![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
Дәріс сабағының конспектілері. Оптика – жарық табиғатын, жарық құбылыстарын және жарықтың затпен әсерлесуін зерттейтін физиканың
Оптика – жарық табиғатын, жарық құбылыстарын және жарықтың затпен әсерлесуін зерттейтін физиканың бөлімі. Жарық электромагниттік толқынның бір түрі болғандықтан, оптика электромагниттік өріс жайлы жалпы оқудың бір бөлігі болып табылады. Қарастырылатын құбылыстардың табиғатына байланысты оптика геометриялық (сәулелік), толқындық (физикалық) және кванттық (корпускулалық) оптика болып бөлінеді.
1. Геометриялық оптиканың негізгі заңдары. Жарықтың табиғаты толық анықталғанға дейін төменде келтірілген заңдар белгілі болған: Жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы – жарық сәулелері оптикалық біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады. Жарық сәулесі – бойынан жарық энергиясы тасымалданатын сызық. Біртекті ортада жарық сәулелері түзу сызықтар сияқты болады. Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы – жарықтың бір шоғыныңың тудыратын әсері басқа шоқтардың әсерлеріне тәуелді емес, яғни жарық шоқтары бір - біріне ықпалын тигізбейді.
Сәйкесінше, сыну заңы былай өрнектеледі: Ортаның абсолют сыну көрсеткіші дегеніміз электромагниттік толқындардың вакуумдағы жылдамдығының олардың ортадағы фазалық жылдамдығына қатынасына тең болатын физикалық шама n.
2. Толық шағылу.
Осының нәтижесінде Түсу бұрыштарының мәндері Бұл құбылыс жарықтың толық ішкі шағылуы деп аталады. Шекті бұрыш төменде келтірілген қатынас арқылы анықталады;
Егер л
Толық шағылу құбылысы призмаларда және световодтарда қолданылады. Линзалар.
1) екі жағы дөңес (дөңес); 2) бір жағы дөңес, екінші жағы жазық (дөңес жазық); 3) екі жағы ойыс (ойыс); 4) бір жағы ойыс, екінші жағы жазық (ойыс жазық);
Дөңес бет үшін қисықтық радиус R>0; ойыс бет үшін R<0. Линза беттерінің қисықтықтарының центрлерінен өтетін түзу бас оптикалық ось деп аталады. Бас оптикалық осьте орналасқан және одан сәулелер өткенде сынбайтын қасиеті бар нүкте линзаның оптикалық центрі деп аталады (әдетте оны О деп белгілейді). Линзаның оптикалық центрінен өтетін бірақ бас оптикалық осьпен сәйкес келмейтін түзулер жорамал оптикалық осьтер деп аталады. Бас оптикалық оське параллель таралатын жарық шоғының сәулелері қиылысатын F нүкте линзаның фокусы деп аталады. Линзаның фокусы бас оптикалық ось бойында жатады. Линзаның фокусы арқылы өтетін және бас оптикалық оське перпендикуляр орналасқан жазықтық фокалдық жазықтық деп аталады. Линзаның оптикалық центрі O мен фокустың F арасындағы қашықтық фокустық қашықтық f деп аталады:
Жұқа линзаның формуласы:
Мұндағы: a – линзадан нәрсеге дейінгі, b – линзадан кескінге дейін қашықтық. Егер a= Екі жағынан бірдей ортамен қоршалған линзаның фокустық қашықтықтары тең болады.
Оптикалық күші оң линзалар - жинағыш линзалар, ал оптикалық күші теріс линзалар - шашыратқыш линзалар деп аталады. Жинағыш линзаға қарағанда, шашыратушы линзаның фокустары жорамал болады. Бас оптикалық оське параллель таралып шашыратушы линзаға түскен сәулелердің жалған жалғасы (сынғаннан кейін) осы жорамал фокуста жинақталады. Date: 2016-05-25; view: 2132; Нарушение авторских прав |