Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тапсырма. Мамандық бойынша медициналық құжаттарды рәсімдеу туралы айтып беріңіз.
Мамандық бойынша медициналық құжаттарды рәсімдеу. Құжат реквизиттері. Форма №003/у-80 стационардағы емделушінің медициналық картасы (сырқатнама) Стационарда емделушінің медициналық картасы заңды күші бар құжат болып табылады, сондықтан ондағы жазулар анық және түсінікті жазылуы керек. Сырқатнамаға жазылатын медициналық қызметкерлердің мәліметтері толық анықталған, мағлұматтар сенімді және нәтижесі нақты, хранологиялық ретпен рәсімделген, сонымен қатар өзгертулер мен түзетулер енгізілмеген болуы керек. Сырқатнамаға шектен тыс жағдайда ғана өзгеріс енгізуге болады, онда да сырқаттанған кісі құралдарды қолдануға болмайды, ондағы қате кеткен жазу үстінен сызылып, қасына дұрыс мәлімет жазылады да жауапты қызметкердің «өзгертілген нұсқаға сеніңіз» деген таңбасы қойылады.
Тағайындау парағы Тағайындау парағы медициналық картаның құрамдық бөлігі болып табылады. Емдеуші дәрігер тағайындау парағын анық, толық, белгіленген үлгіде, екіұшты немесе түсіндірмелі мағынаны қажет етпейтін негізде толтыруы керек, сонымен қатар дәрінің тағайындалған күні мен оны қабылдауды тоқтату күні толық жазылуы тиіс. Мейірбике тағайындау парағын толық толтырып, өзінің қолын және сол күнгі датаны қоюы шарт. Дәрілік препараттар латын тілінде, препараттың тауарлық атауымен жазылады және мөлшері, қажет болған жағдайда қосымша қабылдау жүргізу жолдары толтырылады. Қарқынды ем қабылдау бөлімінде тағайындау парағының орнына 01 1/у формалы ресми қағаз жүргізіледі, онда негізгі толтырылатын емделушінің өмірдеректерінен бөлек, дәрігердің тағайындауларының барғылы толтырылып, дәрігердің және мейірбикенің қолдары қойылады. Дене қызуын бақылау парағын мейірбике толтырады. Дене қызуын тексеру динамикасы күніне кем дегенде екі рет жазылады. Көшірме Көшірмеде қысқаша түрде ауруханада жату тарихы, диагнозы, оны дәлелдеу үшін жүргізілген негізгі тесттер, жүргізілген ем мен нәтижелерінің тұжырымы жазылуы керек. Қосалқы бөлімдерде және жедел ем қабылдау блогында жүргізілген ем-шаралардың тізімі, сонымен қатар тағайындалған препараттардың тауарлық атауы, қабылдау мөлшері және еселеп беру жолдары жазылуы тиіс. Тұжырымдамада емделушінің одан кейінгі ем қабылдауына нұсқаулықтар мен уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы мәлімет (оның ішінде жұмысқа жарамсыздығы туралы рұқсатнаманың күні мен нөмірі) жазылуы керек. Бұдан ары қарай дәрілерді қалай қабылдау керектігі туралы нұсқаулықта әрбір дәрілік препараттың атауы орыс тілінде, дәрінің түрі (таблетка, ерітінді т.б.), бір тәулік ішінде қабылдау мөлшері немесе еселеп қабылдау мөлшері, жоспарланған қабылдау ұзақтығы жазылуы шарт. Медициналық препараттың халықаралық патенттелген атауы (жекелеген атауы болмаған жағдайда топшаланған атауы) көрсетіледі. Егер халықаралық стандарттарда патенттелген атауы жоқ болса, тауарлық атауын қолдануға болады. Медициналық картадан берілетін үзінді көшірме баспалық үлгідегі екі бірдей парақта толтырылады, оның бірі емделушіге беріледі, екіншісі медициналық картада тігіледі. Үзінді көшірмеде емдеуші дәрігер мен бөлім меңгерушісінің аты-жөндері толық көрсетіліп жазылады және қолыдары қойылады. Емделушінің қолына берілетін нұсқасында мөр басылады. Емделуші үзінді көшірмені толық оқып, таныстым деген қолын қойып кетуі тиіс. Жұмыс жасап жүріп, сатционарда ем қабылдаған емделушіге жұмысқа жарамсыздығы туралы анықтама беріледі. Уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы анықтама емделушіге, стационарда ем қабылдаған мерзімін көрсетіп беріледі. Егер емделушінің жұмысқа жарамсыздығы үздіксіз 15 күннен асып кеткен жағдайда, оның мерзімін ұзарту мәселесі аурухананың дәрігерлер комиссиясында қаралады. Медициналық карта сот, тергеу және прокуратура органдары сұраныс жасаған жағдайда аурухананың әкімшілігінің рұқсатымен мұрағаттан беріледі. Емделуші қажет еткен жағдайда медициналық картаның немесе одан өзге емделу тарихы толтырылған қағаздардың көшірмелері беріледі. Медициналық картаның көшірмесі бас дәрігердің рұқсатымен беріледі. Емделуші сұраныс жасаған жағдайда, әкімшіліктің рұқсатымен оның қолына медициналық картада көрсетілген биопсияның шыны құтылары, ренген түсірілімдері беріледі. Медициналық карта аурухананың мұрағатында 25 жыл сақталады, сақтау мерзімі аяқталған уақытта оның одан ары сақталу мақсаты немесе медициналық картаны жою туралы шешімді аурухананың әкімшілігі қабылдайды.
Тапсырма. Ақпаратпен танысыңыз. Мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер құрастырып жазыңыз. Мәтінді толықтырып, әңгімелеп беріңіз. Тері аурулары - адам терісінде және оның өсінділерінде (тырнақ, түк), әр түрлі жағдайларға байланысты пайда болатын патологиялық өзгеріс. Тері ауруларына: қышыма, қотыр, тері туберкулезі т.б. жатады. Тері адамның өмірінде маңызды роль атқарады. Ол газ алмасуын, дене жылылығын реттейді, сезім арқылы ағзаны түрлі зиянды, сыртқы әсерлерден қорғайды. Тері үш қабаттан құралады. Үстіңгі қабаты эпидермис деп аталады. Бұл түлеп, өзгеріп отырады. Ортаңғысы - өсу қабаты. Ол теріні жетілдіріп отырады. Осы қабатта жүйке, лимфа жолдары, шаш, түк қалташығы, май және тер бездері орналасады.Май безінің секрециясы теріні майлап, жұмсартып отырса, тер бездері ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады. Терінің үшінші қабаты шел- май қабаты. Ол өзінің астындағы мүшелерді жарақаттан қорғайды, ағзадағы зат алмасу процесіне тікелей қатысады. Тері түрлі физикалық, механикалық, биологиялық және химиялық факторлар әсерінен жарақаттануы мүмкін. Тазалық тәртібі сақталмаса, медициналық көмек көрсетілмесе осылардың бәрінде де терінің қабынуы мүмкін. Сондай -ақ ішкі секреция бездерінен, жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан пайда болады. Тері арулары кезінде адам терісінде іріңді, сулы бөртпелер шығады. Терінің әр жері жарылып, қасығанда қайызғақтанып түседі. Кейбір тері аурулары денені қатты қышытады, ашытады, кейде қатты ауырып мазасыздандырады. Жұқпал тері ауруларына тері туберкулезі жатады. Тері ауруларының іріңді түрі жиі кездеседі. Қышыма, қотыр т.б. ауруларды әр түрлі паразиттер, жәндіктер таратады. Кейде адам терісі әр түрлі дәрілерге, өсімдіктерге т.б. өте сезімтал келеді. Мұныү салдарынан тері ауруға шалдығады. Теріде қал, сүйел, ісік т.б. пайда болуы да мүмкін. Тері ауруларын зерттейтін ғылым - дерматология.
Date: 2016-11-17; view: 548; Нарушение авторских прав |