Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ықықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну.
Қандай да бір ғылым болмасын, оның ішінде, әсіресе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымының әлеуметтік жағы басым болады. Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен, мұқтаждығынан пайда болғанын, ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары неде, халықтың материалдық, мәдени, рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр, оның басқа қоғамдық құбылыс-үдерістермен, ғылымдармен байланыс-қатынастары, болашақ даму бағыттары, қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды. Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арнаулы теорилардың бірі – құқықтың әлеуметтік аспектілері туралы сөз болмақ. Құқықтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымымен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болды. Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа дейін өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой-пікір әлі жоқтың қасы. Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр. 1962-ші жылы Ү халықаралық әлеуметтану Конгресінде құқық әлеуметтануы ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде танылған болатын, бірақ оның табиғи мәні, зерттейтін объектісі, пәні және оның қоғамдық гумкнитарлық ғылымдар арасында алатын орны осы уақытқа дейін әр түрлі талқыға түсіп келеді. Осы тұрғыдан алғанда шетелдікәдебиеттерде құқықтық әлеуметтануды жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы деп қараса, Ресей құқықтанушылары (В.В Лапаева, В.А Туманов, т.б.) құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымының бір саласы және ол құқықтық деп санайды. Ал ресей әлеуметтанушыларыЭ.В. Тадовосян, С.В. Боботов, т.б. шетелдік әлеуметтанушылардың көзқарастарын жақтайды. Кейінгі әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық әлеуметтануы, әлеуметтік юриспруденция ұғымдары әр түрлі мағынада болып, олар әлеуметтану мен құқық ғылымдарына қолданылады. әлеуметтік құқықтың юриспруденция ұғымы құқық ғылымдары дамуының әлеуметтік бағытымен белгілеп анықтаса, құқық әлеуметтануы (юридикалық әлеуметтану) ұғымы жалпы әлеуметтану ғылымынң жеке саласындағы әлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. Сонымен, бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы әлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына жеке бөлімдеріне қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық әлеуметтануы құқықыты негізінде үш мағынада қарайды. Біріншіден, құқық –бұл міндетті түрде орындалатын әлеуметтік ережелердің жиынтығы. Екіншіден, құқық белгібір қызметті атқаруда адамның, қоғамның мүмкіншілігі, бостандығы, егемендігі болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, еңбек етуге, демалуға рұқсат беруді айтады. Үшіншіден, құқық куәлік ретінде де қолданылады. Мысалы, машина жүргізу құқықығы, т.б. Біздің әңгімеміз алдыңғы екі категорияны қамтымақ. Құқық ғылымының да жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтану бөлімі бөлімі бар. Осыған орай жалпы құқықтық ғылым мемлекет пен құқықты қондырманың бір түрі ретінде қарап, оларды қоғамның барлық салаларымен, әсітесе, экономикалық құрылымыммен тығыз байланыстылығын, оған беленді түрде әсер етіп отырыатынын көрсетеді. әлеуметтану ғылымы жеке қоғамдақ және гуманитарлық (оның ішінде құқықтық) ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарда болып, олардағы құбылыстарды, үдерістерді, көкейтесті мәселеллерді, ой-пікірлерді, істің мәні мен мазмұнын әлеуметтану тұрғысынан жан-жақты, терең зерделеуге, тұжырымдауға тырысады. Ал, жалпы құқық ғылымы осындай әлеуметтік теориялық негіздеуді, яғни оның теориялық заңдылықтарын, әдістемелік нұсқау, бағдарламаларын, құқықтық құбылыстар мен процестерді зерттеудің ғылыми әлеуметтік әдістерін әр уақытта қажыт етіп отырады, оларды кеңінен қолдануға тырысады. Жоғарыда көрсетілгендей,осындай жалпы әлеуметтану мен жалпы құқық ғылымының тығыз байланыстары, әсіресе, әлеуметтану құқық ғылымына кең енуіне (кіруіне) байланысты әлеуметтанудың арнаулы салалық теориясы- құқық әлеуметтануы пайда болды. Құқық әлеуметтануы құқықты біртұтас, бірыңғай жүйе, ерекшебір әлеуметтік құрылым ретінде қарайды. Ал, мұндай құрылым әр уақытта әлеуметтік шеңберде қаралуы тиіс. Осыған орай құқық әлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны мен атқаоатын қызметін (функциясын), оның шығуы мендамуын, өзгеру тетігін, құқықтық (юридикалық), ережелердің құрылымын, олардың қоғамдағы адамдарға, топтарға, жіктерге, т.б. пайдалылығын, тиімділігін, басқа да қоғам салаларамен, құбылыстармен байланыстарын, ықпалын зерттейді. Құқық әлеуметтануы әр түрлі қоғамдық қатынатар жүйесінде,яғни құқық пен құқықтық сананың әр уақытта таптық сипатта болатынын, ақыр аяғында құқықтық экономикалық қатынастармен шарттас, тікелей байланыста, дұрысы, оларға біршама тәуелді екенін көрсетеді, сонымен қатар қоғамда құқықтық реттеудің көмегімен әлеуметтк қорғауды, бақылауды қамтамасыз етуді және қоғамдық өмірді ұйымдастыруды зерттейді. Құқық әлеуметтанудың пәні- құқық. Ол оны үш тұрғыдан талдайды. 1. Құқық әлеуметтік институт, яғни алуан түрлі ережелердің (нормалардың), бұйрық-жарлықтардың, талап-тілектердің жиынтығы. Бұлар арқылы ол қоғамдағы адамдардыңалуан түрлі жіктерінің, топтарының әр саласындағы жұмысын, қызметін бақылап, тәртіпке салып, реттеп отырады. Бұдан басқа құқық кейбір жекелеген қоғамдық қатынастарды да реттеп, басқарып отырады. Мысал ретінде азаматтық және мұрагерлік институттардың жұмысын басқаруды айтуға болады. 2. Қоғамдық қатынастар жүйесінде құқықтық әлеуметтік ережелердің дамуы, қоғамдық тәртіпті қолдау, тілек-талаптарды реттеуші сала, ретінде талданады. 3. Ол құқықты, құқықтық сананы және құықтық шығармашылықты қалыптастыру үдерісі ретіндежәне құқықтық, юридикалық ережелерді қоғамның барлық деңгейінде әлеуметтік тәртіпке айналдыру үдерісі ретінде қарастырылады. Осыларға орай жалпы құқық деген не, оны әлеуметтік тұрғыдан қалай түсіну керек, деген заңды сұрақтар туады. Жоғарыда көрсетілгендей, құқық – алуан түрлі нормалардың (ережелердің), бұйрық-жарлықтардың, талап-тілектердің жиынтығы. «Норма» деген термин латын тілінен алынған ұғым, ол ереже (яғни, мөлшер, шама деген мағынаны білдіреді. Жай тілмен айтқанда «ереже» сөзі басқарушы деген жалпылама мағынада қолданылады. Ал, бұл жерде «басқарушы» ереже салаларында кездеседі. Сөйтіп, ол тек қана құқық ғылымында ғана емес, басқа өмір салалрында да қолданылады. Мысалы, техникалық ереже немесе әдебиет пен өнер ережесі (нормасы),т.б. айтамыз. Кейде ереже деп, бір зат пен құбылыстың аз мөлшердегі сандық көрінісін немесе оның ережеге сай келетін мүмкіндігін де айта береміз. Табиғат пен қоғамның даму заңдары әр уақытта объективтік сипатта болады. Яғни адамның еркінен, санасынан тыс, тәуелсіз, болып өз бетінше, дербес дамиды. Объективтік даму заңдылықтары адамның іс-әрекеті, қызметі арқылы көрініп, субъективтік сипатта болады. Ал, қоғамдағы алуан түрлі нормалар адамдардың саналы, ерікті іс-қызметінің жемісі болады, олар мазмұн жағынан объективті болғанымен, нормалардың дүниеге байланысты, яғни, субъективтік сипатта байқалмақ. Ғылым заңдары табиғат пен қоғамды алуан түрлі ұғымдарда бейнелей отырып, адамдардың практикалық ережелерін қалыптастырмайды, ал, ережелерді (нормаларды) алатын болсақ, олар адамдардың, олардың алуан түрлі топтарының өмірде, практикалық қызметтерінде белгілі бір негізделген ережеден шықпауын және әр уақытта ережеге сәйкес іс-әрекет етуін қадағалайды. Нормалардың объективтік заңдылықтар мен ғылым заңдарынан (ережелерден) ерекшілігі: 1. Нормалар (ережелер) белгілі бір мақсаттың практикалық ережесі болып саналады. 2. Норма – тек жай ереже, ол жалпы халықтың белгілі бір тәртіп «мөлшерін» белгілейтін ұғым. Оның пәрмені тек қана бір адамға емес, қоғамдағы барлық адамға, олардың алуан түрлі топтарына бірдей жүреді. Ереженің жалпы маңызы өзінің талап-тілектеріне, бұл талап-тілектердің дұрыстығына мәжбүрлеп сендіреді және ықтиярсыз істету әдісіне (яғни, күштеу, зорлау огандарына) сүйенеді. Сонымен, ереже адамдардың табиғатпен қатынасында немесе олардың қоғамдық қатынастарына қолданылады. Осыған орай ережелердің екі үлкен тобы болады: 1. адамдардың табиғат қатынастарына байланысты тәртібі болады. (мұны көбінесе техникалық нормалар дейді). 2. әлеуметтік норма (ереже) адамдардың өзара бір-біріне қарым-қатынастарынындағы тәртібін реттейді. Ережелердің бұл екі тобының бір-бірінен айырмашылығы бар. Олар мынандай себептерге байланысты: а) Бұл ережелерді кім жасады және кімнен шығып оптыр? ә) Ережелер мазмұнының айырмашылығы қандай? б) Оларды орындамау қандай нәтижеге әкеліп соғады? Әлеуметтік ережеге құқықтық ереже, тәртіп, өкілдік, т.б. кіреді. Әлеуметтік ереже адамдардың белгіілі бір ұжымында пайда болады. Адамдардың табиғатпен қатынасының ережесін жеке адамдар да жасай алады. Табиғи заңдылықтарды ашудың негізінде жеке адам онымен қатынасудың белгілі бір тәртіп ережесін қалыптастырады. Әлеуметтік ережені жасаған адам өз тәртібін ұжымға мойындатқанда ғана ереже деген атқа ие бола алады, өйткені, бұл ереже тек осы ұжымның мұң-мұқтажына, мүддесіне байланысты жасалады. Әлеуметтік ереженің мазмұны орынды, әрі жөнді, мақсатқа сай субъективтік мінез-құлықты бейнелейді, ал, адамдардың табиғатқа қатынасының ережесі- бұл объетивтік мақсатқа сай тәртіп ережесі болып саналады. Адамдардың табиғатқа қатынасу ережесін бұзудың арты әр уақытта кесірлі апатқа әкеледі.Сондықтан ғылыми дәлелдерге негізделген табиғат ережелеріне адам әр уақытта сүйеніп отыруы қажет.Әлеументтік ереже өзін жасаған тапқа және топқа әр уақытта жақсы практикалық нәтиже көрсетіп отырады,өйткені бұл әлеументтік ереже сол таптың немесе топтың мүддесі мен мұң-мұқтажын,талап-тілегін орындау үшін жасалған,керісінше бұл ереже тапқа,немесе топқа қарсы тұрған тап пен топқа қайшы келіуі мүмкін. Сондықтан әлеументтік ереженің сақталуы,іске асуы үшін қоғамның белгілі бір дәрежеде ықпалын қажет етеді. Сөйтіп әлеументтік ереже дегеніміз, белгілі бір адамдар ұжымының мүддесін көздей отырып жасалған жасалған және бекітілген әрі адамдардың бір-біріне өзара қатынасының тиісті тәртібі.Бұл тиісті,міндетті тәртіп қоғам тарапынан жасалған алуан түрлі іс-шаралармен қорғалып,сақталынып отырады. Құқықтық ереже әлеументтік ереженің бір түрі. Құқықтық ереже әлеументтік ереженің бір түрі.Құқықтық нормаға әлеументтік норманың барлық белгілері,қасиеттері кірген.Сондықтан құқықтық ереже әлеументтік ережені қайталап отырады.Бұл екеуінің арақатынасы бүтін мен жартыға тең Сонымен,жоғарыда көрсетілгендей,құқық ережесі дегеніміз,мемлекет шығарған және бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отырылатын жалпыға бірдей мінез-құлық тәртібінің ережелер жиынтығы. Құқықтық ереженіңсапалыболуы, оны жасайтын адамныңөрісімен танымына,мақсатына байланысты. Оның шығатын көзі – мемлекет. Сондықтан құқықтық ережелер жалпыға бірдей міндетті, тиісті тәртіп бола отырып, қоғамдағы адамдардан, олардың алуан түрлітаптары мен топтарына, жіктерінен оны бұзбауды, сақтауды, орындауды, қорғауды,талап етеді. Жалпыға міндетті ережелерге айнала отырып, құқық ережесі әлденеше құбылыс, үдерістермен ықпалдасып, қайталанып отыратын қоғамдық қатынастармен байланыста болады. осықайталанатын қатынастар, бір жағынан құқық ережесімен реттеліп отырса, екінші жағынан қайталанатын қатынастар құқық ережелерін жалпыға міндетті ережеге айналдырады. Құқықтық ережелерді орындамаушылық, тәртіп бұзушылыққа қарсы мемлект тарпынан еріксіз, мәжбүр ету, т.б. шаралары қолданылады. Сонымен, өзінің түрі жағынан құқық – бұл ережелер жүйесі, ол мемлекеттің белгілеп орнатуы, көндіруі немесесанкциясыарқылыжүзеге асыралып отырады. Осыған жоғарыдағыларға сәйкес әрбір әлеуметтанушы қоғам өмірінде болатын белгілі бір реттілік, тәртіптілік және байланыстарды ұдайы зерттеп, түсіндіріп отыруы қажет. Сондықтан осы мақсатты көздей отырып, ол қалыптасқан әлеуметтік ережелерін, ал, бұлар арқылы адамның іс-әрекетін реттеп басқарып отырудың маңызын әрдайым еске алып отырады. Әлеуметтанушы мұнымен тоқталмайды, өйткені қалыптасқан ережелер өздігінен, өз бетінше іс-әрекет жасамайды. Бұл ережелерді пайдаланатын және оны түсіндіретін күш – адам. Осыларды түсінгеннен кейін ғана біз қоғам өмірінде құқықтық ережелердің қандай қызмет атқаратынын, әлеуметтік ұйымнынң ережелерді қалай қолданып, құқықтық процестерді қалай шектейтінін түсінеміз. Бұл жерде біз құқықтық әлеуметтанудың кейбір көкейтесті мәселелеріне көңіл бөлгенді жөн көрдік. Біріншіден, құқықтық және нақтылы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін айыра білу қажет, өйткені, қоғамдағы ережелер (нормалардың) ондағы индивидтердің (адамдардың), әлеуметтік топтардың, жіктердің мұң-мұқтажы, талап-тілектерінің жанама түрде байланысты болады, ал ресми қабылданған құқықтық ереже (норма) қоғамда құқық жүйесінің жалпы өмір сүруін қамтамасыз ететін бірден бір шарт болып есептеледі. Алуан түрлі мекемелердің, ұйымдардың әлеуметтік топтардың, индивидтердің, т.б. әр қайсысының өзіне тән, ерекше талап-тілегі, мұң-мұқтажы, мүддесі болғандықтан қоғам әр қилы “Әлеуметтік кеңістіктегі” күштердің жиынтығынан тұрады десек, қателеспеген болар едік. Сондықтан бұлардың әр қайсысы әлеуметтік өмірде әр түрлі орында, ортада, жағдайда болып, әлеуметтік ресурстарда (мысалы, экономикада, саясатта, өнерде, т.б.) теңсіздікте болады. Әлеуметтік ресурстардың негізгі бір түрі “құқықтық ресурс” деп аталады. Осыған байланысты әлеуметтанушы мынындай мәселеге ерекше назар аударуы мүмкін. Қандай кезеңдерде немесе жағдайларда болмасын, кейбір әлеуметтік жағдайы біршамиа жоғары және көптеген әлеуметтік ресурстармен қамтамасыз етілген жеке адамдар мен топтар әрекет, қызмет етіп отырған құқықтық ережелерді (нормаларды) шектеуге мүмкіншіліктері бар ма, қолданыстағы, яғни, олардың жұмысын біршама тоқтата ала ма немесе кейбір құқық ережесі (нормасы) басқа бір адамдардың, топтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне қарсы тұрып, кедергі келтіре ала ма немесе қоғамда жоғары тұрған адам немесе топ бола ма, т.б. Құқықта бекітілген құқықтық актілер ережелердің (нормалардың) жиынтығы десек, онда құқық таза (яғни, юриспруденция) ғылымына жатады да әлеуметтік сипаты болмайды. Шетелдік құқықтық әлеуметтануда құқықтық қатынастардың бейнесі құқық туралы кітап (кодекс) және “өмірдегі құқық” қағидаларында нақты тұжырымдалған. Біріншіболып мұндай қағиданы өзінің “ Тірі құқық” атты еңбегінде Е.Эрлих, ал ондағы алдынғы қатарлы ой-пікірлерді америкада кең таратқан Р.Паунд болды. Осы нақтылық құқық пен жалпы және құқықтық қатынастардығы айырмашылықтарды көрсетуде М.Вебердің іс-әрекетті бір қалыпқа, ретке келтіретін “эмпирикалық” және “ нормативтік” тұжырымдамасының маңызы зор.
Date: 2016-07-25; view: 427; Нарушение авторских прав |