Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Акушерство и гинекология ОВП 2*162*5 2 page
*Басталған уақытынан бұрын босану. Босануға дейінгі қағанақ суының кетуі
#50 *!30 жастағы жүкті әйел. Жүктілік мерзімі 28 апта. 1 сағат бұрын іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну басталған. Толғақ күші әлсіз, тұрақсыз әр 20 минут сайын 20-25 секундтан. Жедел жәрдем бригадасы келді. ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: «Жүктіліктің 28 аптасы. …:
*Жалған толғақ. *Босануды шақырушы *+Уақытынан бұрын босану қаупі. *Жүктілікті үйреншікті көтере алмаушылық *Уақытынан бұрын босану. Босанудың бірінші кезеңі
#51 *!30 жастағы жүкті әйел. Жүктілік мерзімі 28 апта. 1 сағат бұрын жүкті әйелде іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну басталған. Толғақ күші әлсіз, тұрақсыз әр 20 минут сайын 20-25 секундтан. Жедел жәрдем бригадасы келді. Жүкті әйел ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай емдеу мекемесіне жеткізіледі:
*Жақын орналасқан перзентхана *Екінші дәрежелі перзентхана *Бірінші дәрежелі перзентхана *+Үшінші дәрежелі перзентхана *Көпсалалы аурухананың гинекология бөлімшесі
#52 *! Пациент А, 20 жаста. Жүктілік мерзімі 19 апта. Іштің төменгі бөліміндегі ауырсыну мен жыныс жолдарынан қанды бөлініске шағымданады. Әйелдер консультациясына келді. ЖТД-дің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:
*Перинаталдық орталыққа тасымалдау *Әйелдер консультациясы жағдайында бақылау *Аймақ бойынша перзентханаға тасымалдау *Әйелдер консультациясынің күндізгі стационарында амбулаторлы емдеу *+Көпсалалы клиникалық аурухананың гинекология бөлімшесіне тасымалдау
#53 *!Науқас Т., 26 жаста, әйелдер консультациясы дәрігеріне 2 ай көлемінде етеккірдің болмауына, жүрек айну, құсу және тәбетінің болмауына шағымданып келді. Айнамен қарау кезінде қынап шырышты қабатында және жатыр мойнында цианоз, қынаптан көп мөлшерлі, иіссіз, ақшыл түсті бөлінді анықталды. PV: жатыр мойнынының үстінгі аймағы «жұмсарған». Жатыр жұмсарған, пальпация кезінде қатая түседі, көлемі ұлғайған, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары өзгеріссіз. Жүктіліктің ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай белгілері анықталды:
* Нақты *Күмәнді *Шынайы * +Болжамды *Салыстырмалы
#54 *!Әйел С., 23 жаста, әйелдер консультациясына 10 наурызда келді. Шағымдары жоқ. Соңғы етеккірі 25-желтоқсанда болған. 5-ақпанда жүргізілген УДЗ қорытындысы бойынша: жатыр қуысында бір ұрық, құйымшақ-шеке өлшемі 1,9. Қынаптық зерттеу бойынша: жатыр көлемі 10 апталық жүктілікке сай ұлғайған. Жүктіліктің ЕҢ ЫҚТИМАЛ мерзімі/босану уақыты қандай:
*+9-10 апта/3 қазан *9 апта/25 қыркүйек *10апта /29 қыркүйек *9 апта+6 күн/18 қыркүйек *11 апта+ 4 дкүн/29қыркуйек
#55 *!17 жастағы пациент әйелдер консультациясына 1 апта көлемінде етеккірдің болмауына шағымданып келді. Анамнезінде: етеккір 17 жастан, тұрақты, 28 күн сайын 5 күннен, аз мөлшерде, ауырсынусыз. Жыныстық қатынас 16 жастан, жүктіліктен сақтанбайды. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты мен жатыр мойны қалыпты түсте. PV: Жатыр қалыптыдан аздап үлкейген, ауырсынусыз, жатыр мойны аздап жұмсарған. Жатыр қосалқылары өзгеріссіз. Жатырлық жүктілік диагнозын нақты қою үшін ЕҢ ҚАЖЕТТІ қосымша зерттеу әдісі:
* ХГЧ деңгейін анықтау * Кіші жамбас қуысын УДЗ *Жүктілікті анықтайтын тест * +ХГЧ деңгейін динамикада бақылау * Кіші жамбас қуысын МРТ-ға түсіру
#56 !Науқас Т., 26 жаста, әйелдер консультациясына дәрігеріне 2 ай көлемінде етеккірдің болмауына, жүрек айну, құсу және тәбетінің болмауына шағымданып келді. Айнамен қарау кезінде қынап шырышты қабатында және жатыр мойнында цианоз, қынаптан көп мөлшерлі, иіссіз, ақшыл түсті бөлінді анықталды. PV: жатыр мойыны маңы «жұмсарған». Жатыр жұмсарған, пальпация кезінде қатая түседі, көлемі ұлғайған, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары өзгеріссіз. Жүктілік диагнозын нақтылау үшін зертханалық-аспаптық зерттеудің қандай көлемі ЕҢ ҚАЖЕТТІ:
*ЖҚА (жалпы қан анализі), ХГЧ *УДЗ, ЖҚА, ЖЗА (жалпы зәр анализі) *+Жүктілікті анықтайтын тест, УДЗ * Кіші жамбас қуысына КТ жүргізу, ЖЗА * Кіші жамбас қуысына МРТ жүргізу, ЖҚА
#57 *!С. есімді 29 жастағы әйел жүктілікке байланысты әйелдер консультациясына тіркеуге тұру мақсатымен келді. Бұл жүктілік - екінші. 3 жасар баласы бар. Шағымдары жоқ. Соңғы етеккір күні есінде жоқ. Ұрық қозғалысын сезінбейді. Іш пальпациясында ұлғайған жатыр анықталады, жатыр қозбаған. Жүктілік мерзімін анықтау үшін әйелді УДЗ жолдады.
Жүктілік мерзімін нақтылау үшін УДЗ арқылы ұрықтың қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ параметрі анықталады:
*+Сан және иық сүйектерінің өлшемі *Іштің орта диаметрі, бастың бипариеталді өлшемі *Кеуде торының және сан сүйегінің өлшемі *Сан сүйегінің және бастың бипариеталді өлшемдері *Басының шеңбер және иық сүйегінің өлшемдері
#58 *!30 жастғы жүкті әйел күніне 10 тал темекі шегеді. Жүктілік мерзімі 29 апта+ 5 күн. Ұрықта ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай патологиялық жағдай болуы мүмкін:
*+Құрсақ ішілік дамудың ассиметриялық типті кідіруі * Құрсақ ішілік дамудың симетриялық типті кідіруі * Құрсақ ішілік кезеңде миына қан кету *Кеуде қуысы мүшелерінің құрсақ ішілік ақауы *Жүйке түтігінің құрсақ ішілік ақауы
#59 *!Жүкті әйел В., жүктілік мерзімі 32 апта+5күн. Гравидограммада ұрық дамуының кідіруі анықталды. Қанайналымның допплерометриялық зерттеуінен кейін ана-жолдас-ұрық жүйесінде қолқа мен ұрықтың церебралдық тамырларында қанайналым бұзылысы анықталды. Кіндік артериясында – қанайналым жылдамдығының патологиялық өзгерісі - реверсті қанайналым. Гинеколог дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:
*Әйелдер консультациясы 1 апта көлемінде бақылау *Жүкті әйелді ТORCH-инфекцияларына зерттеу *+Жылдам перинаталдық орталыққа жатқызу *Күндізгі стационарында тексеру және емдеу *Жылдам 2-деңгейлі перзентханаға жатқызу
#60 *!Жүкті әйел З., 36 жаста, әйелдер консультациясында бақылауда. Жүктілік мерзімі 20 апта. Екінші скринингті УДЗ кезінде симметриялық құрсақ ішілік дамудың кідіруі анықталды. Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:
*Жедел көпсалалы клиникалық аурухананың гинекология бөліміне жолдау * Жылдам перинаталдық ғылыми зерттеу орталығына жолдау *Әйелдер консультациясы жағдайында 10 күн бақылау * Жүкті әйелді ТORCH-инфекциясына зерттеу * +Генетик кеңесіне жолдау
#61 *!Алғаш жүкті, алғаш босанушы жүктіліктің 40 апта+2 күн мерзімінде 3 сағат бұрын басталған іштің төменгі бөліміндегі толғақ тәрізді ауырсыну шағымымен перзентханаға түсті. Толғақ әр 10 минут сайын. Қабылдау бөлімінде гинеколог қарады. Қынаптық зерттеуде: Жатыр мойны артқа ығысқан,1 см дейін қысқарған, жұмсақ, шеттері қалың. Цервикал каналы 1 көлденең саусақ өткізеді. Жатыр мойынының ішкі ернеуінде валик анықталады. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсетіңіз:
* +Жалған толғақ, жатыр мойны «толық жетілмеген» * Жалған толғақ, жатыр мойны «жетілмеген» *Жалған толғақ, жатыр мойны «жетілген» *Босанудың 1-кезеңі, латенті фаза * Босанудың 1-кезеңі, активті фаза,
#62 *!Қайта жүкті, қайта босанушы әйел перзентхананың босану бөлімінде. Тұрақты толғақтың басталғанына 4 сағат өтті. Қағанақ қабы бүтін. АҚ 120\80 мм.рт.ст,PS 86 соққы\ минутына. Толғақ әр 10 минутта 3 рет, 25-20 секундтан, орташа күштілікте. Ұрықтың жүрек соғысы (КТГ жүргізілді)-қалыпты. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 4 см. Қағанақ қабы бүтін. Босанудың ЕҢ ЫҚТИМАЛ темпі:
* Тез босану * Жеткіліксіз * Қарқынды босану *+ Физиологиялық босану * Босану әректінің әлсіздігі
#63 *!Алғаш жүкті, алғаш босанушы жүктіліктің 40 апта+2 күн мерзімінде, 3 сағат бұрын басталған іштің төменгі бөліміндегі толғақ тәрізді ауырсыну шағымымен перзентханаға түсті. Толғақ әр 10 минут сайын. Қынаптық зерттеуде: Жатыр мойны артқа ығысқан,1 см дейін қысқарған, жұмсақ, шеттері қалыңдаған. Цервикал каналының сыртқы өзегі 1 саусақ өткізеді. Ішкі өзегінде «валик» анықталады. Дәрігерлің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы:
* Перзентханаға жатқызылған күні босануды ынталандыру * +Әйел тұрақты толғақ басталғанша үйінде болуы керек * Келесі күні таңда амниотомия жасау, босануды шақыру * Медикаментозды жолмен жатыр мойнын босануға дайындау * Перзентханаға түскен 24 сағаттан соң амниотомия жасау, босануды шақыру
#64 *!Жүкті әйел толғағына шағымданып жедел жәрдем бригадасын шақырды. Дәрігердің қол астында керекті шаралар жүргізілетін дәрі-дәрмектер, құжаттар бар. Соның ішіндегі Окситоцинді дәрігер ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай жағдайда қолданады:
* Босануды жылдам бітіру үшін * Бөлінбеген бала жолдасын бөлу үшін * Босанудың І кезеңінде толғақты белсендіру үшін *+Босанудың ІІІ кезеңінде қан кетуді алдын алу үшін *Бала жолдасы жатыр мойынында қысылып қалған кезде
#65 *!Бірінші жүктілікпен жүкті әйел, әйелдер консультациясында тіркеуде тұрады. Психопрофилактиканы бастауға ЕҢ пайдалы жүктілік мерзімі қандай:
*+Тіркеуге тұрған кезінен *32-33 апта *39-40 апта *37-38 апта * 35 апта
#66 *!Бірінші жүктілікпен жүктіліктің 32-33 апта мерзімінде босануға дайындайтын алғашқы арнайы сабаққа келді. Бірінші сабақта қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ тәсілдерді меңгеру керек:
* Босану кезіндегі және босанудан кейінгі гигиена ережелері * +Дұрыс тыныс алу, уқалау, ауыратын нүктелерін сылау * Жаңа туылғын нәрестеге күтім жасау ережелері *Босануға сүт бездерін дайындау ережелері *Босану кезіндегі тамақтану режимі
#67 *!18 жастағы А. есімді бірінші босанушы перзентханаға «Жүктіліктің 40 апта+1 күні. Босанудың бірінші кезеңі» диагнозымен келді. Жас әйел босану кезіндегі ұзақ уақытқа созылатын ауыру сезімнен қатты сескеніп отыр. Босану кезінде қорыпқау керектігін түсіндірген кезде әйелдің назарын қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ мәселеге аудару керек:
*+ Босанудың І, ІІ және ІІІ кезеңдерінің мерзімі және ерекшеліктері қандай * Босану кезінде жанында акушерканың болу керектігі *Босану кезінде жанында жақын адамы болу керектігі * Босанудың І кезеңінде сұйықтық ішудің тиістілігі * Босану кезінде тағам қабылдаудың тиістілігі
#68 *!Босанушыда босанудың ІІ кезеңі. Қандай ЕҢ рационалды тәртіп болуы керек:
* Күшенбеу,тек терең тыныс алу *+Күшеншек келгенде ғана күшену * Акушердің жетекшілігімен күшену * Вертикалды қалыпта босануға болады * Күшеншек келген уақытта арқамен жатқан қалыпта болу керек
#69 *!Босанушы босанудан кейінгі 1 сағаттан бері босану бөлімінде жатыр. Әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110\70 мм. рт. ст. Пульс 88 соққы\минутына. Жатыры тығыз, жатыр түбі кіндік деңгейінде. Босану кезіндегі кеткен қан мөлшері- 300 мл. Келесі 2 сағатта қандай ЖИІЛІКПЕН жатыр тонусын міндетті тексеру керек:
*Әр 20 минут *Әр 40 минут *+Әр 30 минут *Әр 15 минут *Босанудан кейінгі бөлімге ауыстырар алдында
#70 *!Босанушы Р., 34 жаста. Бұл 1-ші босану. Босану уақытында басталып, ІІ кезеңінде босану әрекетінің әлсіздігімен асқынды. Сол себепті нәресте басы жамбас түбіне түскенде вакуум қойылды. Нәрестенің дене салмағы - 3900,0 гр, бой ұзындығы-53 см. Апгар шкаласы бойынша 7-9 балл. Босану кезіндегі кеткен қан мөлшері 500 мл және жалғасуда. Пальпация кезінде жатыр тығыз, босаңсымайды. Осы жағдайда жатыр мойнын қарауға ЕҢ ЫҚТИМАЛ көрсеткіш қандай:
*Босанушының жасы * Нәрестенің жылдам шығарып алу *Нәрестені аспаптық шығарып алу *+Жатырдың жиырылғанына қарамай қан кету * Босанудың ІІ кезеңіндегі босану күшінің әлсіздігі
#71 *!Асфиксиямен туылған нәресте жағдайы реанимациялық шаралар жүргізілгеннен кейін Апгар шкаласы бойынша 5-7 баллмен бағаланды. Келесі жүргізілетін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қадамды анықтаңыз:
* +Баланы анасының кеудесінде қалдыру * Балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыстыру * ӨЖЖ жүргізу үшін интенсивті терапия бөлмесіне ауыстыру * Инфузия жүргізу үшін интенсивті терапия бөлмесіне ауыстыру *Бақылау жүргізу үшін интенсивті терапия бөлмесіне ауыстыру
#72 *!Әйелдің босанудан кейінгі жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120\80 мм рт ст.,пульс- 88 соққы\минутына. Нәресте жағдайы да қанағаттанарлық, анасының кеудесінде жатыр. ЕҢ ЫҚТИМАЛ қанша уақыттан кейін балаға емшек беріледі:
*Туылғаннан кейін бірден *Туылғаннан 2 сағаттан кейін * Туылғаннан 1 сағаттан кейін *Туылғаннан 30 минуттан кейін *+Бала емшек іздей бастаған кезде
#73 !Босанушы босанудан кейінгі 3-ші тәулікте бас ауруы, ұйқы және тәбеттің бұзылысына, іштің төменгі бөліміндегі ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде пульс 105 рет минутына, дене қызуы 38,3*С. ЖҚА-де лейкоциттер - 11,0х109/л. Жатыр түбі кіндік деңгейінен 1 көлденен саусақ төмен. УДЗ-да жатыр анық жиекті. Лохиялары – іріңді, иісі бар. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:
* Босанудан кейінгі пельвиоперитонит * Босанудан кейінгі сальпингоофорит * +Босанудан кейінгі эндометрит *Босанудан кейінгі параметрит * Метротромбофлебит
#74 *!Босанушы кесар тілігі отасынан кейінгі 7 тәулікте бас ауруы, өзін нашар сезіну, дене қызуының 39°С дейін жоғарылауына шағымданады. Іш пальпациясында – жатырдың тігісі аймағындағы кенет ауырсыну, оң нәтижелі Щеткина-Блюмберг симптомы. Ішін перкуссиямен тексергенде төменге қарай дыбыс тұйықтықталғаны анықталды. Осы кесар тілігінен кейінгі перитонит дамуына ЕҢ ЫҚТИМАЛ себеп қандай:
* Анамнезінде жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары * Ота кезінде асептика мен антисептика қағидалрының бұзылуы * Тері тігісін тігу техникасының бұзылуы *+ Жатырдағы тігістің жетіспеушілігі *Ішек парезі
#75 *!Кеш босанудан кейінгі кезеңде босанушыда қан кетуге байланысты тексеру кезінде бала жолдасы бөлігінің қалғаны анықталды. Жүргізілетін емдеу шараларының ЕҢ ЫҚТИМАЛ ақырғы мақсаты:
* Динамикалық бақылау *Гистероскопия қолдану *Утеротоникалық заттар қолдану *Антибактериалды ем тағайындау *+Бала жолдасының қалдықтарын жою
#76 *!Босанушы О., 32 жаста, ерте босанудан кейінгі кезеңде атоникалық қан кету басталды. Қан кетуді тоқтатуға шаралар жүргізіліп жатыр. Хирургиялық гемостаз үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ көрсеткіш:
* Утеротоникалық терапиядан әсер болмауы *Жатыр қуысын қолмен қараудың әсерсіздігі * Жатырдың сыртқы массажының әсері болмау * Жатырдың бимануалды компрессиясының әсерсіздігі *+1000 мкг мизопростолды perrectum енгізудің әсерсіздігі
#77 *!Науқас М., 21 жаста. Жүктіліктің 7-8 апта мерзімімен әйелдер консультациясында тіркеуде тұрады. Күніне 15 ретке дейінгі құсу, тәбеттің жоқтығына шағымданады. Дене салмағы 6 кг төмендеген. Объективті: тері жамылғылары бозарған, құрғақ, пульс 92 соққы минутына, ритмді, АҚҚ 90/60 мм рт ст., көз шелі сарғайған. Айнамен қарағанда қынап және жатыр мойнының шырышты қабаты цианозды, бөлінділер ақшыл түсті, аз мөлшерде. РV: қынабы тар, жатыр жұмсақ консистенциялы, 7-8 апталық жүктілікке сай ұлғайған. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Күмбездері еркін. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз: Жүктіліктің 7-8 аптасы….
*+Шектен тыс/ауыр дәрежелі зат алмасу бұзылуымен асқынған құсу *Жүктілікке байланысты жеңіл немесе әлсіз дәрежелі құсу * Жүктілердің кеш пайда болған құсуы * Анықталмаған жүктілер құсуы *Шектен тыс жүктілер құсуы
#78 *!Жүкті әйел А., 30 жаста, әйелдер консультациясы дәрігерінің қабылдауына күніне 8-10 ретке дейін құсу, әлсіздік, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, ұйқы бұзылысы және жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Дене салмағы 2 аптада 4 кг төмендеген. Бірнеше жылдар бойы созылмалы холециститпен ауырады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, көп сөл бөлінуде. Тері және шырышты қабаттары бозарған, құрғақ, ауыз айналасындағы терілер суланып, жарылып кеткен. АҚҚ 100\60 мм рт ст, пульс 98 соққы\минутына. Ішкі мүше ағзаларында патология анықталмады. Қынаптық зерттеуде: жатыр көлемі 7-8 апталық жүктілік мерзіміне сәйкес, етеккір бойынша мерзіміне сай. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз: Жүктіліктің 7-8 аптасы.....:
* Заталмасу бұзылысымен асқынған жүктілердің ауыр дәрежелі құсуы * Жүктілікпен асқынған құсудың басқа формасы * +Жүктіліердің жеңіл/ әлсіз дәрежелі құсуы *Анықталмаған жүктілер құсуы *Шектен тыс жүктілер құсуы
#79 *!Жүкті А., 23 жаста. Жүктілікке байланысты әйелдер консультациясында тіркеуде тұрады. Қарау кезінде жүктілік мерзімі – 9-10 аптасы. Шағымдары: аяқтарындағы, жамбас сүйектеріндегі, бұлшық еттердегі ауырсыну, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық. Объективті: жүрісі үйрек тәрізді. Дене салмақ индексі - 18. АҚҚ 90\60 мм с.б., пульс 90 соққы\минутына. Қасаға сүйектерінің УДЗ-де сүйектер ажырауы 1,5 см дейін. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз: Жүктіліктің 9-10 аптасы.....
*Жүктілер тетаниясы *Жүктілердің ерте токсикозы *+ Жүктілердің остеомаляциясы * Қасаға сүйектерінің ажырауы * Қасаға сүйектерінің жыртылуы
#80 *!Жүкті А., 23 жаста. Жүктілікке байланысты әйелдер консультациясында тіркеуде тұрады. Қарау кезінде жүктілік мерзімі – 9-10 аптасы. Шағымдары: аяқтар, жамбас сүйектері, бұлшық еттердегі ауырсыну, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық. Объективті: жүрісі үйрек тәрізді. Дененің салмақ индексі (ДСИ) - 18. АҚҚ 90\60 мм рт ст, пульс 90 соққы\минутына. Қасаға сүйектері пальпация кезінде қатты ауырсынады. Жүктіліктің осы асқынуының ЕҢ ЫҚТИМАЛ себебі: *Остеопороз дамуы *Ақуыз жеткіліксіздігі *+Гиповитаминоз D дамуы *Гиповитаминоз С дамуы *Липопротеид жеткіліксіздігі
#81 *!30 жастағы У есімді әйелдің жүктілік мерзімі 30 апта+3 күн. Іш айналым өлшемі 96см, жатыр түбінің биіктігі – 30 см. Нәресте жамбасымен орналасқан, жүрек соғысы анық, 132 рет/минутына кіндіктен сәл жоғары сол жағында естіледі. Жүктіліктің осы мерзімінде қандай диагноз ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ: Жүктіліктің 30 апта + 3 күні....:
*Жамбаспен орналасу. * Нәресте дамуының кідіруі * +Жамбаспен орналасу. Бірінші позиция. * Жамбаспен орналасу. Нәресте дамуының кідіруі. * Жамбаспен орналасу. Бірінші позиция. Нәресте дамуының кідіруі.
#82 *!У есімді 20 жастағы әйелдің жүктілік мерзімі 30 апта + 3 күн. Жалпы тексергенде: Іш айналым өлшемі 96 см., жатыр түбінің биіктігі 30см. Нәресте жамбасымен орналасқан. Жүрек соғысы кіндік үстінің сол жағында, 132 рет/мин. Кіші жамбастың сыртқы өлшемдері бойынша «Жай жалпақ жамбас» диагнозы қойылды. Босану кезінде осы пациентте ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай асқыну болуы мүмкін:
*+Нәресте басының шалқаюы *Нәрестенің қиғаш орналасуы * Нәрестенің көлденен орналасуы * Мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі *Нәресте басының асинклитикалық орналасуы
#83 *!Нәресте жамбаспен орналасқан жағдайда босану процесі қалыпты болу үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай жағдай болу керек:
*Жүктілік бірінші болу *Нәрестенің басы шалқайып тұру *+Нәресте басы бүгіліп тұру * Нәрестенің болжам салмағы 3500 – 3700 гр болу * Нәрестенің болжам салмағы 2500гр төмен болу
#84 *! Жүкті әйел үшін төменде аталған жүктілік асқынуларының қайсысы ЕҢ ҚАУІПТІ:
*+Плацентаның жатуы *Плацента тамырының жатуы *Плацента тамырларының үзілуі *Плацентаның жатыр мойының шетінде орналасуы *Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі
#85 *!Қаралушы А., 14жаста. Әйелдер консультациясына 40 күн етеккірінің болмауына шағымданып келді. Анамнезінде: еш нәрсемен ауырмаған. Жыныстық қатынастағы өмірі 14 жастан басталды. Қыздың жыныстық тәртібі жайлы анасы білмейді. Жүктіліктен еш нәрсемен сақтанбайды. Осы жасөспірімге кеңес беру және қарау кезінде дәрігер ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай жағдайды сақтау керек: Date: 2016-06-06; view: 699; Нарушение авторских прав |