Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ықтық қатынастардың түрлерге бөлінуі





Құқықтық қатынастардың – бұл құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Олар: 1)Құқықтық қатынас – бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс – әрекетімен, мінез – құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады; 2) адамның мінез-құлқына құқықтық пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпас байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады.кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады; 3) Құқықтық қатынас – бұл субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықта қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға болады: адам, ұйым, мемлекеттік орган; 4) Құқықтық қатынас – ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болды (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қорғалады); 5) Құқықты қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып мемлекет құқықтық қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады.

Құқықтық қатынастардың түрлері:

1. Реттейтін құқықтық қатынастар – субъектілердің заңға сәйкес мінез – құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез – құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек т.б. құқықтық қатынастар.

2. Қорғайтын құқықтық қатынастар – субъектілердің заңсыз әрекетінң салдарынан пайда болады. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату. 4. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді.

Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз – қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңда көресетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға, фактілерге сәйкес туындайтын, ерік – ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен тұрады. [20, 84].

Құқық субъектісі – заңи немесе жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңи тұлға деп аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлғалар болып саналады.

Субъективтік құқық – тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп аталады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс – әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай – ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па ол тұлғаның өз еркі.

Заңды міндет – заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата – ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Құқықтық қатынастардың объектісі (заты) – табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді. [4, 122].

Құқықтың пайда болуын түсіндіретін негізгі ілімдер. Құқықтың шығуы туралы табиғи-құқықтық теория және заң тәжірибесіндегі оның орны.Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары:1. Теологиялық теория. Бұл теорияны жақтаушылар құқықты құдайдың жаратқаны, құдайдың адамдарға берекелікке, әрі сонымен бірге жер бетінде төртіпті сақтау мақсатындағы берген құрылымы деп түсіндіреді.2. Құқықтың табиғи жаратылыстық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауы бойынша мемлекеттің белгілеуі арқылы анықталған құқықтармен қатар адамнын жаратылыстық табиғатынан туындайтын да құқықтардың бар екендігі алға тартылады. 3. Құқықтың тарихи теориясы. Бұл теория құқықты тарихи түрде туындайтын, сөйтіп әрі қарай дамитын кұбылыс деп таниды. Теорияның бір ерекшелігі мұнда құқықтың ұлттық өзгешеліктері болады да, олар мемлекетте құқық дамуы барысында ескеріліп отырады. Бұл теория құқық дамуы барысындағы ұлттық ерекшеліктерді ескеріп отыратынын мойындағанымен заң шығарушылардың рөлін жеткілікті дәрежеде тани қоймайды, яғни мойындамайды.4. Құқықтың психологиялық теориясы. Бұл теория құқықтың түзілуін пайда болуын адамдардың психикасына жүйке жүйесіне байланыстыра қарастырады. Сонда, осы теорияның түсіндіруі бойынша – құқық деп адамдар қоғамда қабыл алынып мақұлдаған мінез-құлық ережелерін баянды ету мақсатын білдіретін психологиялық тілек-ықыласын бірінші орынға қояды. Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатында (жүйкесінде) көрініс тапқан, өйткені белгісіздік пен екі ұштылыққа адам төзбеген ғой деп дәлелдейді.5. Құқықтың маркстік теориясы. Осы теорияны жақтаушылар құқықтық терең тамыры экономикада деп бұлтартпайтын дәлелдер келтіріп, құқық экономикалық базиске тәуелді деп сендірген.

Құқықтың экономикадан жоғары тұруы мүмкін емес, өйткені мемлекет экономикасының белгілі бір мерзіміне қандай құқықтық нормалардың қажет болатынын тек экономика ғана айта алады. Дегенмен құқықты таптар күресімен байланыстыра қарау, сөйтіп құқықтан тек үстем таптың көзкарастарын іздестіру артық кеткендік болады. Олай болатын себебі әлгілердің барлығы, дұрысын айтқанда қоғам мен мемлекеттің типіне (түріне) байланысты болып келеді. Өйткені, құқықтық қоғам, құқық қаналушы таптарды езіп-жаншуға бағытталмаған, қайта ол қоғамдағы қатынастарды дамытып, бәріне тең құқықтылық жағдай жасауға бағытталған болып келеді. 7.Мемлекет пен құқықтың пайда болуындағы жалпы заңдылықтар. Әр түрлі елдердегі мемлекеттің пайда болу жолдары.

Мемлекет және құқықтың шығуы туралы шығыс және батыстық жолдары.Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін процесс. Ол әр халыкта әрқилы болып өткен.Мемлекеттің пайда болуының тарихи екі түрлі жолын атап айтуға болады; 1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс, Африка, Америка). Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған.Өздерінің дамуы барысында мемлекеттің пайда боларында бұл мемлекеттер шығыс жолымен жүріп өтті. Сонда бұл жолдың сипаты мына белгілерден көрінеді:- рулық (алғашқы) қауымға тән ерекше белгілер (атрибуттар): жерді қауым болып иелену мен оларға ұжымдык меншік ру-тайпа ақсүйектерінің (абыздар, әскери көсемдер жөне с.с.) қолына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-тайпалық құрылыстың (яғни қауымның) ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді бұлардағы басқарудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға айналған, ал ру-тайпа ақсұйектері шенеуліктер аппаратына өзгерген, сонда жер қоғамдық болудан өзгеріп мемлекеттікке көшкен.2. Мемлекет дамуының батыстық (еуропалык) жолы. Мемлекеттер дамуында бұл жолды Рим, Афины елдері жүріп өткен. Бұл жолға тән сипаттарға келер болсақ, олар алғашқы қауымдық құрылыстың (ру-тайпалардың) ыдырауының белсенді түрде болғанын сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын атау керек. Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген плебстер мен патрицийлердің күресі болды. Соның нәтижесінде плебстер демократиялық жеңілдіктер алған.Мемлекеттердің пайда болуының әрқилы жолдарының болуына қарамастан, олардың бәріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш – ру-тайпалық құрылыстың (қауымның) ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі мемлекеттік биліктің қажеттілігінен туындаған болатын. Сондай-ак құқықтың пайда болуында біркелкілік сипат болмаған, әрбір мемлекетте оның даму барысына әрқилы қозғаушы күштер өз ықпалын тигізген. Құқық дамуында да екі жолдың бар екені мәлім:1. Құқықтың пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс елдері): мұнда құқықтың қалыптасуы мен дамуына үрдістер зор ықпалын тигізген. Сондықтан, қазірдің өзінде де Ежелгі Шығыс елдерінің қайсы біреулерінде құқықтың басты кайнар көзі ретінде діни нормалар қолданылуда.2. Құқықтың пайда болуының батыстық (еуропалық) жолы. Бүл елдерде әдет-ғүрыптық құқықтардан басқа заңдар мен прецеденттік (үлгі боларлық шешім) құқық та дамыған.Дегенмен, құқықтың пайда болуына ортақ түрткі фактор (себеп) – сан алуан күрделі қоғамдық қатынастар пайда болды. [21, 114].

Құқықтық қатынастар: түсінігі мен белгілері. Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән.

1) Құқықтық қатынас - бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады.

2) Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады.

3) Құқықтық қатынас - субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы.

4) Құқықтық қатынас - ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады).

5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады. Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз - субъектілердің арасындағы ерекше құқықтық байланыс. Осы байланыстың нәтижесінде тараптардың өзара субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері пайда болады. Осы байланысты мемлекет қамтамасыз етеді. Құқықтық қатынастар мына белгілер арқылы сипатталады: Жалпы: ерік-ықтиярлық сипаты болады, идеологиялық жаратылыста болады; Арнайы: құқық нормалары негізінде пайда болады, мемлекет арқылы қорғалады, субъектілерінің құқықтары мен міндеттері болады. Саралануы: салалық тиістілігі, субъектілері бойынша, жалпы және нақты, абсолюттік және салыстырмалы, генетикалық және функцио-налдық байланысы бойынша, материалдық және іс жүргізу, ықпал жасау сипаты бойынша, реттеуші және қорғаушы, мазмұны бойынша: ықпал жасау мақсаты бойынша, тұрақты және өзгермелі, қарапайым және күрделі. Құқықтық қатынастар және қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынастардың түрлері.Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән. Құқықтық қатынас бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады. Құқықтық қатынас - субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы. Құқықтық қатынас - ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет мүліктік қатынастар. Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады. Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты қатынастарды да қорғайды.

Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады. Құқықтық қатынастардың түрлері:

1.Реттейтін құқықтық қатынастар - субъектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек, т.б. құқықтық қатынастар.

2. Қорғайтын құқықтық қатынастар - субъектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты - қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.

3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі құқық иесі болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.

4.Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі сатушы мен сатып алушы болып келеді. Құқықтық қатынастардың субъектілері. Құқықтық субъектлік. Құқықтық қабілеттілік. Әрекет қабілеттіліқ.Құқық субъектісі - заңды және жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекет органдары, қоғамдық бірлестіктер. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады. Субъективтік құқық - тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды.

Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі. Заңды міндет - заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті.

Егер бүл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі. Құқықтық қатынастың объектісі (заты) - табиғат құбылыстары мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді [24, 17].

Субъективтік құқық - субъектілердің ықтимал мінез-құлықтарының түрі және мөлшері. Субъективтік заңды міндет субъектілердің тиісті мінез-құлықтарының түрі және мөлшері. Құқықтық қатынас объектісі—табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндет аталған объектілерге бағытталған болып келеді. Құқықтық қатынастардың мазмұны.

Субъективтік құқық пен заң алдындағы жауаптылық. Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөліктерден: құқық субьектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады. Құқық субъектісі — заңды және жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекет органдары, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады.

Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі. Заңды міндет — заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бүл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі. Құқықтық қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді. Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.

Заң алдындағы жауаптылық белгілері:

а) құқықтық ұйғарымдар түрінде мемлекет белгілейді;

ә) құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді;

б) мемлекеттің мәжбүрлеуіне негізделеді;

в) құқық бұзушылықтың жасалуын нәтижесінде ғана туындайды;

г) құқық бұзушылық жасаған адамға қолайсыз салдар – жаза түрінде қолданылады;

д) міндет жүктеумен байланысты болады;

е) іс жүргізу нысанында түрінде жүзеге асырылады;

ж) мемлекеттің құзырлы органдары арқылы ғана қолданылады. Заң алдындағы жауаптылық қай салаға жататындығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді. - әкімшілік – әкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды және шара қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде болады; - азаматтық заң алдындағы жауаптылық міндеттеме шарттарының бұзылу нәтижесінде туындайды; - қылмыстық – заң алдындағы жауаптылық қылмыс жасалуының нәтижесінде ғана қолданылады; - материалдық (дүниемен байланысты) – қандай бір мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер ұйымдарға зиян немесе залал келтірілген жағдайда заң алдындағы жауаптылық туындайды; - тәртіптік заң алдындағы жауаптылық әскери, еңбек, оқу орнындағы тәртіптер бұзылған жағдайда туындайды, бұлар шара қолдану, сөгіс жариялау, ескерту жасау түрлерінде болады. Құқық нормасы мен құқықтық қатынас. Құқықтық қатынастар құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.

Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән. Құқықтық қатынас бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады. Құқықтық қатынас — субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы. Құқықтық қатынас ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет мүліктік қатынастар. Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады.

Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады. Құқықтық норма - мемлекет таныған, және оны өзі қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.

Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заң. Жөнмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді. Әрбір құқықтық норманың үш элементі бөлігі болады: диспозиция мінез-құлық ережесі, гипотеза жорамалы және санкция (жаза, шара). Құқықтық норманың гипотезасы жорамалы - құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек [25, 43].

Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады. Егер гипотезада (жорамалда) бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны қарапайым жорамал дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болса, бала да Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі жорамал дейді. Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса оны балама жорамал дейді. Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлігі. Диспозиция — құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Жорамал санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) қарапайым диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; б) сипаттамалы диспозиция — мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса; в) сілтемелі диспозиция — егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса [5, 63].

Date: 2016-06-06; view: 468; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию