Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тыныс алудың ішкі және сыртқы факторларының әсері
Тыныс алу процесіне температура, ылғалдылық, улы заттар және физикалық агенттер, ауадағы оттегі мөлшері әсер етеді. Температураның әсері. Тіршілік үшін маңызды процесстерге температураның әсері Вант-Гофф заңдылығына бағынады. Температура 100С көтерілген сайын, процесс жылдамдығы екі есе артады. Бұл құбылыс температуралық коэффицинет деп аталады (Q 10). Көрсеткіші шамамен 2-ге тең. Тыныс алу процесіне қолайлы температура 30-40 0С. 500С тыныс алу тоқталып, цитоплазмадағы ақуыз құрылымы өзгереді. Су цитоплазма коллоидтары үшін маңызды қосылыс болып саналады. Арпаның құрғақ тұқымы тәулігіне 0,3-0,4 мг көмірқышқыл газын бөледі.Улы заттар мен физикалық агенттер әсері. Эфир, хлороформ, бейтарап тұздардың көп мөлшері өсімдіктің улануы салдарынан тыныс алу процесінің әлсіреуіне әкеледі. Олардың төмен мөлшерінде тыныс алу қарқындылығы артады. Электрлі және радиоактивті заттармен әсер еткенде температураның өзгеруінен тыныс алу процесі артады. Ауадағы оттегінің мөлшерінің өзгеруінен қалыпты жағдайда көп әсер ете қоймайды. Ал мөлшері 1-2 % -ға дейін төмендегенде тыныс алу қарқындылығы да төмендейді. Бұл жағдайда оттегісіз ортада тыныс алу – анаэробты тыныс алу туындайды. Тыныс алу және оның көрсеткіштері Тыныс алу корсеткіштерінен алдымен тыныс алудың қарқындылығы бағаланады ол бөлініп шыққан кезде көмір қышқыл газының немесе сіңірілген оттегінің көлемімен сондай ак кез келген обьектінің құрғақ немесе шикі массасына есептегеде абсолютты құрғақ заттығ белгілі бір уактта массасыны азаюы бойынша анықталады тыныс алуды зерттеген кезде кең қолданылатвн көрсеткіштің біреуі тыныс алу еселігі бұл бөлініп шыққан комірқышқыл газы сіңірілген оттегінің көлеміне катынасы субстрат ретінде көмірсулары пайдаланылғанда және ауалану жағдайы жақсы болғанда тыныс алу еселігінің шамасы бірге теі немесе соған жуықтайды бастапқы материал ретінде органикалық қышқылдари пайдаланғанда тыныс алу баоысында көмір қышқыл газдан басқада органикалық қышқылдар пайда болғанда жүреді тыныс алу еселігі бірден артық болады Тыныс алу мен минералды қоректену байланыс Әрбір өсімдік айналадығы орта жағдайлармен байланысты болғандықтан, тіршілік етеді. Өсімдіктер айналадағы ортадан су, ауа, минералды тұздарды сіңіреді, күннің қызуы мен жарығын пайдаланады. Өлі табиғаттың және тірі ағзаның барлық осы жиынтықтары өсімдіктер айналасындағы ортаның жағдайларын құрады. Өсімдік айналадағы табиғи ортадан тіршілігіне қажетті барлық заттарды алады. Алайда өсімдіктер тек сіңіріп қана қоймайды, олар айналадағы ортаға өздерінің тіршілік әрекеттерінің өнімдерін шығарады. Осылай өсімдіктер тіршілігі тұтасымен айналадағы орта жағдайына байланысты. Орта жағдайының өзгеруі өсімдік тіршілігін өзгертеді. Өсімдіктің тіршілігі үшін топырақ, оның құрылысы мен құрамының маңызы аса зор. Өсімдіктерге топырақтағы өзгеріс, ылғалдың жетіспеуі немесе артуы, минералды заттардың мөлшері өте тез әсер етеді. Соныдықтан құрғақ жерде өсетін өсімдіктер ылғалды жерлерде кездеспейді, әрбір ортаның өзіне тән өсімдіктері болады. Өсімдіктердің тіршілігі үшін ауадағы оттегі мен көмірқышқыл газының мөлшері өті маңызды. Оттегі тыныс алуға, көмірқышқыл газы фотосинтезге қажет. МИНЕРАЛДЫ ҚОРЕКТЕНУАтмосферадағы молекулалық азоттың биологиялық игерілуін сипаттаңыз Азот өсімдікке қажет болса әуелілердің арасында ерекшк орын алады Алдымен ол басқа макроәулелерге қарағанда кқп мөлшерде сіңіріледі оның өсімдіктің абсолютты құрғақ массасында мөлшері кейде алты пайызға жетеді азотқа жас белсенді өсетін топырақ үстелік мүшелер сондайак кейбір дақылдардың тұқымдары бай келеді Аумаққа таралуына және азотты биологиялық байлауының қарқындылығына төңіректегі экологиялық факторлардың ықпалы өте зор оған алдымен мынадай қасиеттері жатады қара шірінді мөлшері ылғалдылығы раекциясы фосфордың темірдің молибденнің және тб жылжымалы түрлерінің болуы Date: 2016-11-17; view: 1130; Нарушение авторских прав |