Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мәліметтерді талдау кезеңдері
Бірінші кезең - мәліметтерді сипаттау. Социологиялық зерттеудің нәтижелерін сипаттау мынаны білдіреді: зерттелетін объектінің тіркелетін құбылыстарының өзара байланысын анықтау; алғашқы эмпирикалық мәліметтерді реттеу; тұрақты байланыстар мен тенденцияларды іздеу; зерттелетін объектінің (құбылыстың) тұрақты қасиеттерін іздеу. Социологиялық ақпаратты сипаттау рәсімі барлық іріктеу жиынтығы мен жеке іріктеуді (жыныстық-жастық, аумақтық, кәсіби және т.б.) бағалануын есепке алуы тиіс. Бұл рәсімнің жүзеге асыруылуы зерттеу мәліметтерінің әрі қарай түсініктемелеуіне қажет. Мысалы, респонденттердің кез келген мәселені бағалауы олардың білім цензіне, жасына, кәсібіне және т.б. байланысты болады. Сондықтан, іріктеудің сипаттамалары материалды талдау кезде үнемі есте болуы қажет. Алынған мәліметтерді сипаттау кезінде материалды алғашқы қорытындылау үшін мәліметті “сығу” рәсімі (қарапайым топтарды, белгілерді ірілендіру) қолданылады. Мысалы, әлеуметтік өзгерістердің (жер туралы заңды қабылдау) қолдаушыларын немесе қарсыластарын анықтау. Социологиялық мәліметті өңдеу зерттеудің алғашқы кезеңінің өзінде зерттеудің бағдарлауын (зерттелетін құбылыс туралы түсініктер, оны тіркеудің индикаторлар жиынтығы, құбылыс туралы болжамдар және т.б.) белгілейді. Зерттеуді бағдарлау жиынтығы эмпирикалық зерттеуде теріске шығарылатын немесе расталатын зерттеу объектісі туралы теориялық ұғымдар болып табылады. Сонымен, негізгі ұғымдар мен индикаторлар жиынтығы мәліметтерді түсініктемелеудің кейінгі формасын береді. Сипаттамалық талдау әдістерінің бірі топтастыру әдісі болып табылады. Мәліметтерді топтастыру әдісі. Осы талдау рәсімінің алғашқы кезеңінде сұралған жиынтық ішінен біркелкі топтарды белгілеу қажет. Мысалы, орта білімі бар 20 мен 25 жастағы әйелдер. Осындай топтың әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы белгілі бір зерттеу мәселесі бойынша алынған пікірлерді түсіндіруге көмектесе алады. Топтастырылған сипаттамалық мәліметтерді салыстыру былай жүзеге асырылады: 1. басқа зерттеулердің мәліметтерімен; 2. бір-бірімен; 3. басқа белгілермен. Топтастыру рәсімі нәтижесінде алынған мәліметтерді салыстыру зерттелетін құбылыстың жай-күйі мен сипаты туралы алғашқы қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Нәтижелерде тұрақты байланыстарды айқындау, оларды мысалы, екі белгі (жасы және дінге көзқарасы, 1 кесте) бойынша салыстыруды білдіреді.
1 кесте. Жасына байланысты діни сенімге көзқарас.
1 кестенің мәліметтері респондеттердің есейген сайын дінге сенімінің өсуінің тенденциясын көрсетеді. Мәліметтерді талдаудың осы әдісімен қатар басқа да күрделі әдістер қолданылады: кластерлік талдау (объектілерді көп өлшемді жіктеу) және факторлық талдау (белгілердің көп бөлігін статистикалық талдау). Социологиялық зерттеу мәліметтерін түсініктемелеу - социологтың социологиялық мәліметтерге беретін мән-мағыналар жиынтығы. Объектіге жатқызылатын мағыналардың негізгі тізімі зерттеу бағдарламасында. Болжамдар, зерттеу терминдері белгілі бір “қызығушылыққа” (көбінесе, зерттеуге әлеуметтік тапсырыс түрінде) ие әлеуметтік аясының мазмұнымен үндес. Әлеуметтік шындықты белгілі бір көзқараста қарастыру зерттеудің формальді емес бөлігі болып табылады және социологтың ғылыми мектебіне (білімдердің теориялық-методологиялық деңгейі) байланысты. Зерттеу мәліметтерін түсініктемелеу кезінде мыналарды ескеру қажет: А. адамдардың бір нәрсе туралы таптаурынды түсініктерінің деңгейі; В. индивидтің белгілі бір топқа тиістілігі (топтық бағалаулардың әсері). Екінші кезең - мәліметтерді түсіндіру. Ғылыми зерттеудегі түсіндіру деп зерттелетін пәннің (“құрылым”, “функция” және т.б.) немесе бағынатын заңның тұрақты байланыстарын жете түсіну болып табылады. Түсіндіру формаларының келесі негізгі түрлері ажыратылады: а) себептік - басқа объектілермен заңдылықты байланыс орнату; объектінің жай-күйі оның өткен жай-күйі арқылы түсіндіріледі; ә) себептік түсіндіру түрінде зерттеу болжамдарын талдау белгіленеді. Болжамдар зерттелетін объект туралы бар білімдерден құрырылады. Зерттеудің болжамдарды тексеруге бағдары зерттеуді қажетті байланыстарды (зертеу объектісін) тексерумен шектеуге мүмкіндік береді. б) генетикалық - объектінің себептік-салдарлық байланыстарға енуі (оның шығу тегін қалпына келтіру); в) құрылымдық-функциялық - объект жүйенің элементі немесе өзінің функциялық мәніне ие бөліктері бар тұтастық ретінде қарастырылады. Функция деп объектіге өзгермейтіндей тән және осы объектінің сақталуына мүмкіндік беретін белгілі бір жүріс-тұрыс әдісі түсіндіріледі. Қоғам социология тұрғысынан, күрделі қызмет жасайтын жүйе болып табылады. Әлеуметтік институттар - бұл көп қырлы объектілер. Қазіргі социологиялық зерттеулерде әлеуметтік проблеманы барынша жеткілікті шешетін бірқатар болжамдарды (баламалы) алға тартады. Болжамдарды тексеру процесі зерттеуде растау (теріске шығару) ретінде алға шығады әрі социологиялық мәліметтерді талдау кезінде ескеріледі. Социология тәжірибесінде, әдетте, күрделі, аралас және қиыстырылған түсіндірмелер беріледі. Өйткені, әлеуметтік құбылыстарды ашу олардың көп қырлылығына орай түсіндірудің (себептік, функциялық, құрылымдық) әр түрлі типтерінің жиынтығын пайдаланумен жүзеге асырыла алады. Дұрыстық өлшемі бойынша түсіндіру мынадай түрлерге бөлінеді: сенімді түсіндіру - объекті мен оған әсер ететін факторлар арасында себептік байланысты орнату үшін қажет эмпирикалық ақпараттың толық көлемде зерттеудің алғашқы материалдарында орын алуы (объекті мен оған әсер ететін факторлар арасында байланыстың орнауы); болжамдық түсіндіру - зерттелетін құбылыстың әлеуметтік контекстісін есепке алумен мәліметтерді қайта талдау (нақтылы зерттеудің мәліметтерінде ақпарат болмайды). Үшінші кезең - үлгі негізінде түсіндіру. Әлеуметтік объектілерді теориялық типологизацияның түсіндіру (объектінің жетілген үлгісі негізінде әлеуметтік құбылыстардың белгілерін қорытындылау). Осы жағдайда объектіні түсіндіру оны жүйе деп түсінуден шығады (байланыстарды, объект құрылымының ерекшеліктерін айқындау). Әлеуметтік объектінің теориялық үлгісінің екі негізгі түрі болады: 1) Абстракциядан туындайды (ұғымдар, мысалы, “идеалды газ”); 2) Эмпирикалық фактілерді қорытындылау негізінде құрылған (объектінің өлшемін қорытындылау, сұрыптау және комбинация). Сонымен, зерттелетін объектінің үлгісі деңгейінде түсіндіру зерттеуде анықталған объектінің белгілерін салыстыруға, (бақыланатын құбылысты тіркеу жиілігі), сондай-ақ, зерттеу мәліметтерінің қабылданған үлгіден ауытқуының көлемін зерттеуге сүйенеді. Зерттеуде алға қойылатын болжамдарды тексерудің жеке әдісі әлеуметтік эксперимент жүргізу болып табылады (зерттеу объектісіне сүйену). Эксперименттік жағдай тудыру үшін екі (ең кемінде) - эксперименттік (белгіленген әсер ету факторына ықпал жасау үшін) және бақылау (ықпал ету жоқ) іріктеуінің болуы қажет. Әлеуметтік эксперимент үшін іріктеулерді қалыптастыруда - олар негізі әлеуметтік өлшемдер: жынысы, жасы, білімі, тұрғылықты жері бойынша (зерттеу мақсаты үшін) бір-бірімен теңдестірілуі қажет. Осы жағдайда ғана әлеуметтік реакциялардағы айқындалған айырмашылықтарды бақылау факторының ықпалына жатқыза аламыз. Алынған ақпаратты түсіндіру кезеңінде түсініктемелік болжамдар тексеріліп, зерттеліп жатқан әлеуметтік объектінің себептік-салдарлық байланыстары туралы негізгі қорытындылар алынуы тиіс. Төртінші кезең - болжам рәсімі. Бұл рәсім талдаудың алдыңғы кезеңдерінің жүзеге асырылуы негізінде орындалады. Болашақта белгілі бір жағдайда зерттелетін объектінің (процестің, құбылыстың) дамуы жөнінде ықтималды пікірдің болуы белгіленеді. Бұл кезең қайта зерттеулерді жүргізген уақытта ғана мүмкін (объектінің уақыт аралығында өзгеруінің тұрақты тенденциясын анықтау). Әлеуметтік болжамның шектеулі сипаты болатынын ұмытпау керек. Әлеуметтік жүйелер өзара тәуелді болғандықтан, ол объектіге әсер етіп оның болжамына қатысты айтылғанының жүзеге асырылмауына әкелуі мүмкін. Болжамның келесі түрлері болады: Тривиалды (тұрақты әлеуметтік жүйеде болып жатқан қарапайым оқиғаларды алдын ала білу); Тривиалды емес (тривиалды емес оқиғалардың болуына орай әлеуметтік жүйенің өзінде өзгерістерді алдын ала білу). Тривиалды болжам зерттелетін объект жөнінде мәліметтер сериясын алуын белгілейді. Мысалы, “Отан” партиясының жақтаушыларының бірнеше ай аралығында өсуі:
Болжам жасау кезінде болжамдалатын объектінің жүріс-тұрысына әсер ете алатын факторларды - “болжам айналасын” есепке алу қажет. Болжам әдісінің бірі - сарапшыларды сұрау (Дельфи әдісі). Қандай да бір объектіге қатысты болжамды жүзеге асыру үшін белгілі бір ереже бойынша сарапшылар - осы білім саласындағы мамандар таңдап алынады. Олардың әрқайсысы өзінің оқиға болжамын жүзеге асырады. Содан кейін, осы мәліметтер қорытындалып, болжамдық құндылық көрсеткіші шығарылады. Алайда болжам қандай әдістемемен жүзеге асырылмасын, ол міндетті түрде өзінің әрекет етуінің кеңістік пен уақыт шекарасына сондай-ақ, оған әсер ететін “айнала” факторларын көрсетуден тұруы тиіс. Date: 2016-07-25; view: 317; Нарушение авторских прав |