Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәрістердің қысқаша жазбасы 3 page
Hт = tоп · , мұнда tоп – оперативтік уақыт, адам×мин; апз – дайындау-қорытынды уақыттың үлесі, %; аобс – жұмыс орнына қызмет көрсетуге берілген уақыт үлесі, %; аотд – демалысқа және жеке қажеттіліктерге берілген уақыт үлесі, %. Дайындау-қорытынды уақыт орындаушының тапсырылған жұмыспен танысуы, жұмыс орнын дайындау және нарядты, құрал-сайманды, материал-дарды және т.б. дайындауы үшін қажет. Өндірістікоперацияны орындау үшін қажетті оперативтік уақыт, негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі (немесе технологиялық) уақыт бойында дұрысын айтқанда операция, мысалы тежегіштерді реттеу, агрегаттардағы майды айырбастау, автомобильден агрегатты алу және т.б. жүзеге асырылады. Қосым-ша уақыт операцияны орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету, мысалы, автомо-бильді ТҚ немесе жөндеу постына қою уақыты, қызмет көрсету немесе жөндеу объектісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажет. Жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты жұмыс орнын және қолданы-латын құрал-сайман мен жабдықтарды күту үшін (құрал-сайманды жинау, ауыстыру, жабдықтар мен құрылғыларды орналастыру және т.б.). Жұмыс орнына қызмет көрсетуге, демалысқа және жеке қажеттіліктерге арналған үзілістерге берілетін уақыт қосымша деп аталады. ТҚ және жөндеу операцияларын орындаудың іс жүзіндегі уақыты немесе еңбек сыйымдылығы автомобильдің техникалық күйі мен қызмет ету мерзіміне, жұмысты орындау шарттарына, қолданылатын жабдықтарға, персоналдың білік-тілігіне және басқа факторларға байланысты болатын, елеулі вариациясы бар кездейсоқ шама болып табылады. Мысалы, ТҚ және жөндеудің бір типті опера-цияларын орындаудың шартты ұзақтығы 1, 2, 3, 4 және 5-ші разрядты жұмыс-шыларда сәйкес түрде келесідей өзгереді: 1; 0,79; 0,71; 0,64; 0,61. Сондықтан норма белгілі бір келісілген шарттарға, мысалы типтік (типтік норма), кәсіп-орындар тобының нақты шарттарына (ведомство ішіндегі норма) жатады. Типтік операциялар бойынша нормалар сәйкес анықтамалықтарда келтіріледі. Норма-ларды анықтау немесе өзгерту кезінде жұмыс уақытының фотосуретін, хроно-метраждық бақылауды, уақыттың микроэлементтік нормативтері әдісін пайдаланады. Оперативтік уақыт нормасы нақты жағдайларда берілген операцияның орындалуын (персоналдың біліктілігі, қолданылатын жабдықтар, ТҚ және жөндеу технологиясы) бірқатар хронометраждық бақылаудың орташа шамасы ретінде анықталады. Норманың қалған элементтері, қағида бойынша, оператив-тік уақыт үлесі ретінде есептеумен анықталады.
Мысалы, бөлшектеу-құрастыру жұмыстары үшін дайындық-қорытынды уақыт үлесі 10%, ал қосымша уақыт оперативтік уақытқа қатынасы бойынша 8% құрайды. Бақылауды жүргізу шарттарын анықтау кезінде озық әдістерге және ілгері технологияға бағдарланады, жұмыс орнын аттестаттауды жүргізеді, бұл жөндеу жұмыстарының еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы норманы орындау кезінде қайталанушылық коэффициенті есепке алынады. Технологиялық уақытты анықтау үшін микроэлементтік нормативтер әдісі пайдаланылуы мүмкін, ол орындаушының қарапайым қозғалыстарына, мысалы ТҚ немесе жөндеу операцияларын орындау үшін қажет болатын, корпусының, аяқтары мен қолдарының қозғалысына уақыт нормативтерін қолданудан тұрады. Осы қозғалыстардың әрқайсысы еңбектің ҒЗИ-мен әзірленген, микроэлементтік нормативтердің базалық жүйесінде (МБЖ) болатын абсолюттік бірліктермен немесе салыстырмалы бірліктермен бағаланады. Мысалы, жүріс (бір қадам) белгілі жағдайларда - 60 салыстырмалы бірлікпен, қолдың 0,1¸0,2 м ауқымдағы дәл бақыланатын қозғалысы 55 бірлікпен және т.б. бағаланады. Орындаушының әрекеттерін сипаттайтын, барлық салыстырмалы бірліктерді қосқанда, операцияның салыстырмалы бірліктерде орындалу ұзақтығын алады. Салыстырмалы бірліктерді абсолюттік уақытқа ауыстыру арнайы коэффициенттердің көмегімен жүргізіледі. Микроэлементтік нормативтер әдісі тікелей бақылауды жүргізбей жұмыстарды ұйымдастырудың әр түрлі нұсқаларын салыстыруға мүмкіндік береді. Микроэлементтік нормативтерді пайдалану еңбек сыйымдылығын нормалау кезінде ЭЕМ-ді тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Ресурстарды нормалау кезінде бақылау нәтижелері бойынша немесе есептік деректер бойынша анықталатын, орташа және гамма-проценттік (85-90% кезінде) ресурстар қолданылады. Көрсетілген көрсеткіштер бойынша нормалар әдетте келесі жағдайлар үшін белгіленеді: пайдаланудың белгілі жағдайларында жұмыс істеген кезде автомобиль мен агрегаттың бірінші күрделі жөндеуге дейінгі ресурсы; автомобильдің орта қызмет ету мерзімі (жылдармен есептеледі) немесе оны шығынға жазуға дейінгі ресурсы. Қосалқы бөлшектер мен материалдарды жұмсау нормалары олардың өндірісін жоспарлау кезінде және тапсырыстың, қорлардың, сондай-ақ берілген АКК немесе топ, сала үшін қосалқы бөлшектерге жұмсалған шығындардың көлемін анықтау үшін қажет. Іріленген және номенклатуралық нормалар қолданылады. Пайдаланудағы қосалқы бөлшектер мен материалдарға жұмсалатын шығындардың іріленген нормалары ТҚ мен жөндеуді жоспарлау мақсаттары үшін қызмет атқарады. Орта есеппен алғанда ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығындарда қосалқы бөлшектер - 40%, ал материалдар 15% құрайды. Салалық сипатта болатын, көрсетілген нормалар, іс жүзіндегі шығындар негізінде, сондай-ақ нақты тетіктердің ресурсы мен бағасы бойынша есептік анықталады және нақты АКК үшін түзетілуі мүмкін. Номенклатуралық норма жылына данамен есептегенде 100 автомобильге арналған қосалқы бөлшектердің (әрбір тетік бойынша) орташа шығынын белгілейді. Жалпы жағдайда қосалқы бөлшектерді жұмсау нормасы (Н) сәйкес тетікті айырбастау ағынының жетекші қызметін пайдалану арқылы анықталады, яғни H= , мұнда t - ол үшін W (t) мәні алынған периодтың ұзақтығы (жылдармен есептеледі) және сәйкес норма анықталады. Іс жүзіндегі шығын мен нормаларды бағалау үшін жуықталған әдістер қолданылады. I әдіс - 1-ші ауыстырғанға дейінгі ресурс бойынша: HI» , мұнда - автомобильдің жылдық жүрісі; - тетікті бірінші ауыстырғанға (қалпына келтіргенге) дейінгі ресурс; h - ресурсты қалпына келтіру коэффи-циенті. Мысалы: =50 мың км; h = 0.6; = 40 мың км. Онда HI=100×40/(0,6×50) = 133 тетік жылына 100 автомобильге. II әдіс – автомобильдің tа қызмет еткен мерзімі ішінде тетікті айырбастау саны бойынша: HII= . Осы шарттар үшін t а=10 жыл кезінде де Н II =117 тетік. III әдіс - u тетігі ресурсының вариациясын есепке алғанда айырбастау саны бойынша. Автомобильдің орташа жылдық жүрісімен салыстырылатын ресурсы бар тетіктер үшін, қызмет етудің толық мерзімі ішінде шығынның орташа нормасы мына формула бойынша анықталады HIII» . Осы бастапқы деректер мен вариация коэффициенттері u=0,2 кезінде НIII=122 тетік, ал u=0,8 кезінде НIII =122 тетік, яғни вариация тетіктердің жұмсалу нормасын ұлғайтады. пайдалану қарқындылығын Lг ұлғайту, яғни автомобильдің қызмет ету мерзімін қысқарту кезінде тетіктерді жұмсау нормасы өседі. Сонымен, Lг=25 мың км (tа=16 жыл) кезінде Н=77, ал Lг= 60 мың км (tа=6,7 жыл) кезінде Н=183. Пайдалану шарттары категориясын есепке алғанда, қосалқы бөлшектердің іс жүзіндегі шығыны нормативтерден артық болмау керек. Қосалқы бөлшектердің шығыны кейінгі ауыстырулар, яғни h азаюы кезінде тетіктер ресурсының қысқаруы кезінде де өседі. Егер автомобильде бірнеше бірдей тетіктер немесе тораптар қолданылса, онда норма сәйкес түрде ұлғаяды. Сөйтіп, қосалқы бөлшектер шығыны нормаларын анықтау үшін тетіктердің сенімділігі, автомобильді пайдалану қарқындылығы және оны есептен шығаруға дейін қызмет ету мерзімі бойынша мәліметтер қажет. 6-тақырып Көлік техникасын көлігінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі. Инженерлік-техникалық қызметтің (ИТҚ) міндеті. Құрылымы мен ресурсы. ИТҚ басқаруды ұйымдастыру формасы мен эдістері. (2/2/-/-/ сағ) Дәріс жоспары 1. Жүйенің тағайындалуы және негізгі ережелері 2. Инженерлік-техникалық қызметтің (ИТҚ) міндеті. Құрлымы мен ресурсы. 3. Парктің жас жағынан құрылының техникалық жарату көрсеткішіне ықпалы. Дәрістің қысқаша мазмұны Барлық пайдалану кезеңі бойында автомобильдің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, техникалық әрекеттер кешенімен оның техникалық күйін кезең сайын ұстап тұру қажет, оларды тағайындалуы мен сипатына байланысты екі топқа бөлуге болады: автомобиль агрегаттарын, механизмдері мен тораптарын пайдаланудың ең көп периоды бойында жұмысқа қабілетті күйде ұстап тұруға бағытталған әрекеттер; автомобиль агрегаттарының, механизмдері мен тораптарының жоғалған жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған әрекеттер. Бірінші топ шараларының кешенін техникалық қызмет көрсету жүйесі құрайды және алдын алу сипатында болады, ал екіншісі қалпына келтіру (жөндеу) жүйесін құрайды. Техникалық қызмет көрсету. Біздің елімізде автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жоспарлық-ескерту жүйесі қабылданған. Бұл жүйенің мәні мынада: техникалық қызмет көрсету – жоспар бойынша, ал жөндеу қажеттілік бойынша жүзеге асырылады. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жоспарлық-ескерту жүйесінің принциптік негіздері автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу туралы қолданылып жүрген Ережемен анықталған. Техникалық қызмет көрсетуге келесі жұмыстар түрлері қосылады: жинау-жуу, бақылау-күйін анықтау, бекіту, майлау, толтыру, реттеу, электр-техникалық және тәртіп бойынша, агрегаттарды бөлшектеусіз және автомобильден жеке тораптар мен механизмдерді шешусіз орындалатын, басқа жұмыстар. Егер техникалық қызмет көрсету кезінде жеке тораптардың толық жарамдылығына көз жеткізу мүмкін болмаса, онда оларды арнайы стендтер мен аспаптарда бақылау үшін автомобильден шешіп алу керек. Орындалатын жұмыстардың периодтылығы, тізбесі және еңбек сыйымдылығы бойынша қолданылып жүрген Ережеге сәйкес техникалық қызмет көрсету келесі түрлерге бөлінеді: күнделікті қызмет көрсету (КҚ), бірінші (ТҚ-1), екінші (ТҚ-2) және маусымдық (МҚ) техникалық қызмет көрсету. Ережемен автомобильдер мен оның агрегаттарын жөндеудің екі түрі көзделеді: автокөлік кәсіпорындарында орындалатын, ағымдағы жөндеу (АЖ), және арнайыландырылған кәсіпорындарда орындала-тын, күрделі жөндеу (КЖ). Техникалық қызмет көрсетудің (ТҚ) әрбір түріне орындалу керек болатын жұмыстардың (операциялардың) қатаң белгіленген тізбесі (номенклатурасы) қосылады. Бұл операциялар екі құрама бөлікке бөлінеді: бақылаушы және атқарушы. ТҚ операцияларының бақылау (күйін анықтау) бөлігі міндетті болып табылады, ал атқарушы бөлігі қажеттілік бойынша орындалады. Бұл жылжы-малы құрамға ТҚ кезіндегі материалдық және еңбек шығындарын едәуір қысқартады. Күйін анықтау автомобильдің техникалық күйі туралы бастапқы ақпарат алуды қамтамасыз етіп, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету (ТҚ) мен ағымдағы жөндеудің (АЖ) технологиялық процесінің бір бөлігі болып табылады. Автомобильдердің күйін анықтау техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық процесінде тағайындалуымен және орнымен сипатталады. Күнделікті техникалық қызмет көрсету (КҚ) күн сайын автомобиль ауысым аралық уақытта желіден қайтқан соң орындалады: қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, механизмдер мен жүйелер, сондай-ақ шанақ, кабина, жарық түсіру аспаптары бойынша бақылау-қарау жұмыстары; жинау-жуу және кептіру-сүрту операциялары, сондай-ақ автомобильді отынмен, маймен, қысылған ауа-мен және салқындатушы сұйықтықпен қосымша толтыру. Автомобильді жуу қажеттілік бойынша ауа райы, климаттық және санитарлық талаптарға, сондай-ақ автомобильдің сыртқы түріне қойылатын талаптарға байланысты жүзеге асырылады. Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1) барлық автомобильді сыртқы техникалық бақылаудан және қозғалтқыштың, рульдік басқарудың, тежеудің және басқа механизмдердің жұмысын тексеру арқылы бақылау-күйін анықтау, бекіту, реттеу, майлау, электр-техникалық және құю жұмыстарын белгіленген көлемде орындаудан тұрады. ТҚ-1 кезінде немесе оның алдында орындалатын, күйін анықтау жұмыстары-ның кешені (К-1) автомобиль қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмдер мен жүйелердің күйін анықтау үшін қызмет атқарады. ТҚ-1 ауысым аралық уақытта жүріс бойынша белгіленген интервалдар арқылы период сайын жүргізіледі және белгіленген периодтылық шегінде автомобиль агрегаттарының, механизмдері мен жүйелерінің істен шықпай жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Алдағы жұмыстардың көлемі туралы ТҚ-2 аймағын ақпаратпен қамтамасыз ету, ал ағымдағы жөндеудің үлкен көлемі айқындалғанда автомобильді ағымда-ғы жөндеу аймағына алдын-ала қайта жіберу үшін, ТҚ-2 дейін 1-2 бұрын тереңдетіп күйін анықтауды Д-2 жүргізеді. Екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚ-2) белгіленген көлемде бекіту, реттеу, майлау және басқа жұмыстарды орындауды, сондай-ақ олардың жұмыс істеу процесінде агрегаттардың, механизмдер мен аспаптардың әрекетін тексеру-ді қосады. ТҚ-2 автомобиль 1-2 күнге пайдаланудан алынып жүргізіледі. АКК-да Д-1 және Д-2 құрама тұрақты стендтерді пайдалану арқылы бір учаскеде біріктіреді. Ірі АКК-да және орталықтандырылған техникалық қызмет көрсету базаларында барлық күйін анықтау құралдарын орталықтандырады және оңтайлы автоматандырады. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық процесінде күйін анықтау орнын анықтау олардың құралдарына қойылатын негізгі талаптарды да тұжырымдауға мүмкіндік береді. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмдердің күйін анықтау Д-1 үшін, тежеу механизм-дерін және рульдік басқарудың күйін анықтау үшін жылдам әрекет ететін автоматтандырылған құралдар талап етіледі. Тұтас алғанда автомобильдің (Д-2) және оның агрегаттарының күйін анықтау үшін қуатты және экономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін, олардың күйін анықтау шарттарын автомобильдің жұмыс жағдайларына барынша жақында-татын, жүрістік барабандары бар стендтер қажет. Техникалық қызмет көрсету-мен және жөндеумен бірлескен күйін анықтау үшін, жылжымалы және тасымалды күйін анықтау құралдары мен аспаптар пайдаланылу керек. Маусымдық техникалық қызмет көрсету (МҚ) жылына 2 рет жүргізіледі және жылжымалы құрамды жылдың суық және жылы уақыттарында пайдала-нуға дайындау болып табылады. МҚ суық климат аймағында жұмыс істейтін жылжымалы құрам үшін жеке жүргізу ұсынылады. Қалған климаттық аймақтар үшін МҚ қызмет көрсетудің негізгі түрінің еңбек сыйымдылығының сәйкес ұлғаюы кезінде ТҚ-2-мен бірлеседі. Ағымдағы жөндеу (АЖ) автокөлік кәсіпорындарында немесе техникалық қызмет көрсету станцияларында жүзеге асырылады және автомобильдің күрделі жөндеуге дейінгі жүрісінің белгіленген нормаларының орындалуына мүмкіндік туғызып, автомобильдердің ұсақ ақауларын және істен шығуларын жоюдан тұрады. Ағымдағы жөндеу кезінде күйін анықтаудың мақсаты істен шығу немесе ақаулық себептерін айқындаудан және оларды жоюдың аса тиімді тәсілін анықтаудан тұрады: жерде, оларды толық немесе жартылай бөлшектеумен неме-се оларды реттеумен торапты немесе агрегатты шешіп алумен. Ағымдағы жөндеу бөлшектеу-құрастыру, слесарьлық, пісіру және басқа жұмыстарды жүргізуден, сондай-ақ агрегаттардағы тетіктерді (базалықтан басқа)1 және сәйкесінше ағымдағы немесе күрделі жөндеуді талап ететін, автомобильдегі (тіркемедегі, жартылай тіркемедегі) жеке тораптар мен агрегат-тарды айырбастаудан тұрады. Ағымдағы жөндеу кезінде автомобильдегі агрегаттарды, егер агрегатты жөндеу уақыты оны ауыстыру үшін қажетті уақыттан көп болған жағдайда ғана ауыстырады. Автомобильдерді, агрегаттар мен тораптарды күрделі жөндеу (КЖ) маман-дандырылған жөндеу кәсіпорындарында, заводтарда, шеберханаларда орындала-ды. Ол автомобильдер мен агрегаттардың келесі күрделі жөндеуге немесе шығынға жазуға дейін, бірақ жаңа автомобильдер мен агрегаттар үшін жүрісі нормаларынан олардың жүрісінің кем дегенде 80 % кем емес болғанда, олардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруді көздейді. Автомобильді немесе агрегатты күрделі жөндеу кезінде оның тораптар мен тетіктерге толық бөлшектеу орындалады, оларды сонан соң жөндейді немесе ауыстырады. Тетіктермен толықтырған соң агрегаттарды жинайды, сынайды және автомобильді құрастыруға жібереді. Жөндеудің өзіндік емес әдісі кезінде автомобильді бұрын жөнделген агрегаттардан жинайды. Егер оның шанағын күрделі жөндеу қажет болса, жеңіл автомобильдер мен автобустарды күрделі жөндеуге жібереді. Егер раманы, кабинаны күрделі жөндеу, сондай-ақ үштен кем емес негізгі агрегатты күрделі жөндеу қажет болса, жүк автомобильдерін күрделі жөндеуге жібереді. Өзінің қызмет ету мерзімінде толық жинақты автомобиль, тәртіп бойынша, бір күрделі жөндеуге ұшырайды. Күрделі жөндеу кезінде күйін анықтаудың мақсаты — жөндеу сапасын тексеру. 7-тақырып Көлік техникасының жұмыс қаблілетін ақпараттық қамсыздандыру және оған диагноз қою. Көлік техникасың жұмыс қабілетін қамсыздандыру технологиялық процесің жалпы сипаттамасы. Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымдастыру. (4/4/2/2/ сағ) Дәріс жоспары 1. Күйін анықтау автомобильдердің жұмысқа қабілеттілігі туралы ақпаратты алу әдісі ретінде. 2. Кұйін анықтау әдістері мен процестері. Дәрістің қысқаша мазмұны Автомобильдердің тағайындалуы, мазмұны және еңбек сыйымдылығы бойын-ша күйін анықтау тапсырыстық, тапсырыстық жөндеуге және реттеу жұмыс-тарымен жалғасатын, және ТҚ–1 және ТҚ–2-мен жалғасатын жоспарлық болып бөлінеді. ТҚ–1-ге жалғасатын жоспарлық күйін анықтауды - Д–1, ал ТО–2-ге жалғасатын жоспарлық күйін анықтауды Д–2 деп белгілейді. АЖ постыла-рында орындалатын, күйін анықтау операцияларын ДР деп белгілейді. Қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін автомобильдің тораптары мен механизмдерін жол полициясы органдарымен бағалаудан тұратын, экспресс-күйін анықтау бар болады. Тапсырыстық күйін анықтауды желіде жұмыс істеу процесінде - жүргізуші, ал автомобиль паркке қайтқанда КТП механигі немесе колонна механигі құрай-ды. Күйін анықтаудың бұл түрін субъективті, немесе кірістірілген күйін анықтау құралдарының көмегімен, сондай-ақ КТП кешеніне кіретін күйін анықтау құрал-дарының көмегімен жүзеге асырады. Қажет болғанда аса жетілген Д–1 және Д–2 жоспарлық күйін анықтауды пайдаланып, тапсырыстық күйін анықтауды шұғыл тәртіпте нақтылайды. Ірі АКК-да (300-ден астам автомашина) ұсақ жөндеумен және реттеумен бірлескен, тапсырыстық күйін анықтауды нақтылау үшін, жөн-деу аймағында қосымша мамандандырылған постыларды құрайды. Бұл посты-ларды күйін анықтау стенділерімен және сәйкес аспаптармен жабдықтайды. Д–1 күйін анықтау ТҚ–1 операцияларын ақпараттық қамтамасыз ету үшін және бірінші кезекте, автомашиналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе-лерді тексеру үшін тағайындалады. Д–1 тікелей ТҚ–1 алдында немесе онымен бірлесіп жүргізеді. Күйін анықтаудың бұл түрі күйін анықтаудың сыртқы құралдарының (тежегіш стенді, СХК және тасымалды аспаптар) көмегімен жүзеге асырылады. Д–1 процесінде айқындалған ақауларды, егер бұл жұмыстар 10 адам-минуттан аспайтын болса, сол орнында жояды. Керісінше жағдайда автомашина, ТҚ-1 орындаудан кейін, АЖ аймағына жібереді. Д–1 тапсырыстық күйін анықтауды нақтылау үшін пайдаланылуы мүмкін. Д–2 күйін анықтау ТҚ–2 операцияларын қамтамасыз ету, сонымен бірге көлемі 30 адам-мин астам, ағымдағы жөндеуді талап ететін, автомобильдерді сұрыптауды айқындау, сондай-ақ шұғыл, тапсырыстық күйін анықтау үшін тағайындалған. Д–2 оның жөндеуді қажет ететін жағдайда өндірісті дайындау үшін уақыты болуы үшін, автомашиналардың ТҚ-2-ге жоспарлық түсуінен 1-2 күн бұрын жүргізеді. Күйін анықтаудың бұл түрін өндірістің қалған аймақтары-нан оқшауланған учаскеде орнатылған стендтер мен аспаптардың көмегімен жүзеге асырады. Д–2 күйін анықтауға дайындаған кезде және оны жүргізгенде еңбек сыйымдылығы үлкен емес реттеу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі. Қосалқы бөлшектермен және материалдармен жақсы қамтамасыз еткенде және күйін анықтауды орталықтандырылған түрде жүргізгенде, Д–2 автомобильді ТҚ-2-ге қоюдың қарсаңында ол желіден қайтқанда орындауға болады. АКК қуатына және күйін анықтау жұмыстарының тағайындалуына байланысты, Д–1 және Д–2 орталықтандырылған және АКК өндірістік корпусы-ның орталықтандырылған учаскесінің біреуінде орналасуы мүмкін. Date: 2016-05-25; view: 1891; Нарушение авторских прав |