Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кесте - Білім беру парадигмаларының сипаттамалары

ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ

Дайындаған: А.Мырзабаев - №199 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

2014-2015 оқу жылы

ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ

 

Кіріспе.

І. Негізгі бөлім

1.1. “Бүгінгі білім беру парадигмалары”

1.2. Ақпараттық технология сабақ процесінде

Қорытынды.

 

Кіріспе

Жаһандану жағдайындағы білім беру

Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттіліктің өлшемі, тетігі, құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты. Себебі әлемдегі ғажайып жаңалықтарды өзі білім, білікті шығармашылық құндылық ретінде бағалаумен, оны ізгі мақсаттарға сәйкес қолданып, жаңаны табумен мүмкін болады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Еліміздегі орта білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуді, әлемдік білім беру кеңістігіне бағдар тұтуы білімге деген көзқарасты жаңаша тұрғыдан қарастыруды көздейді. Осыған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - білімді, бәсекелестік қабілеті бар, шығармашыл, дербес, ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Мектептегі жас ұрпақтың ақыл-ойы, рухани дамуының негізі – оқылатын пәннің мазмұнына, оқу-тәрбие жұмысының мақсатқа сәйкестігі мен меңгеретін ғылыми білімдер жүйесінің шығармашылық сипатына байланысты.

Білім беру саласындағы реформалар бір жағынан әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздейді.

Қазіргі кездегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығы мен шығармашыл тұлғасын қалыптастыру мәселесіне қызығушылықтың артуы осы міндеттерді шешудің бағдары ретінде қарастырылып отыр.

 

Негізгі бөлім

Бүгінгі блім беру парадигмалары

Ақпараттандыру, жаһандану жағдайындағы қазіргі білім беруді дамыту мен жетілдіруді түрлі инновацияларды енгізусіз, жаңаша оқытуға қатысты принципті бағыттар қатарын қайта қарамайынша елестету мүмкін емес. Солармен бірге, қазіргі мектептің педагогикалық процесін бүгінде қарқынды даму үстіндегі инновациялық білім беру жүйелерімен, бірінші кезекте, шығармашылық қабілетке, шығармашылық рефлексияға, шығармашылық өзін-өзі дамытуға, шығармашылық дербестікке, креативтілікке қойылып жатқан талаптарға сәйкес келуі мәселесінің қарастырылуына да үлкен мән берілуі керек.

Классикалық пен қазіргі жаңа парадигмалардың айырмашылығы жалпылай айтқанда, адам туралы және білім алу арқылы оның дамуы туралы мынадай іргелі түсініктердің өзгеруінде (1-кесте).

кесте - Білім беру парадигмаларының сипаттамалары

  Классикалық парадигма Жаңа парадигма
  Білім берудің негізгі міндеті: өскелең ұрпақты дайындау Білім берудің негізгі міндеті: жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру жағдайын қамтамасыз ету
  Адам - қарапайым жүйе Адам - күрделі жүйе
  Білім - өткен шақ тәжірибесінен («еске алу мектебі») Білім – болашаққа бағдар («ой-өріс мектебі»)
  Білім беру – білім, білік, дағдылардың белгілі үлгілерін оқушыға беру Білім беру - адам өз санасында әлем бейнесін жасау оны пәндік, әлеуметтік, рухани мәдениетпен ұштастыруы
  Оқушы – педагогикалық ықпал ету обьектісі Оқушы – танымдық іс-әрекеттің субъектісі
  Субъект-объектілік, педагог пен оқушының монологиялық қатынасы Субъект-субъектілік, педагог пен оқушының диалогтық қарым- қатынасы
  Оқушының “жауап берушілік”, репродуктивті іс-әрекеті Оқушының белсенді, шығармашылық іс-әрекеті

Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда оқушылардың білімдік құзырлылығын қалыптастыруда маңыздылығы жоғары.

Құзырлылық – оқушының болашақта өзінің және қоғам өмірінің өркендеуіне жауапкершілігін сезінуі, оған дайындығы мен қабілетін көрсетеді. Сондықтан білім беру жүйесі мен әр педагогтың міндеті оқушының ізденімпаздығы мен дербестігін дамыта отырып, өз қабілеттерін жүзеге асыруда шығармашылық сипатта іс-әрекет етіп, мәдениет деңгейінің жоғары сатысына жетуде мемлекеттің құқықтық жүйесі мүмкіндіктерін білу, білімі мен біліктіліктерін үнемі жетілдіру болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаттарына, әлеуметтік тәжірибенің құрылымы мен жеке тұлға тәжірибесіне, сондай-ақ оқушы іс-әрекетінің негізгі түрлеріне байланысты мынадай білімдік құзырлықтар маңызды:

1) Құндылық түсінігі құзырлылығы – бұл оқушының құндылық бағдары, қоршаған әлемді көре білуі мен түсіну қабілеті, өзінің ондағы рөлін сезінуі, өз іс-әрекетінің мәнділік және мақсатты ұстанымының болуы, шешім шығара білуі. Бұл құзырлылықты меңгерген оқушы оқу және басқа іс-әрекетте өз білімі мен біліктерін жүзеге асыра білу қабілетіне ие болады, нәтижесінде оқушының жеке білімдік кеңістігі және оның өмірлік әрекет бағдарламасы қалыптасады.

2) Жалпымәдени құзырлылық – таным мен жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық мәдениет аймағындағы адамның іс-әрекет тәжірибесі, адамзат қоғамы мен жеке халықтардың, адам өмірінің рухани-адамгершілік түсінігінің болуы. Оған адам өміріндегі ғылым мен діннің ролі, әлеуметтік құбылыстар мен дәстүрлер, отбасы мәдениеті, олардың қоршаған әлемге әсері, оқушының оны игеруі мен мәдени тұтастықты сезінуі.

3) Оқу-танымдық құзырлылық – оқушының дербес танымдық іс-әрекет арнасындағы құзырлылықтар жиынтығы: білім мен мақсаткерлік, жоспарлау, талдау, оқу-танымдық әрекетті өзіндік бағалау. Оқушы жаңа шығармашылық әрекет дағдыларын меңгереді: нақты жағдайда іс-әрекет тәсілдерін біледі, мәселені шешуде эвристикалық әдістерді қолданады. Бұл құзырлылық аумағында оқушының сауаттылық талаптары анықталады: шындықты, фактіні анықтай білу, өлшеу дағдыларын игеру, статистикалық, мүмкіндік және басқа таным тәсілдерін білуі.

4) Ақпараттық құзырлылық – оқушының оқу пәніндегі және білім алу шеңберіндегі, сондай-ақ қоршаған әлем туралы ақпаратты қолдана білу дағдылары. Түрлі нысаналар (теледидар, үнтаспа, телефон, компьютер) және ақпараттық технологиялар (бейне, таспа, электрондық почта, Интернет т.б.) көмегімен ізденімпаздық біліктері қалыптасып, ақпаратты талдау, саралау, сараптау, сақтау және оны тарата білуге үйренеді.

5) Коммуникативтік құзырлылық – тілдерді білу, айналасындағы адамдармен сөйлесу, топта жұмыс істей білу дағдысы, түрлі әлуметтік рольдерді меңгеруі. Оқушы өзін таныстыра білуі, хат жазу, сауалнама толтыру, өтініш жазу, сұрақ қою, пікірталасқа қатыса білуі т.б. керек.

6) Әлеуметтік-қызмет құзырлылығы – азаматтық-қоғамдық әрекет шеңберіндегі (азамат, бақылаушы, сайлаушы, өкіл т.б. рөлін орындау), әлеуметтік-қызмет аумағында (тұтынушы, сатып алушы, өндіруші), отбасы қатынастары мен міндеттері көлемінде, экономика және құқық сұрақтарында, кәсіби бағдар бойынша білімдері мен тәжірибелерін меңгеруін көрсетеді.

7) Жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзырлылығы – оқушының дене, рухани және интеллектуалдық өзіндік дамуы, эмоционалдық тұрғыда өзін-өзі реттеу мен жүзеге асыру тәсілдерін меңгеруге бағытталады. Оқушы өз қызығушылығы мен мүмкіндіктері арқылы өзіндік танымын, қазіргі кезеңдегі қажетті жеке тұлғалық қасиеттерін дамытып, психологиялық сауаттылығын, ойлау мәдениеті мен мінез-құлық мәдениетін меңгереді. Сондай-ақ бұл құзырлылыққа жеке бас гигиенасы, өз денсаулығы мен экологиялық мәдениет кіреді.

Біз осылардың ішінде жоғарыда аталған құзырлылық түрлеріне кірісетін немесе әсерін тигізетін ақпараттық құзырлылықты қарастыратын боламыз. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»- деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

 

Ақпараттық технология сабақ процесінде

Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет

Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?

Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.

Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.

Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлықматериалдар болуы қажет.

Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды сабақтарда қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.

Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.

 

Сабақтың параметрі АКТ-ны қолданатын сабақ Дәстүрлі сабақ
ақпаратты беру   оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануы
жұмыс қарқыны әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады мұғалім сыныптағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады
оқушымен кері байланыс түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады. ағымдық бақылау

АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:

· дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);

· әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);

· ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);

· оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).

Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:

· мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау);

· компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;

· дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;

· тестілеу қабыршағы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық, аралық, сабақ қорытындысы бойынша);

· оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;

· осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін анықтау.

АКТ-ны сабақтарда қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді

Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді.

Ғылыми негіздегі сабақтардың цифрлы білімдік ресурстарын қолданып өткізудің мынадай әдістері болуы мүмкін.


<== предыдущая | следующая ==>
К сведению читателей. | Схема последовательности этапов

Date: 2016-06-07; view: 1411; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию