Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Таңдалған тақырыпты зерттеңізСтр 1 из 5Следующая ⇒
Негіздерін біліңіз. Жазғалы жатқан мақалаңыздың жалпы сипатын ойластырыңыз. Бұл арқылы көп тақырыптың ішінде адаспай, айтқыңыз келген ойды жинақтауға мүмкіндік болады. Әрине, жазғыңыз келген тақырып төңірегінде ақпарат болмауы мүмкін, сондықтан тақырыпты білетін адамдардан, газет-журналдан, интернет басылымдарынан, кітаптардан іздеп, тапқан жағдайда оларға сілтеме беру арқылы қолдана аласыз.
Мақаланы жазыңыз Көлемін анықтап алыңыз. Жазбаны қай басылымға беретініңізге байланысты сөз санын, қанша парақ жазатыныңызды ойластырып алыңыз. Тақырыпты аша түсу үшін қаншалықты көп жазуыңыз керектігін анықтаңыз. Мақаланың жоспары Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз. Жазу стиліне, құрылымына көңіл бөліңіз. Ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізе алмайсыз. Бұл үшін аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз. Ғылыми мақала эссе форматында 5 параграфтан тұратын ғылыми тілде жазылады.
Мақаланы өңдеңіз Мақаланы жариялаудан бұрын, қайта оқып шығып, өңдеу керек. Егер уақытыңыз болса, бір күннен кейін жаңа деммен оқып, түзеткеніңіз жөн. Осы арқылы мақаланың қалай жазғыңыз келгенін және қалай жазып шыққаныңызды салыстырып, айырмашылығын байқайсыз. Көп жағдайда мақаланы дауыстап оқып көру керек. Сонда кейбір сөз тіркестері мен сөйлем құрылымының қатесін түзей аласыз. Мәтіндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетіңіз. Бұдан кейін мақаланың жалпы құрылымы дұрыс тұрғанына көз жеткізіңіз. Мән-мағына логикалық тізбекте дұрыс орналасқан ба? Ақпаратпен мүлдем таныс емес оқырманға бәрі де түсінікті болсын. Мақалада бір-біріне қайшы келетін пікір мен қате деректердің жоқтығын қадағалаңыз. Егер мақала көңіл көншітпесе, белгілі бір тарауларын я түгелдей жұмысты қайта жазып шығыңыз. Мақала өзіңізге ұнамай жатса, мақалаңызды барынша талап-жігеріңізді аямай қайта бір қарастырып көріңіз. Мақаланы қызықты етіңіз. Мәтінге сурет, диаграмма, видео, аудио материалдар қосыңыз. Осы арқылы мақаланы түсінікті әрі оқуға жеңіл етесіз. Date: 2016-11-17; view: 290; Нарушение авторских прав |