Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дəріс. Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері





1.Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері, оларды топтастыру. Экологиялық құқық бұзушылық үшін құқықтық жауапкершілік дегеніміз, қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уəкілетті орган жəне экологиялық құқық бұзушылықты жасаған тұлға арасында туындайтын, оған қатысты тиісті шара қолдануға байланысты қатынасы. Құқықтық жауапкершіліктің мəні экологиялық заңдарды бұзған тұлғаға байланысты туындайтын жағымсыз салдар болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің атқаратын бірқатар функцияларыбар. Олар: - Экологиялық құқықтың нормаларын сақтауға ынталандыру; - Жаңа құқықбұзушылықтардың алдын алу; - Табиғатқа жəне адамның денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру; - Жазалаушылық. Құқықтық жауапкершілік туындауының негізі ол экологиялық құқықбұзушылық. Экологиялық заңнама құқықтық жауапкершіліктің келесідей түрлерін көрсеткен: 1. Экологиялық қылмыс — Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау туралы заңдармен белгіленген экологиялық қүқық тəртібіне қол сұғатын жəне адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіретін, не зиян келтіруге нақты қатер төндіретін, қылмыстық заңда көзделген, қоғамға қауіпті іс-қимыл (əрекет немесе əрекетсіздік). Қылмыстық жауапкершілік туындауының негізгі шарты — экологиялық құқықтық тəртіпті бұзған əрекет немесе əрекетсіздік қылмыстық занда қарастырылуы керек. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың түрлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар: 1) қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы; 2) радиоактивті жəне химиялық заттармен жұмыс істеген кезде экологиялық талаптардың бұзылуы; 3) су кəсіпшіліктерімен заңсыз айналысу; 4) заңсыз аң аулау; 5) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерін өз бетінше пайдалану; 6) жерді, суды өз бетінше басып алу; 7) жер қойнауын өз бетінше қазу; 8) орман алқаптарының қасақана жойылып, оларға зиян келтірілуі. 2. Экологиялық əкімшілік жауапкершілік — экологиялық құқықтарға қарсы қасақана немесе абайсызда жасалған əкімшілік жауаптылық көзделген кінəлі əрекет немесе əрекетсіздік. 3. Экологиялық тəртіптік жауапкершілік — экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасалатын тəртіптік жауаптылық көзделген кінəлі əрекет немесе əрекетсіздік. Тəртіптік жауаптылық туралы арнайы қабылданған заң жоқ. Бірақ, тəртіптік жауаптылық Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында жəне ішкі тəртіп ережелерінде, сондай-ақ басқа нормативтік актілерде қарастырылған. Экологиялық тəртіптік жауаптылық кəсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың табиғат қорғау зандары талаптарының бұзылуына кінəлі лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлердің, міндеті мен қызметтерін жəне қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жоспары мен шараларды орындамау салдарынан пайда болады. 4. Экологиялық азаматтық-құқықтық жауапкершілік — экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасалатын кінəлі əрекет пен əрекетсіздіктің салдарынан табиғат объектілерінің меншік иесіне, иленушілері мен пайдаланушыларына келтірген зиянды өтеу. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — белгіленген экологиялық тəртіпті бұзатын жəне қоршаған ортаға зиян келтіретін немесе аталған зиянның туындау қаупін келтіретін, сонымен қатар экологиялық құқықтың субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын, заңға қайшы, кінəлі іс қимыл (əрекет немесе əрекетсіздік). Қоғамға қауіптілік дəрежесіне байланысты экологиялық құқық бұзушылық теріс қылық жəне қылмыс болып бөлінеді. Құқықтың жалпы теориясына сəйкес экологиялық құқықбұзушылықтың құрылымы төрт элементтен тұрады: обьект, субьект, обьективтік жағы жəне субьективтік жағы. Экологиялық құқық бұзушылықтың обьектісі, ол қоршаған ортаны қорғауға жəне табиғат пайдалануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар (табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғат пайдалану, экологиялық құқықтар жəне т.б.). Экологиялық құқық бұзушылықтың обьективтік жағы, ол іс қимылдың құқыққа қайшылығы, туындайтын немесе анық туындауы мүмкін қауіпті салдар. Экологиялық құқық бұзушылықтың субьектілері, ол жеке жəне заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар. Экологиялық құқық бұзушылықтың субьективтік жағы, ол құқық бұзушының кінəсінің нысанымен (абайсызда немесе қасақана) сипатталады. Табиғат қорғау тəжірибесінде кінəсіз (абсолютті) жауаптылық орын алуы мүмкін, яғни жоғарғы қауіп көзімен келтірілген зиян үшін.

 

Date: 2016-05-25; view: 1203; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию