Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жанұялық амбулатория жағдайында гипотиреозбен ауыратын науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша





Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Жанұялық амбулатория жағдайында гипотиреозбен ауыратын науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы».

 

Жағдай: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Қабылдауға 30 жасар әйел келді.

 

Ø Анамнез жинаңыз және науқасты қарап-тексеріңіз.

Ø Лабораторлық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдаңыз.

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

 

Ақырғы нәтиже (outcomes):

Ø Қалқанша безінің ауруы бар науқасты сұрастыру және физикалық тексеру.

Ø Ересектердегі гипотиреоз бен оның асқынуларының клиникалық диагностикасы.

Ø Жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, қанның биохимиялық анализін, қанның гормоналды спектрін анықтауды, қалқанша безін УДЗ, ЭКГ жасау және олардың нәтижелерін талдау.

Ø Гипотиреозбен ауыратын науқасты жүргізу тактикасы, функционалды жағдайының мониторингі.

Жанұялық амбулатория жағдайында гипотиреозбен ауыратын науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша

бағалау парағы (check-list)

 

Қадамдарды бағалау критерийлері Балмен бағалау
Дұрыс орындады Дұрыс орындамады Орындамады
  Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5  
  Гипотиреоз кезіндегі жағдай ауырлығының критериилері анықталды ма? 1,0 0,5  
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру 1,0 0,5  
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – эндокринді жүйе 1,0 0,5  
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – ЖҚТ жүйесі 1,0 0,5  
  Болжама диагноз 1,0 0,5  
  Зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
  Салыстырмалы диагностика жоспары 1,0 0,5  
  Қалқанша безін тексерді 1,0 0,5  
  Қалқанша безін УДЗ мәліметтерін бағалады 1,0 0,5  
  Қанның гормоналды спектрін талдады: ТТГ, Т3бос, Т4бос, АТ-ТПО. 1,0 0,5  
  ЭКГ талдады 2,0 1,0  
  ЖҚА, ЖЗА, қанның биохимиялық анализі көрсеткіштерін (холестерин, ТЖЛП, ТТЛП, триглицеридтер, жалпы белок) талдады. 2,0 1,0  
  Емдеу тактикасын анықтады 1,0 0,5  
  Базисті терапияны тағайындады 1,0 0,5  
  Ем тиімділігін бақылау 1,0 0,5  
  Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі. 2,0 1,0  
  ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ      

Максималды балл – 20

 

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Науқас: Айгүл, 30 жаста.

Шағымдары: әлсіздік, тез шаршағыштық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, сөйлеу жылдамдығының баяулауы, артық салмақ, іш қатуы, ұйқысыздық.

 

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақ құрастыру Актердің жауабы
Аурудың басталған уақыты Ауру қашан басталды? Немен байланыстырасыз? Соңғы жыл бойы ауырамын деп есептеймін. Өз ауруымды химиялық реактивтермен жұмыс істеуіммен байланыстырамын.
Жасаған емнің тиімділігі Ауруханаға бардыңыз ба? Қандай препараттар қабылдадыңыз? Жоқ. Сена препараттарын қабылдадым.
Ем тиімділігін нақтылау Препараттарды қабылдаған соң жағдайыңыз жақсарды ма? Жоқ, жағдайым нашарлай берді, әлсіздік, баяулық, ісінулер пайда болды
Ісінулердің сипаты Ісінулер жиі қай уақытта пайда болады? Ісінулердің сипаты қандай? Тығыз ба, әлде жұмсақ па? Ісінулер тұрақты, тығыз.
Салмақ қосу сипаты Қандай уақытта қанша салмақ қостыңыз? Соңғы жылы 24 кг салмақ қостым
Тері жабындыларының сипаты: құрғақтық Тері жабындыларыңыздың құрғағанын қашан байқадыңыз? Соңғы жылда терім құрғап, қабыршақтана бастады.

 

Анамнезінде: Семей қаласында туған және тұрады. Рентген-лаборант болып жұмыс істейді. Зін соңғы жыл бойы ауырамын деп есептейді. Біртіндеп жалпы және бұлшықеттік әлсіздік, ұйқышылдық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі күшейе берді, сөйлеуінің бұзылуы пайда болды, тілі үлкейді, іш қатуына байланысты сена препараттарын қабылдаған. Соңғы жылы 24 кг салмақ қосқан. Соңғы 3 айда жағдайы күрт нашарлаған: есте сақтау қабілетінің нашарлауы, баяулық, ұйқышылдық, апатия, тоңғақтық, проксималды бұлшықеттерінің ауыруы, бетінің, қол басының, балтырлары мен аяқ басының тығыз ісінуі пайда болды. Тілінің көлемі ұлғайды, сөйлеуі түсініксіз болып кетті, кіші дәретке сирек шығатын болды – күніне 1-2 рет, шашының түсуі күшейіп кетті.

Объективті: Жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық, баяу сөйлейді, дауысы төмен, жуан. Бойы 168см, салмағы 84кг. Тері жабындылары бозарған, балауыз реңді, терінің айқын қабыршақтануы, шынтақ, тізе буыны аймағында, өкшесінде гиперкератоз. Тырнақтары сынғыш және қабаттанған, басындағы және қасындағы шаштары түседі. Беті, қабақтары ісінген, ерні қалыңдаған. Пальпацияда қалқанша безінің көлемі қалыпты, консистенциясы жұмсақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында қарқынды систолалық шуыл бар. ЖЖЖ минутына 62 рет. АҚҚ 160/90 мм сын. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Зәр бөлуі сирек, ауыру сезімінсіз.

Зерттеу жоспары:

1. ЖҚА - НВ-90 г/л, Эр-3,7 *1012, ТК-1,0, Тромбоцит – 240 *10 9/л, ретикулоцит -0, Лейкоцит 9,0*109/л, базофил – 0%, т/я -2%, с/я – 72%, эозинофил – 2%, моноцит -4%, лимфоцит –20%, ЭТЖ - 5 мм/сағ.

2. ЖЗА: Түсі – ашық-сары, мөлдір, РН – 6,0, меншікті салмағы –1005, қалдық микроскопиясы: эпителий жасушалары – 1-2 көру аймағында, белок – 0,099 ‰., сахар – теріс, Урат - +++, оксалат - ++.

3. Қанныі гормоналды спектрі: ТТГ - 6,0 ммоль/л, Т3 бос - 0,3 нмоль/л, Т4 бос - 8,5 пмоль/л, АТ-ТПО – жоқ.

4. ҚБ/хА: холестерин - 8,8 ммоль/л, ЖТЛП- 2,4 ммоль /дл., ТТЛП-4,2 ммоль/л, триглицеридтер - 3 ммоль/л, жалпы белок – 62 г/л.

5. ЭКГ - Синустық брадикардия, ЖЖЖ минутына 55 рет, тісшелер вольтажы төмен, ST изолиниядан төмен. ЖЭО дұрыс орналасқан, қарынша ішілік өткізгіштіктің нашарлауы, тісшелер амплитудасының төмендеуі, АВ-блокада, 1-дәреже.

 

6. Қалқанша безін УДЗ – қалқанша безі өлшемдері қалыпты деңгейде, өз орнында орналасқан, контуры тегіс, оң бөлігінің өлшемі 8,8х8,2х6,8, сол бөлігі 10,7х7,2х9,8, мойнағы 4 мм, құрылымы біртекті, түйіндер жоқ.

Date: 2016-07-22; view: 383; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию