Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны





Қадамдарды бағалау критерийлері Жауап эталоны
  Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? Ауру басталуын нақтылау. Анамнез morbi et vitae. Жанұялық анамнез. Тұқым қуалаушылық.
  Гипотиреоз кезіндегі жағдай ауырлығының критериилері анықталды ма? Ісінулердің таралуы, жалпы және бұлшықеттік әлсіздік, салмақ қосуы, жүрек-қан тамыр жүйесінің өзгерістері, іш қатуының ұзақтығы, немен басылатындығы.
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру Бойы 168см, салмағы 84кг. Тері жабындылары бозарған, балауыз реңді, жалпы ісіну, терінің айқын қабыршақтануы, шынтақ, тізе буыны аймағында, өкшесінде гиперкератоз, тырнақтары сынғыш және қабаттанған, басындағы және қасындағы шаштары түседі, беті, қабақтары ісінген, ерні қалыңдаған.
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – эндокринді жүйе Бойын, салмағын, ИМТ өлшеу, қалқанша безін қарау, пальпациялау
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – ЖҚТ жүйесі Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында қарқынды систолалық шуыл бар. ЖЖЖ минутына 62 рет. АҚҚ 160/90 мм сын.
  Болжама диагноз Біріншілік гипотиреоз, манифестті, декомпенсацияланған, орташа ауырлықты ағым.
  Зерттеу жоспарын тағайындау ЖҚА, ЖЗА, БҚА: холестерин, триглицеридтер, ЖТЛП, ТТЛП. Қанныі гормоналды спектрі: ТТГ, босТ3, босТ4, АТ-ТПО, ЭКГ, қалқанша безін УДЗ.
  Салыстырмалы диагностика жоспары Созылмалы громерулонефриттермен, жүрек жеткіліксіздігімен, метаболикалық синдроммен салыстыру.
  Қалқанша безін тексерді Пальпацияда ҚБ көлемі қалыпты, консистенциясы жұмсақ, жұтынғанда көрінбейді.
  Қалқанша безін УДЗ мәліметтерін бағалады УДЗ: қалқанша безі өлшемдері қалыпты деңгейде, өз орнында орналасқан, контуры тегіс, оң бөлігінің өлшемі 8,8х8,2х6,8, сол бөлігі 10,7х7,2х9,8, мойнағы 4 мм, құрылымы біртекті, түйіндер жоқ.
  Қанның гормоналды спектрін талдады: ТТГ, Т3бос, Т4бос, АТ-ТПО. Т3бос., Т4 бос.- төмендеген, ТТГ жоғарылаған.
  ЭКГ талдады ЭКГ: Синустық брадикардия, ЖЖЖ минутына 55 рет, тісшелер вольтажы төмен, ST изолиниядан төмен. ЖЭО дұрыс орналасқан, қарынша ішілік өткізгіштіктің нашарлауы, тісшелер амплитудасының төмендеуі, АВ-блокада, 1-дәреже.
  Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қанның биохимиялық анализі көрсеткіштерін (холестерин, ТЖЛП, ТТЛП, триглицеридтер, жалпы белок) талдады. ЖҚА - анемия, аздаған лейкоцитоз. ЖЗА – меншікті салмағы төмен, микроальбуминурия, кристаллурия. ҚБА – гипопротеинемия, гиперхолестеринемия, ТТЛП - жоғарылаған.
  Емдеу тактикасын анықтады Адекватты орынбасушы терапия – тиреоидты препараттар, гипотиреоз компенсациясын бақылау, науқасты өз-өзін бақылауға үйрету, профилактика, асқынуларды анықтау және емдеу.
  Базисті терапияны тағайындады - Левотироксин 75 мкг /тәул. пульсті, ТТГ, ЭКГ бақылаумен. - кальций глюконаты 0,5 мг × 3 рет күніне
  Ем тиімділігін бақылау Қандағы ТТГ деңгейі бойынша Левотироксинмен адекватты орын басушы терапияны таңдау, гипотиреоз компенсациясын бақылау, науқасты өз-өзін бақылауға үйрету, профилактика, асқынуларды анықтау және емдеу.
  Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі.

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері.

2. Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қанның биохимиялық анализі, гормондар анализі: ТТГ, Т3, Т4, АТ-ТПО, ЭКГ, УДЗ нәтижелері

3. Тонометр

4. Фонендоскоп.

5. Секундомері бар сағат

6. ЭКГ нәтижесі

7. Термометр

 

Date: 2016-07-22; view: 275; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию