Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медициналық симуляцияның сценарийі. Клиникалық жағдай:«Қант диабеті 1 тип, алғаш қойылған





Клиникалық жағдай: «Қант диабеті 1 тип, алғаш қойылған. Кетоацидоз»

Ситуациялық есеп: С із – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 35 жасар науқас жедел жәрдеммен

түсті.

· Шағымдары, анамнезін жинап және науқасты қарап тексеріңіз

· Лабораторлықаспаптық зерттеу нәтижелерін талдаңыз

· Диагнозды құрастырыңыз

· Науқасты жүргізу мен емдеу принциптерін анықтаңыз

 

 

Бейімделген әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлін талқылау:

Шағымдары: көп салмақ жоғалтуға, ауызының құрғауына, зәр шығаруының жиілеуіне,

жүрек айнуға, тәбетінің нашарлауына.

Сұрақтың мәні Әртіске беретін сұрақтың түрі Жауаптары
Салмақ жоғалту сипатын нақтылау Қанша уақыт аралығында және неше килограммға дене салмағын жоғалттыңыз? 1 ай көлемінде, 10 кг
Ауыз құрғауы мен шөлдеудің сипаты Қай уақыттан бастап шөлдеу мазалайды және ішілген сұйықтық көлемі қандай? соңғы 3 күнде тәулігіне 3 литрге дейін
Полиурия сипатын нақтылау Тәулік бойы қай мерзімінде зәр шығару жиілеген? Зәр шығару тәулік бойына жиі және көп мөлшерде
Зәр сипаты Зәрдің түсі және иісі қандай? Сарғыш түсті, көпіршікті ацетон иісімен
Ықпал етуші факторлар Аурудың дамуына басқа факторлардың әсері бар ма? Вирусты инфекцияны басымнан өткерген соң ауырдым
Ауру ұзақтығын анықтау Қанша уақыттан бері вирусты инфекциямен ауырасыз? Бір апта ұзақтығында.
Қант диабетінің дамуына бейімділік пен зиянды әдеттерін сұрастыру Алкоголь қабылдайсыз ба? Темекі шегесіз бе? Алкоголь сирек және аз мөлшерде қабылдаймын, 20 жасымнан бері темекі шегемін.
ҚД генетикалық бейімділігі Туыстарыңызда қант диабетімен ауырғандар бар ма? Жоқ

 

Анамнезінде: Науқас өзін 3 күннен бері аурумын деп санайды. Вирусты инфекцияны

басынан өткергеннен кейін жоғарыдағы шағымдар мазалаған.

Қарап тексеру: Жағдайы ауыр. Бойы 172 см, салмағы 65 кг. Тері жабындылары құрғақ, алақаны мен табаны сарғыш түстес, фурункулез. Тыныс шығарғанда ацетон иісімен. Жүрек тондары тұйықталған,

ритмі дұрыс. АҚ - 105/70 мм с.б. ЖСЖ- 100 рет/минутына. Іші қатайған, эпигастрий аймағында

ауру сезімі бар. Зәр шығаруы жиі, еркін. Шеткері ісінулер жоқ.

Жалпы қан анализі:

эритроциттер 4,6х1012
гемоглобин 138 г/л
Түстікөрсеткіш 0,97
лейкоциттер 7,6х109
тромбоциттер 228 х 109
Таяқшаядролы 2%
Сегмент ядролы 62%
эозинофилдер 3%
лимфоциттер 28%
моноциттер 5%
ЭТЖ 12 мм/сағ

Жалпы зәр анализі:

көлемі 150,0 мл
түсі Қанық сары
Салыс.салмағы  
белок жоқ
лейкоциттер 5-6 к\а
глюкозурия 5%
кетонурия +++

 

Қанның биохимиялық анализі:

креатинин 119 мкмоль/л Қалыпта 50-115 мкмоль\л
мочевина 8,8 ммоль/л 4,2-8,3 ммоль\л
глюкоза 21,2 ммоль/л 4,2-6,1 ммоль\л
натрий 130 ммоль/л 135-152 ммоль\л
калий 4,2 ммоль/л 3,5-5,5 ммоль\л
билирубин 11, 5 ммоль/л 8,5-20,5 ммоль\л
амилаза 76 ед/л <96 бір\л

 

Гликозилирленген гемоглобин – 7,2 % (4-6%)

С-пептид – 0,4 нг\мл (1,0-5.0 нг\мл)

Құрсақ қуысынының УДЗ:

Бауыр: оң бөлігі – 109 мм, сол – 78 мм, біртекті. Бауыр структурасы біртекті. Холедох – 3 мм.

Қақпа венасы – 9 мм. Өт қапшығы – 1,1 х 4,0 мм, қабырғасы қалыңдамаған 4 мм, контуры анық.

Ұйқы безі: басы - 25 мм, денесі – 13 мм, құйрығы – 18 мм. Эхогенділігі жоғарыламаған,

біртекті емес, контуры дұрыс. Ұйқы безінің диффузды өзгерістері.

Бүйрек: оң 55 х 42 мм, тостағанша диаметрі – 2 мм, сол: 53 х 40 мм, тостағанша диаметрі – 1,5 мм.

 

Қорытынды нәтиже (outcomes):

· Науқасты сұрастыру және физикалды тексеру.

· Қант диабетінің және оның асқынуларының клиникалық диагностикасы

· Қант диабетінің дифференциалды диагностикасы

· Кетоацидозбен қант диабеті бар науқастың емдеу принциптері

 

«Қант диабеті 1 тип, алғаш қойылған. Кетоацидоз» клиникалық жағдай

бойынша Бағалау парағы (check-list)

 

Емтихан тапсырушының коды: __________________________Күні_______________

Емтихан қабылдаушы: ___________________________________________________

 

Баға қадамының критерийлері ҰПАЙЛАР
Толық меңгерген Толық емес меңгерген меңгерілмеген
  Шағымдары мен анамнез жинау 1,0 0,5  
  Қосымша сұрақтар арқылы ауру симптомдарын нақтылап, ажырату диагностикасында қолдану. 1,0 0,5  
  Физикальды тексеру 1,0 0,5  
  Дем шығарудағы иіс 1,0 0,5  
  Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу 1,0 0,5  
  Артериалдық қысымын өлшеу, пульс жиілігін анықтау 1,0 0,5  
  Терең және беткей іш пальпациясын жүргізу. 1,0 0,5  
  Болжама диагнозды құрастыру және негіздеу. 1,0 0,5  
  Лабораториялық зерттеулерді тағайындау жоспары. 1,0 0,5  
  ИФА тағайындау (қандағы С-пептид) 1,0 0,5  
  Аспаптық зерттеулерді тағайындау жоспары. 1,0 0,5  
  Жалпы қан және зәр анализдерін интерпретациялау 1,0 0,5  
  Гликемия, биохимиялық анализді интерпретациялау 1,0 0,5  
  Құрсақ қуысының УДЗ интерпретациялау 1,0 0,5  
  Ажырату диагностикасын жүргізу. 1,0 0,5  
  Қорытынды диагнозды негіздеу және құрастыру. 1,0 0,5  
  Госпитализацияны негіздеу 1,0 0,5  
  Емдеутәсілін анықтау 1,0 0,5  
  Науқаспен қарым қатынастығын айта отырып, қобалжуын басу. 1,0 0,5  
  Шұғыл көмек көрсетудегі өзін-өзі басқаруы 1,0 0,5  
  Қорытынды ұпайлар 20,0 10,0  

Date: 2016-05-25; view: 1025; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию