Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Практикалық сабақ 12





Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі, құрамы жəне түрлері. Атмосфералық ауаға зиянды əсер ететін шаруашылық жəне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзғаны үшін заңды жауаптылық. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаннан келген зиянды өтеу тақырыбына схема сызу, конспект, ауызша жауап дайындау.

Практикалық сабақ 13.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі, құрамы жəне түрлері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзғаннан келген зиянды өтеудің ерекшеліктері тақырыбына схема сызу, конспект, ауызша жауап дайындау.

Практикалық сабақ 14.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін халықаралық-құқықтық жауаптылық. Экологиялық құқық бұзушылық үшін халықаралық-құқықтық жауаптылықтың ұғымы мен түрлері. Қоршаған ортаны халықаралық қорғауға Қазақстан Республикасының қатысу нысандары. Табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар, қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық мемлекеттік-құқықтық механизмі талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық мəселелері тақырыбтарына схема сызу, конспект, ауызша жауап дайындау.

Практикалық сабақ 15.

Халықаралық арбитраж. Экологиялық даулар. Халықаралық арбитраждың жалпы сипаттамасы. Экологиялық даулардың түсінігі жəне оларды шешу жолдары. Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану саласындағы экологиялық даулартақырыбына схема сызу, конспект, ауызша жауап дайындау.

 

 

СӨЖ

Әдістемелік ұсыныс. «ҚР экологиялық қылмыстар» пәні бойынша СӨЖ мына жағдайларды қарастырады:

-Білімгерлердің белсенділігі мен жан-жақты ізденуінде қазіргі замандағы теория мен практиканы ұштастырудың жаңа нысандары мен әдістерін ойластыру (әртүрлі ойындар, мәселені талқылау, ситуациялық жағдайлар ойластыру, т.б.);

-Тақырыпты өз бетінше теориялық жағынан талдау, жоспарын құру, аннотация жасау, іздену (өз таңдауы бойынша);

- Пән тақырыптары бойынша кішігірім сөздік құрастыру;

- Шағын топ болып зерттеудің жобасын жасау, презентациялау;

Курсты оқу барысында білімгерлер тақырыптарға қатысты деректер көзімен жұмыс жасауға

- Құқық негіздері пәні бойынша әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілермен танысу (ғылыми, оқу, заң терминдері, заңдар, анықтамалар), яғни кітапханада әртүрлі дерек көзімен жұмыс жасауға, ізденуге тырысады;

- Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдыланады;

- Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізуге, жоспар жасауға, тезистер, конспект жасауға, тақырыпқа қатысты хабарламалар алуға, реферат жазуға;

- Дерек көздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын ұстауға, нақты дәлелдер келтіруге, ойын жинақтауға;

- Әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, мәселені талқылауға белсене қатысады. Білімгерлердің ізденіс қабілеттерін дамытуға және белсенділіктерін арттыруға көп көңіл бөлінеді:

-Ситуациялық жағдайларды ойластыру, талдау жасау;

- пікірталастар тудыру, өз құқықтарына нұқсан келген жағдайларды анықтау, тығырықтан шығу жолдарын іздестіру, тез ойын жинақтау;

-күнделікті өмірде құқығына жиі нұқсан келетін кездерді анықтау, мәселені қоя білу, нақты сүйенетін фактілерді көрсету;

-Тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя білу.

1 «Қазақстан Республикасындағы тергеушінің мәртебесі» курсы бойынша өзіндік жұмыс шеңберінде оқытушымен ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып таңдалған тақырыпты терең оқу.

2. Таңдалған тақырыптарды барлық пәндер жүйесінде маңыздылығын анықтау; қаралатын сұрақтардың өзектілігін, олардың теориялық және тәжірибелік мәнін қоғам өміріндегі рөлін анықтау.

3. Аталған курстың тиісті тақырыптарын оқи отырып, қолданыстағы заңдармен танысу және зерттеу. Қолданыстағы заңдардың өзерістеріне, ресми қабылданған және жарық көрген нормативтік құқықтық актілерге көңіл бөлу.

4. Қолданыстағы заң бойынша автоматтандырылған базадан деректер алу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жинағын пайдалану.

5. Тілі қиын заңдар, терминдер және ұғымдар бойынша оны ұғыну үшін заңдық сөздіктерді пайдалануы, сондай-ақ оқытушыдан кеңес алу қажет.

6. Аталған курсты оқуға заң газеттері мен журналындағы ғылыми жариялымдар көмек береді.

7. Жұмыс жоспарын жеке жасап, аталған курсты жүргізетін оқытушыларға бекіттіру, жұмысты жазу кезінде пайдалану және оқу үшін әдебиеттер тізімін жұмысқа тіркеу.

8. Барлық тізбектелген құжаттарды қажеттілігіне қарай пайдалану, онда барлық статистикалық деректерді, жұмыста қолданылған басқа хабарламаны көрсету арқылы диаграмма, графиктер, кескіндер, кесте салу.

9. Жұмыс текстін ғылыми жұмыстарды хаттастыру бойынша менеджмент сапа жүйесінің талабына сәйкес жасау.

10. Семинар сабақтарында реферат бойынша сөз сөйлеп, оның негізгі қағидаларын қорғау.

11. Әр тақырып, оның негізгі сұрақтарын ашқанда және негізгі зерттелетін ережелерін қорғаған жағдайда жоғары бағаланады.

Мынадай жұмыстарға жоғары бағалар қойылады:

- терең дәлелді ашылған тақырыпқа;

- құжатты өте жақсы меңгергендігіне, оны жан-жақты талқылап игергеніне, қорытындылар жасауына куәландырушы;

- айтылуы бірізді, қисынды және жүйелі мазмұндауға;

- дұрыс әдебиеттік тілмен жазылуына;

- пунктуациялық, грамматикалық және орфографиялық қателердің жоқтығының мазмұнға стилистикалық сәйкестігіне.

 

Date: 2016-05-25; view: 561; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию