Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Клиникалық жағдай бойынша жауап этолондары





«Қант диабеті 1 тип, алғаш қойылған. Кетоацидоз»

Бағалар қадамының критерийлері
1. Шағымдары мен анамнезін жинау Жүйе бойынша және ретті жүргізілуі
2. Қосымша сұрақтар арқылы ауру симптомдарын нақтылап, ажырату диагностикасында қолдану Панкреатит, гепатит, пиелонефритті жоққа шығару
3. Физикалық тексеру Бойы және салмағы. Тері және шырышты жабындыларын қарау.
4. Тыныс шығарғандағы иіс Ауыздан ацетон иісінің шығуы
5. Жүрек қантамыр жүйесін тексеру Жүректің салыстырмалы тұйықтықталу шекарасын анықтау
Жүрек тыңдау нүктелерін реттілігімен аускультация жүргізу
6. АҚ өлшеу, пульс жиілігін анықтау АҚ мен пульс анықтаудағы ережелерін сақтау
7. Ішке терең және беткей пальпация жүргізу Іш пальпациясының реттілігін сақтау
8. Болжам диагнозды құрастыру және негіздеу Шағымдарын (гипергликемиялық синдром және кетоацидоз); вирусты инфекциядан кейін аурудың жедел басталуын және жасы, обьективті қарап тексерулерін ескере отырып диагноз қойылды: Қант диабеті 1 тип, алғаш анықталған, кетоацидоз? Қантты емес диабет? Созылмалы панкреатит, өршуі?
9. Лабораториялық зерттеу жоспарын тағайындау ЖҚА, ЖЗА, БХА: глюкоза, мочевина, креатинин, калий, натрий, билирубин, амилаза, гликозирлирленген гемоглобин нәтижесі
10. ИФА тағайындау Қандағы С-пептид дәрежесін анықтау
11. Аспаптық зерттеу жоспарын тағайындау Құрсақ қуысының УДЗ
12. Жалпы қанның және зәрдің интерпретациясы ЖҚА: Ауытқусыз – қабыну процесін жоққа шығару. ЖЗА: глюкозурия – 5%, кетонурия+++
13. Биохимиялық анализ, гликемия, ИФА интерпретациясы Гликемия жоғарылаған, креатинин аздап жоғарылаған, мочевина, натрий төмендеген, билирубин және амилаза мөлшері қалыпты, қандағы С-пептид төмендеген: Қантты диабет 1 тип диагнозы негізделеді
14. Құрсақ қуысы УДЗ интерпретациясы Бауыр, ұйқыбезі және бүйректердің қабыну процессі жоқ
15. Дифференциалды диагностика жүргізу Бауыр, ұйқы безі, бүйрек ауруларын жоққа шығару.
16. Қорытынды диагнозды құрастыру және негіздеу. Глюкозаның жоғарылауы, сонымен қатар аздаған гиперазотемия, гиперглюкозурия, зәрдегі кетонурия, С-пептидтің төмен дәрежесіне қарай отырып диагноз қойылды: Қант диабеті 1 тип, алғаш анықталған. Кетоацидоз.
17. Госпитализациялауға көрсеткіштер. Жағдайының ауырлығына, гипергликемияға, инсулинотерапияны анықтауға байланысты эндокринология бөлімшесіне госпитализациялау көрсетілген.
18. Емдеу принципін анықтау. • Инсулин тапшылығын толтыру (Инсулинотерапия) • Организмді регидратациялау • Гипокалиямен күресу (калий деңгейі <4 ммоль/л кезінде) Ацидозбен күрес
19. Науқаспен қарым қатынастығын айта отырып, қобалжуын басу. Оптимальды қарым қатынас орнатылды
20. Шұғыл көмек көрсету және өзін-өзі басқару Дағдыларды сенімді орындау, толық меңгеру.

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Тапсырма парағы, волонтерлардың сценариі (науқас), баға критериі

2. Анализ: зәрдің және қанның жалпы клиникалық анализдері, қанның биохимиялық

анализі, гликолизденген гемоглобин дәрежесі, С-пептид;

3. Құрсақ қуысының УДЗ қорытындысы

4.Тонометр, фонендоскоп

5. Инсулин 100 бірлік

6. Изотониялық ерітінді 500 мл

7. Калий хлориді 4% 50 мл

8. Бикарбонат натрий 2,5 %

9. қолғап

10. шприц 10, 20 мл,к\т инфузияға система

11. Оттегі беруге жүйе

 

1. Актер – науқас, 2. актер – мейірбике немесе дәрігер ассистенті

Құрылымы: оқу бөлмесі – дәрігер бөлмесі

1. Кушетка-1

2. Заттарға арналған стол – 1

3. Медициналық шкаф дәрілерімен.

Құрастырған: ассистент Егеубаева М.А

Рецензент: Кардиология және ІА ҒЗИ терапия бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.к Раисова А.М

 

№1 терапия бойынша ИжР кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілді (27 қаңтар 2015, хаттама №7)

Ішкі аурулар бойынша КОП отырысында талқыланып, бекітілді (29 қаңтар 2015, хаттама №5)

Date: 2016-05-25; view: 464; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию