Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Х. МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТНУЫ





1. Мәдениеттегі әлеуметтану тұрғыдан түсіну, оның қоғамдағы маңызы мен мазмұны.

2. Білім әлеуметтік институт ретінде.

 

1. Мәдениеттегі әлеуметтану тұрғыдан түсіну, оның қоғамдағы маңызы мен мазмұны.

Бұл тақырыпты әңгіме еткенде әр уақытта мына мәселелерге ереше көңіл бөлген жөн. Бүкіл таптық антогонистік қоғам тарихында таптар біріне бірі қарсы тұрудың нәтижесінде қарапайым еңбекші, езілуші халық мәдениеттен біршама қашық болды. осының салдарынан:

1. Еңбекші бұқараның мәдениет іс-жүзінде жетістіктерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады.

2. Еңбекші халықтың іс жүзінде мәдени процестергетікелей араласуға шамасы, мүмкіншілігі аз болды жәнеүстем тап өкілдері бұл құндылықтан оларды шетқақапайлап отырды.

Осыған орай алдағы уақытта жалпы мәдениетті дамытуда екі ірі әлеуметтік міндеттер тұрды:

1. Жалпы адамзат тарихында жасалған күллі мәдени құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыру;

2. Қоғамның әрбір адамын, оның жынысына,ұлтына, нәсіліне қарамай мәдени процестерге тікелей қатынастыру, олардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін барлық қолдан келетін әлеуметтік жағдайларды жасау қажет. Мұның өзі әрбір адамды жан-жақты дамытудың, өз кәсібімен қоса компьютерді жетік, әрі шет тілдерін де терең меңгерген, адамгершілік қасиеттері жоғары адамды қалыптастырудың негізгі шарты болады.

 

“Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.

Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерлеп, дамиды,мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байданысты.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.

1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б.;

2. Рухани- бұл ғылым,өнер, әдебиет,;

Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі бір шартқа (жағдайға) байланысты. Дегенмен, олардың арасында тығыз байланы, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайсан, басқа да құрал-жабдық түріне айналады, ал, жаңадан пайда ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызыады.

Адамдар күнделікті өмірде мәдине құбылыстардың әр түрлі түсінеді.

Біреулер мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе,екіншілері- қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси, құқықтық, кәсіби (мамандық), эстетикалық, т.б. мәдениетті адамның туралы әңгіме қозғайды; үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен, оның білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білумен, кішіпейілдігімен, өзін-өзі ұстап білумен, құқықтың жауапкершілігімен ұштастырады.


Бұл анықтамаларда мәдениет ұғымы бір жақты қаралып бұрмаланған. Шынын айтсақ, бұл жерде жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының нақтылы, негізгі жолдары туралы айтылмақ. Жеке адамның мәдени мұралар мен мұраттарды, яғни алуан түрлі құндылықтарды, ережелерді, нұсқауларды, жоғары адамгершілік қасиеттерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, бүкіл адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына сіңіруі, адамдардың бұларға жаппай тартылуын, оларға белсенді, жауапты қатынасын, араласын, білім мен тәрбинің тығыз байланыстығы туралы айтылмаған. Ол ол ма, жеке адамның мәдениетін, санасын, белсенділігін, жауапкершілігін неғұрлым жоғары дәрежеде арттыратын қоғамдағы өндіргіш күштердің, ғылым мен қоғамды ғылыми басқаруға, мдемократияны дамытуға, күнделікті материалдық тұрмыс-жағдайында, адамның үйлесімді дамуына осылардың тікелей немесе жанама тигізетін әсері туралы да ештеңе айтылмаған. Ақыр аяғында бұл факторлар адамның әлеуметтану процесін құрайтыны естен шығарылған. Қазіргі уақытта мәдениеттің 300-ден астам анықтамалары бар. Осылардың әрқайсысына тоқталмай-ақ, оның негізгі мынандай үш анықтамасына тоқтауды жөн көрдік.

1. Мәдениет- адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының,еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәжірибесінің негізінде жинақталған және адамгершілік қасиеттерінің, ғылымының, білімінің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б. мұраттардың жиынтығы.

2. Адамдардың шығармашылық іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ нәрсеге сенуге, ескі көзқарастарға, әділетсіздікке, әдепсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.


3. К. Маркс айтқандай, мәденит адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегін, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, күнделікті өмірде қолдануды білдірмек.

Сонымен, мәдениет дегеніміз, жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік процестермен біте қайнасуы болып табылады.

Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі. Бұл қоғам мен адам дамуының сапалық сипаттамасы ретінде субъектінің қоғамға, табиғатқа қатынасының деңгейін білдіретін категория.

Жоғарыда көрсетілгендей, осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы нақтыланып, ол еңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, көркемөнер мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті, басқару мәдениеті, т.б. түрінде көрініп отырады.

Мәдениет – тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелік талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті негізінде екі тұрғыда қолдануға болады. Бірінші тұрғыда мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады, екінші тұрғыда – мәдениет жүйе ретінде, яғни оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Мәдени процесте адам тек қана жай жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи керемет сырт күштерге қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз куш. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.

Жоғарыда көрсетілгендей, жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:

1) Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты; 2) рухани мәдениет. Бұл адамның дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады. Осы жерде айта кететін бір мәселе бар.

Біздің әлеуметтік дүние танымызда руханилық, адамгершілік және құнды қасиеттер, әсіресе, шындық, әділеттілік және әдемілік негізіндерінде адамның бостандығын, еркіндігін терең түсіну үстем болып келді. Ал, бұлардың арасындағы қарама-қатынастар мен байланыстар өте күрделі болғандықтан, адамның руханилығын бір жақты ғана қарауға болмайды. Керісінше, руханият адамның ішкі дүниесінің өзгеруі, құндылықтардың, мысалы, жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, т.с.с. аражігін ажырата білу негізінде пайда болады. Өзінің сұрыптау, реттеудегі іс-қызметін анықтағаннан кейін адам өзінің жүргізілетін әлеуметтану зерттеулерінде сүйенсек, құндылықтар, олардың жүйелері әр уақытта ауысып отырады, ал, адамгершілік қасинттерді алдынғы орынға қоятын санада өздерінің ішінара орналасу реті, тәртібі болады. Мысалы, социализм кезінде азаматтық, еңбек сүйгіштік, міндет, борыш, қарыз, кішіпейілдік, қаржылық бағалық, құндылықтар болса, қазір, нарықтық жағдайда, олар:мейірбандық, қайырылымдық, іскерлік, табыс, ерекше үлгі-тұлға болып өзгерді.


Қазіргі қоғамдық-саяси кезең адам тұлғасының рухани өміріне бір жақты әсер етпейді. Жалпы қоғамның рухани өміріне бір жақты әсер етпейді. Жалпы қоғамның рухани өмірінің дамуына екі үлкен бағыт (тенденция) бар екенін аңғартады: Біріншісі, жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық құндылықтардан артықшылығын, басымдылығын көрсетеді және жалпы адамзат құндылықтары адамның іс-қызметімен тығыз байланысты. Адамдардың рухани мүмкіншілігі тоқырау уақытында да бұзылған жоқ, ол қазіргі уақытта іске асырылуда. Екінші бағыт, ел- жұрттың белгілі бір бөлігіне ғана тән. Бұл бөлік бұрынғы идеологияық құндылықтардан, ережелерден қол үзгеннен кейін адамдардың ішкі рухани кеңістігі тұмшаланып қалды. Ал, адамның рухани өмірінің осындай жағдайда болуы адамдардың қорқынышын, енжарлығын, селқостығын (апатия) немесе керісінше, ойға келиейтін олардың тым белсенділігін туғызып отыр. Соған орай осындай жағымсыз, теріс құндылықтарды терең біліп, түсіну, ұлттардың жағымды әдет-ғұрыптарын жаңғартып дамытуға, оларды өмірде қолдану, адамдарда ыдыратуға емес, ымыраластыруға шақыратын жағымды құндылықтарды насихат құралына айналдыру керек. Бұл әлеуметтік және рухани сабақтастығы үзілген, бытыраңқы, «басы бірікпейтін» қарым-қатынастарды жоюға көмектеседі.

Мәдениетті жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы – мәдените әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы атқартын қызметінің заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың мәдени қызметін, мәдени деңгейін, мәдени салада бұл топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени дәрежесін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың,мекмелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін, мәдени қызметкерлердің жағдайын және іс-қызметін, т.с.с. зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім, ғылым, этникалық, және көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелердің (театр, кино, мұражай, кітапхананалар) дамуын болжап, жоспарлайды.

Мәдениет әлеуметтануды қарыштап дамып келе жатқан жеке дара ғылыми-мәдени теориямен тығыз байланысты. Мәдениет теориясының мәдениет әлеуметтануынан ерекшелігі бар. Сондықтан мәдениет теориясы мәдениет әлеуметтануынан басқа мәселелерді зерттейді. Олар: мәдениеттің іштей дамуы, мәдени-рухани процесс, әр түрлі мәдениеттерің бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал. Мәдени әлеуметтану қоғамда мәдениеттің әлеуметтік маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортада оның қызмет істеуіне баса көңіл аударады. Бұл мәселелрді мәдениет теориясы зерттемейді.

Ғылыми әлеуметтану мәдениеті аталмыш саланы бір бүтін қоғамдық жүйе ретінде талдап зерттегенде, оның шығуы, пайда болып дамуын, анықталуын әр уақытта қоғамдық өндірістік тәсілмен байланыстырады.

Жоғарыда көсетілгендей, мәдениет әр уақытта адамның әлеуметтік қызметінде оның тұлға боп қалыптасуы мен оның қалай іске асырылатыны көрсетеді. Мұның өзі екі негізгі түрде болады:

а) адамның нақтылы іс-қызметінің тәсілі, оның шығармашылық мазмұны; б) адамдардың материалдық және рухани болмыс-бітімі өндіріс процесінде олардың іс-қызметінің затқа айналу процесі ретінде көрінеді. Бұл әрбір тарихи дәуірде алуан түрлі ескерткіштер мен мәдени құндылықтар арқылы анықталады, адамның тұлғалық сапасы нақтылы іске асырылғанын аңғартады. Мысал ретінде оқымыстылардың тұжырымдары теория түрінде боып бір уақытта материалдық зат түріне (яғни, техника, станок, алуан түрлі құралдарға, т.б.) саяси қозғалыс, әлеуметтік революцияға айналады.

Мәдениет әлеуметтанудың негізгі мәселесі- мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің шығармашылық заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа маөмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады. Мұнан әрі мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттеоген іс-қызметтің (жұмыстың)орындалу мазмұндарын анықтайды. Мысалы, жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркем өнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.

Мәдени әлеуметтуну қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын, олардың мәдениетке қандай талғамы барын, талап-тілегін қоятынын, мәдени ошақтардың тек өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, арласуы қандай, бұл іс-жұмыстарда театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың, т.б. жұмыс жәрежелері қалай, олар не істеп жүр, адамдардың, олардың алуан топтардың талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра алмай ма, т.б., міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды.

Мысалы, қазіргі уақытта театрларға көптеген адам бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды тартпайды. Бұған қоса театр басқармалары ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қоя алмаған.

Театр туралы айтылған осы пікіріміз кітапханаға да, денешынықтыру мекемелерінде де(әсіресе, стадион) қатысты.

Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әр түрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба-символдық элемент болып саналады. Халықта «күш-білімде» деп босқа айтылмаған.

Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б. арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. Тіл-адамзаттың білімі мен тәжрибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы. Ол адамның ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен байланыстыратын құрал. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар. Олардың әрқайсысы жоқ объектілердің қарама-қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі (суреті) болып саналады.

Осы таңбаларды, символдарды адам оқу, тәрбие прцестерінде біліп ұүйренеді, сонан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үшін қолданады.

Мәдениеттің екінші элементі-ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірлікткрдің) мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттандырытын құбылыс, процестердің, т.б. қасиеттерін айтамыз.

Әрбір құндылық әлеуметтік субъектінің мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігінбілу негізінде және оларды сыртқы дүниедегі басқа заттармен, құбылыстармен салыстыру арқылы қалыптасады. Керісінше де солай. Бұл құндылық қатынастар әр уақытта даму, өзгеру бағыттарын, әрекеттердің алуан түрлі байланыс, қатынастарын қалыптастыруда қажеттіэлемент болып есептеледі. Бұл құндылық баруда қажетті элемент болып есептеледі. Бұл құндылық бағыттары, әрекеттері, қатынастар нұсқау, ереже, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, арман, мұрат, т.б. толып жатқан құбылыстар мен процестер ретінде көрінеді. Бұл аталғандар адамдардың алдын ала жасалатын іс-әрекетінің, бір-бірімен қатынас, байланысының, еңбек пен қызметінің, тәртібі мен адамгершілік қасиетінің, белсенділігі мен жауапкершілігінің, т.б. бағдарламасы болып саналады.

Осыларға сәйкес қазіргі кезеңде мәдени әлеуметтану бұрын болмаған көптеген мәдени құбылыстарды, процестерді, басқа да мәселелерді жан-жақты, кеңінен зерттеуде. Олардың басты бағыттары мыналар:

1. Мәдениеттің материалдық саласы: еңбек мәдениетін оқып білу, зерттеу(оның ішінде еңбек, еңбек процесі, өндірісті басқару және әр түрлі еңбекшілер тобының мәдени-техникалық дәрежелердің көтерілу жағдайлары); тұрмыстық- материалдық мәдениеті, оның ішінде тұрмыстық еңбекті, заттың ортаға қатынасы, әрбір халықтың, ұлттың мәдени тұрмыстық әдет-ғұрпы, салты; өткен уақыттағы құндылықтарды сақтау жөнінде бұқара халықтың ой-пікірін, қозғалысын ұйымдастыру, еліміздің территориясын мекендейтін халықтардың экономикалық мәдениетін оқып, біліп зерттеу, әр жынысты адамдардың өндірістегі мәдени қатынастарын, т.с.с. кеңінен зерттеу.

2. мәдениеттің саяси (оған құқықты мәдениетті кіргізе отырып) саласында: қоғамның барлық салалрында еңбекшілердің қоғамды, өндірісті басқаруға белсенді қатынасуын, демократияның барлық түрлерін дамыту, адамдардың алуан түрлі топтарының, жіктерінің саяси және экономикалық білімін көтеру, олардың саяси белсенділігін арттыру, т.б. (Бұл жерде мәдени әлеуметтану саяси әлеуметтанумен тығыз байланысты).

3. экономикалық мәдениет саласында нарықтық жағдайдағы еңбекшілердің экономикалық білімдерін, олардың нарықтық қатынастардың принциптерін толық игеріп, меңгеруі басты мәселе ретінде зерттеледі.

4. мәдениеттің рухани саласында: Ел-жұрттың әрбір топтарының мәдени іс-қызметі және мәдени дәрежесінің көтерілуін; аймақтық (терроториялық) бірліктердегі (қала, село) рухани мәдениеттің жағдайы мен дамуын; рухани мәдениеттің әр түрлерін (білім, ғылым, эстетикалық және көркем әдебиет, адамгершілік); мәдени мекемелердің, олардың қызметкерлерінің (клуб, театр, музей, кітапхана, т.б.) іс-қызметін; ел-жұрттың әр түрлі мәдени өқызметін (оқу, мамандырылған емес техникалық және көркемдік шығармашылықпен ұштастырып терең, жан-жақты зерттеу; қала мен ауыл-селолардың, облыстардың, жалпы республиканың мәдени дамуының әлеуметтік және болжам жоспарларын зерттеу, т.б. жатады).

 

Жалпы алғанда, мәдени салалрдағы осы зерттеулердің басты мақсаты- ол еңбекші бұқара халықтың әлеуметтік белсенділігін, олардың адамдық факторларының белсенділігін арттыру және ойлау, іс-әрекет, қызмет жасауды қалыптастыру көзделген.

 

 







Date: 2016-07-25; view: 443; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.014 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию