Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






I.Лексикалық тақырып: Дерматология және жалпы тері ауытқулары.





Мамандығы:жалпы медицина, 4 курс

Азақ тілі кафедрасы

 

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

Тәжірибелік сабақтарға арналған

Дістемелік нұсқаулар

I.Лексикалық тақырып: Дерматология және жалпы тері ауытқулары.

Грамматикалық тақырып: Мамандығы бойынша медициналық құжаттарды жабдықтау. Құжаттар деректемесі.

II. Сабақтың мақсаты: Студенттерге кәсіби қарым-қатынас үшін қажет негізгі медициналық терминологиялық лексика минимумын меңгерту; қазақ тілінде сөйлеу қызметінің әртүрлі дағдылары мен біліктерін жетілдіру: айтылым (қазақ тіліне ауызша аударудың түрлері, сөйлеушінің өз пікірін негіздеуі, тақырыптық диалог), жазылым (толық аударма, мәтіннің құрылымдық бөліктерін рәсімдеу), аудару үдерісінде іздеу, танысу түріндегі оқу, түсіну.

III. Пәннің міндеттері:

- сөздік-анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу, кәсіби сипаттағы мәтіндерді қарап шығу, іздеу, зерттеу мақсатында оқи алу дағдысын қалыптастыру;

- жалпы ғылыми және нақты кәсіби тақырыптағы мәтіндердің мағыналық, құрылымдық және коммуникативтік ерекшеліктерін ескере отырып, оқып, түсіну; мәтіннің тақырыбын, көтерген мәселесін, қорытындысын анықтай алу, мәтіннің логикалық сұлбасын ұсына білу т.б. біліктерін жетілдіру;

- ғылыми мәтіннің жалпы мазмұнын және автордың басты тезистерін түсіну, мәтін ақпаратынан басты және қосымша ақпаратты бөліп, оларды бағалай білу, мағыналық блоктардағы негізгі, қосымша және қайталанатын ақпаратты бөліп көрсете білу дағдысын қалыптастыру;

- жалпы және кәсіби лексика негізінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша коммуникативтік біліктерін дамыту, белгілі тақырып бойынша кәсіби сипатта ақпарат алмасуын қамтамасыз ету;

- өз мамандығы шеңберіндегі кәсіби терминдерді игеру дағдыларын жетілдіру.

IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мамандығы бойынша медициналық құжаттарды жабдықтау.

2. Құжаттар деректемесі.

V.Әдіс - тәсілдер:

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

2. Топпен орындалатын жұмыс әдісі

3. жобалау әдісі

VI. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1- тапсырма. Ақпаратпен танысыңыз, мамандық бойынша медициналық құжаттарды жабдықтау туралы айтып беріңіз.

 

Сырқатнама 5 бөлімнен тұрады:

1. Паспорт бөлімі;

2. Аурудың шағымдары;

3. Қазіргі(осы) аурудың даму тарихы;

4. Науқас адамның өмірбаяны;

5. Әрбір мүше бойынша сұрастыру.

Паспорт бөлімінде науқас адамның тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жынысы,ұлты, кәсіби мамандығы, жұмыс және тұрмыс жағдайы анықталады.

Шағым негізгі және қосалқы шағым болып екіге бөлінеді.

Негізгі шағым әр ағзаның, не әр жүйенің ауруына тән белгі. Мысалы, тыныс мүшелерінің ауруына тән шағымдар - жөтел, қақырық, ентігу т.б. Негізгі шағымдар аурудың пйда боу кезеңіне сәйкес келеді.

Қосымша шағымдар ағзаның патологиялық процеске байланысты жалп ерекше күй- жайын ғана көрсетеді. Бұл шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей болуы мүмкін. Қосымша шағымдарға, мысалы, әлсіздік, дел- салдық, терлеу, ұйқысыздық, күйгелектік т.б. жатады.

Аурудың даму тарихы. Ауру тарихын зерттегенде анықтау керек жағдайлар: аурудың басталуы(аурудың қашан және қалай басталғаны), оның даму ерекшеліктері: аурудың пайда болу себебі, өткізілген тексерулер және олардың нәтижелері, жасалған ем және оның нәтижесі.

Ауру адамның өмірбаяны. Ауырған адамның өмірбаяны (қысқаша), науқас адамның ауырған аурулары, жыныс қатынасы және отбасы, еңбек және тұрмыс жағдайы, зиянды әдеттері.

Мұшелер жүйесі бойынша сұрастыру. Бұл бөлімде адам ағзасындағы ең маңызды мүшелердің қызметі жөнінде мәліметтер жиналады. Ағзалар қызметінің бұзылуына қарап оның ауру ерекшеліктерін табуға болады.

 

Date: 2016-11-17; view: 394; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию