Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






кезең. Қалыптастыру кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді

Орытынды.

Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысын кесте 8 – ден көре аласыз

Кесте 8

  Эксперимент топ Бақылау топ
Жоғарғы деңгей 29% 25%
Орта деңгей 38% 35%
Төменгі деңгей 33% 40%

Салыстырмалы түрдегі пайыздық көрсеткішті гистограмма 8 – ден көре аласыз

Гистограмма 8

Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесін төмендегі берілген көрсеткіштерден көре аласыз

Жоғары деңгей – эксперимент топ 29% 6 оқушы, бақылау топ 25% 5 оқушы.

Орта деңгей – эксперимент топ 38% 8 оқушы, бақылау топ 35% 7 оқушы.

Төменгі деңгей – эксперимент топ 33% 7 оқушы, бақылау топ 40% 8 оқушы.

Жоғары деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң, жоғары екенің көрсетеді, яғни бағдарламасын оңай игеріп, оқу материалдарын оңай меңгереді, мәліметтерді толық игерген мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды, тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз – ақ орындайды өзіндік жұмысқа барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды тапсырмаларды мұқият орындайды сыныпта жоғарғы мәртебеге ие.

Орта деңгей – оқушының мектепке жақсы көзқараспен қарайды, оқу материалын ұғады, оқу бағдарламасының негізгісін игереді, тапсырмаларды өз бетімен,тиянақты орындайды, бірақ бақылауды керек етеді, көп оқушылармен достық қарым – қатынас жасайды.

Төмен деңгей – оқушының мектепке қатынасы теріс, денсаулығы нашарлығына реніш білдіреді, көңіл – күйінің нашарлығын көрсетеді, тәртіп бұзады, оқу материалдарын фрагмент арқылы меңгереді, өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді, сабақтарға немқұрайлы дайындалады, бақылау мен көмекші үзілісті қажет етеді, пассивті, сыныпта жақын достары жоқ деген сипатқа ие.

кезең. Қалыптастыру кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді

а)Сабақтар

ә)Тәрбие сағаттар

б)Дидактикалық тапсырмалар

в)Шығармашылық жұмыстар

Бақылау тобында ешқандай жұмыстар жүргізілген жоқ. Эксперимент тобында жоғарыда көрсетілген жұмыстар жүргізілді.

Мысал ретінде бірнеше сабақтарды қарастырайық:

Тақырыбы: Бала Абай. М.Әуезов.

Мақсаты: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру. Кейіпкерлерге мінездеме беру мен түр тұлғасын сипаттаудың ерекшелігін меңгерту. Танымдық қабілеттерін дамыту. Мәтінге берілген сұрақ – тапсырмалар арқылы оқу әрекеттерін арттырып, белсенділікке дамыту. Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Түрі: рөлдік – сюжеттік сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Алғашқы қоңырау. Тізбектей оқыту

ІІІ. Білімдерін тексеру: Қазақ даласына алғаш қоңырау соққан, мектеп ашқан кім? Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Бала Абай.

Ү. Жаңа сабақ.а) М.Әуезов туралы түсіндіру. ә) Абай атамыз жайлы түсіндіру б) Бала Абай оқып, түсіндіру в) тақырыпты оқу, г) оқушыларды рөлдерге бөлу

ҮІІ. Түсінгендерін тексеру: Әңгіме кім туралы екен? Абай кім? Абай неге үйден шықпайтын болды? Абай әжесінен әңгіме тілегенін қалай білдіруші еді? Абай тағы кімге әңгіме айтатын? Бірде Абайлардың үйіне кім келді? Барлас ақын Абайға неліктен ұнады?

ҮІІ.Қорыту. Бүгін не білдік?Абай туралы қосымша деректер. Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Бала Абай мәтінін мазмұндап келу 192 – 193 бет

YIY.Бағалау

 

Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын» тәрбие сағаты
Мақсаты:1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
2.Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
3.Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Көрнекіліктер: Ғарышкерлер, ғарыш суреті, плакат.
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
Мұғалім: – Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жарқыраған күннің көзін ашу арқылы бастаймыз.Бұлттарды ала отыра артындағы тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашамыз.Күн бізге сабақ бойы жылуын шашып отырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашады.
1.ҚР – ның тұңғыш ғарышкері кім?
2.Мемлекеттік рәміздерді ата.
3.Жатқа тақпақ айт.
Мұғалім:Енді топтардың атын жұмбақты шешу арқылы әр топ өз аттарына ие болады.
Ар жағында орманның, Ар жағында таулардың, Алтын кеспек. (күн)

Күндіз әйнегі сынады, Түнде орнында тұрады. (ай)
Үй үстінде ұсақ тас. (жұлдыз) І – топ. Ай ІІ – топ. Күн ІІІ – топ. Жұлдыз
топтардың атын аспан денелеріне сәйкес қойылу себебін өздерің білесіңдер, өйткені бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен ғарышкер боламын» – деп аталады.
ІІ. Мағынаны тану

Адам ерте кезден – ақ әлем денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.Әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі Лайка – ғарышкер ит. Оны 1957 жылдың 3 – қарашасында ғарышқа салмағы 6 кг,2 жастан асқан кезде ғарыш кемесі «Спутник – 2» кемесімен ұшырды.Ол ұшқаннан кейін 5 – 7 сағаттан соң ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Ғалымдар Лайкамен бірге тағы екі ит Белка мен Стрелканы жаттықтырған болатын.Ал АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланған екен. 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» кемесімен жер шарын айналып ұшты.Сөйтіп, 12 – сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Әр топқа берілген тапсырма.
1 2 3 4 5 6
р а т Т о қ
1 2 3 4 5 6 7
н а р и Г а г
1 2 3 4 5 6
ғ а т Т а л
– Бұл кестелерден ғарышкерлердің атын дұрыстап табу керек. Ол үшін әр топ оқушылары сандарды дұрыс орналастыру арқылы таба алады.
Мұғалім:
Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса ғой Марсқа. – дегендей ғарышқа ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады.
Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Тапсырма. ІІІ топқа тапсырма беру.
І – топ.«Байқоңыр» туралы өлең шумақтарын дұрыс орналастыру.
ІІ – топ. Шеңбер ішіне суреттерді орналастыру.
ІІІ – топ. Ғарышкерлерге тілек жазу.
Сергіту сәті.«Ұшты, ұшты» ойыны.
ІІІ.Ой толғаныс.
Топпен жұмыс.Әр топқа тапсырма беру.
І – топ. Сөзжұмбақ шешу.
Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т А Р
Ю Р И Й
Б А Й Қ О Ң Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й К А
З Е Р Т Т Е У
Б А Т Ы Р
1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?
ІІ – топ.Венн диаграмасы бойынша.Ғарышқа ұшқан тіршілік иелерінің ұшқан жылдарын жаз.
ІІІ – топ. «Ғарыш әлемі» тақырыбына сурет салу.
– Балалар сендер болашақта кім болуды армандайсыңдар.
– Жалпы адам баласы армандаған дұрыс.
– Өйткені ертеме кешпе оның орындалатына сену керек.
– Олай болса ғарышкер ағаларымызға өз арманымызды жазып жіберейік.
– Барлығымыз мына қағаздарға жазып тақтадағы құстың бейнесіне ілеміз.
Сонымен балалар армандарың орындалсың деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

Тақырыбы: Көбейту. Көбейткіштер. Көбейтіндінің мәні.

Мақсаты: Көбейтуді үйрету. Түсіндіру. Ой – өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Алғырлыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, іздену, өзіндік

Көрнекілік: үлестірмелі тапсырмалар, саяхат сабақтары

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1000 – 99, 459+38, 1010 – 58, 683+84.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Көбейту. Көбейткіштер. Көбейтіндінің мәні.

ІҮ. Жаңа сабақ. №1. Есептің шешуін түсіндіру.

№2. Қосындыны көбейтумен алмастыру. 3+3+3+3, 14+14+14, 5+5+5.

№3.Көбейтіндіні қосумен алмастыру. 6х4, 12х5, 7х3, 48х2.

№5. 5х3=15, 3х4=12.

№8. Р= 3см+3см+3см+3см=12см, Р=5см х 4=20см

Ү. Түсінгендерін тексеру: 56+24-22, 60-29, 40+27, 42-14-18.

ҮІ. Бекіту:

ҮІІ. Үйге тапсырма: №4,7, 238бет

ҮІІІ. Бағалау

 

Тақырыбы: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай.

Мақсаты: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру, жан-жануарларға қамқорлық жасауға баулу, бүкіл жанды табиғаттың қорек тізбегі арқылы бір-бірімен байланысы туралы ұғым қалыптастыру.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Көрнекілік: түрлі түсті суреттер

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Өткенді пысықтау. Сұрақтар қоя отырып

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай.

Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. Жануарлар қандай жерде тіршілік етеді, қалай тіршілік етеді.Дәптермен жұмыс, суретпен жұмыс жасау.

ҮІ Түсінгендерін тексеру: Жануарлар тіршілігіне не қажет?

ҮІІ Бекіту:

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай мазмұндап келу.

YIY.Бағалау

 

Тақырыбы: Сын есім.

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп айта және жаза білуге үйрету. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелер бойынша

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, іздену, өзіндік.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу. Зат есім деген не? Сұрақтары қандай? Сын есім деген не? Сұрақтары? Сан есім? Сұрақтары?

ІҮ.Жаңа сабақ: 422 – жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Сын есімдерді табу.

423 – жаттығу. Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді койып жазу. Әселдің қандай? Көйлегі бар.

424 – жаттығу. Сын есімдерді үлгі бойынша мағынасына қарай топтастыру.

Үлкен, ірі, коңыр, дәмді, тәтті.

Ү.Қорыту. Сын есім деген не? Үлестірмелерге жауап алу.

YI.Үйге тапсырма: 425 – жаттығу

YII.Бағалау

Қалыптастыру кезеңінде жүргізілген жұмыстар барысында бастауыш сынып оқушыларының білімді меңгеруге белсенділігі, шығармашылық іс – әрекетке ынталануы, жаңашылдық процестер мен ғылыми зерттеулерге, дербес өзіндік жұмыстарға қызығушылығы, білімді меңгеруге деген құндылық бағдары мен көзқарастары оның іс – әрекетінде айқын көрініс тапқанын көрсетті. Басқа өткізілген жұмыстарды қосымша А, Ә, Б – дан көре аласыз

3кезең. Қорытынды кезең

Қорытынды кезеңде анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстар қайта жүргізілді. Қорытынды кезеңге эксперимент топтан 21 оқушы және бақылау топтан 20 оқушы қатысты.

1. Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарының ерекшеліктерін анықтау сауалнамасы қайта алынды. Қалыптастыру кезеңінде жүргізілген жұмыстардың арқасында қорытынды кезеңнің нәтижесін кесте 8 – ден көре аласыз

Кесте 8

  Эксперимент топ Бақылау топ
  Анықтау кезең Қорытынды кезең Анықтау кезең Қорытынды кезең
Қазақ тілі 21% 23% 21% 21%
Математика 18% 20% 20% 19%
Әдебиеттік оқу 20% 21% 17% 19%
Дүниетану 19% 20% 19% 20%
Еңбекке баулу 22% 16% 23% 21%

Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарының ерекшеліктерін анықтау сауалнамасы нәтижесінде эксперимент топтан қазақ тілі пәні бойынша жоғарылады (2%) 21% – дан 23% – ға, математика пәні бойынша (2%) 18% –дан 20% – ға жоғарылады, әдебиеттік оқу пәні (1%) 20% – дан 21% – ға жоғарылады, дүниетану пәні (1%) 19% – дан 20% – ға жоғарылады, еңбекке баулу пәні (6%) 22% – дан 16 – ға төмендеді. Бақылау топта көп өзгеріс байқалған жоқ. Себебі, бақылау тобында қалыптастыру кезеңінде жұмыстар жүргізілген жоқ. Салыстырмалы түрдегі пайыздық көрсеткішті гистограмма 8 – ден көре аласыз

 

Гистограмма 8

Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарының ерекшеліктерін анықтау сауалнамасының нәтижесі

2.Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін, қызығушылығын, өзін – өзі бағалауын анықтауға арналған сауалнаманың нәтижесін кесте 9 – дан көре аласыз

Кесте 9

  Эксперимент топ Бақылау топ
Анықтау кезең Қорытынды кезең Анықтау кезең Қорытынды кезең
Иә 25% 34% 23% 24%
Жоқ 28% 30% 30% 29%
Кейде 30% 21% 29% 30%
Жауап бере алмаймын 17% 15% 18% 17%

Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін, қызығушылығын, өзін – өзі бағалауын анықтауға арналған сауалнаманың нәтижесінде эксперимент топтан «иә» жауабы 25% – дан 34% – ға жоғарылады, «жоқ» жауабы 28% – дан 30% – ға жоғарылады, «кейде» жауабы 30% – дан 21% – ға төмендеді, «жауап бере алмаймын» жауабы 17% – дан 15% – ға төмендеді. Бақылау тобында аса көп өзгерістер байқалмады. Себебі, бақылау тобымен қалыптастыру кезеңінде жұмыстар жүргізілмеді. Салыстырмалы түрдегі пайыздық көрсеткішті гистограмма 9 – дан көре аласыз

Гистограмма 9

Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін, қызығушылығын, өзін – өзі бағалауын анықтауға арналған сауалнаманың нәтижесі

3.Оқушылардың оқытуға және оқуға деген көзқарастарын анықтауға арналған сауалнаманың нәтижесін кесте 10 – нан көре аласыз

Кесте 10

  Эксперимент топ Бақылау топ
  Анықтау кезең Қорытынды кезең Анықтау кезең Қорытынды кезең
Ұнайды 35% 45% 33% 35%
Ұнамайды 16% 22% 17% 18%
Ойланбадым 49% 33% 50% 47%

Оқушылардың оқытуға және оқуға деген көзқарастарын анықтауға арналған сауалнаманың нәтижесінде эксперимент мынадай көрсеткіш көрсетті: «ұнайды»жауабы 35% – дан 45% – ға жоғарылады, «ұнамайды» жауабы 16% – дан 22% – ға жоғарылады, «ойланбадым» 49% – дан 33% – ға төмендеді, ал бақылау тобында «ұнайды» жауабы 33% – дан 35% – ға жоғарылады, «ұнамайды» жауабы 17% – дан 18% – ға жоғарылады, «ойланбадым» жауабы 50% – дан 47% – ға төмендеді. Оқушылардың оқытуға және оқуға деген көзқарастарын анықтауға арналған сауалнаманың салыстырмалы түрдегі пайыздық көрсеткішті нәтижесін гистограмма 10 – нан көре аласыз

Гистограмма 10

Оқушылардың оқытуға және оқуға деген көзғарастарын анықтауға арналған сауалнаманың нәтижесі

4.«Артығын алып таста» әдістемесінің нәтижесін кесте 11 – ден көре аласыз

Кесте 11

  Эксперимент топ Бақылау топ
  Анықтау кезең Қорытынды кезең Анықтау кезең Қорытынды кезең
Жоғары 21% 24% 20% 21%
Орта 68% 69% 65% 67%
Төмен 11% 7% 15% 12%

Артығын алып таста әдістемесі қалыптастыру кезеңінде жүргізілген жұмыстардан кейін мынандай көрсеткіштерге ие болды: жоғары деңгей (3%) 21% – дан 24% – ға жоғарылады, орта деңгей (1%) 68% – дан 69% – ға жоғарылады, төменгі деңгей (4%) 11% – дан 7% – ға төмендеді. Бақылау тобында көп өзгерістер байқалмады, себебі қалыптастыру кезеңінде бұл топпен ешқандай жұмыстар жүргізілмеді. Жоғары деңгей 1% – ға жоғарылады, орта деңгей 2% – ға жоғарылады, төменгі деңгей 3% – ға төмендеді. «Артығын алып таста» әдістемесінің салыстырмалы түрдегі пайыздық көрсеткішті нәтижесін гистограмма 11 – ден көре аласыз

Гистограмма 11

«Артығын алып таста» әдістемесінің нәтижесі

Анықтау кезеңі мен қорытынды кезеңнің нәтижесін кесте 12 – ден көре аласыз

Кесте 12

  Эксперимент топ Бақылау топ
  Анықтау кезең Қорытынды кезең Анықтау кезең Қорытынды кезең
Жоғары 29% 33% 25% 29%
Орта 38% 48% 35% 40%
Төмен 33% 19% 40% 31%

Эксперимент топпен барлық жұмыстар жасалғаннан кейін жоғары деңгей 4% – ға жоғарылады, орта деңгей 10% – ға жоғарылады, төменгі деңгей 14% – ға төмендеді. Бақылау тобында ешқандай жұмыстар жүргізілмеген соң мынадай көрсеткішті көрсетті: жоғары деңгей 4% – ға жоғарылады, орта деңгей 5% – ға жоғарылады, төменгі деңгей 9% – ға төмендеді. Бұл салыстырмалы пайыздық көрсеткіштер бастауыш сынып оқушылары үшін жоғары көрсеткіштер.

Анықтау кезең мен қорытынды кезеңнің нәтижесін гистограмма 12 – ден көре аласыз

 

Гистограмма 12

Анықтау кезең мен қорытынды кезеңнің нәтижесі

Эксперимент топтың анықтау кезең мен қорытынды кезеңдегі нәтижесін кесте 13 – тен көре аласыздар

Кесте 13

  Анықтау кезең Қорытынды кезең
Жоғарғы деңгей 29% 33%
Орта деңгей 38% 48%
Төменгі деңгей 33% 19%

Эксперимент топтың анықтау кезең мен қорытынды кезеңдегі нәтижесін гистограмма 13 – тен көре аласыздар

Гистограмма 13

Эксперимент топтың нәтижесі

Жоғары деңгей – 7 оқушы (4%) 29% – дан 33% – ға дейін жоғарылады.

Орта деңгей – 10 оқушы (10%) 38% – дан 48% – ға дейін жоғарылады.

Төменгі деңгей – 4 оқушы (14%) 33% – дан 19% – ға төмендеді.

Жоғары деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң, жоғары екенің көрсетеді, яғни бағдарламасын оңай игеріп, оқу материалдарын оңай меңгереді, мәліметтерді толық игерген мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды, тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз – ақ орындайды, өзіндік жұмысқа барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды,мұғалім көмегін қажет етпейді, тапсырмаларды мұқият орындайды, сыныпта жоғарғы мәртебеге ие.

Орта деңгей – оқушының мектепке жақсы көзқараспен қарайды, оқу материалын ұғады, оқу бағдарламасының негізгісін игереді, тапсырмаларды өз бетімен тиянақты орындайды, бірақ бақылауды керек етеді, көп оқушылармен достық қарым – қатынас жасайды.

Төмен деңгей – оқушының мектепке қатынасы теріс, денсаулығы нашарлығына реніш білдіреді, көңіл – күйінің нашарлығын көрсетеді, тәртіп бұзады, оқу материалдарын фрагмент арқылы меңгереді, өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді, сабақтарға немқұрайлы дайындалады, бақылау мен көмекті, үзілісті қажет етеді, пассивті, сыныпта жақын достары жоқ.

Тәжірибелік – эксперименттік зерттеу жұмыстарын жүргізген соң, бастауыш сынып мұғалімдеріне келесідей ұсыныстар беріледі: Бастауыш сынып оқушылары білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, қызығушылық қабілеттерін дамыту үшін сабақта жаңа педагогикалық технологиялар қолдану арқылы сабақты өткізу, білім беруді ақпараттандыру.

 

 

Қорытынды

 

Қабілет дегеніміз табиғат берер ерекше қасиет. Бұл қасиетті ашу, дамыту ұстаз парызы. Бала қабілетін тану, анықтау оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет деп ойлаймын.

Қабілетті, дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі қолға алынып отырған өзекті де өте күрделі жан – жақты мәселе. Сондықтан,оқу процесі кезінде және оқу прцесінен тыста дамыту керек деп ойлаймын.Оқушы қабілетін дамытатын – оқыту мен тәрбие. Қабілетті оқушыны тәрбиелеп оқытатын ұстаз өзі білімді болуы тиіс.Сондықтан оқушы қабілетін дамытудың жолдарын әрдайым іздестіріп, бағыттарын қарастыруымыз керек.

Оқушылардың қабілеттерін дамытып, олармен жеке жұмыстарды ұйымдастыруды төмендегідей мәселелерге назар аудару керек:

1. Қабілетті балалардың жеке ерекшеліктері мен икемділіктерін жан-жақты зерттеп, арнайы тестілер мен сауалнамаларды пайдалану;

2. Пән сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды іріктеу, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу;

3. Қабілетті оқушылардың білім деңгейін, олардың өз мүмкіншіліктерін пайдалану көрсеткіштерін арнайы әдістемелер арқылы жүйелі тексеріп отыру;

4. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарды талдау пәндік олимпиадаларға, конференцияларға дайындық жұмыстарын жыл бойына жоспарлы жүргізуді ұсынамын.

Қабілетті оқушылармен немесе оқушылардың қабілеттерін дамытуда жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру,ғылыми негіздеуге жоспар құрылады. Олар,оқу бағдарламасын жасау, жаңа технология мүмкіндіктері пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдістері болуы,сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетіндік білім алуға жетелеу.Аталық жүктемеге міндетті түрде мән берілуі керек. Тапсырмалар бала жасына,деңгейіне сай болсын.Артық тапсырмалардан кері нәтиже шығуы мүмкін екенін мұғалімдер ескеруі керек деп ойлаймын.Сондықтан білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, тағы-тағылар. Өйткені ХХІ ғасыр білімділер ғасыры, ендеше бізге ой – өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан – жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып кез келген проблеманы шешуге үйренеді. Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан:

– Оқу мақсаттарының қойылуы

– Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы

– Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу тұрады.

Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсене жұмыс істеп қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызушылығы артады. Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбайтын кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиында жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Сабақтың құрылымы – сабақты үйлестірудің әр түрлі нұсқаларында оның негізгі сипаттамаларының сақталуы мен тұтастығын қамтитын сабақ элементтерінің жиынтығы. Бұл элементтерге мыналар жатады: сабақтың басталуын ұйымдастыру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою, түсіндіру, бекіту, қайталау, үйге тапсырма беру, сабақтың қорытындысын шығару. Сабақтың типі құрылымдық бөліктерінің бар болуымен және олардың дәйектілігімен белгіленеді. Президенттің Жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз нәтиже деген ұғыммен егіз. Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми – теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, оқуға деген қызығушылық белсенділіктерін арттырып, білікті, шығармашыл тұлғаны дайындау.

Оқыту әдістерінің, тәсілдерінің, құралдарының өмірге сәйкес болуы заңды. Сондықтан да оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандарда баршылық.

Оқыту әдісі дидактиканың ең басты құрамды бөлімінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту әдістері бүгінгі күні көп өзгерістерге ұшырап отыр.

Оқыту әдістері туралы әр түрлі анықтамалар бар. Олар:

а) Оқыту әдістері дегеніміз – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, соның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдығы мен қабілеттілігі артады.

б) Оқыту әдістері деген – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. (И.Д.Щукина)

в) Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет арқылы білім алуы. (И.Д.Зверев). т.б.

Дегенмен осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарама – қайшылық жоқ. Бәрінің негізінде оқу, оқыту процесінде ұстаз бен шәкірттің қарым – қатынас және сонда қолданылатын әдіс, тәсіл, іс – әрекеттер жатыр.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасының «12 жылдық білім беру» тұжырымдамасы. №4, 2006ж

2. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңы./ Алматы 2012жыл.26 – бет

3. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңы./ Алматы 2012жыл. 9 – бет

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.// Егеменді Қазақстан 2004жыл,3 – бет

5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халыққа Жолдауы.2006жыл

6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. // «Егемен Қазақстан» 26.12.2003, №332

7. ҚР Президентінің “Қазақстан – 2030” бағдарламасы.

8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауына.// Егемен Қазақстан, 28.01.2012жыл

9. Абдурахманова М.М, Джумабекова А.К. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдіру// «Бастауыш мектеп» 5 – 6, 2014жыл. 17 – бет

10. Аймауытов.Ж./Психология. Алматы. 1995жыл. 78 – бет

11. Ахметов С. Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары.//«Рауан» 1994 жыл. 63 – бет

12. Әбенбаев С, Әбиев Ж. / Педагогика Астана – 2009жыл. 145 – 147бет.

13. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А / Педагогика. Алматы 2004жыл 207 – бет,

14. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. / Жалпы педагогика. Алматы 2008 жыл.61 – 63 бет

15. Бабаев С.Б. / Бастауыш мектеп педагогикасы 2007жыл. 155 – бет

16. Бегалиев Т.Б, Сарыбекова Қ.Н. Бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім берудің негізгі бағыттары// «Бастауыш мектеп» 2,2014жыл. 3 – 5 бет

17. Бекболғанова А.Қ. Жаңа технологияларды пайдалануда оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары.// Ізденіс №4 2013жыл. 179 бет.

18. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар.// Бастауыш мектеп №1, 2004жыл, 13 – бет

19. Ғалымжанов Б. Жаңа формация мұғалімнің кәсіби мәдениеті. // Қазақстан мектебі 2012 жыл. 14 – бет

20. Демеуов А.Ш. Оқушылардың белсенділігі мен өзінділігін дамыту. // Білім №6 (42) 2008жыл, 21 – 22бет

21. Едігенова А. Танымдық қызығу ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі, Алматы 2003жыл. 18 – бет

22. Жайлауова М, Сексенбаев З. Дидактикалық ойындар және оны пайдалану. // Бастауыш сынып №6, 2004жыл. 30 – 32 бет

23. Жампейісова Қ.Қ. Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі.// Оқыту – тәрбиелеу технологиясы. №7 – 8.1992жыл, 6 – бет

24. Жарықбаев Қ. / Психология. Алматы. 2002 жыл, 415 – 416 бет

25. Каримова Г. Тіл сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамыту. // Бастауыш білім. №3. 2007жыл. 24 – бет

26. Коянбаев Ж.Б, Коянбаев Р.М. /Педагогика. Астана 2000жыл. 176 – бет

27. Көбеева М. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мүмкіндіктері. // Білім №6 (36) 2007 жыл, 29 – бет

28. Көшекбаев Н. /Оқыту теориясы.Алматы 1976жыл. 54 – 55бет

29. Кукушкин В.С/ Дидактика 2003жыл, 56 – 57бет

30. Қайыпова Ш. Танымдық белсенділік тәсілдері.// Қазақстан мектебі. №2, 2005жыл, 7 – 8бет

31. Қамалбекова А. Оқушылардың танымдылық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру. // Бастауыш сынып №5,2005жыл, 18 – бет

32. Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту. // Қазақстан мектебі № 5, 1995жыл, 10 – бет.

33. Қарабаева Ж. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу іс – әрекетін қалыптастыру// Бастауыш мектеп №4 2013жыл, 15 – 16 бет

34. Қараев Ж.А, Қобдикова Ж. Оқытудың жаңа технологияларының мәні. // Қазақстан мектебі №2, 1997 жыл, 3 – бет

35. Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р.М. // Педагогика. Алматы 2002 жыл, 384 – бет

36. Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р.М. // Педагогика. Астана 1998 жыл, 267 – бет

37. Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі. // Қазақстан мектебі. № 4, 2000жыл, 20 – 21 бет

38. Қуанышбаева А. Жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану. // Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал, №2,2004. 47 – бет.

39. Құрманалина Ш, Мұқанова Б, Ғалымова Ә, Ильясова Р /Педагогика Астана 2014жыл, 191 – 192бет

40. Құрманалина Ш, Мұқанова Б, Ғалымова Ә, Ильясова Р /Педагогика Астана 2012жыл, 271 – 272 бет

41. Құрманалина Ш, Мұқанова Б, Ғалымова Ә, Ильясова Р. / Педагогика. Астана 2007 жыл, 265 – 266бет.

42. Құрманәлиев М.Қ. // Қазіргі педагогикалық технологиялар. Алматы 2010 жыл. 33 – бет

43. Молдахметова С.М. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы.// Бастауыш мектеп № 8 – 9, 2009жыл, 18 – бет

44. Морзабаева Р.Б. Пән мұғалімдерін жеке пәндерді оқытуда инновациялық іс – әрекетке даярлау.// Бастауыш мектеп 4, 2010жыл. 3 – 4 бет

45. Муканова С.Д, Бектурова З.К, Баимбетова Л.Р. Учитель в условиях инновационной деятельности.// Методическое пособие. Астана 2010жыл, 48 – бет

46. Мұсаева С.А, Бегалиев Т.Б /Жас ерекшелік педагогикасы. Астана 2006жыл, 404 – 405 бет.

47. Найманбаева К. Жеке пәндерді оқыту жүйесінде мұғалімнің инновациялық іс – әрекеті.// Қазақстан мектебі №12. 2014жыл, 8 – бет

48. Нурманова А.К. Бастауыш сыныптағы сабақтарында ойын түрлерін пайдалану.// Ізденіс №3 (1) 2009жыл, 87 – бет

49. Нұртазина Р.Б, Сейсенова А. «Мен оқимын,ойнаймын ойлаймын!» //«Арман» 2003жыл, 26 – бет

50. Омарова Р, Рысбаев Е, Елеубаева Ж. Оқу – танымдық әрекетті белсендіру // Қазақстан мектебі №2, 2006жыл, 35 – 38бет

51. Отарбай А. Оқытудың жаңа әдістері // Бастауыш мектеп. №1, 2004жыл, 15 – бет.

52. Подласый И.П./ Педагогика начальной школы. 2007жыл, 215 – 216 бет

53. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері//. Ізденіс 2004 жыл, 62 – 63бет

54. Сағындықов Е.Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану.// «Рауан» 1993жыл, 20 – бет

55. Сапарова А.А. Қазіргі сабақ және оның құрылымы туралы. // Білім №5 (53) 2010 жыл, 5 – 7 бет

56. Сарбасова Қ.А. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану // Бастауыш мектеп. №11, 2004жыл, 17 – 18 бет

57. Сарбасова Қ.А, Сарбасова Қ.А. Сабақтың тиімділігін арттыру // Бастауыш мектеп. №11, 2004 жыл, 4 – бет

58. Сарыбекова М.Н. 12 жылдық мектепте мұғалімнің кәсіби педагогикалық іс – әрекеті// Қазақстан мектебі №3, 2009жыл, 3 – бет

59. Терекова Ж. Жаңа ақпараттық технологиялардың рөлі.// Қазақстан мектебі №6. 2013жыл 37 – бет.

60. Торыбаева С. Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы.// Қазақстан мектебі №9.2013жыл 47 – 48 бет

61. Тілеулесова А.Ш. Оқу – тәрбие жүйесінде жаңа технологиялардың алатын орны// Бастауыш мектеп №3 – 4, 2014жыл,13 – бет

62. Утениязова. М. Оқушы қабілетін арттырудағы жаңа технологияның маңызы. // Бастауыш мектепте оқыту. №12.2013жыл, 2 – 4бет.

 


<== предыдущая | следующая ==>
Организационная культура | Много отраслей – одна специальность

Date: 2016-05-25; view: 1078; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию