Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тапсырманың қойылымы





IMS – IP қызметтерінің жүйе бөлігінің (IP Multimedia Subsystem). IMS – бұл түсінік, негізінен қызметтерге және қосымшаларға қатысты. IMS телекоммникацияның өзекті мәселелерінің жаңа шешімі болып табылады. Осы сапада ол әртүрлі қызмет түрлерін қамтамасыз ете алады, сонымен қоса телофония, видеобайланыс, хат алмасу және чат қызметтерін. Аталған қызметтер әртүрлі желіде қызмет көрсетун қамтамасыз етеді. Атап айтсақ сымды (Ethernet базасындағы технологиялар, кабельді модемдер және DSL), және сымсыз (мысалы, UMTS6 HSPA және LTE).

IMS-та негізінен SIP (Session Initiation Protocol) және SDP (Session Description Protocol) сигналды хаттамалар болып табылады. Яғни IMS-сервисін қолданатын құрылғыларды қолдауы керек.

IMS-жүйе бөлігі 3GPP Release 5-тің ерекшелігінде сипатталған. Оның негізін функционалды блоктар базасының анықталған жиындары құрайды. SIP протоколы IMS-тың негізгі мәліметтерді жіберуді басқару протоколы болып табылады. Ол IETF жұмыс тобымен құрылған және IMS-та 3GPP консорциуымен қолданысқа қабылданды.

IMS әзірлеушілерге, операторлар мен сервис-провайдерларына SIP протокол базасында жаңа қызметтер мен қызмет түрлерін жасауға мүмкіндік береді. IMS-ты ары қарай жақсарту және кеңейту мақсатында қыметтер жасау, кілтті құралдар қолданатын IMS механизмдері жасалуда.

Бұл дипломдық жұмыстағы мақсаттар мен тапсырмалар келесі ұрпақ желілерін IMS технологиясы негізінде сипаттамаларын тереңірек талдау. Осы жұмыстағы мақсаттарға жету үшін келесі тапсырмалар мен міндеттерді орындау керек:

- IMS архитектурасын талдау;

- интелектуалды желілерінің эволюция нәтижесіне тоқталу;

- IMS зерттеу платформасындағы дерек көздеріне сипаттама жүргізу; IMS платформасында кейбір технологияларға шолу жасау, IMS сервистік архитектурасындағы платформадағы сұлбаларға талдау жасау;

- IMS-тың техникалық аспектінде құрылатын қызметтерді SIP сервлет контейнерлер көмегімен қарастыру;

- SIP-сұраныс маршрутизациясын IMS-те қарастыру;

- SIP және DIAMETER хаттамаларының қызметтерін сипаттау;

- МСЭ Y.1540 ұсынысымен танысу;

- SIP хаттама сигналдық жүктемені IMS желісінде есептеу;

- IMS платформасында келесі ұрпақ технологияcы (NGN) желісіндегі SIP базасындағы сигналдық трафикті есептеу.

- Қаскелең қаласында, келесі ұрпақ желісі (NGN) негізінде, Huawei компаниясының құрылғылары көмегімен, сөз және басқада мәліметтерді беру қызметтерін ұсыну, қаладағы бар цифрлық арналарды тиімді пайдаланып желілердің өнімділігін арттыру және дестелік коммутациялар технологиясы бойынша қызметтер көрсету негізінде көліктік желіні құру.

Осы жұмыстың мақсаттарын анықтау үшін, телекоммуникация операторлары ұсынған NGN желілеріне өту стратегияларын қарастыру керек. NGN желілеріне өту үш негізгі топтардан тұрады.

Бірінші топ екі жағдайда қолайлы: жаңа желі құрастырылады; барлық пайдаланатынкоммутация мен тарату жабдықтарыауыстыруды қажет етеді. Революциялық стратегияның қолданылуының ісжүзіндегі нұсқауы өте сирек кездеседі.

Екінші топ - операторлар желіні түрлендіру үшін нақты жоспар құрайды. Жалпы қолданыстағы телефон (ЖҚфЖ) желісінің цифрленуі кезеңінде қабылданған, «үстіне қойылған» желі тұжырымдамасы осы келтірудің аналогы болып саналады.

Үшінші топ – оператор қажеттілік барысында, ескірген коммутациялық стансаларын көрсетіп, «арал» тәрізді өзінің NGN желісін құрастыруын мақұлдайды.


Date: 2016-06-06; view: 657; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию