Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Холедохолитиаз, холангит, механикалыҚ сарҒаю
*3*11
#1136 *!Созылмалы калькулезді холециститке байланысты холецистэктомия операциясы жасалынған 47 жастағы науқаста, операциядан кейін алты айдан соң, әркез склерасының сарғаюымен қосарланған оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсыну қайта мазалай бастады. Құрсақ қуысына жасалынған ультрадыбыстық зерттеу барысында бауырдан тыс жатқан өт жолдары тарапынан нақты бір патологиялық өзгерістерді анықтау мүмкін болған жоқ. Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысының осы жағдайда диагнозды анықтау үшін ақпараттылығы ЕҢ жоғары болады?
*инфузионды холангиография *тері-бауырарқылы жасалатын холангиография *+эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография *бауырды сканирлеу *компьютерлік томография
#1137 *!56 жастағы науқаста екі жыл бұрын УДЗ кезінде өт тас ауруы анықталған. Ауруханаға түскен кезде оң жақ қабырға асты аймағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне, склерасы мен терісінің түсінің сарғаюына, терісінің қышынуына, нәжісінің түссізденіп, зәрінің қара-қоңыр түске өзгеруіне шағымданады. Дене температурасы қалыпты. Қанның биохимиялық анализінде жалпы билирубин деңгейі 122,5 мкмоль/л. Алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
*бауыр циррозы, паренхиматозды сарғаю *ұйқы безі басының рагы, механикалық сарғаю *холангит, механикалық сарғаю *+холедохолитиаз, механикалық сарғаю *гепатит, паренхиматозды сарғаю
#1138 *!49 жастағы науқас әйел оң жақ қабырға асты аймағындағы ауру сезіміне, склерасы мен терісінің түсінің сарғаюына, терісінің қышынуына, нәжісінің түссізденіп, зәрінің қара-қоңыр түске өзгеруіне, дене қызуының кешке қарай 380С-қа дейін көтерілуіне, дірілдеп-қалтырауға шағымданады. Ауырғанына 5 күн болған. Аурудың басталуын физикалық күштеме түсірумен байланыстырады. Ішті сипап қарағанда жұмсақ, оң жақ қабырға асты аймағы ауырсынады. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған. Аталған алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*жедел панкреатит, механикалық сарғаю *холедохолитиаз, механикалық сарғаю *гепатит, паренхиматозды сарғаю *жедел холецистит, реактивті гепатит *+іріңді холангит
#1139 *!53 жастағы науқас әйел оң жақ қабырға асты аймағындағы ауру сезіміне, склерасы мен терісінің түсінің сарғаюына, нәжісінің түссізденіп, зәрінің қара-қоңыр түске өзгеруіне, дене қызуының кешке қарай 370С-қа дейін көтерілуіне шағымданады. Сарғаю 2 күн бұрын болған оң жақ қабырға асты аймағындағы ұстама тәрізді қатты ауру сезімінен кейін пайда болған. Ішті сипап қарағанда іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты аймағы ауырсынады, бауыр оң жақ қабырға доғасынан 4см-ге шығыңқы. Ұлғайған өт қуығы палпацияда сезіледі Алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*вирустық гепатит, паренхиматозды сарғаю *+холедохолитиаз, механикалық сарғаю *гемолитикалық сарғаю *бауырдың абсцессі, сарғаю *бауыр циррозы, паренхиматозды сарғаю
#1140 *!Созылмалы калькулезді холециститпен зардап шегетін 62 жастағы науқаста, тамақтану мәзірін бұзғаннан кейін оң жақ қабырға, эпигастрий аймақтарында белге қарай иррадиацияланатын қатты ауру сезімі, бірнеше рет құсу туындаған. 4 сағаттан аса уақыт өткен соң склерасының сарғыштанғанын, зәрінің қоңыр қоюлана бастағанын аңғарған. Қан амилазасының белсенділігі 280 л/бірлікті құраған. Өт тас ауруының қандай асқынуы орын алуы мүмкін?
*өт қуығының перфорациясы, перитониттің дамуы *өт қуығы өзегінің таспен обтурациясы *жедел папиллит *холангит *+үлкен дуоденальды емізікшеге қысылған тас
#1141 *!50 жастағы науқас әйел бір жыл бұрын созылмалы калькулезді холециститке байланысты жоспарлы түрде холецистэктомия операциясын бастан кешірген. Соңғы 10 тәулік ішінде склерасының үдемелі түрде сарғаюын, кешке қарай қалтырап-дірілдеумен, боршаланып терлеумен қосарланған дене қызуының 39˚С-қа дейін көтерілуіне шығымданады. ЭРХПГ барысында холедохолитиаз, іріңді холангит диагнозы айқындалған. Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия, конкременттің экстракциясы және өт жолдарының санациясы жасалынған. Сарғаю дәрежесі біртіндеп төмендей бастағанымен, бірақ науқастың жағдайы нашарлай түскен, гипертермия сақталып, интоксикация белгілері арта түскен. Науқас жағдайының нашарлай түсуі қандай себепке байланысты болуы мүмкін?
* сфинктеротомиядан кейінгі папиллит *холемиялық қан кету *+бауырдың холангиттік абсцесстері *панкреонекроз *бауыр жетіспеушілігі
#1142 *!Созылмалы калькулезді холециститті бар 48 жастағы науқасқа бауыр шаншуы ұстамасының жиілеуіне байланысты жоспарлы түрде холецистэктомия операциясы жасалынған. 3 ай өткен соң оң жақ қабырға асты аймағындағы бауыр шаншуы тәрізді ұстама қайта басталған. Екі рет қысқа уақыт аралығында механикалық сарғаюдың белгілері байқалған (5-7 тәулікке дейін) УДЗ мен ЭРХПГ зерттеулерде гепатикохоледохтың 13 мм дейін кеңейгені, қуысында диаметрі 0,6 см болатын конкремент анықталған. Осы жағдайда резидуальды холедохолитиазды емдеудің ең тиімді түрі?
*+эндоскопиялық папиллотомия *холедоходуоденостомия *холедохолитотомия *трансдуоденальды папиллосфинктеротомия *холедохоэнтеростомия
#1143 *!Ауруханаға оң жақ қабырға асты аймағындағы қатты ауру сезіміне, лоқсып, құсуға, склерасы мен терісінің сарғаюына шағымданып келген 42 жастағы науқасқа шұғыл түрде жасалынған дуоденоскопияда үлкен дуоденалды емзікшеге қысылған конкремент анықталған. Қандай емдеу тәсілін қолданған тиімді?
*лапаротомия, дуоденотомия, конкрементті алып тастау *УДЗ бақылауымен жасалған микрохолецистостомия *лапаротомия, холедохты Кер бойынша дренирлеу *+эндоскопиялық папиллосфинктеротомия *лапаротомия, холецистостомия
#1144 *!Холецистэктомия және холедохолитотомия, холедохты Кер бойынша сыртқа дренаждау операциясынан 12 тәулік өткен соң, күніне 1 литрге жуық өт бөлінуі жалғасуда. Фистулохолагиографияда холедохтың терминалды бөлігінде конкремент анықталған. Қандай емдеу тәсілін қолданған абзал?
*конкрементті алып шығу үшін қайтадан лапаротомия жасау *+эндоскопиялық папиллосфинктеротомия *дренаж түтік арқылы литолитикалық ем жүргізу *дистанционды соққы толқынды литотрипсия *тері бауыр арқылы эндобилиарлық араласу
#1145 *!67 жастағы науқасқа 5 жыл бұрын холецистэктомия операциясы жасалынған. Операциядан кейінгі уақыттарда эпигастрий аймағында аздаған ауырсынулар, нәжістің бұзылуы мазалаған. Алкоголдік ішімдектерді жиі қолданады. Ауруханаға түскен кезде механикалық сарғаю анықталған, қанның биохимиялық анализінде билирубин деңгейі 182,5 мкмоль/л дейін жоғарылаған. УДЗ-да – созылмалы панкреатит, ұйқы безі басы көлемінің ұлғайғаны анықталған. ЭРХПГ-да – холедохтың дисталды бөлігі 2,5 см ұзындық бойына тыртықтанып тарылған, өттің он екі елі ішеккке өтуі қиындаған, холедох 2 см-ден аса кеңейген. Осы жағдайда қандай емдеу тәсілін таңдаған тиімді?
*өт өзегін тері арқылы дренаждау *лапаротомия, трансдуоденальды папиллосфинктеропластика *экстракорпоральдық детоксикация әдістерін қолдана отырып консервативті емді жалғастыру *лапаротомия, холедохолитотомия, холедохты Кер бойынша дренаждау *+лапаротомия, холедоходуоденостомия
#1146 *!62 жастағы науқас әйел бір жыл бұрын ӨТА байланысты жоспарлы түрде холецистэктомия операциясын бастан кешірген. Осы кезде холедохолитиаз, механикалық сарғаю диагнозы анықталған. Холедохтың диаметрі 1,2 см. Консервативті емдеу тәсілдері тиімсіз, көлемі үлкен парапапиллярлық дивертикулдың болуына байланысты эндоскопиялық папиллосфинктеротомия жасау мүмкін болмады. Осы жағдайға байланысты қандай емдеу тәсілін таңдаған жөн?
*лапаротомия, холедохолитотомия, өт өзегіне тұйық тігіс салу *лапаротомия, трансдуоденальдық папиллосфинктеропластика *экстракорпоральдық детоксикация әдістерін қолдана отырып консервативті терапияны жалғастыру *+лапаротомия, холедохолитотомия, холедохты Кер бойынша дренаждау *лапаротомия, холедохолитотомия, холедоходуоденоанастомоз салу
Date: 2016-11-17; view: 454; Нарушение авторских прав |