Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сүйерқұл Б. М. ф.ғ.д., доцент

2014-2015 жж. диплом /магистрлік/ жұмыстарының тақырыптары:

1. «Мұхаббатнаме» ескерткішіндегі архетиптер мен мифологемалардың когнитивтік-семантикалық өрісі және қазақы тілдік санамен салыстырмасы.

2. «Хұсрау уа Шырын» ескерткішіндегі фразеологиялық жүйені семантикалық өріс теориясы бойынша модельдеу.

3. «Адам Ата – Хауа Ана» ескерткішіндегі мифологемалардың лингвокогнитивтік және теологиялық семантикалық түсіндірмесі.

4. «Дана Хикар сөзі» ескерткішіндегі ғаламның паремиологиялық бейнесі («Кісі//адам» концептісі) (адамгершілік қасиеттерге қатысты мақал-мәтел, нақыл т.б. қолданыстар, оларды қазіргі білім беру және тәрбие саласында пайдалану жайында).

5. Қазақ/түркі тілдеріндегі «Жігіт//Әке», «Қыз//Ана» концептілері және олардың түркілік /қазақы/ ғаламның тілдік бейнесіндегі орны мен ерекшеліктері.

(Мұнда қазіргі қоғамдағы қыз бала мен ер бала тәрбиесінен бастап, ақ бұрым, селкілдек т.б. дейінгі мәселелерді қарастыруға болады).

6. «Мұқағали Мақатаевтың тілдік тұлғасы».

(Ақын-жазушылардың, ғалымдардың да тілдік тұлғасына қатысты дисс-ялар көптеп жазылды, солардың үлгісімен, 3 деңгей түрінде жазып шығуға болады: 1) лексика-семантикалық деңгей, 2) лингвокогнитивтік және 3) прагматикалық-уәждемелік деңгей деп.)

7. Қазіргі БАҚ тілінің ерекшеліктері (сөз мәдениеті, сөздің коммуникативтік сапалары: дәлдік, тазалық, байлық, орындылық, қисындылық т.б.). (Газет, журнал сияқты баспасөз материалы, немесе радиохабарлардың жазбасымен, телехабарлар материалымен жұмыс істеуге болады. Негізінен журналистің және ішінара көрермен мен тыңдарманның сөздеріне/сөзжұмсамдық ерекшеліктеріне талдау жасалады).

8. Ұлттық мифологиялық ғалам бейнесін қалыптастырушы арналар (лингвокогнитивтік зерттеу) немесе Қазақ ертегілеріндегі ғаламның тілдік бейнесі (ондағы мифтік сана мен мифологиялық таным және теологиялық семантика мәселелері). (Зерттеу материалы ретінде мектеп бағдарламасында қамтылмаған ертегілер, аңыз-әфсаналар т.б. алынады. Мұны мектептегі оқыту мәселелері деп әдістемемен, тәрбие жұмысымен де байланыстырып жіберуге болады, сондай-ақ қазіргі анимациялық /мультфильмдер/ фильмдерге талдау/сын түрінде) жасауға да болады. Қысқасы, бұл тақырыпты жан-жақты ашуға мүмкіндік беретін материал бар!).

9. Қазіргі қазақ киносының тілі (кеңес кезіндегі туындылармен салыстыру негізінде прагма/социо/психолингвистикалық талдау).

10. «Шоқан Уәлихановтың тілдік тұлғасы». (ғылыми, этнографиялық, фольклорлық т.б. шығармалары негізінде талдау).

 

Жігіттер, Қыздар! Тақырыптармен танысқан соң, ойланып көріңдер, өздеріңе жақын, ыңғайлы арнаға бейімдеп көріңдер. Мүмкін, өздеріңе ұнайтын тақырыптар да шығып қалар! Өзгерту қиын емес қой!

Ғылыми конф-яға осы тақырыптардың бірі бойынша мақала дайындау к/к.


<== предыдущая | следующая ==>
Задания для самоконтроля | Бухгалтерский баланс за 2015 г.

Date: 2016-07-25; view: 294; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию