Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәрістердің қысқаша жазбасы 1 page





   

1-тақырып Кіріспе.Көлік техникасының алдында тұрған міндет (1/1/-/- сағ.)

Дәріс жоспары

1. Автомобиль көлігінің негізгі мақсаттары мен міндеттері

2. Техникалық пайдалануды дамыту себептері

3. Автомобильдерді техникалық пайдаланумен шешілетін мәселелер

4. Көлік техникасының алдында тұрған міндет

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

Жүктер мен жолаушылар тасымалдарының көлемі бойынша автомобиль көлігі ҚР бірыңғай көлік жүйесінде бірінші орын алады. Автомобиль көлігі еліміздің өндірістік кешенінің жұмысында маңызды роль атқарады. Автомо-бильдердің маневрлігінің арқасында жүктерді тікелей жөнелтуші қоймасынан қабылдаушы қоймасына дейін көліктің бір түрінен екіншіге асқын жүктерсіз өткізуге мүмкін болады. Жетілдірілген жолдардағы қозғалыстың жоғары жыл-дамдықтары жолаушыларды да, жүктерді де ақырғы пунктке дейін айтарлықтай жылдам жеткізу мүмкіндік береді. Автомобиль тасымалдарының артықшылық-тары үлкен тасымалдау қабілеті, жүктер мен жолаушыларды жеткізу жылдам-дығы, әуе, су және темір жол көлігімен салыстырғанда қысқа ара қашықтықтарға тасымалдардың аз өзіндік құны болып табылады.

Көліктің негізгі тағайындалуы — ҚР халық шаруашылығының және халқы-ның тасымалдардағы қажеттіліктерін дер кезінде, сапалы және толық қанағат-тандыру.

Автомобиль көлігі аса ұтқыр және жан-жақты коммуникация құралы болып табылады және ҚР көлік кешенінде маңызды орын алады. Оның үлесіне барлық жүк тасымалдарының 80 %-дан артығы және жолаушылар тасымалдарының 80 %-ға жуығы келеді. Қазіргі уақытта ҚР автомобиль паркі жаңа конструкциялы автокөлік құралдарымен толықтырылады, жылжымалы құрамның құрылымы жетілдірілуде, шетелдік өндірістің көлік құралдарының еліміздің автомобиль паркіндегі үлесі ұлғаюда.

Алайда автокөлік құралдарын тиімді тасымалдау процесін қамтамасыз ететін, техникалық жарамды күйде ұстауға сала үлкен ресурстық шығындар жұмсайды. Сонымен, автомобильдер конструкциясының күрделенуі, тәртіп бойынша, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстардың ұлғаюына, жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз етуге шығындардың өсуіне әкеледі.

Еліміздің жолдарында пайдаланылатын автомобильдер санының ұлғаюы қоршаған ортаның пайдаланылған газдармен ластануына, ал пайдаланылған газдар улылығының төмендеуі қоректендіру және тұтандыру жүйесінің жарам-дылығымен және техникалық қызмет көрсету технологиясының, осы жүйелердің күйін анықтау құралдары мен әдістерінің деңгейімен қамтамасыз етіледі.

 

Автомобильдерді пайдалану процесінде отын, энергетика және шикізат ресурстарын үнемдеу олардың техникалық күйіне, автомобильдерге техникалық қызмет көрсетудің және ағымдағы жөндеудің технологиялық процестерін ұйымдастыру деңгейіне, автокөлік кәсіпорындарында қосалқы бөлшектермен және материалдармен жабдықтау сапасына елеулі тәуелді болады.

Автомобильдің пайдаланылуының барлық кезеңі бойында оның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның техникалық күйін техникалық әрекеттер кешенімен қолдау қажет, оларды тағайындалуы мен сипатына байланысты екі топқа бөлуге болады:


автомобиль агрегаттарын, механизмдері мен тораптарын пайдаланудың аса үлкен кезеңі бойында жұмысқа қабілетті күйде ұстауға бағытталған әрекеттер;

автомобиль агрегаттарының, механизмдері мен тораптарының жоғалған жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған әрекеттер.

Бірінші топ шараларының кешені техник­алық қызмет көрсету жүйесін құрайды және алдын алу сипатында, ал екіншісі қалпына келтіру (жөндеу) жүйесінде бар болады.

 

2-тақырып Көлік техникасың жұмыс қабілетін қамсыздандыру негізі.Көлік техникасың техникалық күйі және жұмысқа қабілеттілігі (3/3/1/1/ сағ.)

Дәріс жоспары

1. Сапасы, негізгі техникалық-пайдалану қасиеттері.

2. Агрегаттың (жүйенің) техникалық күйі. Автомобильдің жұмысқа қабілет-тілігі.

3. Үйкелу және тозу бойынша негізгі ережелер.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Қойылған мақсаттар, шешілетін міндеттер және техникалық пайдаланумен қолданылатын әдістер бұйымның (агрегаттың, тораптың, тетіктің, автомобиль-дің) сапасы туралы ұғыммен байланысты.

Сапа – бұл бұйымның берілген функцияларды орындауға жарамдылығы дәрежесін анықтайтын қасиеттерінің жиынтығы. Әрбір қасиет әр түрлі сандық мәндерді қабылдай алатын, көрсеткіштер деп аталатын, бір немесе бірнеше параметрлермен сипатталады (1-сурет).

 

1-сурет – Сапа ұғымының құрылымдық сұлбасы

 

Автомобильдердің жобалау және өндіру кезінде негізі қаланатын негізгі техникалық-пайдалану қасиеттеріне: жүк көтергіштігі немесе сыйымдылығы, үнемділігі, қозғалыс қауіпсіздігі, сенімділігі, өнімділігі және т.б. жатады.

Автомобильдің сапасын құрайтын бастапқы қасиеттерінің көп бөлігі жұмыс істеу шамасына (автомобильдің «ескіруіне») қарай нашарлайды.

Көптеген зерттеулер көлік құралдарының өнімділігі мен жұмысқа қабілеттілі-гінің уақыт бойынша, тәртіп бойынша, экспоненттік өзгеретінін көрсетті.

Пайдалану сферасын, ең алдымен, барлық пайдалану кезеңі бойында сапа көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы қызықтырады.

Сапа көрсеткіштерінің уақытта өзгеру процесінің сандық өлшемі маңызды қасиет – сенімділіктің көмегімен жүзеге асырылады.

Сенімділік – объектінің қолданудың, техникалық қызмет көрсетудің, жөндеу-дің, сақтау мен тасымалдаудың берілген режимдері мен жағдайларында талап етілетін функцияларды орындау қабілеттілігін сипаттайтын, барлық параметр-лерінің мәндерін уақытта белгіленген шекте сақтау қасиеті.


Жарамды күйі - объектінің ол кезде нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін күйі.

Жарамсыз күйі – объектінің ол кезде нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттама талаптарының тым болмаса біреуіне сәйкес келмей-тін күйі.

Жұмысқа қабілетті күйі – объектінің ол кезде берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, барлық параметрлердің мәндері нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін күйі.

Жұмысқа қабілетсіз күйі – объектінің ол кезде берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, тым болмаса бір параметрдің мәні нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін күйі.

Шекті күйі – объектінің әрі қарай тағайындалуы бойынша қолданылуы мүмкін емес немесе мақсатқа сай емес, не болмаса оның жарамды немесе жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сай емес болатын күйі.

Бұзылу – жұмысқа қабілетті күйі сақталғанда объектінің жарамды күйінің бұзылуынан тұратын оқиға.

Істен шығу – объектінің жұмысқа қабілетті күйін бұзудан тұратын оқиға.

Техникалық қызмет көрсету – тағайындалуы бойынша пайдалану, күту, сақтау және тасымалдау кезінде бұйымның жұмысқа қабілеттілігін немесе жарамдылығын қолдау бойынша операция немесе операциялар кешені.

Жөндеу – бұйымдардың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және бұйымдардың немесе олардың құрама бөліктерінің ресурстарын қалпына келтіру бойынша операциялар кешені.

Күрделі жөндеу – базалықты қосқанда, бұйымның кез келген бөліктерін ауыстырумен немесе қалпына келтірумен оның ресурсын толық немесе толы-ғымен қалпына келтіруге жақын және жарамдылығын қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.


Ағымдағы жөндеу – бұйымның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жеке бөліктерін айырбастаудан және (немесе) қалпына келтіруден тұратын жөндеу.

Атқарылған жұмыс - объект жұмысының ұзақтығы немесе жұмыс көлемі.

Істен шыққанға дейін атқарылған жұмыс – объектінің оны пайдалануды бастаудан бірінші істен шығу пайда болғанға дейін атқарылған жұмысы.

Істен шығу арасында атқарылған жұмыс – объектінің істен шыққан соң оның жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіруді аяқтағаннан келесі істен шығу пайда болғанға дейін атқарылған жұмысы.

Техникалық ресурс - объектінің оның пайдалануды немесе белгілі түрдегі жөндеуден кейін оны жаңартуды бастаудан шекті күйге өтуге дейін атқарылған жұмысы.

Қызмет ету мерзімі – объектіні пайдалануды немесе белгілі түрдегі жөндеу-ден кейін оны жаңартуды бастаудан шекті күйге өтуге дейін күнтізбелік ұзақтығы.

Сақталушылық мерзімі – объектіні сақтаудың және (немесе) тасымалдаудың күнтізбелік ұзақтығы, оның бойында және одан кейін белгіленген шекте істен шықпаушылық, ұзақ мерзімділік және жөндеуге жарамдылық көрсеткіштерінің мәндері сақталады.

Жұмысқа қабілетті күйді қалпына келтіру уақыты – объектінің жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіру ұзақтығы.

Автомобильдердің, оның агрегаттарым мен тораптарының техникалық күйі өзгеруінің тұрақты қолданылатын негізгі себептері:

тозу;

иілімді деформация;

қажып бұзылу;

коррозия;

материалдар мен тетіктердің физика-химиялық және температуралық өзгерістері (ескіру) болып табылады.

Қатты дене беті материалының бұзылу және бөліну процесі және (немесе) дене өлшемдерінің және (немесе) пішінінің біртіндеп өзгеруінен айқындалатын, үйкелу кезіндегі оның қалдық деформациясының жинақталуы тозу деп аталады.

Үйкелудің негізгі түрлеріне: майлау материалынсыз үйкелу; майлау материа-лымен үйкелу; қозғалыс үйкелісі, сондай-ақ үйкелудің аралық түрлері жатады.

Тозу механикалық, коррозия-механикалық және электр эрозиялық деп бөлінеді. Өз кезегінде механикалық тозуға: жемірлі, гидро- және газ-жемірлі, эрозиялық, кавитациялық, қажып тозу және айқасып қалу кезінде тозу қосылады.

Автомобиль тетіктеріне қатысты тозу түрлерін қарастырамыз.

Автомобильдерді пайдалану кезінде олардың металл тетіктері тозуының негізгі түрі механикалық тозу болып табылады. Молекула-механикалық тозу механизмдердің қосымша жұмысы процесінде орын алады және тетіктердің үйкелетін беттері тегіссіздіктерінің кейіннен бұзылуымен «пісірілумен» және металдың бір беттен екіншіге тасымалдануымен сипатталады.

Коррозия-механикалық тозу ортаның (ауа оттегісінің, газдардың) үйкелетін тетіктер материалымен химиялық өзара әрекеттесу құбылыстарымен жалғасады. Жемірлі тотығу ортасының әсерінен үйкелетін тетіктің бетінде тотықтар қабық-тары түзіледі, олар үйкелу нәтижесінде бұзылады, олардың орнында тотықтар қайта түзіледі. Коррозия-механикалық тозу отын-ауа қоспасының жануы процесінде күкірт, күкіртті немесе органикалық қышқылдардың түзілуі нәтиже-сінде қозғалтқыш тетіктерінің цилиндр-поршеньдік тобына тән.

Жемірлі тозу қоршаған ортадан шаң түрінде де, тозу, коррозия, күйік өнімдері түрінде де үйкелу беттерінің арасында кездескен қатты бөлшектердің кесуші әрекетінің салдары болып табылады. Жемірлі тозудың мысалы: жемірлі бөлшектер ауамен, отынмен, маймен бірге тетіктердің үйкелетін бетіне түскен-де, қозғалтқыштың цилиндр-поршеньдік тобы; тістегіршіктер тістері және транс­миссия агрегаттарының ішпектері; жүріс бөлігі тетіктерінің жанасуы – шшүберін қосылыстары, рессорлық саусақтар, төлкелер және т.б. болуы мүмкін. Мұнымен қоса, автомобильде тозудың басқа түрлері де кездеседі. Оларға аса жоғары жүктемелермен себептелген және микрожарықшақтар мен үйкелу беттері бояуының кетуін тудыратын, металдың қажып бұзылуын да жатқызуға болады. Тозудың бұл түрі аспа (рессорлар, кронштей­ндер), рама, артқы көпір (жарты ось), редуктор тістері және т.б. тетіктерінде байқалады.

Автомобильдердің агре­гаттары мен тораптары жұмыс істегенде әдетте бір мезгілде тозудың бірнеше түрінің байқалатыны анықталған. Автомобильдің барлығы дерлік үйкелетін тетіктері, басқа түрлермен үйлескенде жемірлі тозуға ұшырайды.

Механикалық өңдеудің дәлдігі қосымша жұмысқа, ал осыдан, үйкелетін жұптардың ұзақ мерзімділігін арттыруға үлкен әсер етеді.

Егер жұмыс істеп тұрған ілеспені бөлшектесе, онда құрастырған соң тозу қарқындылығы оның тетіктерінің жаңа қосымша жұмысының нәтижесінде бастапқымен салыстырғанда ұлғаяды. Сөйтіп, автомобиль тораптары мен аг­регаттарын бөлшектеуді тек аса қажет болған жағдайда ғана орындау керек.

 

3-тақырып Пайдалану процесінде көлік техникасың техникалық күйінің өзгеруін қамтамасыз ететін факторлар (4/4/2/2/ сағ.)

Дәріс жоспары

1. Пайдалану факторларының автомобильдердің техникалық күйіне әсері:

жол жағдайлары;

қозғалыс режимдері;

табиғи-климат шартты;

жүргізу сапасы;

техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасы.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

 

Пайдалану процесінде автокөлік құралдарының техникалық күйі үздіксіз нашарлайды, және де жеке тораптар мен агрегаттардың қызмет ету мерзімдері әр түрлі. Олар көбінесе конструкциясының жетілдірілуімен, дайындалу сапасы-мен, қолданылатын пайдалану материалдарымен, жол және климат жағдайлары-мен, техникалық қызмет көрсетуді және автомобильдерді сақтауды ұйымдас-тырумен анықталады.

Автокөлік құралдарының негізгі тораптары мен агрегаттарының қызмет ету мерзімдеріне аса елеулі әсер ететін, пайдаланылу және жұмыс істеу шарттарын қарастырамыз.

Жол жағдайларының әсері. Жол жағдайлары жабындылардың түрімен, автомобиль қозғалысына кедергімен, жоспардағы жол элементтерімен, жол жамылғысының тегістігімен және оның шаңмен қаныққандығымен сипатталады.

Жабындылар түрі бойынша жолдар күрделі, жабындысы жетілдірілген жеңілдетілген және грунттық болады. Күрделі жолдарға арналған жабындының қызметін - бетон, ас­фальтты-бетон және кеспе тастар; жеңілдетілген жабын-дылар үшін ұсақ тас, қиыршық тас, жұмыр тас атқарады. Грунттық жолдар көл-денеңінен дұрыс түсірілген және табиғи болады. Автомо­биль қозғалысына кедергі жол жамылғысының түріне және оның бойлық пішініне тәуелді болады. Қозғалысқа кедергі автомобильдің жылжуына жұмсалатын жұмысты, ал осыдан, отынның жұмсалуын және оның тетіктерінің тозу қарқындылығын анықтайды.

Жоспардағы жол элементтері жол жамылғысының ені, жолдың жүргізуші орнынан көріну ара қашықтығы және бұрылыстың минимум радиустары болып табылады. Олар қозғалыс қауіпсіздігі жағдайларын, сондай-ақ автомобиль шиналарының тозу қарқындылығына елеулі әсер ететін, жолдардың қатпарлы-лығын анықтайды.

Жол жамылғысының тегістігі (тегіссіздігі) автомобильдің қозғалған кезде шанақтың соққылары мен ауытқуларын жұтуға жұмсалатын энергия шығынына, сондай-ақ қозғалысқа қосымша кедергіге әсер етеді. Жол жамылғысының тегіссіздігі аспа тетіктерінің тозу қарқындылығын арттырады, отынның жұмса-луын ұлғайтады, тасымалданатын жүктердің сақталуын және автомобиль қозға-лысының жылдамдығын төмендетеді. Жолдың тегіссіздігінен тудырылатын дірілдің күшеюінен, автомобиль рамасының тойтарма қосылыстары босайды, оның агрегаттарының осьтестігі бұзылады, аспа және карданды беріліс тетігінде қосымша жүктемелер пайда болады. Радиатордың, электр жабдықтары тетіктері-нің, жеңіл автомобильдер мен автобустар шанағының көтергіш элементтерінің сенімділігі едәуір төмендейді.

Жол жамылғысының шаңдылығы шаңдардың өлшемімен анықталады, олардың құрамы мен мөлшері жол жағдайларына байланысты болады.

Шаңның көп бөлігін (65-68 %) кремний тотығы құрайды, бұл металдардың тамаша қаттылығы, олардан автомобильдің көптеген тетіктерін жасайды.

Ауада болатын шаң, ауамен және отынмен бірге қозғалтқыш цилиндрлеріне түседі. Қозғалтқыш цилиндрлеріне түсетін шаңның мөлшері оның ауадағы құрамына, қозғалтқышпен сорылатын ауаның көлемімен, ауаның жол деңгейінің үстінде жиналған жеріне, және оның ауа тазартқышпен сүзгілену дәрежесіне байланысты болады.

Автомобильдерде қолданылатын инерциялық-майлы типті ауа тазартқыштар-дың, олардың қарапайымдылығы мен қызмет ету мерзімінің үлкендігіне қарамастан, елеулі кемшіліктері бар. Ауаны осындай сүзгілермен шаңнан тазартудың тиімділігі салыстырмалы түрде төмен және қозғалтқыштың жұмыс режиміне байланысты болады.

Соңғы жылдары сүзгіш картон элементтері (СКЭ) бар құрғақ ауа тазартқыш-тар кеңінен таралды. Құрғақ типті ауа тазартқыштардың инерциялық-майлы типті ауа тазартқыштарға тән, орнатумен және қызмет көрсетумен байланысты кемшіліктері жоқ. Олардың ауаны тазарту тиімділігі қозғалтқыштың жұмыс режиміне де байланысты болмайды және инерциялық-майлы ауа тазартқыш-тардан едәуір жоғары.

Мұнымен қоса, СКЭ-де шаң тұну сипаты шаңдалғандық индикаторларын (КамАЗ автомобильдерінде) қолдану мүмкіндігін береді, олар автомобиль кабинасында аспаптық қалқанда орнатылады және СКЭ техникалық қызмет көрсету қажеттілігі туралы сигнал береді.

Атмосферадан, әсіресе аса шаңданған аймақтан – доңғалақтардың айналу аймағынан шаң мен күйенің түсуін төмендету үшін, отандық және шетелдік жүк автомобильдерінде (КамАЗ, МАЗ, «Магирус» және т.б.) ауа жинағышты автомобиль кабинасының төбесінен 200-250 мм биіктікте орнатады, бұл шаң түсуінің төмендеуі нәтижесінде ауа сүзгісінің және қозғалтқыштың ресурсын жоғарылатады.

Отыны бар карбюраторлық қозғалтқыштар цилиндрлеріне шаңның немесе абразивтің елеулі үлесі түседі. Отынның ластануының алғашқы көзі автомобиль-дің отындық багы болып табылады, әдетте ол доңғалақтардың айналу аймағын-да, яғни шаңмен аса қаныққан аймақта орналасады.

Карбюратор қозғалтқыштарының қазіргі заманғы жүйелерінің отынды сүзгі-лейтін екі сатылы жүйесі бар.

Дизельді автомобильдер үшін отынның ластанғандығы бірінші кезекте отындық аппаратураның ұзақ мерзіміділігі мен сенімділігіне және, осының салдарынан, тұтас алғанда қозғалтқыштың жұмыс істеу тиімділігіне әсер етеді. Дизельді қозғалтқыштардың отынын сүзгілеудің қабылданған екі сатылы жүйесі техникалық қызмет көрсету бойынша талаптар сақталғанда бөлшектердің 4-6 мкм дейін өту жиілігімен отынның айтарлықтай жоғары сүзілуін қамтамасыз етеді.

Ұзақ мерзімділіктен басқа, жол жағдайлары автомобильдер қозғалысының үнемділігіне және жылдамдығына әсер етеді. Отындық үнемділік қозғалысқа кедергіге және автомобиль қозғалысына жұмсалатын энергетикалық шығындар-дың өзгеруін анықтайтын, жолдың тегістігіне сәйкес өзгереді. Берілген жол жағдайларындағы қозғалыстың мүмкін жылдамдықтары отынның жұмсалуын да анықтайды. Автомобильдің жылдамдығы қозғалыс қауіпсіздігі шарттарымен және жүрістің мүмкін бірқалыптылығымен шектеледі.

Жұмыс режимдерінің әсер етуі. Автомобильдің техникалық мүмкіндіктерін іске асыру пайдалану шарттарына сәйкес оның жұмыс режимдерімен сипаттала-ды. Қозғалыс режимдері қозғалыс жылдамдықтарының үйлесуімен және автомо-бильдің жетекші доңғалақтарындағы тартым күшімен анықталады. Қозғалыс режи­мдерін жүргізуші жол жағдайларына, оның біліктілігіне және автомобиль-дің техникалық күйіне байланысты беріледі.

Автомобильдің қозғалу режимі тұрақты және айнымалы болуы мүмкін. Тұрақты режимде автомоби­льдің тартым күші және қозғалу жылдамдығы берілген жол учаскесінде өзгермйді, ал айнымалы режимде олар өзгереді.

Тұрақты режим автомобиль жолдың көлденең, бос және тікбұрышты учаскесі бойымен бірқалыпты қозғалғанда мүмкін болады. Тұрақты режимде автомоби­ль қозғалтқышында және трансмиссиясының агрегаттарында тұрақты жылу процестері және тұрақты үйкелу шарттары анықталады. Бұл үйкелетін тетіктердің тозу қарқындылығын және басқа тең жағдайларда отынның жұмсалуын төмендетеді.

Айнымалы қозғалыс режимі автомобильдің көп мәрте екпін алуында және баяулауында, жол кедергісінің және қозғалыс шарттарының жиі өзгеруінде орын алады, бұл аса қарқынды қала қозғалысына тән. автомо­бильдің айнымалы жұмыс режимінде оның агрегаттары мен қозғалтқышында жылу режимінің және үйкелудің тұрақтылығы бұзылады. Бұл салыстырылатын жағдайларда тозу қарқындылығын және отынның жұмсалуын арттырады.

Автомобиль қозғалысының оңтайлы режимі ол кезде жетекші доңғалақтарда тартым күші және берілген жол жағдайлары және автомобильдің берілген өнім-ділігі үшін жылдамдық оңтайлы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз еткенде отын жұмсалуының пайдаланылатын нормаларын сақтауға мүмкіндік беретін режим болып табылады. Отынның жұмсалуы - автомобильдің жұмысына, ал жұмыс тозуға сәйкес келетіндіктен, онда қозғалтқыштың оңтайлы режимінде автомо-биль меха­низмдерінің тозуы ұзақ мерзімділік нормаларының шегінде болады.

 

 







Date: 2016-05-25; view: 2277; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.026 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию