Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Иман-кісі-кітап-ілім, Сенім-ерік-қайрат-білім, Ниет-талап, үміт, ес-ой тазалығы.





Адамзаттың негізгі сынағы сөзді меңгеру яғни даналыққа жету болып, иман өлшемі де белгілі денелермен, сызықтық, түр, түстік бейнелерге айналған сөздің қуатын меңгеруге тәуелді болады. Енді ислам дінін құндылығы да осындай сөз құпияларының әлемдегі барлық қуатының құранның 7-үніне жасырылып, оны тек әрбір ұлттың өз тілінде өз үнінде намаздарын оқу арқылы ғана құран жеті үнімен яғни әрбір ұлттың тіліндегі жеті үнмен қосылып, 14-санды мақамның пайда болумен, көктің құпиясы ашылып, ілімге айналып Ыбырайым жолына жалғану деп аталу себебі де сондықтан. Ал енді бұл басылымдарда үнемі сөздерді санмен көрсетіп отырған сырдың да құпиясы әрбір мықты бекіген сөздердің қуаттық шамасы кітап, аяттар болып, құран аудармасы әрбір ұлтың тілінде оқылғанда, осындай мәндермен құранның насихаты әлемге ортақ түсініктерге айналып және осы кітаптар арқылы ғана бүкіл әлемге құранан бұрын келген кітаптарды растап бекітіп, қателіктерін әшкерелеп отырады. Және қандай бір аударма ғылымындағы қателіктерді, тәпсірдегі жіберілген логикалық ағатықттарды оңай салыстырып тексеруге болатын құпия сыры да бар. Бұл жүйені негізінен Інжілдік хауарилармен, біздің бабаларымыз меңгеріп және Таураттың түскен уақыттарында өмір сүрген Сансыз бабамыздың осы сан ғылымын жетік меңгеріп, әлем таба алмай жүрген барлық негізгі төрт кітаптың теріде жазылған шежіресі қазақ жерінде отырар кітапханасында сақатаулы тұрғаны да хақиқат болып, болашақта ашылары да хақ. Сонымен сөз құпиясын шешіп, заманына қарай тіршілік логикасы мен дін философиясы мен жан туралы терең сырлы ілімді яғни имандылық қуатын меңгерген елдер ғана өркениетке жетіп дамып, өзге елдерді соңынан ертіп, рухани аға болу діннің негізгі заңдылығы. Осы орынға таластың әсерінен әрбір ел өз шежіресін қолдан жазып, тарихи оқиғалардың маңызды кезеңдерін халықтың жадынан шығарып, жоғалтып өз дін ұстанымдарын үстемдігін қалыптастыру ислам әлемінің негізгі салты болып, оны аталарымыз «Қызылбастық намаз» деп атаған. Сондықтан християн елдерінің қазіргі негізгі ислам елдеріне қарағанда жетістікке жетіп, шаруашылығының да өркендеп, бұзықтықтыңда аз болуы өздеріне жаратқанан түскен сөз атауларын, қуаттарын толық жоғалтпай, білімдік аттарға айналдыра білуден, яғни сөз қуаттарының маңызын сақтап, ат қойумен бірге өлшемі де сәйкес болуынан, негізгі үндік тазалықты сақтауынан яғни ілімнің тазалығын қорғайтын сенім қуатының бір қалыптылығынан деп түсінгеніміз абзал. Ал ислам елдері негізгі сөз атауларының құпиясы түркі елдерінде ашылып, діннің өркен жайған мезгілдерін тарихаттан өшірумен айналысқан арамза ғалымдардың әрекеттері ғасырлар өте түркі әлеміндегі әулие, ғалымдардың өмірден өтіп арамызда ондай даналықтардың жоғалуымен орнына жалған, надан ғалымдар пайда болып, діннің негізгі бастауына ілімнің білімге сенім қуатына айналған сөз атауларын қайтадан алып, иман ұғымының, жандағы құпия білімнің жоғалып, білім арқылы қалыптасқан дінге сенімділікті имандылық деп атаумен ислам дінінің өзге діндерден әлде қайда бағасы да құндылғы да төмендеумен және құран жіптерінің үзіліп, иман қуатының жоғалумен көрнісін тапты. Енді біздердің сенім қуатын меңгергендерді иманды яғни кітап алған, құпия білімі бар ілімді, жаны жетілген, жүрек көзі ашық деген т,б иманның барлық сапасын қолдан теліп; хазірет, дін ғалымы, дін имамы атап, олар өздернің адасқанымен тұрмай өздерін құпия білім кітабы бар; пір, ұстаз санап, соңына ерткен барлық халықты да адастырумен айналысып жатқандарын білмейді. Оған бірден-бір себеп иманы яғни ілім білім ортасы таразысы; кісілігі, кітабы, жүрегінде иман шары яғни арының дәні жетіспейді. Ар дегеніміз жанның ұрығы, иманның негізі, адамның тектілік негізі болып саналып, сондықтан аталарымыз; «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деп атаған. Ал жүрегінде иманы бар адам баласының жалпы бойы яғни «аура» аруақтық өрісі жетіліп, аққа айналған ар сауыты болып, бұл сауыттың қалыптасуы керісінше ниеттің тазалығына сенім қуатының жетістігіне тәуелді болады. Сонымен Інжілдіктердің тек хауарилар ғана меңгерген иман қуаты кітаптарында рухани дән-дене деп аталағанмен кейінен олар да бұл атауға ат таба алмай сенім деп атап, қазіргі таңдағы «Отец» деп атайтындар осы иманды меңгерген құпия жанында кітабы бар дегенді білдіргенмен шындығында жалған-өтірік деп айтсақ қателеспейміз. Бұндай дене кітабы яғни жанның негізгі сауытын қалыптастырыу арқылы, иман қуаты жолдас, серік болып періштеге айналып Мұхаммед пайғамбарымыз иман қуаты арқылы ғана миғражға көтеріліп, Алла тағаламен тікелей тілдескен. Бұл қуаттың негізігі сипаты адам баласына көлік, тұлпар болып бейнеленетіні және оны көркем есімдермен байланысты болып аталарымыз оны қасиетті кісілердің, әулие-әмбилердің аруағы деп те атайтынын біле бермейміз. Аятта; «Әй жын мен адамзат тобы! Көктермен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар.» (55-33) деп көкке көтерілуге жынмен адамзатқа ортақ қуаттың иманның яғни алған құранның, көркем, мықты сөздің қуат, пырақ болып бейнеленуі арқасында ғана көкке көтерілуге болатынын ескертеді. Бірақ бұл мұғжизаның 17-санмен белгіленіп, әрбір иманы жетіліп, ар сауыты қалыптасқан момынның пайғамбар шапағатына жалғанып атқаруға болатын хикметті ісі екенін масхаб ғалымдарының үлгі қылып немесе өздері де қайталағанын баяндаған насихатын көре алмайсыз. Керісінше жынды адамдық болмыстан басқа яғни шайтан тобына қосып, мазаққа айналдырып, қалай тазарып, бірленіп көкке бірге көтеріліп, миғраждан несібе кітабын, аятын алатын пайғамбарымыздың ізгі үлгісін мүлде шариғаттан да шығарып тастаған. Сондықтан пайғамбармыздың осындай 30-түрлі тажалдың пайда болатынын сүнеттері жинаған дүниесінің жоғалатынын білген. Және құранның барлық негізгі 30-кітабы иман негізінің орнына сенімді жалау қылып, құранды теріске алумен, өздері де білмей, білгендердің тілін алмай, халықты азғыратындарды ескерткен. Сондықтан аталарымыз қарғыстың ең жаманы; «Өзің білме, білген аруақтың көрсеткен тілін алма!» деп мақалдаған. Енді біздің жоғары мәртебелі хазіретіміздің де көктің ең болмаса 3-4 сатысына шыға алмай және мұндай жан білімі, иман кітабының жоқтығына дәлел қарапайым қойшының көретін аянын да ала алмай; Беріш Құрбан атамыздың топырағын, Сұлтан Бейбарыстікі деп қазақ халқының бәрін, ел басшыларымен қоса алдағанын өзі де білмейді. Себебі оны көрсететін жүрегінде бастапқы тағдырлық иманнан басқа, өзінің келтірген, сыйға алған аруақтық жеке иман қуаты, жалғанған кітабы яғни хазіреттік түгіл имамдық қуаттылығы да болмады. Ал енді осындай қарапайым аталарымыз меңгерген сөздердің, нахыл, мақалдардың сыры ашылып қалмасын деген ібілістің әрекетімен сөз атаулары бәрі араптан ғана келген деген ұғымды тықпалап, құранды тек арап тілінен өздеріне оқытып, басынан аяғына дейін жаттатумен, имамдардың жүрегіне иман қуаты кірмеуін өз қолдармен иманға қарсылық жасатумен, тілмен сөздің арасынан жік салып, ойдың бұзықтығын қалыптастыруды әдемі көрсетіп қойған. Иманның негізгі жаннат үйіне жалғанатын жібін өретін ой тазалығының, ой қуатын қалыптастыратын сөз даналығы сұхбатты дін имамдарының өзі жоғалтып алған. Тілі шұбарланбаған, ысылдамай сөйлейтін ауылда қалып оқи алмай қалған имамдар болмаса, жалпы Нұр Мүббәрәк сияқты жоғары оқу орныдарын бітіргендер керісінше тілдің бұзықтығын үйреніп шығады. Сондықтан бір-бірінен үлгі алумен, тіл мен сөздің арасын бөліп, ақыл-ойын тәпсірлерге матап, шерік қатып сөйлемейтін, жазбайтын қазақ елінде бірде-бір дін ғалымы мен иманын таба алмайтыныңызға бәс тігуге болады. Сөз тазалығы болмаған жерде тіл мінезі қалыптаспай, пайғамбарымыздың; «Кім тіл нәпсісін тазартып, сақтауға уәде берсе менде жанатқа уәде беремін» деген аманты да орындалмаса, онда жаны жаннатқа жалғанбай қайдан иман келеді? Енді кім сандар тағлымынан жете назар салса сенім мен ниетің ортақ кездесетін орны 11-саны кітабы болып, ал иман негізінің екі белгісі 49; 9 саны болып 9-тәубелік кітабының сенімен ортақ мәні болудан да бұл жан сырының есептік жүйесі білімді, сөз астарын жетік меңгеруді қажет ететінін ескертіп тұр. Пайғамбарымыздың; «Иман 60 немес 70 бұтақты» деген өсиеті де құрандағы осы сандағы кітаптың санын ескерткен. Яғни иман қуатының барлығы 130 кітап болып, оның 13 сатысын Ясауи бабамыздың көрсетіп кеткен Сәни дәптері құран емес деп қалай айта аламыз? Сонымен иман екі сападан тұрып оның бір сапасын Абай атамыз 9-сөзінде; «Осы мен өзім-қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жоқ жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді...Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емспін. Әшейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен ба?..» деп астарлы сұрақ қойып және астарлы жауап беріп иманның негізгі сипаты қандай жаман болса да ұлтыңды, еліңді сүйіп, өзіңе өзің кіммін деп жауап беріп барлық қызығың, дүние құмарлығың өлмей иманым бар деме деп ескертіп кетіпті. Қазақта ұлтын сүйген адам баласы қандай дәреже атағы болса да ана тілімен, сөзін қадірлейді. Ал сөз құндылығын білген пенде Абайына ғашық болып, өсиеттерін мүлтіксіз орындауға тырысып, орындай алмағанда имандымын деп мақтана алмасы да сөзсіз. Бірақ мен көрген, естіген ақылшыларымыз, өздерін иманды атағандардың ішінен тілмен Абайшыл, ал іс жүзінде өзгеше екі жүзділіктерінен басқа әзірге байқай алмай жүрмін. Соған қарағанда онда менде ниетім яғни талабым әлсіз болып үмітсіздікке түскенім бе? Ал үмітсіз пенде шайтан онда есі де жоқ болып шығады. Көрдіңіз бе қанша сенімдімін, намаз оқушымын, зекет беріп, ораза ұстаушымын дегенмен мұндай ниетпен иманның да аулы алыс екенін. Сонымен онда менен де төмендер бар деп өзімді кейде жұбатамын. Олар кімдер деңіз? Қазақта тура жол болмаған, барлық дін араптан келген, шариғат та тек құран түскеннен кейін пайда болып, оған дейін адамзат қараңғылықта жабайы болған т,б Мұхаммед пайғамбарымыз соңғы пайғамбар ғана емес, енді тіптен соңғы елші де болып, ақирет өмірінің тіршілігі тоқтап, сондықтан енді Раббымыз ешкімге ақиретік кітабын, тағдырын оқып, болашағын көрсететін уахи бермейтін болыпты және құран келгенен кейін барлық паралар кітаптар үкімі жойылып, тек арап тілінде ғана барлық ілім сыры белгілі болады екен деген хазірет, имам, дін ғалымдары, филосов, жазушы қандастарыма қарағанда Құдайға шүкір ниетім дұрыстау, қазақ, аруақ десе ішкен асымды да бөліп бере саламын. Ана тіліне махаббаты болмағанның қазақ ұлтына, отанына деген жан ашырлық бауырмалдығы болады дегеніміз де жалған олай болас ниеті де дұрыс емес. Демек сенімділігі де екі жүзді. Соған қарғанда тіптен ана тілінен де мақұрым кейбір ел басшыларына қарағанда да, ниетілігім дұрыс, басымды үнемі жауып және еге болып жүрмін бе деп Абай атамыздың әйтеуір иманым бар деп өзін жұбатқандай; «.. Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде «әтеген-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды –ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге.» (9-сөз) деп, артағы 9-дық тәубең иманың болса, онда енді алдыңғы жаққа аруағыңмен, «аура» көлеңкеңмен, өмір серігіңмен бірге 2 меніңді қосып, жіберген тілеуің яғни 11-санды кітабың болса, ақ өлімен өлесің деп ескерткен екен. Енді аруағын ата жолын, тарихын соттап және ана тілін де шұбарлап, алдыңғы жаққа жіберген «тілі»-«жібі»-тілеуіде кесілген ағайындарымның ниеті әрекет болып сеніміне енбей, иман түгіл сенімі ұсынған бойы да жоқ хазірттеріміз, имамдарымыз, ел басшыларымыз, ояздарымыз сендер; бұл келген қиямет мезгілінде қандай халге түсесіңдер деп, өлі де болса тірінің ісін жасап, осы басылыммен ең болмаса қазақтық намыстық ниеттеріңді халыққа көрсетіп өлсеңдер, ұрпақтарың жерлегенде де көп қиналмас еді деген адал ниетімді жазып, сенім білімді әшкерелеп көрсетіп отырған жағдайым бар. Ал шындығында иманым бар ма жоқ па?- оны халық көзімен немесе жаратқанның өзінен Құдайдан ғана сұрап білуге болатынын да білемін. Ол үшінде рухани өлім сатыларын және 3-түрлі жағдайдағы сынақтарынан да өтіп, кітапттарын меңгеру керек екенін ғана түсінемін!

Date: 2016-07-25; view: 342; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию