Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Акушерство и гинекология ОВП 2*162*5 3 page
*Тек заңгер қатысуымен кеңес беру және қарау керек *+Кеңес беру және қарау кезінде ешкім күә болмау керек *Психиатрдың қатысуымен кеңес беру және қарау керек *Тек анасының қатысуымен кеңес беру және қарау керек *Анасынан бөлек кеңес беріп, анасының қатысуымен қарау керек
#86 *!Қаралушы К., 15жаста жүктіліктің 15-16 апта мерзімімен әйелдер консультациясында бақылауда. Осы жасөспірімде жүктілік кезінде болуы мүмкін ЕҢ ЫҚТИМАЛ асқынуды көрсетіңіз:
*Аз\көпсулылық *+Преэклампсия *Құрсақ ішілік дамудың кідіруі *Жүктілікті көтере алмаушылық *Бала жолдасының беку аномалиясы
#87 *!Босанушы Л., 15 жаста перзентханаға «Жүктіліктің 39 аптасы 6 күн. Жалған толғақ» диагнозымен жатқызылды. Осы жасөспірімде босану кезінде болуы мүмкін ЕҢ ЫҚТИМАЛ асқынуды көрсетіңіз:
*Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі *+Босану әректінің аномалиясы * Босану кезіндегі жарақат * Клиникалық тар жамбас *Кешіктірілген босану #88 *!Жүкті әйел А., 22 жаста, әйелдер консультациясына 50 күн көлемінде етеккір болмауына, 2 қабатқа баспалдақпен көтерілгенде және физикалық күштеме кезіндегі ентігуге шағымданып келді. Науқас ревматикалық ауруына байланысты ревматологта тіркеуде тұрады. Митралды қақпақшаларының жетіспеушілігі. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі І, ФК-II бойынша рецидивке қарсы ем алып тұрады. Ревматикалық ауруының соңғы асқынуы 1 жыл бұрын болған. Гинеколог тексергеннен кейін мерзімі 4-5 апталық жүктілікті анықтады. Осы науқаста ревматикалық үрдістің белсенділігін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қалай анықтайды:
* +Жүрек жетіспеушіліктің кардиотоникалық емнің нәтижесіздігінен *Қан сары суындағы Д-димер деңгейі бойынша * ЭХОКардиография мәліметтері бойынша *ЭКГ мәліметтері бойынша * СРБ деңгейі бойынша
#89 *!Қаралушы О., 24 жаста жүктіліктің 6-7 апта мерзімімен әйелдер консультациясына тіркеуге тұрады. Әйел осы жүктілік барысында ЖРВИ мен ауырды, ол миокардитпен, митралды қақпақшасының пролапсымен асқынды. Осы ауруры босану кезінде асқынған жағдайда қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ клиникалық көрініс болады:
*Сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік *Инфекциялық эндокардит дамуы *Қабырғалық тромб түзілуі *Жүрекше аралық аритмия *+Өкпе гипертензиясы
#90 *!Жүрек ауруымен науқастың гемодинмикасын клиникалық тез бағалаудың алгоритмі бар (L.W. Stevenson 2000г.), ол тері жағдайына негізделген: «жылы» немесе «суық», «құрғақ» немесе «сулы». Осы компоненттердің көрінісіне қарап науқастарды арнайы топқа бөліп, тіндер мен мүшелер перфузиясын анықтауға болады, яғни қан көлемін және оның іркілуін. «Суық және сулы» анықтамасы қандай жағдайға ЕҢ СӘЙКЕС келеді:
*Өкпенің ісінуі *+Тін перфузияның төмендеуі және өкпедегі іркіліс *Тін перфузиясы қалыпты, ағзаға артық салмақ жоқ *Перфузия қалыпты, бірақ іркіліс симптомы бар *Перфузия және қанның салыстырмалы көлемі төмендеген
#91 *!Қаралушы П., 32 жаста, жүктіліктің 34 апта+3күні диагнозымен әйелдер консультациясында тіркеуде тұрады. Шағымдары: 1 апта бұрын пайда болған бас ауруы, физикалық жүктемеде ентігу. АҚҚ 150\90 мм рт ст, пульс 90 соққы\минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. Ісінулер жоқ. Жатыр жүктілік мерзіміне сай. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ритмді, 134 соққы\мин дейін. Зәрдің жалпы анализінде: протеинурия 0,099 г/л., микроскопияда – ерекшеліксіз. Қанның жалпы анализы, коагулограмма, биохимиялық анализы - қалыпты. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:
*Ауыр преэклампсия *Жүктілікпен асқынған бұрыннан болған гипертензия *Жүктілер гепатозымен асқынған ауыр преэклампсия *+Жүктілікке байланысты гипертензия,елеусіз протеинурия *Преэклампсия (гестациялық гипертензия протеинуриямен)
#92 *!Инфекциялық ауруханаға жүктіліктің 28-29 апта мерзімімен науқас жеткізілді. Науқаста келесі симтомдар бар: дене қызуы 40,5°С, интоксикацияның айқын көрінісі - басының қатты ауруы, денесінің дірілдеуі, ұйқысыздық, сандырақтау, анорексия, менигиалді сиптомдар. Пульс минутына 120-дан жоғары, толымдылығы әлсіз, кей кезде аритмиялық. Систолалық артериялық қысым 90 мм рт ст төмен. Жүрек тондары тұйықталған. Тыныс алу жиілігі минутына 28 реттен көп. Ауыру сезімді, қинайтын жөтел, кеуде артындағы ауыру сезімі. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз: Жүктіліктің 28-29 аптасы. Тұмаудың….:
*+Ауыр түрі *Жеңіл түрі *Аса ауыр түрі *Симптомсыз түрі *Орташа ауыр түрі
#93 *!Бронхит жиі жоғарғы тыныс жолдарына инфекция түсіп, бронхтың дренаждық қызметінің бұзылуымен дамиды. Аурудың дамуына қолайлы жағдай - суық тию. Жүктілер көбінесе біріншілік бронхитпен ауырады, яғни әйел бронхтипен бірінші рет жүктілік кезінде ауырады. Жүктілік кезінде біріншілік бронхит дамуына және екіншілік бронхиттің асқынуына әкелетін ЕҢ ЫҚТИМАЛ себеп:
*Жүктілікке байланысты ісінулер *Жүктілік кезінде иммунитеттің төмендеуі *Плацентарлық лактоген деңгейінің жоғарылауы *Жүктілік кезінде диафрагма қозғалысының тежелуі *+Бронх шырышты қабатының ісінуі, диафрагма қозғалысының тежелуі
#94 *!Жедел жәрдем дәрігері диагноз қойды: Жүктіліктің 34-35 аптасы. Ауруханадан тыс пневмония. Науқаста келесі симптомдар байқалады: дене қызуының 38,70 С көтерілуі, тері жабындысының бозаруы, мұрын және ерін аралығының цианозы, тахипноэ – 30 рет минутына. Екі өкпесінің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс, ылғал жеке сырылдар, ұсақ көпіршікті естіледі. АҚҚ – 90\55 мм рт ст, пульс 96 соққы минутына. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Науқасты қандай бөлімшеге ЕҢ ЫҚТИМАЛ госпитализациялау керек:
*Көпсалалы аурухананың терапия бөлімшесіне *Перзентхананың жүктілер патологиясы бөліміне *Перзентхананың жансақтау және интенсивті ем бөлімшесіне *+Көпсалалы аурухананың жансақтау және интенсивті ем бөлімшесіне *Инфекциялық аурухананың жансақтау және интенсивті ем бөлімшесіне
#95 *!Жүктілік кезіндегі желшешек фонындағы пневмония өлім қаупін жоғарылтатыны белгілі. Өлім көрсеткіші 11-35% жетеді. Жүктілердегі пневмония дамуына қауіп факторлары: кеш гестациялық мерзім, темекі шегу және тері жамылғыларындағы көптеген везикулдардың пайда болуы. Желшешек фонында пневмония дамуының қауіпін жоғарлататын ЕҢ ЫҚТИМАЛ везикулдардың саны қанша (ҚР ДСМ №869 бұйрығы 02.12.201ж.):
*30 везикулдан көп *40 везикулдан көп *60 везикулдан көп *90 везикулдан көп *+100 везикулдан көп
#96 *!28 жастағы әйелдің жүктілігі 26 апта + 3 күн. Шағымдары: эпигастрий тұсындағы айналым ауыру сезімі. Ауыруы қонақта болып тамақ қабылдағаннан кейін пайда болды. Осы симптомдар ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай аурудың белгісі:
*Жедел холецистит *+Жедел панкреатит *Ауыр преэклампсия *12 елі ішек жарасының асқынуы *Жүктіліктің жедел майлы гепатозы
#97 *!Ф., есімді 32 жастағы жүкті әйелдің шағымдары: майлы палау жегеннен кейін оң жақ қабырға доғасының астыңғы аймағындағы кенет пайда болған ауыру сезім. Жүктіліктің мерзімі 34 апта+4 күн. Соңғы 5 жылда салмағы көбейіп кеткенін байқады. Тексеру кезіндегі ДСИ – 40,9. Пальпация кезінде өт проекциясында ауырсыну байқалады. Перкуссия кезінде бауыр және көкбауыр көлемдері қалыпты. Ішек перистальтикасы естіледі. Жатыр көлемі жүктіліктің мерзіміне сай. Нәрестенің жүрек соғысы 132 рет/мин. ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: Жүктіліктің 34 апта+4 күні. Семіздік ІІІст. …:
*+Жедел холецистит *Созылмалы холециститтің асқынуы *Жедел панкреатит *Жедел холецисто-панкреатит *Тамақтан ұшыну (улану)
#98 *!29 жастағы Д., есімді әйелдің жүктілік мерзімі 14-15 апта. Шағымдары: екі тамақ қабылдау арасында ішінің үстінгі аймағындағы ауыру сезімі. Тамақ қабылдаса ауырсынуы кетеді. Түнде ішінің ауырғанынан оянып тамақ жейді. Осы ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай аурудың белгісі:
*Жара колит *Крон ауруы *+12 елі ішектің жарасы *Созылмалы панкреатит *Калькулезді холецистит
#99 *!20 жастағы әйелдің жүктілік мерзімі 10 апта+1 күн. Шағымдары: ішінің ауыруы, қорылдауы, кебуі, нәжісінің сұйықталуы. Ауыруы толғақ тәрізді, көбіне түнгі мезгілде мазалайды. Соңғы аптада 3 кг салмағын жоғалтты. Анамнезінен: анда-санда осындай ауырсыну жүктілікке дейін де, әсіресе түнгі мезгілде, мазалайтын. Бірақ соңғы аптада ауыру өршіп кетті. Осы симптомдар ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай экстрагениталді ауруға сай:
*Жара гастрит *+Крон ауруы *Созылмалы жара колит *Созылмалы панкреатит *Созылмалы аппендицит
#100 *!22 жастағы П. есімді жүкті әйелдің шағымдары: әлсіздік, шаршағыштық, дене қызуының 370 С көтерілуі, тершеңдік, кейде қалтырау. Осы өзгерістерді 1 апта ішінде байқады. Бір күн бұрын зәрінің түсі қара-қоңыр, нәжісі бозарғандай болды. Анамнезінен: Боткин ауру, туберкулезбен ауырған емес. Нақты диагноз қою үшін қандай зерттеудің мәліметтері ЕҢ МАҢЫЗДЫ:
*Жалпы билирубин анықтау *Холестерин деңгейін анықтау *+АЛТ, АСТ ферменттерін анықтау *Сілтілі фосфотаза деңгейін анықтау *Қанның нәруыз фракцияларын анықтау
#101 *!К. есімді 28 жастағы әйелдің жүктілік мерзімі 35-36 апта. Шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауыру және ауырлық сезімі, лоқсу, құсу. Соңғы 2 айда 2 кг салмағын жоғалтқанын, сонымен қатар аяқтарында жылдам ұлғайған ісіну байқалғанын айтты. Жалпы жағдайы орташа ауырлық. Тері жабындылары боз. Өкпе тынысы везикулярлы. АҚҚ 110/70 мм с.б., пульсі 110 рет минутына. Жүрек дыбысы тұйық. Іші жұмсақ, бауыр өлшемі қалыпты. Аяқтарында жайылған ісіну. Жатыр өлшемі жүктілікке сай. Нәрестенің жүрек соғысы 140 рет/мин. ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз:
*HELLP-синдром *Вирусты гепатит В *Ауыр преэклампсия *+Жүктіліктің жедел майлы гепатозы *Жүктіліктің холестатикалы гепатозы
#102 *!35 апта+4 күндік жүктілігі бар әйелдің шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауырлық және ауыру сезімі, лоқсу, құсу, соңғы 2 аптада 2 кг салмақ қосу, аяқтарында кенет пайда болып жайылған ісіну. Объективті: жағдайы ауыр. Тері жабындылары боз, сарғыш реңкі бар. Өкпе тынысы везикулярлы. АҚҚ 140/90 мм с.б., пульсі 110 рет минутына. Жүрек дыбысы тұйықталған. Пальпация кезінде оң жақ қабырға доғасының асты қатты ауыру сезімді. Бауырдың шеті қабырға доғасынан 2 см төмен. Аяқтарында – жайылған ісіну. Жатыр көлемі жүктілік мерзімінен кіші. Нәресте жүрек соғысы 140 рет/мин. ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз:
*+HELLP-синдромы *Вирусты В гепатиті *Ауыр дәрежелі преэклампсия *Жүктіліктің жіті майлы гепатозы *Жүктіліктің холестатикалық гепатозы
#103 *!23 жастағы әйелдің етеккірі 20 күнге кідіру себебімен гинеколог дәрігерге келді. УДЗ мәліметі – жүктіліктің 11 апта + 4 күн мерзімі. Анамнезінен: 2 жыл өкпе туберкулезінің тұрақты түріне байланысты ем қабылдады. Емі аяқталып, тіркеуден шығарылғанына 2 жыл болды. Қазір дені сау. Объективті: тері жабындылары боз, денесінде жұлдызшалар тәрізді ұсақ тамырлар, қарайған дақтар, қасыған іздер байқалады. Көзінің шелдері (склеры) сарғыш, алақан және табандары қызарған. Тырнақтары ақ түсті, еріндері қызыл, жылтыр, езулері жарылған. Осы симптомдар ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай экстрагениталді ауруға сай:
*Дәрілік гепатит *+Бауыр циррозы *Вирусты гепатит *Бауыр эхинококы *Токсикалық гепатит
#104 *!А. есімді 30 жастағы жүкті әйел мезгіл-мезгіл басының ауыруы, айналуы, көз алдында шіркей ұшу, бетінің жаны кетіп қалуына шағымданып дәрігерге келді. Анамнезінен: осы симптомдар жүктілікке дейінде байқалып жүрген, бірақ әйел дәрігерге қаралмаған. Қазір жүктіліктің мерзімі 26 апта+5 күн. Объективті: АҚҚ 110\70 мм с.б., пульсі 88 рет\мин. Ағзаларында өзгеріс байқалмайды. Жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай, қозбаған. Ісіну денесінде байқалмайды. Осы симптомдар ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай патологияға сай:
*+Ми тамырларының аневризмасы *Вегето-тамырлық дистония *Микроинсульт *Преэклампсия *Бас сақинасы
#105 *!29 жастағы Т. есімді әйелдің жүктілігі гестациялық гипертензия фонында өтті. Жүктілік кезінде АҚҚ 150\100 мм с.б. дейін көтерілді. Жүктіліктің мерзімі 30 апта+3 күн болғанда зәрінде 2,0 г/л протеинурия байқалды. Осы өзгеріс мерзімінен бұрын босандыруға көрсеткіш болды. Босанғаннан кейін 2 күн өткен соң әйелде инсульт белгілері байқалып, МРТ зерттеу жүргізгеннен кейін «Геморрагиялық инсульт» диагнозы қойылды. Бұл асқынудың ЕҢ ЫҚТИМАЛ себебі қандай ауру:
*Созылмалы артериалді гипертензия *Ми тамырының аневризмасы *Мидың қатерсіз кистасы *+Ауыр проэклампсия *Мидың ісігі
#106 *!30 жастағы әйелде жүктіліктің 30 апта+1 күні мерзімінде бірінші рет геморрагиялық диатез белгілері байқалды. Алгоритм бойынша зерттеу жүргізіліп, диагнозы анықталғаннан кейін кортикостероидпен ем жүргізілді. Ем нәтижелі болды. Осы пациентте геморрагиялық диатездің ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай түрі болды:
*!+Идиопатиялы тромбоцитарлық пурпура (Верльгоф ауруы) *Этиологиясы әр түрлі геморрагиялық пурпура *Геморрагиялық васкулит *Дәрі-дәрмекпен уланы *Виллебрант ауруы *Гемофилия
#107 *! Д. есімді 19 жастағы жүкті әйелдің шағымдары мынадай: денесінде, аяқ-қолдарында ұсақ қанталаған дақтар, ірі буындырының ісінуі және ауырсынуы. Анамнезінен: бала кезінен сәл жарақаттанса, кейде өзінен-өзі денесінде қанталаған ошақтар байқалады. Жиі мұрынынан қан кетеді. Дәрігерге қаралмаған. Етеккірі ретті, бірақ ұзақ келетін (5-8 күн). Осы тексерілуде жүктіліктің мерзімі 20 апта+4 күн. Осы пациент ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай экстрагениталді аурумен ауырады:
*Гемофилия *+Виллебрант ауруы *Аллергиялық дерматит *Геморрагиялық пурпура *Геморрагиялық васкулит
#108 *!А есімді 25 жастағы босанушы перзентханаға мерзіміне жетіп босанудың І кезеңінде жеткізілді. Шағымдары: толғақ тәрізді әр 3 минут сайын болатын ішінің ауыруы, денесінің бөртуі. Бөрту 2 күн бұрын қарбыз жегеннен кейін пайда болды. Анамнезінен: бұрын ештеңемен ауырған емес. Алдыңғы және осы жүктілік асқынусыз өтті. Жүктілік кезінде мұрыны қанап, тағы басқа өзгерістен болған емес. Жалпы тексергенде – денесінің барлық жерінде петехиялық бөрту байқалады. Босануы асқынусыз өтті. Лабораторлық зерттеу босану, босанғаннан кейін жүргізілді – тромбоцитопения өзгерістері - 170∙109/л→ 40∙109/л →20∙109/л→8∙109/л. ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: Мерзімінде босану....:
*Виллебранд ауруы *+Аллергиялық дерматит *Антифосфолипид синдромы *Верльгоф ауруының жіті түрі *Генетикалық тромбофилияның бір түрі
#109 *!А. есімді, 25 жастағы босанушы перзентханаға уақытында босанудың І кезеңінде жеткізілді. Шағымдары: толғақ тәрізді әр 3 минут сайын болатын ішінің ауыруы, денесінің бөртуі. Бөрту 2 күн бұрын қарбыз жегеннен кейін пайда болды. Анамнезінен: бұрын ештеңемен ауырған емес. Алдыңғы және осы жүктілік асқынусыз өтті. Жүктілік кезінде мұрыны қанап, тағы басқа өзгерістен болған емес. Жалпы тексергенде – денесінің барлық жерінде петехиялық бөрту байқалады. Босануы асқынусыз өтті. Лабораторлық зерттеу босану, босанғаннан кейін жүргізілді – тромбоцитопения өзгерістері - 170∙109/л→ 40∙109/л →20∙109/л. Осы патологияның ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагностикалық белгісі қандай:
*Денесіндегі бөртулердің сипатые *Босану кезінде асқынудың болмауы *Тромбоцитопения деңгейінің өзгерісі *Жүктілік болмай тұрып қан кету эпизодтарының болмауы *+Әйелдің ауыру анамнезінің ерекшеліктері және нәрестеде тромбоцитопения болмауы
#110 *!24 жастағы Д. есімді жүкті әйелдің зәрін микробиологиялық зерттегенде (бакпосев) E. Coli анықталды. Концентрациясы КОЕ/105мл. Ампициллинмен жүргізілетін емнің ЕҢ ЫҚТИМАЛ ұзақтығы қанша (ҚР №239 07.04.2010 бұйрығы):
*2,0мг\тәу 4 күндік емдеу дүркіні * 2,0мг\тәу 7 күндік емдеу дүркіні * 2,0мг\тәу күндік емдеу дүркіні *2,0мг\тәу күндік емдеу дүркіні *+2,0 мг 1 рет
#111 *!Жүктіліктің 10-11 аптасында әйелде пиелонефрит анықталды. Осы диагноз бірінші рет қойылды. Жүктіліктің осы мерзіміндегі пиелонефритті емдеу үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай антибиотикті тағайындау керек:
*+Пенициллин типті антибиотиктер *Аминогликозидтер *Цефалоспориндер *Нирофурандар *Макролидтер
#112 *!Жүктіліктің 10-11 аптасында әйелде өмірінде бірінші рет пиелонефрит анықталды. Экстрагениталді ауруды емдеу мақсатымен антибиотик тағайындалды. Осы ауруды емдеу барысында жүргізіліп жатырған шаралар нәтижесінің ЕҢ ЫҚТИМАЛ критерилері қандай:
*+Клиникалық симптомдар және лабораторлық анализдер қалыптасуы (2 немесе 3 рет сынама жүргізілу керек) *УДЗ және лабораторлық анализдер қалыптасуы (2 немесе 3 рет сынама жүргізілу керек) *Лабораторлық анализдер қалыптасуы (бір рет жүргізілген тексеру жеткілікті) *Клиникалық симптомдар және УДЗ нәтижелерінің қалыптасуы *Клиникалық симптомдарының жойылуы
#113 *!25 жастағы В. есімді пациент жүктіліктің 24-25 апталығындағы шағымдары: белінің оң жағындағы кенет пайда болған ауыру сезім, дене қызуының 38,50С көтерілуі, қалтырау, жиі және ауыру сезімді зәр шығару. Науқас мезгіл-мезгіл белінің ауырғанын жүктіліктің 16 аптасынан байқайды. Тексерген кезде науқастың жалпы жағдайы орташа, тері жабындысының түсі – боз. АҚҚ 130\90 мм с.б., пульсі 106 рет/мин. Пастернацкий симптомы оң жағында – оң. Зәр анализінде – тексерген аймақта жаппай көрінеді. ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз қандай:
*Жіті цистит *Жіті пиелонефрит *+Гестациялық пиелонефрит *Созылмалы циститтің асқынуы *Созылмалы пиелонефриттің асқынуы
#114 *!Гинекологқа 20 жастағы жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқас келді. Ауру созылмалы түрде өтіп жатыр. Клиникалық-лабораторлық зерттеудің мәліметтері бойынша соңғы 6 айда асқыну байқалмайды. Әйел жүктілікті жоспарлайды. Жүктілік және босану ықтималдығын шешу үшін қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ ағзаны зерттеу керек:
*Буындар *+Бүйрек *Өкпе *Тері *Ми
#115 *!Гинекологқа 20 жастағы жүйелі қызыл жегімен (ЖҚЖ) ауыратын науқас келді. Ауру созылмалы түрде өтіп жатыр. Клиникалық-лабораторлық зерттеудің мәліметтері бойынша соңғы 6 айда асқыну байқалмайды. Әйел жүктілікті жоспарлайды. Әйел емделмеген жағдайда ЖҚЖ-ге жүктіліктің қандай мерзімі ЕҢ ҚОЛАЙСЫЗ:
*Жүктіліктің I үшайлығы және босанғаннан кейінгі бірнеше күндер *Жүктіліктің III үшайлығы және босанғаннан кейінгі бірінші апта * Жүктіліктің III үшайлығы және босанғаннан кейінгі бірінші ай *+Жүктіліктің I үшайлығы және босанғаннан кейінгі 2 ай *Жүктіліктің II үшайлығы және босану кезі
#116 *!Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелдің жүктілік мерзімі 35 апта + 4 күн. Науқасты ревматолог тексерді – аурудың асқыну белгілері байқалады: ісіну, ентігу, жүрегінің қағуы, АҚҚ 130/80-ге дейін жоғарлауы, протеинурия. Осы ауруды жүктіліктің қандай асқынуымен ЕҢ ЫҚТИМАЛ ажырату керек:
*+Преэклампсия *Жүктілікпен байланысты ісіну *Жүктілікпен байланысы гипертензия *Жүктілік кезінде болған пиелонефрит *Жүктілікті асқындыратын бұрыннан болған гипертензия
#117 *!22 жастағы С. есімді жүйелі қызыл жегі бар әйелдің жүктілік мерзімі 5 апта+4 күн. Науқас акушер-гинеколог және ревматологдың бақылауында тұр. Жүктілікке дейін және босану кезінде адекватты ем жүргізілді. Осы науқастың экстрагениталдық ауруы ЕҢ ЫҚТИМАЛ қашан асқынуы мүмкін:
*Жүктіліктің екінші және үшінші үшайлығы *Жүктіліктің бірінші үшайлығы *+Босанудан кейінгі кеш мезгілі *Жүктіліктің екінші үшайлығы *Босанудан кейінгі ерте мезгілі
#118 *!Әйелдер консультациясына келген әйелдің жүктілік мерзімі 8-9 апта. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілігі мерзімінде асқынусыз 4500,0 және 5000,0гр нәресте туылуымен аяқталды. Эндокринологтың тірекуінде тұрмайды. Осы жүктілік кезінде қанындағы қант деңгейі 6,6 ммоль/л, тәулік зәрінде - қант. ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: 8-9 апталық жүктілік. …:
*Предиабет. *+Гестациялық диабет. *Инсулинтәуелді қант диабеті *Инсулинтәуелсіз қант диабеті *Глюкозаға төзімділіктің бұзылуы
#119 *!30 жастағы О. есімді науқас қант диабетінің II типімен ауырғанына 4 жыл. Қазір әйелдің жүктілік мерзімі 30-31 апта. Жүктілік асқынусыз өтіп жатыр. Date: 2016-06-06; view: 636; Нарушение авторских прав |