Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ықтық қатынас обьектісі





«Құқықтық қатынастар» түсінігін белгілеудің мақсаты құқықтық қатынастардың өмір сүру мәнін ашып көрсету; субьектілер не үшін құқықтық қатынастарға түседі және оның ішінде, неліктен өзінің құқығы мен міндеттерін іске асыруға әрекет етеді? Бұл категория осындай жолмен құқықтық қатынастарды материялдық және қоғамның рухани игілігімен байланыстырады. Солай бола тұрса да, құқықтық қатынастар проблемасы құқық теориясында көбірек дау туғызып, талқылауға жатады. Көзқарастардың көптігіне қарамай, құқықтық қатынастардың негізгі екі обьектісі туралы теорияны бөліп корсетуге болады: монистикалык және рлюралистик Монистикалық теория бойынша құқықтық қатынастардың обьектісіне міндетті адамның тәртібі жатады не болмаса ол фактідегі қоғамдық қатынастар, оларға құқықтық қатынастар ықпал етеді

Құқықтық қатынастар объектілерінің көптігін мойындайтын ғалымдар оның түсінігін әртүрлі белгілейді. Мысалы Н.Г.Александров құқықтық қатынастардың объектісін былай түсінген: «сол заттық объект, сол туралы субъектілердің арасындағы қарым қатынас». Профессор С.С.Алексеевтің анықтамасы бойынша, құқықтық қатынастар объектісіне «бізді қоршаған дүниенің сол құбылысы, оған бағытталған субъективтік заңды құқықтар мен мідеттер» жатады

Плюралистік теорияда құқықтық қатынастар объектісіне мынандай материялдық және материялдық емес игиликтер жатады:

1) заттар

2) рухани шығармашылықтың нәтижесі (авторлық нәтиже, ойлап табушылық, т.с.с.);

3)жеке материялдық емес игілік (атың, адалдығың, азаматтығың);

4) әрекет(әрекеттен өзін-өзі ұстай білу)

5) құқықтық қатынастар субъектілерінің әрекеттерінің нәтижелері

Әдебиетте монистикалық және плюралистік құқықтық қатынастар объектілеріне қатынастарды біріктіру талпынысы бар және фактілер негізіндегі құқықтық тәртіпті құқықтық қатынатардың заңды объектісі ретінде атайды (не құқықтық қатынастардың пәні ретінде), ал сол тәртіппен байланыстағы әртүрлі материялдық және рухани игіліктерді-«материалдық объект» (мысалы, профессор Л.И.Спиридонов) дейді. Басқа кезде, оған қарсы, құқықтық қатынастар пәніне материалдық, не материалдық емес игіліктерді жатқызады, ал объектіге әртүрлі факті негізіндегі қоғамдық қатынастарды енгізеді (профессор А.Г.Братко)[26, 139].

Мұндай жағдайда құқық әрекетінін объектісі туралы (онда болуы мүмкін, мысалы, жүк не посылка) және ықылас объектісі жөнінде (жүкті, не посылканы қажетті жеріне жеткізу) нақты айту керек.

Шындыққа көбірек таяу плюралистік теорияны мойындай отырып, құқықтық қатынастар объектісін сыртқы дүниенін құбылысы ретінде белгілеу қажет, оның өкілетті міндетіндегі адамның ыкыласын және заттардың қызмет жасау түрінде көрініп тұрғандарын рухани шығармашылық нәтижелеріне керек жағдайды қанағаттандыруға қабілет бар. Сонымен бірге ол жеке материялдық емес игілікті және сол үшін құқықтық қатынастар субъектілері, қалыптағы өзінің заңды құқыңы мен міндеттеріне сай әрекет етеді.

«Құқықтық қатынастар объектісін»категория ретінде «құқық объектісінен» айыра білу қажет. Құқық объктісі құқықтық реттеу пәні ретінде түсіндіріледі-құқықтық ықпалға тартылушы әлеуметтік ая.

962-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтың

пайда болу негiздерi

Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық оларды құру фактiсiнiң күшiмен не осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен туындайды.

963-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке

мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар

1. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады.

Жеке мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып қалады.

2. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары) арналған құқық иелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады.

3. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады.

Авторлық құқықты иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды.

Егер нәтиже екi немесе одан да көп адамның бiрлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актiлерiмен шектелуi мүмкiн.

964-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне айрықша құқықтар

1. Интеллектуалдық шығармашылық меншiк объектiсiн оның иесiнiң өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.

Айрықша құқықтар объектiсiн басқа тұлғалардың пайдалануына құқық иеленушінің келісімімен не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жол берiледi.

2. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықты иеленуші, егер ол осы Кодекстің және өзге де заң актілерінің ережелеріне қайшы келмесе, осы құқықты басқа адамға толық немесе iшiнара беруге, интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы.

3. Айрықша құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, шектер мен тәртiп бойынша жол берiледi.[7]

 

 

Date: 2016-06-06; view: 478; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию