Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы:Қабілет туралы жалпы түсінік

Азақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекетік Университеті

Дене шынықтыру және спорт факультеті

Психология және дефектология кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы:Қабілет туралы жалпы түсінік

 

 

Күнделікті ауызекі сөзде "қабілет" деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мүғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жүмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің үйьшдастыргыштық, екіншісінің - музыкалық, үшіншісінің - суретшілік қабілеті еске алынып, бүған ерекше мән беріліп отырылады. Бүл мысалдар әр адамның өрекетің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мүндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бүрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп түр.

Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екенін дәлелдейді.

Қабілеттіліктің өлшемі — белгілі бір істің нөтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрііі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т. б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.

Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің

ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың қүрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мүғалімдер өз оқушыларының (тіпті ол жақсы оқитын окушы болса да) үлгірі-міне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жүмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бүдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бүл жерде мүғалім қолынан істесе іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнді үсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

Оқу-төрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық үғымдарды өз мәнінде түсіне алмау — мүғалімдерді педагогикалық қателерге үшыратуы да мүмкін. Мүны дөлелдейтін мысалдар коп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да о л академияға қабылданбаған. Академияның мүғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне кажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бүл жайт академиядағылардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын аңғартады. Бүл мысал адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дүрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мүғалімдердің зер салуын керек етеді.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінстін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бүған үйымдас-тырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика) орайлас бөлінеді.

Адам қабілетінің дамуы қоғамдық прогреске, оның өлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогресс байланысты болып отырады. Мәселен, капитализм қалыптасып келе жатқан дөуірде, гылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне колайлы жағдай туғызды. Сол кездері жан-жақты қабілетті, аса дарынды адамдар көп болды. Өйткені бүл қогамның қажетінен туған қүбылыс еді. Ф. Энгельс "Қайта гүлдену дөуіріне"105 берген сипаттамасында сол дәуірді: "күшті ой-өрісі, қүштарлығы мен сипаты, сан қырлылығы, ғылымдығы жағынан алыптарды керек еткен және сондай алыптарды туғызған заман болды... Ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт-бес тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде-бір ірі адам болған жоқ дерлік еді. Леонардо да Винчи ұлы художник болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, үлы математик, механик және инженер бфлды, физиканың сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альберхт Дюрер суретші, гравер, скульптор, архитектор болды, оның үстіне өзіндік кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бүл идеяларды көп заман өткеннен кейін барып, Монталамбер

және фортификация жайындағы ең жаңа неміс ілімі қайтадан көтеріп кетті. Макиавелли мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын болды, оның үстіне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты бірінші әскери жазушы болды... Ол замандағы геройлар кісінің өрісін тарылтатын, сыңар жақтық туғызатын, олардың ізбасарларының бойынан ықпалы бізге сондай жиі байқалып жүрген еңбек бөлінісінің қүлдары бола қойған жоқ-ты". Ф. Энгельс айтып отырған Орта ғасырдағы "қайта гүлдену" (дүрысы "қайта өрлеу. қ. Ж.) ХХ-ға-сырдың бас кезінде қазақ қоғамында да белең алған еді. Осы кездегі тарихи аренага жан-жақты қабілетті адамдар Ш. Қүдайбердиев, А. Бай-түрсынов, X. Досмухамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М. Жүмабаев, т. б. шыққаны белгілі.

Адам қабілеттерінің жан-жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін, яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандықка таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді.

Әрине, бүдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің үштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс-әрекеттің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икемі дүрыс үштасқанда ғылым, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып, оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.

 


<== предыдущая | следующая ==>
Равновесие рынка и последствия его нарушения. | Какое влияние оказывает витамин С на наше здоровье?

Date: 2016-11-17; view: 3309; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию