Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Элементар электрлік заряды. Электр зарядынын сакталу заны





Электрлік заряд (q немесе Q) – денелердің немесе бөлшектердің электромагниттік күштік өзара әсерлесу қабілетін сипаттайтын физикалық шама.

Тыныштықтағы зарядтардың физикасын қарастыратын электр бөлімін электростатика деп атайды. Табиғатта электр зарядтарының екі түрі бар, олар шартты түрде оң және теріс зарядтар деп аталады. Зарядтар бір денеден екінші денеге (мысалы, тікелей жанасу арқылы) берілуі мүмкін. Аттас зарядтар тебіледі, ал әр аттас зарядтар тартылады. Гравитациялық күштер әрқашан тартылыс күштері болып табылады.

Табиғаттың іргелі заңдарының бірі тәжірибеде тағайындалған электр зарядтарының сақталу заңы болып табылады.

Тұйық жүйеде барлық денелердің зарядтарының алгебралық қосындысы тұрақты болып қалады:

q 1 +q 2 +q 3 +…+q n = const. (6.1)

Барлық денелер атомдардан тұрады, атомдардың құрамына оң зарядталған протондар, теріс зарядталған электрондар және нейтрал бөлшектер – нейтрондар кіреді. Атом ядросы – протондар мен нейтрондардан тұрады, ал электрондар атомда электрондық бұлт құрап тұрады.

Электрон мен протонның электрлік зарядтары модульдері бойынша бірдей және e ≈ 1,6·10–19 Кл-ға тең.

Нейтрал атомда ядродағы протондар саны электрондық бұлттағы электрондар санына тең болады. Берілген заттың атомы бір немесе бірнеше электронды жоғалтуы немесе қосып алуы арқылы оң немесе теріс зарядталған ионға айналуы мүмкін.

Заряд бір денеден басқа денеге элементар зарядтардың бүтін санынан тұратын үлестер түрінде ғана берілуі мүмкін.

Сондықтан, дененің электр заряды– дискретті шама:

q = n =1, 2, 3… (6.2)

Тек қана дискретті мәндер қабылдайтын физикалық шамаларды квантталған деп атайды. Элементар заряд e электр зарядының кванты (ең аз үлесі) болып табылады.

Нүктелік заряд деп – берілген есептің шартында өлшемдерін ескермеуге болатын зарядталған денені айтады.

сызықтық өлшемдері әсерлесуші зарядталған денелердің ара қашықтығынан өте аз болып келетін денеде орналасқан заряд

 







Date: 2016-07-22; view: 1441; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию