Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Леуметтік ұйымдар
Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ” [45]. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады. Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде “ұйым” деген сөзбен, Мысалы, кәсіпорынды, билік органын, ерікті одақты және т.с.с. атауға болады. Екіншіден, “ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге көзделген мақсатпен ықпал етумен байланысты, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті болатын процесс болып табылады. Бұл мағынасында “ұйым” ұғымы “басқару” ұғымымен парапар келеді, әйткенмен түпкілікті емес. Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келуі мүмкін. Онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құруды және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді. Бұл мағынасында объектіні ұйымдастыру - объектінің қасиеті, бір белгісі. Термин мұндай мазмұнымен, Мысалы, ұйымдасқан және ұйымдаспаған жүйелер, қоғамның саяси ұйымы, тиімді және тиімсіз ұйым және т.б. туралы сөз болғанда қолданылады. “Ресми” және “бейресми” ұйым ұғымдарында дәл осы мәні алынады. Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар [46]: 1. Ол белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылып, мақсатқа қол жеткізуі арқылы бағаланады. Бұл адамдар бөлек-бөлек, жалғыз дара қол жеткізе алмайтын мақсаттар үшін адамдарды біріктіру және мінез-құлықтарын реттеу функцияларын қамтамасыз ету құралы мен аспабын білдіреді. 2. Мақсатқа қол жеткізу жолында ұйымның мүшелері рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады. Демек, әлеуметтік ұйым оған кіретін мүшелерінің әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі өзара байланысқан жүйесін білдіреді. Әлеуметтік ұйым адамның қажеттіліктері мен мүдделерін оның алдын ала белгіленген әлеуметтік мәртебесімен, әлеуметтік рөлдерімен, сол әлеуметтік ұйымдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалармен және құндылықтармен белгіленетін шекте қанағаттандыруына мүмкіндік береді. 3. Ұйым еңбек бөлінісінің және оның функционалдық белгілері бойынша мамандандырылуының негізінде пайда болады. Сондықтан жекелеген ұйымдарда әр түрлі көлденең құрылымдар орын алады. Алайда ұйымды түсіну үшін неғұрлым маңызды болып табылатын нәрсе - олар әрқашан тік (иерархиялық) белгі бойынша құрылады, онда басқарушы және бағынушы ішкі жүйелер айтарлықтай айқын білініп тұрады. Басқарушы жүйенің қажеттігі көлденең құрылымдардың әр алуан бағыттағы қызметін үйлестіру қажеттігінен туған. ұйымды құрудың иерархиялылығы мақсат бірлігіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, оны орнықты және тиімді етеді. 4. Басқарушы ішкі жүйелер ұйымның қызметін реттеудің және бақылаудың өзіндік ерекше құралдарын жасайды. Бұл құралдардың ішінде институттанулық, немесе ұйымішілік деп аталатын нормалар, яғни ерекше өкілеттіктері бар ерекше институттардың қызметімен жасалатын нормалар елеулі рөл атқарады. Аталмыш институттар нормативтік талаптарды іс жүзіне асырады, оларды өзінің айрықша билігімен және ықпалымен ұстап тұрады, олардың жүзеге асуын бақылайды және өз санкцияларын қолданады. 5. Әлеуметтік ұйымдар тұтас бір әлеуметтік жүйені білдіреді. Ал тұтас жүйе, жоғарыда атап өтілгеніндей, өзі бөліктерінен үлкен болады. Сондықтан ұйымның әр түрлі элементтерін біріктіру базасында ерекше ұйымдық немесе синергетикалық әсер жасалады. Әлеуметтік ұйымдарда синергияның көрініс табуы олардың қатысушыларының жеке күш-жігерлерінің қосындысынан артық қосымша энергияның пайда болғанын білдіреді. Синергетикалық әсер оның негізгі үш құраушысынан құралады: ұйым өзінің көптеген мүшелерінің күш-жігерін біріктіреді; жай бұқаралық, яғни көптеген күш-жігерлердің бірмезгілділігі энергияны өсіреді; бірліктердің өзі - ұйымның элементтері оған кіре отырып едәуір өзгешеленеді: олар ішінара мамандандырылған, демек тек белгілі бір функцияларды ғана атқаратын бірбағытты элементтерге айналады. Жеке адамның әрекетінің бұл мамандандырылған бірбағыттылығы да оның энергиясын күшейтеді, өйткені энергия бір нүктеге шоғырланады; басқарушы ішкі жүйенің арқасында адамдардың әрекеттері синхрондалады, бұл да ұйымның жалпы энергиясының артуының қуатты көзі болады. Ұйымға тән белгілерді бөліп қараумен қатар олардың белгілі бір типологиясы болады. Ұйымдар ресми және бейресми болып бөлінеді. Ресми ұйым. Бұл әлеуметтік ресмилендіру, яғни құқықтық, ұйымдық және әлеуметтік мәдени нысандардағы стандарттық, тұлғасыз мінез-құлық үлгілерін мақсатты түрде қалыптастыру негізінде құрылған ұйым. Ресми ұйымның басты функциясы - адамдар қоғамдық еңбектің құралдарымен және мақсаттарымен бір тұтастыққа біріккен гетерогендік жүйені құру. Ресми ұйымдардың негізгі ерекшеліктерін былай сипаттауға болады. 1) Ол оңтайлы, яғни оның негізін мақсатқа сай, белгілі мақсатқа қарай саналы түрдегі қозғалыс құрайды. 2) Ол принципті тұлғасыз, яғни араларында алдын ала жасалған бағдарлама бойынша “стандартталған” (“мұрат”) қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналған; бұл бағдарламада жеке адамдар арасындағы қызметтестіктен басқа ешқандай қарым-қатынастар, онда функционалдықтан басқа ешқандай мақсаттар көзделмейді. Өзі дамуының шегіне жеткен дәрежесінде ресми ұйымның бұл ерекшеліктері оның бюрократтық жүйесіне өзгереді және оған ұйымның жеке жақтары мен элементтерін абсолюттендіру, оларды дербес құндылықтар дәрежесіне көтеру және қызмет ету құралдарын мақсатқа айналдыру тән болады. Қоғамдық еңбектің тиімділігін қамтамасыз етудегі ресми ұйымның орасан артықшылықтарымен қатар, оның шектеулілігін атап өткен жөн, өйткені ол қоғамдағы барлық ұйымдық қарым-қатынастарды қамти алмайды. Сондықтан оның шегінен тыс немесе тіпті оның ішінде ұйымдасудың басқа түрі - бейресми ұйым құрылады. Бейресми ұйым қандай да бір топтың ішіндегі ұзақтығы азды-көпті тұлғааралық араласудың нәтижесі болып табылатын әлеуметтік байланыстардың, нормалардың, әрекеттердің спонтанды қалыптасқан жүйесін білдіреді. Бейресми ұйым ресми ұйымның принципінде әлеуметтік өзара әрекеттестіктің барлық жақтарын, барлық процестерін қамтуға және оған енетін жеке адамдардың барлық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетсіздігінен туады. Ресми ұйымға қатысты алғанда бейресми ұйым ең алдымен өтемдік деп аталатын функцияны орындайды, яғни ресми ұйымның кемшіліктерін толтырады. Сонымен қатар, жеке адам ұйымның мұндай нысанына қатысуды ресми ұйымның шектеуші ықпалынан қорғану механизмі ретінде қажетсінеді, ол оған әр түрлі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға - өзін іс жүзінде көрсетуге, өзіне өзі сенімді болуына, қоғамда танылуына және т.б. үлкен мүмкіндіктер береді. Кей кездері бейресми ұйымдар ортақ мақсаттарға қол жеткізуге қарсы әрекет жасап, беделін “түсіріп” және т.б. жасай отырып ресми ұйымдарға қатысты дисфункционалдық (яғни ресми ұйымдардың қажеттіліктеріне қол жеткізуіне кедергі жасайтын) рөлді де атқарады. Бейресми ұйым өзін екі негізгі: ресмиліктен тыс және әлеуметтік-психологиялық нысанда көрсетеді. Ресмиліктен тыс ұйым - бұл ресми ұйымның мүшелері спонтанды дамытатын, ресмиленбеген қызметтік қарым-қатынастардың ұйымдастыру міндеттерін ресми түрде алдын ала белгіленгеннен өзге тәсілдермен шешуге бағытталған жүйесі. Жеке тұлға әрқашан да автономиялықтың, өзі орындайтын функциясына қатысты тәуелсіздіктің белгілі бір дәрежесін сақтайды. Осы автономияның арқасында ресми ұйымның қызметкері қызметтік мінез-құлықтың нақты нысандарын таңдауда әрқашан белгілі бір еркіндік диапазонына ие болады. Басқа сөзбен айтқанда, адамдар ресми ұйымның алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетінше, ресми ұйымның ықпалынсыз осы ұйымның міндеттерін орындау үшін және бұл ретте берілген, ресми ұйым “алдын ала белгілеген” тәсілдерден өзге тәсілдермен әрекет ету үшін біріге алады. Әлеуметтік-психологиялық ұйым - бұл тұлғааралық қатынастардың спонтанды пайда болған, тікелей таңдаушылық (оңтайлыға қарағанда көбірек эмоционалды) және бір-біріне өзара қызығушылық таныту негізінде құралатын жүйесі. Ол жеке адамдардың өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін - араласуға, танылуына, топқа жатуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруы мақсатында құрылады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тікелей байланыстағы адамдардың, олардың жеке қызығушылықтарына негізделген қауымдастығы. Әдетте, бұл топтар саны жағынан салыстырмалы түрде онша үлкен емес (зерттеушілердің көпшілігінің мәліметтері бойынша - 3-тен 10 адамға дейін), бұл тікелей жеке байланысуларды қолдау мүмкіндіктерімен анықталады. Мұндай топтардың шекаралары ресми ұйымдардың шекараларымен дәлме-дәл келуі немесе олардан өзгеше болуы мүмкін, ресми ұйымның әр түрлі бөлімшелерінің мүшелерімен бірге немесе оның шегінен тыс қызмет атқара алады. Көбінесе, топтың шеңберінде өзінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырыса отырып, адам оған тәуелді болып қалады, өйткені топ қандай да бір жолмен өз мүшелерінің мінез-құлқын бақылап отырады. Бұл үшін ықпал ету құралдарының біразы пайдаланылады: кінәлау, моральдік оқшаулау және т.б. Әлеуметтік-психологиялық ұйым өзіндік мінез-құлық нормаларын жасайды және оның әрбір мүшесі оны сақтауға міндеттенеді. Топта қандай да бір жолмен оның мүшелері мерейлік өлшем бойынша бөлінеді, ол ресми ұйым шеңберінде қалыптасқан топ үшін көбінесе лауазымдық дәреже құрылымымен парапар келе бермейді. Топта көшбасшылық пен бағыныстылықтың өзіндік бейресми иерархиясы пайда болады. Бұл сәттердің барлығы қандай да бір дәрежеде топтың жасаған бақылау механизміне жатады. Мұндай механизм көп жағдайда ресми ұйымның иерархиялық байланыстар жүйесімен дәлме-дәл келе бермейтіндліктен, бұл көбінесе ұжым құрылымының ресми және әлеуметтік-психологиялыққа бөлінуіне әкеп соғады. Кей кездері осы негізде қарсы тұрулар пайда болуы мүмкін: бөлімше - топ, лауазым - мерей, басшы - көшбасшы және т.с.с. Жүйенің мұндай жағдайы тұрақсыздыққа, бүлдіруге соқтырмай тұрмайтынын түсіну қиын емес. Ресми ұйымды қарастыра отырып бюрократия сияқты басқару жүйесін айналып өтуге болмайды. Тарихи тұрғыдан бұл ұғым мемлекеттік органдар мен үкімет шенеуніктерінің қызметімен байланысты, бірақ социологтар оны кең спектрлі мақсаттарды көздейтін ұйымдарда байқалатын басқарудың белгілі бір нысандарын белгілеуге пайдаланады. Техникалық термин ретінде бюрократия социологияда М.Вебердің есімімен байланысты. Ол оған дәл анықтама берген және ұйымдық мақсаттарға оңтайлы және тиімді қол жеткізу үшін ең жақсы әкімшілік нысан болып табылады деп ұйғарған. Бюрократияның Веберлік мұрат түрі әр түрлі элементтерді қамтиды: маманданудың жоғары дәрежесі және ресми міндеттер ретінде бөлінетін міндеттері бар, анық көрініп тұратын еңбек бөлінісі; өкімдік ету және жауапкершілік аясы нақты белгіленген биліктің иерархиялық құрылымы; ұйымның қызметін басқаруға арналған ережелердің ресми жиынын белгілеу; жазбаша құжаттарға негізделген әкімшілік жасау; ұйым мүшелерінің өзара және клиенттермен байланысының тұлғасыз сипаты; қабілеттері мен техникалық білімдері негізінде адам құрамын толықтырып отыру; лауазымды тұлғаларды даярлаудың ресми рәсімі; ұзақ мерзімді қызмет, жасының үлкендігіне немесе сіңірген еңбегіне қарай жоғарылау; ұйым мүшелерінің белгіленген жалақылары; жеке және ресми кірістер бөлінісі; әрбір қызметкердің ұйымға қатысты ниетінің түзулігі және белгіленген ережелерді бұлжытпай орындауға тырысу (ал мұның өзі басшыға немесе басқа кез келген қызметкерге жеке басының берілгендігіне айналуы шарт емес). Бұл сипаттамалардың барлығы бірге алғанда қызметкерлер мен ресми ұйымның мінез-құлықтарын алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйе қызметінің түпкі нәтижелері тұлғасыздық болмақ. Сонымен, адамдарды ұйымдарға біріктірудің негізгі факторы ең алдымен оларға қатысушыларды осындай бірігудің нәтижесінде өзара күшейтуде тұр. Бұл осынау адамдар жиынтығы қызметінің энергиясы мен жалпы тиімділігінің қосымша көзі болады. Бұл қоғам алдында тұрған проблемаларды шешу үшін арнайы ерекше құрал ретіндегі ұйымдар құруға түрткі болады. Ұйымдар құру “қоғам” атты жүйенің атқаратын қызметінің бірі болып табылады деуге болады. Сондықтан ұйым өзі жүйелік құрылым бола отырып, белгілі бір дәрежеде үлкен әлеуметтік жүйе ретінде қоғамның жүйелік қасиеттерін қайталайды, көрсетеді. Сонымен қатар ұйымдардың қоғамдық мақсаттарға ғана құрылмайтынын естен шығармаған жөн. Егер де бұл мақсаттар адамдардың мақсаттарына түбірімен қарама-қайшы келсе, онда олар ұйымдарға онша кіріге қоймас еді. Сондықтан да ұйымдарға біріктірудің тиімді механизмі бір мақсаттарға қол жеткізу басқа мақсаттарды жүзеге асыру арқылы ғана мүмкін болатындай болуға тиіс. Ұйымға қатысушы өз мақсаттарына ұйымға бар күшін салып жұмыс істегенде ғана қол жеткізе алады; және керісінше - ұйым өзінің алдында тұрған міндеттерін қаншалықты жылдам және табысты шешетін болса, өз қатысушыларының қажеттіліктерін де соншалықты толығырақ қамтамасыз ететін болады. Демек, ұйымдар тек бір мақсатта ұйымдастырылған емес, іс жүзінде көп мақсатты, жүйені де білдіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Тощенко Ж.Т. О понятийном аппарате социологии // СОЦИС. - 2002. - (8. - С.3-16. 2. Социология. Основы общей теории. Учебное пособие / Под ред. Г.В.Осипов, Л.Н.Москвичева. - М.: “Аспект-Пресс”, 1998. - С.102-105. 3. Социология. Учебное пособие. - М.: Изд-во “Знание”, 1995. - С..145. 4. Давидюк Г.П. Социологические законы // СОЦИС. - 2001. - 6. - С. 96-98. 5. Социология. - М.: Мысль, 1990. С. 37-39. 6. Социология. Учебное пособие. - М.: Изд-во “Знание”, 1995. - С.149. 7. Социология. Основы общей теории. Учебное пособие / Под ред. Г.В.Осипов, Л.Н.Москвичева. - М.: “Аспект-Пресс”, 1998. - С. 124. 8. Платонов К.К. Структура и развитие личности. - М., 1986. - С. 173. 9. Кравченко А.И. Социология. Учебное пособие для студентов высших заведений. - Екатеринбург: Деловая книга, 1998. - С. 45. 10. Социология. Основы общей теории. Учебное пособие / Под ред. Г.В.Осипов, Л.Н.Москвичева. - М.: “Аспект-Пресс”, 1998. - С.174. 11. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2002. - С. 10. 12. Современная западная социология. Словарь / Под ред. Ю.Н. Давыдова. - М.: Политиздат, 1990. - С.140. 13. Бобнева М.И. Социальные нормы и регуляции поведения. - М.: Наука, 1978. - 310 с. 14. Современная западная социология. Словарь / Под ред. Ю.Н. Давыдова. - М.: Политиздат, 1990. - С.140. 15. Социология преступности. - М.: Прогресс, 1966. - С. 82-87. 16. Кравченко А.И. Социология. Учебное пособие для студентов высших заведений. - Екатеринбург: Деловая книга, 1998. - С.97. 17. Фролов С.С. Социология. Учебник для высших учебных заведений. - М.: Издательская корпорация “Логос”, 1998. - С.103-105. 18. The Concіse Oxford Dіctіonary of Socіology/ Edіted by Gordon Marshall. Oxford Unіversіty Press, 1994, p.512; The Penguіn Dіctіonary of Socіology, L. 1988. р. 243 19. Словарь - справочник по социологии и политологии // Тадевосян Э.В.М.: Знание, 1996.- с.158; см, например, определение общества, данное в Социологическом справочнике / Под общей ред. В.И.Воловича. - К.: Политиздат Украины. - 1990. - С. 63. “Общество - это система отношений, связывающих индивидов, группы, общности, социальные институты в некоторую целостную структуру на базе общей деятельности и культуры”. 20. Социология. Основы общей теории: Учеб.пособие / Под ред. Г.В.Осипова, Л.Н.Москвичева. - М.: Аспект Пресс,1996. - с.201 21. Кожамкулова Л.Т. Средний класс и нисходящая социальная мобильность // Рөл социологии в обновлении общества / Доклады первой Международной конференции социологов. Ч.1. Алматы, 1997. 22. Тадевосян Э.В. Словарь-справочник по социологии и политологии. - М.: Знание, 1996. - с.127 23. Gіddens A. Socіology. L. 1989. - С. 206. 24. Смелзер Н. Социология: пер. с англ. - М.: Феникс, 1994. С. 274 25. См.: Вебер М. Основные понятия стратификации //Социологические исследования. - 1994. - (5. - С.147-156; Маркс К. Капитал. Критика политической экономии.- Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения, т. 25, ч.2. - С.387; Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество / Под ред. Согомонов А.Ю.: Пер. с англ.-М.: Политиздат, 1992.- 395 с.; Worner L., Meeker M., Eels K. Socіal class іn Amerіca: A manual socіal status. NY-1969.; Барбер Б. Структура социальной стратификации и тенденции социальной мобильности// Американская социология: перспективы, проблемы, методы: Общ. ред. Осипов Г.В.: Сокр. пер. с англ. - М.: Прогресс,1972. - С.235-247; Parsons T. The polіtіcal aspects of socіal structure and process // Varіetіes of polіtіcal theory. Ed. D.Easton. - Englewood Clіffs: Prentіce - Hall, 1966. 26. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. Т.25, ч.2. - С.354 27. Вебер М. Основные понятия стратификации // Социологические исследования. - 1995. - (5.- С.148. 28. Worner L., Meeker M., Eels K. Socіal class іn Amerіca: A manual of socіal status NY - 1969. p. 70. 29. K. Davіs & W. Moore Some Prіncіples of Stratіfіcatіon // Socіal Stratіfіcatіon іn Socіologіcal Perspectіve / edіted by Davіd Grusky, Westvіew press, 2001. p.55-65 30. Park R.E. Burgess E.W. McKensіe R.P. The Cіty. Chіcago 1925. Sіx іmpressіon 1970.; Park R.E. Human Ecology.Op.Cіt.,p.7; Park R.E. Conflіct and Margіnal Man. // Theorіes of Socіety.Op.cіt.Vol.2., p.945; Парк Р. Социальный контрөл и социальное поведение. Часть первая: Город как социальная лаборатория // Рабочие тетради. Выпуск 1. Классики современной теоретической социологии Джордж Г. Мид, Роберт Э. Парк - Московский университет. - 1994. С. 64. 31. Barber B. Socіal stratіfіcatіon N.Y. Harcourt, Prace and Co., 1957, p. 45-52. 32. Pіtіrіm A. Sorokіn Socіal and Cultural Mobіlіty // Socіal Stratіfіcatіon іn Socіologіcal Perspectіve / edіted by Davіd Grusky, Westvіew press, 2001. p.303-309 33. См.: Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация в РК. Алматы. - 1997 г. - 111с.; Динамика социальной структуры и этнокультурных процессов в условиях экономического плюрализма. На материалах центрального Казахстана //Елизова Л.М., Касенов Б.К., Майсюк А.В., НАМРН Караганда. - 1995 г. - 140с.; Аяганов Б.Г. Политические трансформации и изменения в социальной структуре Казахстана (1946 - 90 гг). - МНО, Алматы. - 1994 г. - 245 с.; Садырова М.С. Интеллигенция в социальных процессах современного Казахстана. - Алматы. - 1999. - 117 с.; Садовская Е.Ю. Актуальные проблемы изучения социальной структуры и социальной стратификации. Алматы. 1993. - 32 с.; Валитова З.Х Возраст как фактор стратификации в период становления рыночной экономики // Социальная стратификация и социальные процессы в Центральной Азии. Алматы, 2002. - 500 с. 34. Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация в РК. Алматы. - 1997 г. - С.110 35. Кожамкулова Л.Т. Социальная структура крупного города (на примере г. Алматы). Автореф... дис. канд. социол. наук, Алматы 2000. - 28 с. 36. Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация в РК. Алматы. - 1997 г. - С.102 37.Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. Курс лекций. - М.: “Владос”, 1995. - С. 77-78. 38. Громов И., Мацкевич А., Семенов В. Западная теоретическая социология. - СПб: Ольга, 1996. - С.33. 39. Кравченко А.И. Основы социологии. - М.: Академия, 1997. - С.57. 40. Фролов С.С. Социология. - М.: Логос, 1996. - С.169. 41. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. Курс лекций. - М.: Владос, 1995. - С.121. 42. Громов И., Мацкевич А., Семенов В. Западная теоретическая социология. - СПб: Ольга, 1996. - С.185-186. 43. Кирдина С.Г. Социокультурный и институциональный подходы как основа позитивной социологии в России. // Социс. - 2002. - (12. - С.29-30. 44. Шеденова Н.У. Социальное партнерство как форма социально-трудовых отношений / Материалы международной социологической конференции “Социальная стратификация и социальные процессы в Центральной Азии” (16.11.2002) - Алматы: Қазақ университеті, 2002. - С.278-279. 45. Смелзер Н. Социология. М., “Феникс”, 1994. - С. 169. 46. Пригожин А.И. Социология организации. М., 1980.
Date: 2016-07-25; view: 299; Нарушение авторских прав |