Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұраулы сөйлем құрыңыз. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.





 

Бауыр адам ағзасында қанды сүзгіден өткізіп,барлық улы заттарды және адам ағзасында жүретін биохимиялық процестердің әсерінен пайда болатын зиянды заттарды залалсыздандырып, қанның тазалығын қамтамассыз етіп отырады. Дені сау адамда бауыр өзін- өзі тазалауға күші жетеді, бірақ адам ағзасына түсетін токсиндердің мөлшері тым көп болғандықтан бауыр өз қызметін атқарып үлгірмейді. Осылай бауырдың зақымдануы басталады. Бұны медицинада токсикалык гепатоз дейді. Адам ағзасына аса зиянды улы заттар қайдан кіретініе тоқтала кететін болсақ, ең бірінші орында арақ, темекі тұрады, бұдан кейін экологиялық факторлар,мысалы: машинаның түтіні,бензин,керосиннің буы, түрлі аыр металлдардың буы (сынап, кадьмий) сияқты улы,зиянды заттардың, тыныс ауа мен өкпе арқылы қанға өтуі, азық түлік арқылы түрлі консерванттар, (қораптарында Е деген әріппен белгіленген) тамақ бояулары,койылтқыштар,жеміс- көкөністер арқылы нитраттар мен нитриттер пестицидтер т.с:с айта берсе осылардың бәрі бауырға орасан зиян келтіріп, бауыр қанды тазартып та, өзі тазарып үлгермейді. Осылай дұрыс тазармаған қан бүкіл организмді аралап, барлық органдарды улай бастайды, Бауырда нерв талшықтары жоқ сондықтан адам бауырының ауырғанын білмейді. Әбден асқынып шегінге жеткенде ғана бауыр ауырады,және көп жағдайда емдеуге өте кеш болып жатады. Сондықтан бауырды ауыртпауды ерте бастан ойлап шаралавр қолданған жөн. Ол үшін арақ, темекіден аулақ болу,дұрыс,консерванты жоқ тағамдармен тамақтану, қуырылған, тұздалып, ысталған тамақтарды мейілінше аз жеу,тоң майды мүлдем пайдаланбау.,Жалпы рационға қарақұмық, сұлы,ботқаларын кіргізу. Салаттарды зығыр,күнжіт, зәйтун майларымен шылап пайдаланған бауырдың ластануын болғызбайды. Бауырды тазалайтын белсенді қоспаларды, өсімдік шәйларын кез келген дәріханадан алуға болады, Бауырды тазартудың тағы бір оңай әдісі, дюбаж жасау. Бірақ бұны тек өт жолдарында тас жоқ болса ғана жасауға болады. Сұлы жар масын қара суға кайнатып, тұзсыз,сутсіз,қантсық аш қарынға жеген де бауырды тазартады. бірақ, күнделікті үш айдың көлемінде пайдалану керек. Егер,дәрігер қажет деп айтса, онда карсил, эссенциале форте деген емдік қасиеті бар дәрілерді де алып ішуге болады. Бауыр ластанудың алғашқы белгілері бет терісінің бұзылуы, денеге қышымалар шығу, терінің ешнәрсе шықпаса да қышуы, тәбеттің болмауы, жүрек айну,өттің қоюлануы,ас қорыту процесстерінің бұзылуы сияқты белгілері болады.

 







Date: 2016-11-17; view: 349; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию