз дінге берілгендер, яғни мұсылмандар мен дінсіздер арасындағы адамдардың тобы қалай аталады?

А) Ахл әл-Китаб

В) Ахл әл-Хадис

С) Ахл әл-Сунна

D) Ахл ар-Рай

Е) Ахл аз-Зимма

 

200. Мүфтидің немесе басқа да діни беделді адамдардың қазы мен кез келген адамның діни мәселелер бойынша қойған сұрақтарына арнайы қайтарған ресми пікірі:

А) Пәтуа

В) Ақида

С) Шариғат

D) Хадис

Е) Фикх

Тест тапсырмасын құрастырған дінтану магистрі, аға оқытушы

Алтынбекова З.Т.

 

Тест тапсырмасы «Философия және саясаттану» кафедрасының мәжілісінде бекітілген

№ 3 хаттама «14» қазан 2015 ж.


<== предыдущая | следующая ==>
III. Задания на установление последовательности | C) Б.Зейгарник 1917 ж. Петербург.

Date: 2016-08-30; view: 524; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию